Хадис
كِتَابُ الْأَضَاحِيِّ

Құрбандық кітабы

Сахих әл-Бұхари, 72-кітап · 3 хадис · № 1942–1944

بَابُ مَا يُؤْكَلُ مِنْ لُحُومِ الْأَضَاحِيِّ وَمَا يُتَزَوَّدُ مِنْهَا

1-бапҚұрбандық етінен жеу және оны жол азығы етіп алу туралы

1942
Бұхари, № 1942 · Сахих: 5568Риуаят етуші: Әбу Сағид (р.а.)

عَنْ أَبِي سَعِيدٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّهُ كَانَ غَائِبًا، فَقُدِّمَ إِلَيْهِ لَحْمٌ، فَقَالُوا: «هَذَا مِنْ لَحْمِ ضَحَايَانَا». فَقَالَ: «أَخِّرُوهُ، لَا أَذُوقُهُ». قَالَ: ثُمَّ قُمْتُ فَخَرَجْتُ حَتَّى أَتَيْتُ أَخِي أَبَا قَتَادَةَ، وَكَانَ أَخَاهُ لِأُمِّهِ، وَكَانَ بَدْرِيًّا، فَذَكَرْتُ ذَلِكَ لَهُ، فَقَالَ: «إِنَّهُ قَدْ حَدَثَ بَعْدَكَ أَمْرٌ».

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид (р.а.) елде болмаған еді. Оған ет әкеліп: «Бұл – шалған құрбандықтарымыздың еті», – деді. Ол: «Алып қойыңдар, мен одан дәм татпаймын», – деді. Әбу Сағид (р.а.) былай деді: «Содан кейін орнымнан тұрып, бауырым Әбу Қатадаға бардым. Бұл жайды оған айтқанымда, ол: “Сен кеткеннен кейін бұл мәселеге қатысты үкім өзгерді”, – деді». Әбу Қатада оның анасы бір бауыры әрі Бәдір шайқасына қатысқан сахаба еді.

1943
Бұхари, № 1943 · Сахих: 5569

عَنْ سَلَمَةَ بْنِ الْأَكْوَعِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «مَنْ ضَحَّى مِنْكُمْ فَلَا يُصْبِحَنَّ بَعْدَ ثَالِثَةٍ وَفِي بَيْتِهِ مِنْهُ شَيْءٌ». فَلَمَّا كَانَ الْعَامُ الْمُقْبِلُ، قَالُوا: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، نَفْعَلُ كَمَا فَعَلْنَا عَامَ الْمَاضِي؟» قَالَ: «كُلُوا وَأَطْعِمُوا وَادَّخِرُوا؛ فَإِنَّ ذَلِكَ الْعَامَ كَانَ بِالنَّاسِ جَهْدٌ، فَأَرَدْتُ أَنْ تُعِينُوا فِيهَا».

Қазақша аудармасы

Сәләмә ибн әл-Әкуағ (р.а.) былай деді: «Пайғамбар (с.а.с.): “Араларыңнан кім құрбандық шалса, үшінші күннен кейін үйінде оның етінен ештеңе қалмасын”, – деді. Келесі жылы адамдар: “Уа, Расулалла! Былтырғыдай істейміз бе?” – деп сұрады. Ол: “Жеңдер, өзгелерді де тамақтандырыңдар әрі сақтап қойыңдар. Өйткені былтыр адамдар қиыншылық көрген еді. Сондықтан сендердің оларға жәрдемдесулеріңді қаладым”, – деді».

1944
Бұхари, № 1944 · Сахих: 5571Риуаят етуші: Омар (р.а.)

عَنْ عُمَرَ بْنِ الْخَطَّابِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّهُ صَلَّى الْعِيدَ يَوْمَ الْأَضْحَى قَبْلَ الْخُطْبَةِ، ثُمَّ خَطَبَ فَقَالَ: «يَا أَيُّهَا النَّاسُ، إِنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَدْ نَهَاكُمْ عَنْ صِيَامِ هَذَيْنِ الْعِيدَيْنِ، أَمَّا أَحَدُهُمَا فَيَوْمُ فِطْرِكُمْ مِنْ صِيَامِكُمْ، وَأَمَّا الْآخَرُ فَيَوْمٌ تَأْكُلُونَ فِيهِ مِنْ نُسُكِكُمْ».

Қазақша аудармасы

Омар ибн әл-Хаттаб (р.а.) Құрбан айт күні құтбадан бұрын айт намазын оқытты. Содан кейін құтба айтып: «Уа, адамдар! Алла Елшісі (с.а.с.) сендерге осы екі айт күні ораза ұстауға тыйым салды. Оның бірі – оразаларыңды аяқтап, ауыз ашатын күндерің, ал екіншісі – құрбандықтарыңның етінен жейтін күндерің», – деді.