Хадис
كِتَابُ الْحَوَالَاتِ

Қарызды басқаға аудару туралы кітап

Сахих әл-Бұхари, 39-кітап · 4 хадис · № 1069–1072

Мазмұны: 4 бап
  1. 1Қарызды өтеу міндеті төлемге қабілетті басқа адамға ауыстырылғанда, қарыз берушінің мұны қабылдаудан бас тартуға құқығы жоқтығы туралы
  2. 2Қайтыс болған адамның қарызын біреу өз мойнына алса, оның жарамды болуы туралы
  3. 3Алла Тағаланың: «Өздеріңмен анттасқандарға да үлестерін беріңдер» («Ниса», 33) деген сөзі туралы
  4. 4Қайтыс болған адамның қарызын өтеуге кепіл болған кісінің кейін төлегенін қайтаруды талап етуге құқығы жоқтығы туралы
بَابُ إِذَا أَحَالَ عَلَى مَلِيٍّ فَلَيْسَ لَهُ رَدٌّ

1-бапҚарызды өтеу міндеті төлемге қабілетті басқа адамға ауыстырылғанда, қарыз берушінің мұны қабылдаудан бас тартуға құқығы жоқтығы туралы

1069
Бұхари, № 1069 · Сахих: 2288Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «مَطْلُ الْغَنِيِّ ظُلْمٌ، وَمَنْ أُتْبِعَ عَلَى مَلِيٍّ فَلْيَتْبَعْ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайраның (р.а.) айтуынша, Пайғамбар (с.а.с.): «Дәулетті адамның қарызын өтеуді созуы – зұлымдық. Егер сендердің біріңнің алашағы қарызды өтеуге шамасы бар адамға аударылса, мұны қабылдасын», – деген.

بَابُ إِنْ أَحَالَ دَيْنَ الْمَيِّتِ عَلَى رَجُلٍ جَازَ

2-бапҚайтыс болған адамның қарызын біреу өз мойнына алса, оның жарамды болуы туралы

1070
Бұхари, № 1070 · Сахих: 2289

عَنْ سَلَمَةَ بْنِ الْأَكْوَعِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: كُنَّا جُلُوسًا عِنْدَ النَّبِيِّ ﷺ إِذْ أُتِيَ بِجَنَازَةٍ، فَقَالُوا: «صَلِّ عَلَيْهَا»، فَقَالَ: «هَلْ عَلَيْهِ دَيْنٌ؟» قَالُوا: «لَا». قَالَ: «فَهَلْ تَرَكَ شَيْئًا؟» قَالُوا: «لَا»، فَصَلَّى عَلَيْهِ.

ثُمَّ أُتِيَ بِجَنَازَةٍ أُخْرَى، فَقَالُوا: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، صَلِّ عَلَيْهَا». قَالَ: «هَلْ عَلَيْهِ دَيْنٌ؟» قِيلَ: «نَعَمْ». قَالَ: «فَهَلْ تَرَكَ شَيْئًا؟» قَالُوا: «ثَلَاثَةَ دَنَانِيرَ»، فَصَلَّى عَلَيْهَا.

ثُمَّ أُتِيَ بِالثَّالِثَةِ، فَقَالُوا: «صَلِّ عَلَيْهَا». قَالَ: «هَلْ تَرَكَ شَيْئًا؟» قَالُوا: «لَا». قَالَ: «فَهَلْ عَلَيْهِ دَيْنٌ؟» قَالُوا: «ثَلَاثَةُ دَنَانِيرَ». قَالَ: «صَلُّوا عَلَى صَاحِبِكُمْ». قَالَ أَبُو قَتَادَةَ: «صَلِّ عَلَيْهِ، يَا رَسُولَ اللَّهِ، وَعَلَيَّ دَيْنُهُ»، فَصَلَّى عَلَيْهِ.

Қазақша аудармасы

Сәләмә ибн әл-Акуағ (р.а.) былай деген: «Біз Пайғамбардың (с.а.с.) жанында отырған едік. Сол кезде бір жаназа әкелінді. Адамдар: “Оған жаназа намазын оқыңыз”, – деді. Ол: “Оның қарызы бар ма?” – деп сұрады. Олар: “Жоқ”, – деді. Ол: “Артында бір нәрсе қалдырды ма?” – деп сұрады. Олар: “Жоқ”, – деді. Сонда ол оған жаназа намазын оқыды.

Кейін тағы бір жаназа әкелінді. Адамдар: “Уа, Расулалла! Оған жаназа намазын оқыңыз”, – деді. Ол: “Оның қарызы бар ма?” – деп сұрады. “Иә”, – деп жауап берілді. Ол: “Артында бір нәрсе қалдырды ма?” – деп сұрады. Олар: “Үш динар қалдырды”, – деді. Сонда ол оған жаназа намазын оқыды.

Кейін үшінші жаназа әкелінді. Адамдар: “Оған жаназа намазын оқыңыз”, – деді. Ол: “Артында бір нәрсе қалдырды ма?” – деп сұрады. Олар: “Жоқ”, – деді. Ол: “Қарызы бар ма?” – деп сұрады. Олар: “Үш динар қарызы бар”, – деді. Сонда ол: “Жолдастарыңның жаназа намазын өздерің оқыңдар”, – деді. Әбу Қатада: “Уа, Расулалла! Оған жаназа намазын оқыңыз, оның қарызы менің мойнымда”, – деді. Сонда Пайғамбар (с.а.с.) оған жаназа намазын оқыды».

بَابُ قَوْلِ اللَّهِ تَعَالَى: ﴿وَالَّذِينَ عَقَدَتْ أَيْمَانُكُمْ فَآتُوهُمْ نَصِيبَهُمْ﴾ [النِّسَاءِ: 33]

3-бапАлла Тағаланың: «Өздеріңмен анттасқандарға да үлестерін беріңдер» («Ниса», 33) деген сөзі туралы

1071
Бұхари, № 1071 · Сахих: 2294Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَسِ بْنِ مَالِكٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّهُ قِيلَ لَهُ: «أَبَلَغَكَ أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ قَالَ: “لَا حِلْفَ فِي الْإِسْلَامِ”؟» فَقَالَ: «قَدْ حَالَفَ النَّبِيُّ ﷺ بَيْنَ قُرَيْشٍ وَالْأَنْصَارِ فِي دَارِي».

Қазақша аудармасы

Әнәс ибн Мәликтен (р.а.): «Пайғамбардың (с.а.с.): “Исламда одақтастық жоқ”, – деген сөзі саған жетті ме?» – деп сұралды. Сонда ол: «Пайғамбар (с.а.с.) менің үйімде Құрайыш пен ансар арасында одақ құрды», – деп жауап берді.

بَابُ مَنْ تَكَفَّلَ عَنْ مَيِّتٍ دَيْنًا فَلَيْسَ لَهُ أَنْ يَرْجِعَ

4-бапҚайтыс болған адамның қарызын өтеуге кепіл болған кісінің кейін төлегенін қайтаруды талап етуге құқығы жоқтығы туралы

1072
Бұхари, № 1072 · Сахих: 2296Риуаят етуші: Жәбир (р.а.)

عَنْ جَابِرِ بْنِ عَبْدِ اللَّهِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: قَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «لَوْ قَدْ جَاءَ مَالُ الْبَحْرَيْنِ قَدْ أَعْطَيْتُكَ هَكَذَا وَهَكَذَا وَهَكَذَا»، فَلَمْ يَجِئْ مَالُ الْبَحْرَيْنِ حَتَّى قُبِضَ النَّبِيُّ ﷺ، فَلَمَّا جَاءَ مَالُ الْبَحْرَيْنِ أَمَرَ أَبُو بَكْرٍ فَنَادَى: «مَنْ كَانَ لَهُ عِنْدَ النَّبِيِّ ﷺ عِدَةٌ أَوْ دَيْنٌ فَلْيَأْتِنَا»، فَأَتَيْتُهُ فَقُلْتُ: «إِنَّ النَّبِيَّ ﷺ قَالَ لِي: كَذَا وَكَذَا»، فَحَثَى لِي حَثْيَةً فَعَدَدْتُهَا، فَإِذَا هِيَ خَمْسُ مِائَةٍ، وَقَالَ: «خُذْ مِثْلَيْهَا».

Қазақша аудармасы

Жәбир ибн Абдулла (р.а.): «Пайғамбар (с.а.с.) маған: “Егер Бахрейннің малы келсе, саған былай да, былай да, былай да берер едім”, – деді. Алайда Бахрейннің малы Пайғамбар (с.а.с.) дүние салғанға дейін келмеді. Бахрейннің малы келген кезде, Әбу Бәкір жаршыға: “Пайғамбар (с.а.с.) кімге бір нәрсе беруге уәде еткен немесе қарыз болса, бізге келсін”, – деп жариялауды бұйырды. Мен оған барып: “Пайғамбар (с.а.с.) маған былай да, былай да, былай да беретінін айтқан еді”, – дедім. Сонда ол маған қосуыстап ақша берді. Мен оны санағанымда, бес жүз болып шықты. Кейін ол: “Осының екі есесін тағы ал”, – деді», – деп жеткізді.