5 жинақ · 13 491 хадис
Хадис жинақтары: араб мәтіні мен қазақша аудармасы
Әр хадистің қай жинақта, қай кітапта, қай бапта тұрғаны және нөмірі бірден көрінеді. Жоғарыдағы жолға сөз не «Бұхари 1» сияқты нөмір жазып іздеңіз.
Жинақтар
- Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
Имам әз-Зәбиди ықшамдаған нұсқа: «Мухтасар Сахих Бұхари» (التجريد الصريح لأحاديث الجامع الصحيح). Қайталанған риуаяттар мен иснадтар қысқартылған.
- Сахих Мүслимصحيح مسلم
Хадис ғалымы әл-Мунзири ықшамдаған нұсқа: «Мухтасар Сахих Муслим» (مختصر صحيح مسلم). Иснадтар қысқартылып, хадистер тақырып бойынша қайта реттелген.
- Риядус-салихинرياض الصالحين
Имам Нәуәуидің алты негізгі жинақ пен өзге сенімді жинақтардан іріктеген хадистері. 372 тақырыпқа бөлінген; әр тақырып аяттармен басталады.
- Муаттаالموطأ
Имам Мәликтің хадис пен фиқһты тоғыстырған еңбегі: Пайғамбар хадистері, сахабалар мен табиғиндердің сөздері, Мәдина жұртының амалы. Әзірге тек қазақша аудармасы берілген.
- Кутуб ситтәالكتب الستة
Алты негізгі хадис жинағынан тақырып бойынша іріктелген хадистер, әрқайсысы түсіндірмесімен. 12 том.