عَنْ سُلَيْمَانَ بْنِ يَسَارٍ «أَنَّ زَيْدَ بْنَ ثَابِتٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ كَانَ يَقُولُ: فِي الْعَيْنِ الْقَائِمَةِ إِذَا طُفِئَتْ مِائَةُ دِينَارٍ». أَخْرَجَهُ مَالِكٌ.
Сүлеймен ибн Ясар (Алла оған рақым етсін) Зәйд ибн Сәбиттің (р.а.) мына сөзін жеткізеді: «Көз орнында қалып, көру қабілетінен айырылса, оның құны – жүз динар».1
Түсіндірме
1. «Айн әл-қаима» – өз орнында тұрған бүтін көз. Бұл хадисте көздің қалпы мен жүздің көркі бұзылмай, көру қабілеті жойылса, жүз динар құн төленетіні айтылған.
«Фиқһ терминдерінің сөздігінде» ағзалардың құны туралы жалпы қағида былай берілген: «Қол, аяқ, құлақ, ерін, көз, қас сияқты жұп ағзаның екеуі үшін бір адамның толық құны, ал біреуі үшін оның жартысы төленеді. Мысалы, абайсызда бір қолынан айырылған ер адамға бес мың дирхам, әйелге екі мың бес жүз дирхам құн төленеді. Кірпік пен қабақ секілді төртеу болатын ағзаның әрқайсысының құны толық құнның төрттен біріне тең. Тіл мен ақылдың әрқайсысы үшін де толық құн төленеді».
2. Бұл риуаят «Мууаттада» келгенімен, Зурқани Имам Мәликтің соған сүйеніп үкім бермегенін айтады. Оның жеткізуінше, Имам Мәлик: «Қылмыскерге дәл сондай қысас қолдану мүмкін болса, қолданылады. Мүмкін болмаса, абайсызда келтірген зиянның құны төленеді», – деген.
- 1Муатта, Уқул 9, (2, 857).