Хадис
كِتَابُ الِاسْتِسْقَاءِ

Жаңбыр тілеу намазы кітабы

Сахих әл-Бұхари, 15-кітап · 15 хадис · № 550–564

Мазмұны: 11 бап
  1. 1Жаңбыр тілеу туралы
  2. 2Пайғамбардың (с.а.с.): «Оларды Юсуфтың заманындағыдай қуаңшылық жылдарына душар ете гөр», – деп дұға етуі туралы
  3. 3Жәмиғ мешітте жаңбыр тілеу туралы
  4. 4Жұма құтбасында құбылаға бұрылмай жаңбыр тілеу туралы
  5. 5Пайғамбардың (с.а.с.) адамдарға қалай арқасын бұрғаны туралы
  6. 6Имамның жаңбыр тілеу кезінде қолын көтеруі туралы
  7. 7Жаңбыр жауған кезде айтылатын сөз туралы
  8. 8Жел соққан кездегі жағдай туралы
  9. 9Пайғамбардың (с.а.с.): «Саба желі арқылы жеңіске жеткізілдім» деген сөзі туралы
  10. 10Жер сілкіністері мен Алланың белгілері туралы риуаяттар
  11. 11Жаңбырдың қашан жауатынын Алла Тағаладан басқа ешкім білмейтіні туралы
بَابُ الِاسْتِسْقَاءِ

1-бапЖаңбыр тілеу туралы

550
Бұхари, № 550 · Сахих: 1005Риуаят етуші: Абдулла ибн Зәйд (р.а.)

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ زَيْدٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «خَرَجَ النَّبِيُّ ﷺ يَسْتَسْقِي وَحَوَّلَ رِدَاءَهُ».

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Зәйд (р.а.) былай деген: «Пайғамбар (с.а.с.) жаңбыр тілеу үшін сыртқа шығып, жамылғысын теріс айналдырды».

551
Бұхари, № 551 · Сахих: 1012

وَفِي رِوَايَةٍ عَنْهُ قَالَ: «وَصَلَّى رَكْعَتَيْنِ».

Қазақша аудармасы

Одан жеткен басқа бір риуаятта: «Әрі екі рәкәғат намаз оқыды», – делінген.

بَابُ دُعَاءِ النَّبِيِّ ﷺ: «اِجْعَلْهَا عَلَيْهِمْ سِنِينَ كَسِنِي يُوسُفَ»

2-бапПайғамбардың (с.а.с.): «Оларды Юсуфтың заманындағыдай қуаңшылық жылдарына душар ете гөр», – деп дұға етуі туралы

552
Бұхари, № 552 · Сахих: 1006Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ: حَدِيثُ دُعَاءِ النَّبِيِّ ﷺ لِلْمُسْتَضْعَفِينَ مِنَ الْمُؤْمِنِينَ وَعَلَى مُضَرَ تَقَدَّمَ، وَقَالَ فِي آخِرِ هَذِهِ الرِّوَايَةِ: أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ قَالَ: «غِفَارُ غَفَرَ اللَّهُ لَهَا، وَأَسْلَمُ سَالَمَهَا اللَّهُ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайраның (р.а.) Пайғамбардың (с.а.с.) әлсіз саналған мүміндер үшін және Мұдар тайпасына қарсы дұға еткені туралы хадисі бұрын баяндалған. Осы риуаяттың соңында Пайғамбардың (с.а.с.): «Ғифар тайпасын Алла кешірсін, Әсләм тайпасын Алла аман сақтасын», – деген сөзі келтірілген.

553
Бұхари, № 553 · Сахих: 1007Риуаят етуші: Ибн Мәсғуд (р.а.)

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ مَسْعُودٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: إِنَّ النَّبِيَّ ﷺ لَمَّا رَأَى مِنَ النَّاسِ إِدْبَارًا قَالَ: «اللَّهُمَّ سَبْعٌ كَسَبْعِ يُوسُفَ»، فَأَخَذَتْهُمْ سَنَةٌ حَصَّتْ كُلَّ شَيْءٍ، حَتَّى أَكَلُوا الْجُلُودَ وَالْمَيْتَةَ وَالْجِيَفَ، وَيَنْظُرُ أَحَدُهُمْ إِلَى السَّمَاءِ، فَيَرَى الدُّخَانَ مِنَ الْجُوعِ،

فَأَتَاهُ أَبُو سُفْيَانَ، فَقَالَ: «يَا مُحَمَّدُ، إِنَّكَ تَأْمُرُ بِطَاعَةِ اللَّهِ، وَبِصِلَةِ الرَّحِمِ، وَإِنَّ قَوْمَكَ قَدْ هَلَكُوا، فَادْعُ اللَّهَ لَهُمْ»، فَدَعَا لَهُمْ، فَقَالَ اللَّهُ تَعَالَى: ﴿فَارْتَقِبْ يَوْمَ تَأْتِي السَّمَاءُ بِدُخَانٍ مُبِينٍ﴾ [الدُّخَانِ: 10] إِلَى قَوْلِهِ: ﴿عَائِدُونَ﴾، ﴿يَوْمَ نَبْطِشُ الْبَطْشَةَ الْكُبْرَى﴾ [الدُّخَانِ: ‎15–16‎]، فَالْبَطْشَةُ: يَوْمَ بَدْرٍ، وَقَدْ مَضَتِ الدُّخَانُ وَالْبَطْشَةُ وَاللِّزَامُ وَآيَةُ الرُّومِ.

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Мәсғуд (р.а.) былай деген: «Пайғамбар (с.а.с.) жұрттың теріс айналғанын көрген кезде: “Уа, Алла! Оларды Юсуфтың жеті жылындай жеті жылға душар ете гөр!” – деп дұға етті. Содан кейін оларды бар нәрсені қуратып жіберген қуаңшылық жайлады. Тіпті олар теріні, арам өлген малды және сасыған өлекселерді жейтін болды. Олардың бірі аспанға қараса, аштықтан көзіне түтін көрінетін.

Сонда Әбу Суфиян оған келіп: “Уа, Мұхаммед! Сен Аллаға бойсұнуды және туыстық байланысты үзбеуді бұйырасың. Ал сенің қауымың қырылып барады. Олар үшін Аллаға дұға ет”, – деді. Ол олар үшін дұға етті. Алла Тағала: “Аспаннан айқын түтін келетін күнді күт!” (“Духан”, 10), – дегеннен бастап: “Расында, сендер бұрынғы қалыптарыңа қайта ораласыңдар. Біз ең қатты соққы беретін күні...” (“Духан”, 15–16-аяттар), – дегенге дейін айтқан. Үлкен соққы – Бәдір күні. Түтін де, үлкен соққы да, “Лизам” да және Румға қатысты белгі де өтіп кетті».

554
Бұхари, № 554 · Сахих: 1009Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

عَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: رُبَّمَا ذَكَرْتُ قَوْلَ الشَّاعِرِ، وَأَنَا أَنْظُرُ إِلَى وَجْهِ النَّبِيِّ ﷺ يَسْتَسْقِي، فَمَا يَنْزِلُ حَتَّى يَجِيشَ كُلُّ مِيزَابٍ:

وَأَبْيَضَ يُسْتَسْقَى الْغَمَامُ بِوَجْهِهِ ثِمَالُ الْيَتَامَى عِصْمَةٌ لِلْأَرَامِلِ.

وَهُوَ قَوْلُ أَبِي طَالِبٍ.

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.): «Пайғамбар (с.а.с.) жаңбыр тілеп дұға етіп тұрған кезде оның жүзіне қарап, кейде ақынның: “Жүзі арқылы бұлттан жаңбыр тілейтін ақ жүзді жан, жетімдердің панасы, жесірлердің қорғаны”, – деген сөзін еске алатынмын. Пайғамбар (с.а.с.) төмен түспей жатып-ақ, әрбір суағардан су тасып ағатын», – деген. Бұл өлең – Әбу Талибтің сөзі.

555
Бұхари, № 555 · Сахих: 1010Риуаят етуші: Омар (р.а.)

عَنْ عُمَرَ بْنِ الْخَطَّابِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّهُ كَانَ إِذَا قَحَطُوا اِسْتَسْقَى بِالْعَبَّاسِ بْنِ عَبْدِ الْمُطَّلِبِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ فَقَالَ: «اللَّهُمَّ إِنَّا كُنَّا نَتَوَسَّلُ إِلَيْكَ بِنَبِيِّنَا فَتَسْقِينَا، وَإِنَّا نَتَوَسَّلُ إِلَيْكَ بِعَمِّ نَبِيِّنَا فَاسْقِنَا». قَالَ: فَيُسْقَوْنَ.

Қазақша аудармасы

Омар ибн әл-Хаттаб (р.а.) адамдар қуаңшылыққа ұшыраған кезде Аббас ибн Абдулмутталиб арқылы жаңбыр тілеп: «Уа, Алла! Біз бұрын Пайғамбарымыздың дұғасы арқылы Саған тәуәссул ететін едік, сонда Сен бізге жаңбыр жаудыратынсың. Енді Пайғамбарымыздың көкесінің дұғасы арқылы Саған тәуәссул етеміз. Бізге жаңбыр жаудыра гөр», – дейтін. Риуаятшы: «Сонда оларға жаңбыр жауатын», – деген.

بَابُ الِاسْتِسْقَاءِ فِي الْمَسْجِدِ الْجَامِعِ

3-бапЖәмиғ мешітте жаңбыр тілеу туралы

556
Бұхари, № 556 · Сахих: 1013

حَدِيثُ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ فِي الرَّجُلِ الَّذِي دَخَلَ وَالنَّبِيُّ ﷺ قَائِمٌ يَخْطُبُ فَسَأَلَهُ الدُّعَاءَ بِالْغَيْثِ تَكَرَّرَ كَثِيرًا، وَفِي هَذِهِ الرِّوَايَةِ: «وَاللَّهِ مَا رَأَيْنَا الشَّمْسَ سِتًّا، ثُمَّ دَخَلَ رَجُلٌ مِنْ ذَلِكَ الْبَابِ فِي الْجُمُعَةِ الْمُقْبِلَةِ وَرَسُولُ اللَّهِ ﷺ قَائِمٌ يَخْطُبُ فَاسْتَقْبَلَهُ قَائِمًا، فَقَالَ: “يَا رَسُولَ اللَّهِ، هَلَكَتِ الْأَمْوَالُ وَانْقَطَعَتِ السُّبُلُ، فَادْعُ اللَّهَ يُمْسِكْهَا”. قَالَ: فَرَفَعَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يَدَيْهِ ثُمَّ قَالَ: “اللَّهُمَّ حَوَالَيْنَا وَلَا عَلَيْنَا، اللَّهُمَّ عَلَى الْآكَامِ وَالْجِبَالِ وَالْآجَامِ وَالظِّرَابِ وَالْأَوْدِيَةِ وَمَنَابِتِ الشَّجَرِ”. قَالَ: فَانْقَطَعَتْ وَخَرَجْنَا نَمْشِي فِي الشَّمْسِ».

Қазақша аудармасы

Әнәстің (р.а.) Пайғамбар (с.а.с.) түрегеп тұрып құтба айтып жатқанда бір адамның кіріп, одан жаңбыр тілеп дұға етуін сұрағаны туралы хадисі бірнеше рет баяндалған. Осы риуаятта: «Алланың атымен ант етемін! Алты күн бойы күнді көрмедік.

Келесі жұмада Алла Елшісі (с.а.с.) тұрып құтба айтып жатқанда, сол есіктен тағы бір адам кірді. Ол Алла Елшісіне (с.а.с.) жүзін бұрып, түрегеп тұрып: “Уа, Расулалла! Мал-мүлік жойылып, жолдар жабылып қалды. Алладан жаңбырды тоқтатуын тілеп, дұға етіңіз”, – деді. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.) қолдарын көтеріп: “Уа, Алла! Жаңбырды үстімізге емес, айналамызға жаудыра гөр! Уа, Алла! Оны төбелерге, тауларға, тоғайларға, қыраттарға, аңғарларға және ағаш өсетін жерлерге жаудыра гөр!” – деді. Содан кейін жаңбыр тоқтады. Біз сыртқа шығып, күн сәулесінің астында жүрдік», – делінген.

بَابُ الِاسْتِسْقَاءِ فِي خُطْبَةِ الْجُمُعَةِ غَيْرَ مُسْتَقْبِلِ الْقِبْلَةِ

4-бапЖұма құтбасында құбылаға бұрылмай жаңбыр тілеу туралы

557
Бұхари, № 557 · Сахих: 1014

وَعَنْهُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّهُ ﷺ رَفَعَ يَدَيْهِ ثُمَّ قَالَ: «اللَّهُمَّ أَغِثْنَا، اللَّهُمَّ أَغِثْنَا، اللَّهُمَّ أَغِثْنَا».

Қазақша аудармасы

Әнәстің (р.а.) айтуынша, Пайғамбар (с.а.с.) екі қолын көтеріп: «Уа, Алла! Бізге жаңбыр жаудыра гөр! Уа, Алла! Бізге жаңбыр жаудыра гөр! Уа, Алла! Бізге жаңбыр жаудыра гөр!» – деген.

بَابُ كَيْفَ حَوَّلَ النَّبِيُّ ﷺ ظَهْرَهُ إِلَى النَّاسِ

5-бапПайғамбардың (с.а.с.) адамдарға қалай арқасын бұрғаны туралы

558
Бұхари, № 558 · Сахих: 1025

حَدِيثُ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ زَيْدٍ فِي الِاسْتِسْقَاءِ تَقَدَّمَ، وَفِي هَذِهِ الرِّوَايَةِ قَالَ: «فَحَوَّلَ إِلَى النَّاسِ ظَهْرَهُ وَاسْتَقْبَلَ الْقِبْلَةَ يَدْعُو، ثُمَّ حَوَّلَ رِدَاءَهُ، ثُمَّ صَلَّى لَنَا رَكْعَتَيْنِ جَهَرَ فِيهِمَا بِالْقِرَاءَةِ».

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Зәйдтің жаңбыр тілеу туралы хадисі бұрын баяндалған. Осы риуаятта ол: «Адамдарға арқасын бұрып, құбылаға беттеп дұға етті. Содан кейін жамылғысын теріс айналдырып жамылды да, қырағатты дауыстап оқып, бізге екі рәкәғат намаз оқытты», – деген.

بَابُ رَفْعِ الْإِمَامِ يَدَهُ فِي الِاسْتِسْقَاءِ

6-бапИмамның жаңбыр тілеу кезінде қолын көтеруі туралы

559
Бұхари, № 559 · Сахих: 1031Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَسِ بْنِ مَالِكٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «كَانَ النَّبِيُّ ﷺ لَا يَرْفَعُ يَدَيْهِ فِي شَيْءٍ مِنْ دُعَائِهِ إِلَّا فِي الِاسْتِسْقَاءِ، وَإِنَّهُ يَرْفَعُ حَتَّى يُرَى بَيَاضُ إِبْطَيْهِ».

Қазақша аудармасы

Әнәс ибн Мәлик (р.а.): «Пайғамбар (с.а.с.) дұға еткенде, жаңбыр тілеуден басқа жағдайда екі қолын көтермейтін. Ал жаңбыр тілегенде, екі қолын қолтықтарының ағы көрінгенше көтеретін», – деген.

بَابُ مَا يُقَالُ إِذَا أَمْطَرَتْ

7-бапЖаңбыр жауған кезде айтылатын сөз туралы

560
Бұхари, № 560 · Сахих: 1032Риуаят етуші: Айша (р.а.)

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ كَانَ إِذَا رَأَى الْمَطَرَ قَالَ: «صَيِّبًا نَافِعًا».

Қазақша аудармасы

Айшаның (р.а.) айтуынша, Алла Елшісі (с.а.с.) жаңбыр жауып жатқанын көргенде: «Мұны пайдалы нөсер ете гөр!» – дейтін.

بَابُ إِذَا هَبَّتِ الرِّيحُ

8-бапЖел соққан кездегі жағдай туралы

561
Бұхари, № 561 · Сахих: 1034Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «كَانَتِ الرِّيحُ الشَّدِيدَةُ إِذَا هَبَّتْ عُرِفَ ذَلِكَ فِي وَجْهِ النَّبِيِّ ﷺ».

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.): «Қатты жел соққан кезде, Пайғамбардың (с.а.с.) жүзінен алаңдаушылық байқалатын», – деген.

بَابُ قَوْلِ النَّبِيِّ ﷺ «نُصِرْتُ بِالصَّبَا»

9-бапПайғамбардың (с.а.с.): «Саба желі арқылы жеңіске жеткізілдім» деген сөзі туралы

562
Бұхари, № 562 · Сахих: 1035Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «نُصِرْتُ بِالصَّبَا، وَأُهْلِكَتْ عَادٌ بِالدَّبُورِ».

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.) Пайғамбардың (с.а.с.) былай дегенін жеткізген: «Мен шығыстан есетін саба желі арқылы жеңіске жеткізілдім, ал Ғад қауымы батыстан есетін дабур желі арқылы жойылды».

بَابُ مَا قِيلَ فِي الزَّلَازِلِ وَالْآيَاتِ

10-бапЖер сілкіністері мен Алланың белгілері туралы риуаяттар

563
Бұхари, № 563 · Сахих: 1037Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

عَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: «اللَّهُمَّ بَارِكْ لَنَا فِي شَامِنَا وَفِي يَمَنِنَا». قَالَ: قَالُوا: «وَفِي نَجْدِنَا؟» قَالَ: قَالَ: «اللَّهُمَّ بَارِكْ لَنَا فِي شَامِنَا وَفِي يَمَنِنَا». قَالَ: قَالُوا: «وَفِي نَجْدِنَا؟» قَالَ: قَالَ: «هُنَاكَ الزَّلَازِلُ وَالْفِتَنُ وَبِهَا يَطْلُعُ قَرْنُ الشَّيْطَانِ».

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.) былай деген: «Уа, Алла! Шамымызға және Йеменімізге береке бере гөр!» Адамдар: «Нәждімізге де ме?» – деп сұрады. Ол қайтадан: «Уа, Алла! Шамымызға және Йеменімізге береке бере гөр!» – деді. Олар тағы да: «Нәждімізге де ме?» – деп сұрады. Сонда ол: «Жер сілкіністері мен бүліктер сол жақта болады әрі шайтанның мүйізі де сол жерден көтеріледі», – деді.

بَابُ لَا يَدْرِي مَتَى يَجِيءُ الْمَطَرُ إِلَّا اللَّهُ تَعَالَى

11-бапЖаңбырдың қашан жауатынын Алла Тағаладан басқа ешкім білмейтіні туралы

564
Бұхари, № 564 · Сахих: 1039Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

وَعَنْهُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَفَاتِحُ الْغَيْبِ خَمْسٌ لَا يَعْلَمُهَا إِلَّا اللَّهُ: لَا يَعْلَمُ أَحَدٌ مَا يَكُونُ فِي غَدٍ، وَلَا يَعْلَمُ أَحَدٌ مَا يَكُونُ فِي الْأَرْحَامِ، وَلَا تَعْلَمُ نَفْسٌ مَاذَا تَكْسِبُ غَدًا، وَمَا تَدْرِي نَفْسٌ بِأَيِّ أَرْضٍ تَمُوتُ، وَمَا يَدْرِي أَحَدٌ مَتَى يَجِيءُ الْمَطَرُ».

Қазақша аудармасы

Ибн Омардың (р.а.) айтуынша, Алла Елшісі (с.а.с.) былай деген: «Ғайыптың кілттері – бесеу. Оларды Алладан басқа ешкім білмейді: ертең не болатынын ешкім білмейді; жатырларда не болатынын ешкім білмейді; ешбір жан ертең не табатынын білмейді; ешбір жан қай жерде өлетінін білмейді әрі жаңбырдың қашан жауатынын ешкім білмейді».