عَنْ أَبِي رَافِعٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ مَوْلَى النَّبِيِّ ﷺ أَنَّهُ جَاءَ إِلَى سَعْدِ بْنِ أَبِي وَقَّاصٍ، فَقَالَ لَهُ: «اِبْتَعْ مِنِّي بَيْتَيَّ فِي دَارِكَ»، فَقَالَ سَعْدٌ: «وَاللَّهِ، لَا أَزِيدُكَ عَلَى أَرْبَعَةِ آلَافٍ مُنَجَّمَةً». قَالَ أَبُو رَافِعٍ: «لَقَدْ أُعْطِيتُ بِهَا خَمْسَ مِائَةِ دِينَارٍ، وَلَوْلَا أَنِّي سَمِعْتُ النَّبِيَّ ﷺ يَقُولُ: “الْجَارُ أَحَقُّ بِسَقَبِهِ” مَا أَعْطَيْتُكَهَا بِأَرْبَعَةِ آلَافٍ، وَأَنَا أُعْطَى بِهَا خَمْسَ مِائَةِ دِينَارٍ». فَأَعْطَاهَا إِيَّاهُ.
Пайғамбардың (с.а.с.) азат еткен құлы Әбу Рафиғтың (р.а.) айтуынша, ол Сағд ибн Әбу Уаққасқа келіп: «Аулаңдағы екі үйімді менен сатып ал», – деді. Сағд: «Алланың атымен ант етемін, саған бөліп төлеу шартымен төрт мыңнан артық бермеймін», – деді. Әбу Рафиғ: «Маған олар үшін бес жүз динар ұсынылды. Егер Пайғамбардың (с.а.с.): “Көрші іргелес мүлікті сатып алуға өзгеден гөрі хақылырақ”, – дегенін естімегенімде, маған бес жүз динар ұсынылып тұрғанда, оларды саған төрт мыңға бермес едім», – деді. Сөйтіп, екі үйін Сағдқа сатты.