Хадис
كِتَابُ سُجُودِ السَّهْوِ

Сәһу сәждесі кітабы

Сахих әл-Бұхари, 22-кітап · 2 хадис · № 637–638

بَابُ إِذَا صَلَّى خَمْسًا

1-бапНамазды бес рәкәғат етіп оқып қою туралы

637
Бұхари, № 637 · Сахих: 1226Риуаят етуші: Ибн Мәсғуд (р.а.)

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ مَسْعُودٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ صَلَّى الظُّهْرَ خَمْسًا، فَقِيلَ لَهُ: «أَزِيدَ فِي الصَّلَاةِ؟» فَقَالَ: «وَمَا ذَاكَ؟» قَالَ: «صَلَّيْتَ خَمْسًا»، فَسَجَدَ سَجْدَتَيْنِ بَعْدَ مَا سَلَّمَ.

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Мәсғуд (р.а.) былай деген: «Алла Елшісі (с.а.с.) бесін намазын бес рәкәғат етіп оқыды. Оған: “Намаздың рәкәғат саны көбейтілді ме?” – делінді. Ол: “Не болды?” – деп сұрады. Оған: “Сіз бес рәкәғат оқыдыңыз”, – делінді. Сонда ол сәлем бергеннен кейін екі рет сәжде жасады».

بَابُ إِذَا كُلِّمَ وَهُوَ يُصَلِّي فَأَشَارَ بِيَدِهِ وَاسْتَمَعَ

2-бапНамаз үстінде өзіне айтылған сөзге қолымен ишара жасап, оны тыңдау туралы

638
Бұхари, № 638 · Сахих: 1233Риуаят етуші: Үммі Сәләма (р.а.)

عَنْ أُمِّ سَلَمَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: سَمِعْتُ النَّبِيَّ ﷺ يَنْهَى عَنِ الرَّكْعَتَيْنِ بَعْدَ الْعَصْرِ، ثُمَّ رَأَيْتُهُ يُصَلِّيهِمَا، وَكَانَ عِنْدِي نِسْوَةٌ مِنَ الْأَنْصَارِ فَأَرْسَلْتُ إِلَيْهِ الْجَارِيَةَ، فَقُلْتُ: «قُومِي بِجَنْبِهِ فَقُولِي لَهُ: “تَقُولُ لَكَ أُمُّ سَلَمَةَ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، سَمِعْتُكَ تَنْهَى عَنْ هَاتَيْنِ وَأَرَاكَ تُصَلِّيهِمَا”، فَإِنْ أَشَارَ بِيَدِهِ فَاسْتَأْخِرِي عَنْهُ». فَفَعَلَتِ الْجَارِيَةُ، فَأَشَارَ بِيَدِهِ فَاسْتَأْخَرَتْ عَنْهُ، فَلَمَّا اِنْصَرَفَ قَالَ: «يَا بِنْتَ أَبِي أُمَيَّةَ، سَأَلْتِ عَنِ الرَّكْعَتَيْنِ بَعْدَ الْعَصْرِ، وَإِنَّهُ أَتَانِي نَاسٌ مِنْ عَبْدِ الْقَيْسِ فَشَغَلُونِي عَنِ الرَّكْعَتَيْنِ اللَّتَيْنِ بَعْدَ الظُّهْرِ، فَهُمَا هَاتَانِ».

Қазақша аудармасы

Үммі Сәләмә (р.а.) былай деген: «Мен Пайғамбардың (с.а.с.) екінті намазынан кейін екі рәкәғат оқуға тыйым салғанын естідім. Кейін оның сол екі рәкәғатты оқығанын көрдім. Жанымда ансарлардан бірнеше әйел отырған еді. Сонда мен оған бір күңді жіберіп: “Оның жанына барып тұрып, Үммі Сәләмәнің: ‘Уа, Расулалла! Мен сіздің осы екі рәкәғатты оқуға тыйым салғаныңызды естідім, ал қазір оларды өзіңіз оқып тұрғаныңызды көріп отырмын’, – дегенін жеткіз. Егер ол қолымен ишара жасаса, артқа шегін”, – дедім. Күң солай істеді. Пайғамбар (с.а.с.) қолымен ишара жасағанда, ол артқа шегінді. Пайғамбар (с.а.с.) намазын аяқтағаннан кейін: “Уа, Әбу Умәйяның қызы! Сен екінті намазынан кейін оқылған екі рәкәғат жайында сұрадың. Маған Абдулқайс тайпасынан бірнеше адам келіп, мені бесін намазынан кейін оқитын екі рәкәғатымды оқудан бөгеп қалды. Мына оқығаным – сол екі рәкәғат”, – деді».