Хадис
كِتَابُ الِاعْتِصَامِ بِالْكِتَابِ وَالسُّنَّةِ

Құран мен сүннетті берік ұстану кітабы

Сахих әл-Бұхари, 93-кітап · 8 хадис · № 2236–2243

Мазмұны: 6 бап
  1. 1Алла Елшісінің (с.а.с.) сүннеттерін үлгі етіп ұстану туралы
  2. 2Көп сұрақ қоюдың және өзіне қатысы жоқ нәрсеге орынсыз әуреленудің құпталмайтыны туралы
  3. 3Жеке пікірге сүйенудің және қиясты жөнсіз қолданудың айыпталуы туралы
  4. 4Пайғамбардың (с.а.с.) «Сендер өздеріңнен бұрынғылардың жолдарына сөзсіз ілесесіңдер» деген сөзі туралы
  5. 5Үкім шығарушы ижтиһад жасап, дұрыс шешімге келсе немесе қателессе, алатын сауабы туралы
  6. 6Пайғамбардың (с.а.с.) бір істі теріске шығармауын дәлел санаған кісі туралы
بَابُ الِاقْتِدَاءِ بِسُنَنِ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ

1-бапАлла Елшісінің (с.а.с.) сүннеттерін үлгі етіп ұстану туралы

2236
Бұхари, № 2236 · Сахих: 7280Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «كُلُّ أُمَّتِي يَدْخُلُونَ الْجَنَّةَ إِلَّا مَنْ أَبَى». قَالُوا: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، وَمَنْ يَأْبَى؟» قَالَ: «مَنْ أَطَاعَنِي دَخَلَ الْجَنَّةَ، وَمَنْ عَصَانِي فَقَدْ أَبَى».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайрадан (р.а.) риуаят етіледі: Алла Елшісі (с.а.с.): «Бас тартқан адамнан басқа үмбетімнің барлығы Жәннатқа кіреді», – деді. Адамдар: «Уа, Алланың Елшісі! Кім бас тартады?» – деп сұрады. Ол (с.а.с.): «Кім маған бойсұнса, Жәннатқа кіреді. Ал кім маған қарсы келсе, сол бас тартқан болады», – деді.

2237
Бұхари, № 2237 · Сахих: 7281Риуаят етуші: Жәбир (р.а.)

عَنْ جَابِرِ بْنِ عَبْدِ اللَّهِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: «جَاءَتْ مَلَائِكَةٌ إِلَى النَّبِيِّ ﷺ وَهُوَ نَائِمٌ، فَقَالَ بَعْضُهُمْ: “إِنَّهُ نَائِمٌ”، وَقَالَ بَعْضُهُمْ: “إِنَّ الْعَيْنَ نَائِمَةٌ، وَالْقَلْبُ يَقْظَانُ”. فَقَالُوا: “إِنَّ لِصَاحِبِكُمْ هَذَا مَثَلًا، فَاضْرِبُوا لَهُ مَثَلًا”. فَقَالَ بَعْضُهُمْ: “إِنَّهُ نَائِمٌ”، وَقَالَ بَعْضُهُمْ: “إِنَّ الْعَيْنَ نَائِمَةٌ، وَالْقَلْبُ يَقْظَانُ”. فَقَالُوا: “مَثَلُهُ كَمَثَلِ رَجُلٍ بَنَى دَارًا، وَجَعَلَ فِيهَا مَأْدُبَةً وَبَعَثَ دَاعِيًا، فَمَنْ أَجَابَ الدَّاعِيَ دَخَلَ الدَّارَ وَأَكَلَ مِنَ الْمَأْدُبَةِ، وَمَنْ لَمْ يُجِبِ الدَّاعِيَ لَمْ يَدْخُلِ الدَّارَ وَلَمْ يَأْكُلْ مِنَ الْمَأْدُبَةِ”. فَقَالُوا: “أَوِّلُوهَا لَهُ يَفْقَهْهَا”. فَقَالَ بَعْضُهُمْ: “إِنَّهُ نَائِمٌ”، وَقَالَ بَعْضُهُمْ: “إِنَّ الْعَيْنَ نَائِمَةٌ، وَالْقَلْبُ يَقْظَانُ”. فَقَالُوا: “فَالدَّارُ الْجَنَّةُ، وَالدَّاعِي مُحَمَّدٌ ﷺ، فَمَنْ أَطَاعَ مُحَمَّدًا ﷺ فَقَدْ أَطَاعَ اللَّهَ، وَمَنْ عَصَى مُحَمَّدًا ﷺ فَقَدْ عَصَى اللَّهَ، وَمُحَمَّدٌ ﷺ فَرْقٌ بَيْنَ النَّاسِ”».

Қазақша аудармасы

Жәбир ибн Абдулла (р.а.) былай деген: «Пайғамбар (с.а.с.) ұйықтап жатқан кезде оған періштелер келді. Олардың кейбірі: “Ол ұйықтап жатыр”, – десе, енді бірі: “Көзі ұйқыда, ал жүрегі ояу”, – деді. Содан кейін олар: “Мына жолдастарыңа қатысты бір мысал бар. Оған мысал келтіріңдер”, – деді. Кейбірі тағы да: “Ол ұйықтап жатыр”, – десе, енді бірі: “Көзі ұйқыда, ал жүрегі ояу”, – деді. Содан кейін олар: “Оның мысалы мынадай: бір адам үй салып, онда дастарқан жайды да, адамдарды шақыратын жаршы жіберді. Жаршының шақыруын қабыл алған адам үйге кіріп, дастарқаннан дәм татты. Ал жаршының шақыруын қабыл алмаған адам үйге кірмеді әрі дастарқаннан да дәм татпады”, – деді. Кейін: “Оған бұл мысалдың мағынасын ашып түсіндіріңдер, ол ұқсын”, – десті. Олардың кейбірі: “Ол ұйықтап жатыр”, – десе, енді бірі: “Көзі ұйқыда, ал жүрегі ояу”, – деді. Содан кейін олар: “Үй – Жәннат, ал шақырушы – Мұхаммед (с.а.с.). Кім Мұхаммедке (с.а.с.) бойсұнса, Аллаға бойсұнғаны. Кім Мұхаммедке (с.а.с.) қарсы келсе, Аллаға қарсы келгені. Мұхаммед (с.а.с.) арқылы адамдардың арасы ажыратылады”, – деді».

بَابُ مَا يُكْرَهُ مِنْ كَثْرَةِ السُّؤَالِ وَتَكَلُّفِ مَا لَا يَعْنِيهِ

2-бапКөп сұрақ қоюдың және өзіне қатысы жоқ нәрсеге орынсыз әуреленудің құпталмайтыны туралы

2238
Бұхари, № 2238 · Сахих: 7296Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَسِ بْنِ مَالِكٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «لَنْ يَبْرَحَ النَّاسُ يَتَسَاءَلُونَ حَتَّى يَقُولُوا: “هَذَا اللَّهُ خَالِقُ كُلِّ شَيْءٍ، فَمَنْ خَلَقَ اللَّهَ؟”».

Қазақша аудармасы

Әнәс ибн Мәлик (р.а.) былай деген: «Алла Елшісі (с.а.с.): “Адамдар бір-біріне сұрақ қоя беріп, ақырында: ‘Бұл – барлық нәрсенің Жаратушысы Алла. Ал Алланы кім жаратты?’ – дегенге дейін барады”, – деді».

بَابُ مَا يُذْكَرُ مِنْ ذَمِّ الرَّأْيِ وَتَكَلُّفِ الْقِيَاسِ

3-бапЖеке пікірге сүйенудің және қиясты жөнсіз қолданудың айыпталуы туралы

2239
Бұхари, № 2239 · Сахих: 7307Риуаят етуші: Абдулла ибн Амр (р.а.)

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عَمْرٍو رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: سَمِعْتُ النَّبِيَّ ﷺ يَقُولُ: «إِنَّ اللَّهَ لَا يَنْزِعُ الْعِلْمَ بَعْدَ أَنْ أَعْطَاكُمُوهُ اِنْتِزَاعًا، وَلَكِنْ يَنْتَزِعُهُ مِنْهُمْ مَعَ قَبْضِ الْعُلَمَاءِ بِعِلْمِهِمْ، فَيَبْقَى نَاسٌ جُهَّالٌ يُسْتَفْتَوْنَ فَيُفْتُونَ بِرَأْيِهِمْ، فَيُضِلُّونَ وَيَضِلُّونَ».

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Амр (р.а.): «Пайғамбардың (с.а.с.): “Расында, Алла сендерге білім бергеннен кейін оны жұлып алмайды. Алайда ғалымдардың жанын білімдерімен бірге алу арқылы білімді алып қояды. Сөйтіп, надан адамдар ғана қалады. Олардан пәтуа сұралғанда, өз пікірлеріне сүйеніп пәтуа береді. Осылайша өзгені де адастырып, өздері де адасады”, – дегенін естідім», – деген.

بَابُ قَوْلِ النَّبِيِّ ﷺ: «لَتَتْبَعُنَّ سَنَنَ مَنْ كَانَ قَبْلَكُمْ»

4-бапПайғамбардың (с.а.с.) «Сендер өздеріңнен бұрынғылардың жолдарына сөзсіз ілесесіңдер» деген сөзі туралы

2240
Бұхари, № 2240 · Сахих: 7319Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «لَا تَقُومُ السَّاعَةُ حَتَّى تَأْخُذَ أُمَّتِي بِأَخْذِ الْقُرُونِ قَبْلَهَا، شِبْرًا بِشِبْرٍ وَذِرَاعًا بِذِرَاعٍ». فَقِيلَ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، كَفَارِسَ وَالرُّومِ؟» فَقَالَ: «وَمَنِ النَّاسُ إِلَّا أُولَئِكَ؟»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайрадан (р.а.) риуаят етіледі: Пайғамбар (с.а.с.): «Менің үмбетім өзінен бұрынғы қауымдардың жолын сүйеміне сүйем, шынтағына шынтақ келтіріп ұстанбайынша, Қиямет орнамайды», – деді. Сонда одан: «Уа, Алланың Елшісі! Парсылар мен римдіктер секілді ме?» – деп сұралды. Ол: «Солардан басқа кім болушы еді?» – деді.

2241
Бұхари, № 2241 · Сахих: 7323Риуаят етуші: Омар (р.а.)

عَنْ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «إِنَّ اللَّهَ بَعَثَ مُحَمَّدًا ﷺ بِالْحَقِّ، وَأَنْزَلَ عَلَيْهِ الْكِتَابَ، فَكَانَ فِيمَا أَنْزَلَ عَلَيْهِ آيَةُ الرَّجْمِ».

Қазақша аудармасы

Омар (р.а.): «Расында, Алла Мұхаммедті (с.а.с.) ақиқатпен жіберіп, оған Кітап түсірді. Оған түсірілгендердің арасында ражм аяты да бар еді», – деген.

بَابُ أَجْرِ الْحَاكِمِ إِذَا اِجْتَهَدَ فَأَصَابَ أَوْ أَخْطَأَ

5-бапҮкім шығарушы ижтиһад жасап, дұрыс шешімге келсе немесе қателессе, алатын сауабы туралы

2242
Бұхари, № 2242 · Сахих: 7352Риуаят етуші: Амр ибн әл-Ас (р.а.)

عَنْ عَمْرِو بْنِ الْعَاصِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّهُ سَمِعَ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «إِذَا حَكَمَ الْحَاكِمُ فَاجْتَهَدَ ثُمَّ أَصَابَ فَلَهُ أَجْرَانِ، وَإِذَا حَكَمَ فَاجْتَهَدَ ثُمَّ أَخْطَأَ فَلَهُ أَجْرٌ».

Қазақша аудармасы

Амр ибн әл-Ас (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.): «Үкім шығарушы ижтиһад жасап, дұрыс шешімге келсе, оған екі сауап бар. Ал ижтиһад жасап, қателессе, оған бір сауап бар», – дегенін естіген.

بَابُ مَنْ رَأَى تَرْكَ النَّكِيرِ مِنَ النَّبِيِّ ﷺ حُجَّةً

6-бапПайғамбардың (с.а.с.) бір істі теріске шығармауын дәлел санаған кісі туралы

2243
Бұхари, № 2243 · Сахих: 7355Риуаят етуші: Жәбир (р.а.)

عَنْ جَابِرِ بْنِ عَبْدِ اللَّهِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا أَنَّهُ كَانَ يَحْلِفُ بِاللَّهِ أَنَّ ابْنَ الصَّائِدِ الدَّجَّالُ، قُلْتُ: «تَحْلِفُ بِاللَّهِ؟» قَالَ: «إِنِّي سَمِعْتُ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ يَحْلِفُ عَلَى ذَلِكَ عِنْدَ النَّبِيِّ ﷺ فَلَمْ يُنْكِرْهُ النَّبِيُّ ﷺ».

Қазақша аудармасы

Жәбир ибн Абдулла (р.а.) Ибн Сайядтың Дәжжал екеніне Алланың атымен ант ететін. Мен одан: «Алланың атымен ант етіп тұрсыз ба?» – деп сұрадым. Ол: «Омардың (р.а.) Пайғамбардың (с.а.с.) жанында осыған ант еткенін естідім. Пайғамбар (с.а.с.) оның сөзін теріске шығармады», – деді.