Хадис

Әйелдер мен ерлердің бір мезгілде тауап етуі

Кутуб ситтә, 4-том, 164-тарау · 1 хадис · № 1385

ТАУАП ЖӘНЕ САҒИ

Хадистер

1385
Кутуб ситтә, № 1385 · тараудағы реті: 1

عَنِ ابْنِ جُرَيْجٍ قَالَ: «أَخْبَرَنِي عَطَاءٌ إِذْ مَنَعَ ابْنُ هِشَامٍ النِّسَاءَ الطَّوَافَ مَعَ الرِّجَالِ، قَالَ: كَيْفَ يَمْنَعُهُنَّ وَقَدْ طَافَ نِسَاءُ النَّبِيِّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ مَعَ الرِّجَالِ؟ قَالَ: قُلْتُ: أَبَعْدَ الْحِجَابِ أَوَقَبْلَهُ؟ قَالَ: لَقَدْ أَدْرَكْتُهُ بَعْدَ الْحِجَابِ. قَالَ قُلْتُ: كَيْفَ يُخَالِطْنَ الرِّجَالَ. قَالَ: لَمْ يَكُنَّ يُخَالِطْنَ الرِّجَالَ. كَانَتْ عَائِشَةُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا تَطُوفُ حَجْرَةً مِن الرِّجَالِ لَا تُخَالِطَهُمْ. فَقَالَتِ امْرَأَةٌ: انْطَلِقِي نَسْتَلِمُ يَا أُمَّ الْمُؤْمِنِينَ. قَالَتْ: انْطَلِقِي عَنْكِ وَأَبَتْ. وَكُنَّ يَخْرُجْنَ مُتَنَكِّرَاتٍ بِاللَّيْلِ، فَيَطُفْنَ مَعَ الرِّجَالِ، وَلَكِنَّهُنَّ كُنَّ إِذَا دَخَلْنَ الْبَيْتَ قُمْنَ حَتَّى يَدْخُلْنَ وَأُخْرِجَ الرِّجَالُ، وَكُنْتُ آتِي عَائِشَةَ أَنَا وَعُبَيْدُ بْنُ عُمَيْرٍ وَهِيَ مُجَاوِرَةٌ فِي جَوْفِ ثَبِيرٍ. قُلْتُ: وَمَا حِجَابُهَا؟ قَالَ: هِيَ فِي قُبَّةٍ تُرْكِيَّةٍ لَهَا غِشَاءٌ، وَمَا بَيْنَنَا وَبَيْنَهَا غَيْرُ ذَلِكَ، وَرَأَيْتُ عَلَيْهَا دِرْعًا مُوَرَّدًا». أَخْرَجَهُ الْبُخَارِيُّ.

Қазақша аудармасы

Ибн Журәйж былай дейді: «Ибн Һишам әйелдерге ерлермен қатар тауап етуге тыйым салғанда, Ата ибн Әбу Рабах:

– Бұған қалайша тыйым салады? Алла елшісінің (с.а.с.) жұбайлары да ерлермен бір мезгілде тауап жасаған, – деді. Мен:

– Бұл орану бұйырылғанға дейін бе, әлде кейін бе? – деп сұрадым. Ол:

– Иә, өміріммен ант етемін, мұны орану бұйырылғаннан кейін көрдім, – деді. Мен:

– Ерлермен қалай араласатын? – деп сұрадым. Ол:

– Олар ерлерге араласпайтын. Айша (р.а.) ерлерден шеткері тауап ететін. Бір әйел оған: “Уа, мүміндердің анасы! Жүр, Қара тасқа истиләм жасайық”, – деді. Айша: “Өзің бара бер”, – деп бармады. Олар түнде ешкім танымайтындай болып шығып, ерлермен бір мезгілде тауап ететін.

Қағбаға кіргісі келсе, ерлердің шығып болғанын күтіп, содан соң кіретін.

(Ата сөзін жалғастырып):

– Мен Убәйд ибн Умәйрмен бірге Муздалифадағы Сәбир тауын мекендеген Айшаның (р.а.) қасына баратынмын, – деді. Мен:

– Айша қандай қалқаның ар жағында болатын? – деп сұрадым. Ата:

– Ол пердесі бар шағын түрік үлгісіндегі киіз шатырдың ішінде отырды. Біз бен Айшаның (р.а.) арамызда сол перде ғана бар еді. Үстінен раушан түстес көйлек көрдім, – деді»1.

«حَجْرَةً» بِفَتْحِ الْحَاءِ وَالرَّاءِ الْمُهْمَلَيْنِ وَسُكُونُ الْجِيمِ بَيْنَهُمَا: أَىْ نَاحِيَةٌ مُنْفَرِدَةٌ.

Түсіндірме

1. Ата мен Ибн Журәйж қажылық әмірі Ибн Һишамның ерлер мен әйелдерге Бәйтулланы бір мезгілде тауап етуге салған тыйымын талқылаған.

2. Асқалани риуаяттағы Ибн Һишамның Ибраһим болуы ықтимал екенін айтады. Оның ағасы – Мұхаммед ибн Һишам ибн Исмаил. Екеуі де Әмәуи халифасы Һишам ибн Абдулмәліктің нағашылары еді. Һишам Мұхаммедті Меккеге, Ибраһимді Мәдинаға әмір етіп тағайындаған. Ибраһимге қажылыққа басшылық етуді де тапсырған. Кейін Юсуф ибн Омар әс-Сақафи екеуін азапқа салған. Асқаланидың баяндауынша, олар халифа Уәлид ибн Язид ибн Абдулмәліктің әмірімен һижраның 125 жылы өлтірілген.

3. Риуаяттан тауапта ерлер мен әйелдерді бөлуді Ибн Һишам алғаш бастағандай көрінеді. Алайда Омардың (р.а.) әйелдер арасына кірген бір ер кісіні таяғымен ұрғанын жеткізетін хабар да бар. Ата Ибн Һишамның тыйымын құптамағанымен, оның Айша (р.а.) жайлы баяндағаны Омардың ұстанымын еске түсіреді. Ибн Уяйнадан жеткен бір риуаятта тауап кезінде ер мен әйелді бөлуді Халид ибн Абдулла әл-Қушайри алғаш қолға алғаны айтылады. Ол Ибн Һишамнан бұрын, Абдулмәлік ибн Мәруан тұсында қажылық әмірі болған. Біраз уақыт тыйым салып, кейін оны алып тастаған болуы мүмкін.

Автор әуе қатынасы мен тұрмыс жағдайы жақсарып, қажылар саны миллионнан асқан тұста тауап пен тас лақтыру кезіндегі кептелісті азайтудың жолын іздеу қажет екенін айтады. Ол ерлер мен әйелдердің бұл рәсімдерді бір-бірін қыспай атқаруына жағдай жасауды ұсынады. Сахабалар дәуірінде-ақ байқалған бұл қажеттілік уақыт өте күшейген. Автор мәселе байыппен қолға алынса, шешім табылатынына үміттенген.

4. Сәбир – Муздалифадағы үлкен тау. Муздалифадан Минаға баратын жолдың сол жағында орналасқан.

5. «Мужауир» – бір жерде тұрып жатқан адам. Ибн Баттал осы хадиске сүйеніп, Харам аумағының кез келген жеріне аялдауға рұқсат деген.

6. Хадис әйелдерге тауапта көзге түспейтін киім киіп, қараңғы түскенде ерлерден шеткері, олардың арт жағында тауап жасаудың абзал екенін көрсетеді.

  1. 1Бұхари, Қажылық, 64 (№ 1618).