Хадис
كِتَابُ الْعُمْرَةِ

Умра кітабы

Сахих әл-Бұхари, 27-кітап · 15 хадис · № 871–885

Мазмұны: 11 бап
  1. 1Умраның міндеттілігі мен артықшылығы туралы
  2. 2Қажылықтан бұрын умра жасаған адам туралы
  3. 3Пайғамбар (с.а.с.) неше рет умра жасағаны туралы
  4. 4Танғимнен умра жасау туралы
  5. 5Умраның сауабы тартқан машақатына қарай болуы туралы
  6. 6Умра жасаушының ихрамнан қашан шығатыны туралы
  7. 7Қажылықтан, умрадан немесе жорықтан қайтқанда айтылатын сөздер туралы
  8. 8Қажылықтан келгендерді қарсы алу және бір көлікке үш адамның мінуі туралы
  9. 9Үйге кешкі уақытта кіру туралы
  10. 10Мәдинаға жеткен кезде түйесін жылдамдатқан адам туралы
  11. 11Сапардың азаптың бір бөлігі екені туралы
بَابُ وُجُوبِ الْعُمْرَةِ وَفَضْلِهَا

1-бапУмраның міндеттілігі мен артықшылығы туралы

871
Бұхари, № 871 · Сахих: 1773Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «الْعُمْرَةُ إِلَى الْعُمْرَةِ كَفَّارَةٌ لِمَا بَيْنَهُمَا، وَالْحَجُّ الْمَبْرُورُ لَيْسَ لَهُ جَزَاءٌ إِلَّا الْجَنَّةُ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.): «Умрадан кейін жасалған келесі умра екеуінің арасындағы күнәларға өтем болады. Ал қабыл болған қажылықтың сыйы – тек жәннат», – дегенін жеткізді.

بَابُ مَنِ اِعْتَمَرَ قَبْلَ الْحَجِّ

2-бапҚажылықтан бұрын умра жасаған адам туралы

872
Бұхари, № 872 · Сахих: 1774Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

عَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا أَنَّهُ سُئِلَ عَنِ الْعُمْرَةِ قَبْلَ الْحَجِّ، فَقَالَ: «لَا بَأْسَ»، وَقَالَ: «اِعْتَمَرَ النَّبِيُّ ﷺ قَبْلَ أَنْ يَحُجَّ».

Қазақша аудармасы

Ибн Омардан (р.а.) қажылықтан бұрын умра жасау туралы сұралды. Ол: «Еш айыбы жоқ», – деді. Сондай-ақ: «Пайғамбар (с.а.с.) қажылық жасамай тұрып умра жасаған», – деген.

بَابُ كَمِ اِعْتَمَرَ النَّبِيُّ ﷺ؟

3-бапПайғамбар (с.а.с.) неше рет умра жасағаны туралы

873
Бұхари, № 873 · Сахих: 1776Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

وَعَنْهُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا أَنَّهُ قِيلَ لَهُ: «كَمِ اِعْتَمَرَ النَّبِيُّ ﷺ؟» قَالَ: «أَرْبَعًا، إِحْدَاهُنَّ فِي رَجَبٍ».

قَالَ السَّائِلُ: فَقُلْتُ لِعَائِشَةَ: «أَلَا تَسْمَعِينَ مَا يَقُولُ أَبُو عَبْدِ الرَّحْمَنِ؟» قَالَتْ: «مَا يَقُولُ؟» قَالَ: «يَقُولُ: “إِنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ اِعْتَمَرَ أَرْبَعَ عُمْرَاتٍ إِحْدَاهُنَّ فِي رَجَبٍ”». قَالَتْ: «يَرْحَمُ اللَّهُ أَبَا عَبْدِ الرَّحْمَنِ، مَا اِعْتَمَرَ عُمْرَةً إِلَّا وَهُوَ شَاهِدُهُ، وَمَا اِعْتَمَرَ فِي رَجَبٍ قَطُّ».

Қазақша аудармасы

Ибн Омардан (р.а.): «Пайғамбар (с.а.с.) неше рет умра жасады?» – деп сұралды. Ол: «Төрт рет. Соның бірін рәжәб айында жасады», – деді.

Сұрақ қойған кісі былай деген: «Мен Айшадан: “Әбу Абдуррахманның не айтып отырғанын естімейсіз бе?” – деп сұрадым. Айша (р.а.): “Ол не айтып отыр?” – деді. Мен: “Ол: ‘Алла Елшісі (с.а.с.) төрт рет умра жасады. Соның бірін рәжәб айында жасады’, – деп отыр”, – дедім. Сонда Айша (р.а.): “Алла Әбу Абдуррахманға рақым етсін! Алла Елшісі (с.а.с.) жасаған әрбір умрада ол да бірге болды. Алайда Алла Елшісі (с.а.с.) рәжәб айында ешқашан умра жасаған емес”, – деді».

874
Бұхари, № 874 · Сахих: 1778Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّهُ سُئِلَ: «كَمِ اِعْتَمَرَ النَّبِيُّ ﷺ؟» قَالَ: «أَرْبَعٌ: عُمْرَةُ الْحُدَيْبِيَةِ فِي ذِي الْقَعْدَةِ – حَيْثُ صَدَّهُ الْمُشْرِكُونَ – وَعُمْرَةٌ مِنَ الْعَامِ الْمُقْبِلِ فِي ذِي الْقَعْدَةِ حَيْثُ صَالَحَهُمْ، وَعُمْرَةُ الْجِعْرَانَةِ إِذْ قَسَمَ غَنِيمَةَ – أُرَاهُ – حُنَيْنٍ». قُلْتُ: «كَمْ حَجَّ؟» قَالَ: «وَاحِدَةً».

Қазақша аудармасы

Әнәстан (р.а.): «Пайғамбар (с.а.с.) неше рет умра жасады?» – деп сұралды. Ол: «Төрт рет: мүшріктер оны Меккеге кіргізбей қойған зулқағда айындағы Худайбия умрасы; олармен бітім жасасқаннан кейін келесі жылдың зулқағда айында жасаған умрасы; Жиғранадан жасаған умрасы. Сол кезде ол, меніңше, Хунәйн олжасын бөліп таратқан еді», – деді. Сұрақ қойған кісі: «Ал неше рет қажылық жасады?» – деп сұрады. Ол: «Бір рет», – деді.

875
Бұхари, № 875 · Сахих: 1779

وَفِي رِوَايَةٍ عَنْهُ أَنَّهُ قَالَ: «اِعْتَمَرَ النَّبِيُّ ﷺ حَيْثُ رَدُّوهُ، وَمِنَ الْقَابِلِ عُمْرَةَ الْحُدَيْبِيَةِ، وَعُمْرَةً فِي ذِي الْقَعْدَةِ، وَعُمْرَةً مَعَ حَجَّتِهِ».

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) бір риуаятта былай деген: «Пайғамбар (с.а.с.) мүшріктер оны кері қайтарған жылы бір умра жасады. Келесі жылы Худайбия умрасын, зулқағда айында тағы бір умра және қажылығымен бірге бір умра жасады», – деген.

876
Бұхари, № 876 · Сахих: 1781Риуаят етуші: Бәра (р.а.)

عَنِ الْبَرَاءِ بْنِ عَازِبٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «اِعْتَمَرَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ فِي ذِي الْقَعْدَةِ قَبْلَ أَنْ يَحُجَّ مَرَّتَيْنِ».

Қазақша аудармасы

Бәра ибн Азиб (р.а.) былай деген: «Алла Елшісі (с.а.с.) қажылық жасамай тұрып, зулқағда айында екі рет умра жасаған».

بَابُ عُمْرَةِ التَّنْعِيمِ

4-бапТанғимнен умра жасау туралы

877
Бұхари, № 877 · Сахих: 1785Риуаят етуші: Абдуррахман ибн Әбу Бәкір (р.а.)

عَنْ عَبْدِ الرَّحْمَنِ بْنِ أَبِي بَكْرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ أَمَرَهُ أَنْ يُرْدِفَ عَائِشَةَ وَيُعْمِرَهَا مِنَ التَّنْعِيمِ، وَأَنَّ سُرَاقَةَ بْنَ مَالِكِ بْنِ جُعْشُمٍ لَقِيَ النَّبِيَّ ﷺ بِالْعَقَبَةِ وَهُوَ يَرْمِيهَا، فَقَالَ: «أَلَكُمْ هَذِهِ خَاصَّةً، يَا رَسُولَ اللَّهِ؟» قَالَ: «لَا، بَلْ لِلْأَبَدِ».

Қазақша аудармасы

Абдуррахман ибн Әбу Бәкірдің (р.а.) айтуынша, Пайғамбар (с.а.с.) оған Айшаны көлігінің артына мінгестіріп, Танғимнен умра жасатуды бұйырған. Сурақа ибн Мәлик ибн Жуғшум Пайғамбар (с.а.с.) Ақаба жәмрасына тас лақтырып тұрған кезде келіп: «Уа, Расулалла! Бұл үкім тек сіздерге ғана тән бе?» – деп сұрады. Ол: «Жоқ, бұл үкім мәңгілікке жалғасады», – деді.

بَابُ أَجْرِ الْعُمْرَةِ عَلَى قَدْرِ النَّصَبِ

5-бапУмраның сауабы тартқан машақатына қарай болуы туралы

878
Бұхари, № 878 · Сахих: 1787

حَدِيثُ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا فِي الْحَجِّ تَكَرَّرَ كَثِيرًا وَقَدْ تَقَدَّمَ بِتَمَامِهِ. وَعَنْهَا فِي رِوَايَةٍ أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ قَالَ لَهَا فِي الْعُمْرَةِ: «وَلَكِنَّهَا عَلَى قَدْرِ نَفَقَتِكِ أَوْ نَصَبِكِ».

Қазақша аудармасы

Айшаның (р.а.) қажылық туралы хадисі бірнеше рет келтіріліп, жоғарыда толық баяндалған. Одан жеткен бір риуаятта Пайғамбардың (с.а.с.) оған умра туралы: «Алайда оның сауабы жұмсаған қаражатыңа немесе тартқан машақатыңа қарай болады», – дегені айтылған.

بَابُ مَتَى يَحِلُّ الْمُعْتَمِرُ

6-бапУмра жасаушының ихрамнан қашан шығатыны туралы

879
Бұхари, № 879 · Сахих: 1796Риуаят етуші: Әсма бинт Әбу Бәкір (р.а.)

عَنْ أَسْمَاءَ بِنْتِ أَبِي بَكْرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا أَنَّهَا كَانَتْ كُلَّمَا مَرَّتْ بِالْحَجُونِ تَقُولُ: «صَلَّى اللَّهُ عَلَى رَسُولِهِ، لَقَدْ نَزَلْنَا مَعَهُ هَاهُنَا، وَنَحْنُ يَوْمَئِذٍ خِفَافٌ، قَلِيلٌ ظَهْرُنَا، قَلِيلَةٌ أَزْوَادُنَا، فَاعْتَمَرْتُ أَنَا وَأُخْتِي عَائِشَةُ وَالزُّبَيْرُ وَفُلَانٌ وَفُلَانٌ، فَلَمَّا مَسَحْنَا الْبَيْتَ أَحْلَلْنَا، ثُمَّ أَهْلَلْنَا مِنَ الْعَشِيِّ بِالْحَجِّ».

Қазақша аудармасы

Әсма бинт Әбу Бәкірдің (р.а.) Хажунның жанынан өткен сайын былай дейтіні риуаят етілген: «Алла Өзінің Елшісіне салауат етсін! Біз онымен бірге дәл осы жерге келіп тоқтаған едік. Ол кезде жүгіміз жеңіл, көліктеріміз аз, азығымыз да тапшы еді. Мен, сіңлім Айша, әз-Зубәйр және пәленше мен түгенше умра жасадық. Қағбаны тауап еткеннен кейін ихрамнан шықтық. Содан кейін кешке қажылыққа тәлбия айтып, қайтадан ихрамға кірдік».

بَابُ مَا يَقُولُ إِذَا رَجَعَ مِنَ الْحَجِّ أَوِ الْعُمْرَةِ أَوِ الْغَزْوِ

7-бапҚажылықтан, умрадан немесе жорықтан қайтқанда айтылатын сөздер туралы

880
Бұхари, № 880 · Сахих: 1797Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ كَانَ إِذَا قَفَلَ مِنْ غَزْوٍ أَوْ حَجٍّ أَوْ عُمْرَةٍ يُكَبِّرُ عَلَى كُلِّ شَرَفٍ مِنَ الْأَرْضِ ثَلَاثَ تَكْبِيرَاتٍ، ثُمَّ يَقُولُ: «لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ وَحْدَهُ لَا شَرِيكَ لَهُ، لَهُ الْمُلْكُ وَلَهُ الْحَمْدُ، وَهُوَ عَلَى كُلِّ شَيْءٍ قَدِيرٌ، آيِبُونَ تَائِبُونَ عَابِدُونَ سَاجِدُونَ لِرَبِّنَا حَامِدُونَ، صَدَقَ اللَّهُ وَعْدَهُ، وَنَصَرَ عَبْدَهُ، وَهَزَمَ الْأَحْزَابَ وَحْدَهُ».

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Омардың (р.а.) айтуынша, Алла Елшісі (с.а.с.) жорықтан, қажылықтан немесе умрадан қайтқанда, әрбір биік жерге көтерілген сайын үш рет тәкбір айтып, содан кейін: «Бір Алладан басқа құлшылыққа лайық ешбір тәңір жоқ. Ол – жалғыз, Оның серігі жоқ. Бүкіл билік Оған тиесілі, барлық мадақ Оған тән. Оның барлық нәрсеге құдіреті жетеді. Біз – оралушымыз, тәубе етушіміз, құлшылық етушіміз, сәжде жасаушымыз әрі Раббымызды мадақтаушымыз. Алла уәдесін орындады, құлына жәрдем берді және жау топтарын жалғыз Өзі жеңді», – дейтін.

بَابُ اِسْتِقْبَالِ الْحَاجِّ الْقَادِمِينَ وَالثَّلَاثَةِ عَلَى الدَّابَّةِ

8-бапҚажылықтан келгендерді қарсы алу және бір көлікке үш адамның мінуі туралы

881
Бұхари, № 881 · Сахих: 1798Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: «لَمَّا قَدِمَ النَّبِيُّ ﷺ مَكَّةَ اِسْتَقْبَلَتْهُ أُغَيْلِمَةُ بَنِي عَبْدِ الْمُطَّلِبِ، فَحَمَلَ وَاحِدًا بَيْنَ يَدَيْهِ، وَآخَرَ خَلْفَهُ».

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.): «Пайғамбар (с.а.с.) Меккеге келгенде, оны Абдулмутталиб ұрпағының кішкентай ұл балалары қарсы алды. Сонда ол бірін алдына, ал екіншісін артына мінгестіріп алды», – деген.

بَابُ الدُّخُولِ بِالْعَشِيِّ

9-бапҮйге кешкі уақытта кіру туралы

882
Бұхари, № 882 · Сахих: 1800Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «كَانَ النَّبِيُّ ﷺ لَا يَطْرُقُ أَهْلَهُ؛ كَانَ لَا يَدْخُلُ إِلَّا غُدْوَةً أَوْ عَشِيَّةً».

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.): «Пайғамбар (с.а.с.) сапардан түн ішінде отбасына күтпеген жерден келмейтін. Ол үйіне таңертең немесе кешкі уақытта ғана кіретін», – деп жеткізді.

883
Бұхари, № 883 · Сахих: 1801Риуаят етуші: Жәбир (р.а.)

عَنْ جَابِرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «نَهَى النَّبِيُّ ﷺ أَنْ يَطْرُقَ الرَّجُلُ أَهْلَهُ لَيْلًا».

Қазақша аудармасы

Жәбир (р.а.): «Пайғамбар (с.а.с.) адамның өз отбасына түнде тосыннан кіріп баруына тыйым салды», – деген.

بَابُ مَنْ أَسْرَعَ نَاقَتَهُ إِذَا بَلَغَ الْمَدِينَةَ

10-бапМәдинаға жеткен кезде түйесін жылдамдатқан адам туралы

884
Бұхари, № 884 · Сахих: 1802Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ إِذَا قَدِمَ مِنْ سَفَرٍ فَأَبْصَرَ دَرَجَاتِ الْمَدِينَةِ، أَوْضَعَ نَاقَتَهُ، وَإِنْ كَانَتْ دَابَّةً حَرَّكَهَا». وَفِي رِوَايَةٍ: «مِنْ حُبِّهَا».

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.): «Алла Елшісі (с.а.с.) сапардан қайтып келе жатып, Мәдинаның биіктеу жерлерін көрген кезде түйесін жылдамдататын. Ал мінгені басқа көлік болса, оны да жылдам жүргізетін», – деген. Бір риуаятта: «Мәдинаға деген сүйіспеншілігінен», – деген қосымша бар.

بَابُ «السَّفَرُ قِطْعَةٌ مِنَ الْعَذَابِ»

11-бапСапардың азаптың бір бөлігі екені туралы

885
Бұхари, № 885 · Сахих: 1804Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «السَّفَرُ قِطْعَةٌ مِنَ الْعَذَابِ، يَمْنَعُ أَحَدَكُمْ طَعَامَهُ وَشَرَابَهُ وَنَوْمَهُ، فَإِذَا قَضَى نَهْمَتَهُ فَلْيُعَجِّلْ إِلَى أَهْلِهِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) Пайғамбардың (с.а.с.): «Сапар – азаптың бір бөлігі. Ол сендердің біріңді ішіп-жеуден және ұйқыдан қалдырады. Сондықтан адам сапардағы шаруасын аяқтаған соң, отбасына қайтуға асықсын», – дегенін жеткізді.