Хадис

Жетімдерге қамқорлық жасау

Кутуб ситтә, 1-том, 23-тарау · 2 хадис · № 179–180

Хадистер

179
Кутуб ситтә, № 179 · тараудағы реті: 1Риуаят етуші: Сәһл ибн Сағд (р.а.)

عَنْ سَهْلِ بْنِ سَعْدٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: «أَنَا وَكَافِلُ الْيَتِيمِ فِي الْجَنَّةِ هَكَذَا». وَأَشَارَ بِالسَّبَّابَةِ وَالْوُسْطَى، وَفَرَّجَ بَيْنَهُمَا شَيْئًا. أَخْرَجَهُ الْبُخَارِيُّ وَالتِّرْمِذِيُّ وَأَبُو دَاوُدَ.

Қазақша аудармасы

Сәһл ибн Сағд (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.): “Мен және жетімді қамқорлығына алған адам жәннатта мынадай жақын боламыз”, – деді. Ол сұқ саусағы мен ортаңғы саусағын көрсетіп, арасын сәл ашты»1.

  1. 1Бұхари, «Талақ» (№5304), «Әдеп» (№6005). Тирмизи, «Бирр», 14 (№1918). Әбу Дәуіт, «Әдеп» (№5150).
180
Кутуб ситтә, № 180 · тараудағы реті: 2Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

وَعَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: «مَنْ قَبَضَ يَتِيمًا مِنْ بَيْنِ الْمُسْلِمِينَ إِلَى طَعَامِهِ وَشَرَابِهِ أَدْخَلَهُ اللَّهُ تَعَالَى الْجَنَّةَ الْبَتَّةَ إِلَّا أَنْ يَكُونَ قَدْ عَمِلَ ذَنْبًا لَا يُغْفَرُ لَهُ». أَخْرَجَهُ التِّرْمِذِيُّ.

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.): “Кім мұсылмандар арасынан бір жетімді қамқорлығына алып, ішіп-жемін өз мойнына алса, кешірілмес күнә жасамаған жағдайда, Алла оны міндетті түрде жәннатқа кіргізеді”, – деді»1.

Түсіндірме

Дініміз жетімді қамқорлыққа алып, бағып-қағуға айрықша мән береді. Қамқорлық көрмей, көшеде өз бетімен өскен бала қиындыққа тап болады. Мұның зардабы баланың өзіне ғана емес, қоғамға да тиеді. Сондықтан дініміз жетімдерді мүмкіндігінше отбасы ортасында тәрбиелеп, өзге балалармен бірдей мейірім көрсетуге үндейді. Жетімді бағып-қағуға, тәрбиелеуге және мал-мүлкін қорғауға қатысты шариғатта бірқатар міндет белгіленген. Бұл бөлімде екі хадис келтірілгендіктен, жетімге қамқорлық мәселесін «Құрандағы бала» атты еңбегімізге сүйеніп, кеңірек түсіндіруді жөн көрдік. Жетімге қатысты мәселелерді бес тақырып аясында қарастырамыз:

1. Жетімге ізет көрсету және қаржылай жәрдем беру.

2. Жетімнің болашағын ойлау.

3. Жетімге жақсылық жасау.

4. Жетімнің мал-мүлкін қорғау.

5. Жетімді үйлендіру.

  1. 1Тирмизи, «Бирр», 14 (№1917).