Хадис

Көлікке мінгесу

Кутуб ситтә, 8-том, 460-тарау · 5 хадис · № 3410–3414

Хадистер

3410
Кутуб ситтә, № 3410 · тараудағы реті: 1Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: لَمَّا قَدِمَ النَّبِيُّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ مَكَّةَ اسْتَقْبَلَهُ أُغَيْلِمَةُ بَنِي عَبْدِ الْمُطَّلِبِ فَحَمَلَ وَاحِدًا بَيْنَ يَدَيْهِ وَآخَرَ خَلْفَهُ. أَخْرَجَهُ الْبُخَارِيُّ وَالنَّسَائِي.

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.) айтады: «Алла Елшісі (с.а.с.) Меккеге келгенде, алдынан Абдулмутталиб әулетінің балалары шықты. Ол бірін алдына, екіншісін артына мінгестірді».1

  1. 1Бұхари, «Ұмра», 13, «Киім», 99–100. Нәсәи, «Мәнәсик», 121 (5/212).
3411
Кутуб ситтә, № 3411 · тараудағы реті: 2Риуаят етуші: Абдулла ибн Жағфар (р.а.)

وَعَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ جَعْفَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا أَنَّهُ قَالَ لَهُ ابْنُ الزُّبَيْرِ: أَتَذْكُرُ إِذْ تَلَقَّيْنَا رَسُولَ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ أَنَا وَأَنْتَ وَابْنُ عَبَّاسٍ؟ قَالَ: نَعَمْ. فَحَمَلَنَا وَتَرَكَكَ. أَخْرَجَهُ الشَّيْخَانِ، وَهَذَا لَفْظُهُمَا، وَأَبُو دَاوُدَ.

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Жағфар (р.а.) айтады: «Ибн Зубәйр маған “Мен, сен және Ибн Аббас Алла Елшісін (с.а.с.) қарсы алуға шыққанымыз есіңде ме?” деді. “Иә, есімде. Ол бізді мінгестіріп, сені қалдырып кеткен еді” деп жауап бердім».1

  1. 1Бұхари, «Жиһад», 196. Мүслим, «Фадаил әс-сахаба», 65 (2427). Әбу Дәуіт, «Жиһад», 60 (2566).
3412
Кутуб ситтә, № 3412 · тараудағы реті: 3Риуаят етуші: Мұғаз (р.а.)

وَعَنْ مُعَاذٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: كُنْتُ رَدْفَ رَسُولِ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ عَلَى حِمَارٍ يُقَالُ لَهُ عُفَيْرٌ. أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ.

Қазақша аудармасы

Муаз (р.а.) айтады: «Алла Елшісінің (с.а.с.) Уфайр атты есегіне оның артына мінгесіп отырдым».1

  1. 1Әбу Дәуіт, «Жиһад», 53 (2559).
3413
Кутуб ситтә, № 3413 · тараудағы реті: 4

وَعَنْ أَبِي الْمُلَيْحِ عَنْ رَجُلٍ قَالَ: كُنْتُ رَدِيفَ رَسُولِ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ فَعَثَرَتْ بِهِ الدَّابَّةُ. فَقُلْتُ: تَعِسَ الشَّيْطَانُ. فَقَالَ: لَا تَقُلْ ذَلِكَ، فَإِنَّكَ إِذَا قُلْتَهُ تَعَاظَمَ حَتَّى يَكُونَ مِثْلَ الْبَيْتِ، وَيَقُولُ: صَرَعْتُهُ بِقُوَّتِي، وَلَكِنْ قُلْ: بِسْمِ اللَّهِ، فَإِنَّكَ إِذَا قُلْتَ ذَلِكَ تَصَاغَرَ حَتَّى يَكُونَ مِثْلَ الذُّبَابِ. أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ.

Қазақша аудармасы

Әбул-Мүләйх бір кісінің мына сөзін жеткізген: «Алла Елшісінің (с.а.с.) артына мінгесіп келе жатып, көліктің аяғы тайып кетті. Мен “Шайтан құрысын!” дедім. Сонда Алла Елшісі “Олай айтпа. Олай десең, ол үйдей болып үлкейеді де, ‘Оны өз күшіммен құлаттым’ дейді. ‘Бисмилләһ’ де. Сонда ол шыбындай болып кішірейеді” деді».1

  1. 1Әбу Дәуіт, «Әдеп», 85 (4982).
3414
Кутуб ситтә, № 3414 · тараудағы реті: 5

وَعَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ بُرَيْدَةَ عَنْ أَبِيهِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ: جَاءَ رَجُلٌ مَعَهُ حِمَارٌ فَقَالَ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، ارْكَبْ، وَتَأَخَّرَ الرَّجُلُ. فَقَالَ لَهُ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: لَأَنْتَ أَحَقُّ بِصَدْرِ دَابَّتِكَ مِنِّي إِلَّا أَنْ تَجْعَلَهُ لِي. قَالَ: فَإِنِّي قَدْ جَعَلْتُهُ لَكَ. فَرَكِبَ. أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ وَالتِّرْمِذِيُّ.

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Бурайда әкесінен мына оқиғаны жеткізген: «Бір кісі есегін ертіп келіп, “Уа, Алла Елшісі, мініңіз!” деді де, өзі артқа ығысты. Алла Елшісі (с.а.с.) “Алдыңғы орынға менен гөрі сен лайықсың. Оны маған өзің ұсынсаң ғана отырамын” деді. Әлгі кісі “Ол орынды сізге бердім” дегенде, Пайғамбарымыз мінді».1

Түсіндірме

Бұл бөлімдегі бес хадис атқа, түйеге не есекке мінгесу жайында. Алла Елшісімен (с.а.с.) бір көлікке мінгесуді сахабалар мәртебе санаған. Ғалымдар осы мәртебеге ие болғандарды анықтауға көңіл бөлген. Ибн Мәндәның «Мағрифат асмаи ардаф ән-наби» еңбегінде Пайғамбарымызбен бірге мінгескен отыз төрт сахаба аталады.

Ғалымдар бұл хадистерден бір мініс көлігіне бірнеше адамның мінгесуіне болады деген тұжырым жасаған. «Тәйсирде» де осы тақырыпқа жеке бөлім арналған.

  1. 1Әбу Дәуіт, «Жиһад», 65 (2572). Тирмизи, «Әдеп», 25 (2773).