Хадис

Етеккір қаны

Кутуб ситтә, 8-том, 477-тарау · 3 хадис · № 3520–3522

Хадистер

3520
Кутуб ситтә, № 3520 · тараудағы реті: 1Риуаят етуші: Әсма бинт Әбу Бәкір (р.а.)

عَنْ أَسْمَاءَ بِنْتِ أَبِي بَكْرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَتْ: «جَاءَتِ امْرَأَةٌ إِلَى النَّبِيِّ ﷺ فَقَالَتْ: إِحْدَانَا يُصِيبُ ثَوْبَهَا مِنْ دَمِ الْحَيْضَةِ، كَيْفَ تَصْنَعُ بِهِ؟ قَالَ: تَحُتُّهُ، ثُمَّ تَقْرُصُهُ بِالْمَاءِ، ثُمَّ تَنْضَحُهُ، ثُمَّ تُصَلِّي فِيهِ». أَخْرَجَهُ السِّتَّةُ.

Қазақша аудармасы

Әсма бинт Әбу Бәкір (р.а.) былай дейді: «Бір әйел Алла елшісіне (с.а.с.) келіп: “Біріміздің киімімізге етеккір қаны тисе, не істейміз?” – деп сұрады. Ол: “Әуелі қырып түсіреді, содан кейін қан тиген тұсты сумен ысқылайды. Үстіне су құйып шайған соң, сол киіммен намаз оқиды”, – деп жауап берді».1

  1. 1Бұхари, «Хайыз», 9 (307), «Дәрет», 63 (227). Мүслим, «Таһарат», 110 (291). Мәлик, «Муатта», «Таһарат», 103 (1/60–61). Әбу Дәуіт, «Таһарат», 132 (360–362). Тирмизи, «Таһарат», 104 (138). Нәсәи, «Таһарат», 185 (1/155).
3521
Кутуб ситтә, № 3521 · тараудағы реті: 2Риуаят етуші: Айша (р.а.)

وَعَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: «مَا كَانَ لِإِحْدَانَا إِلَّا ثَوْبٌ وَاحِدٌ تَحِيضُ فِيهِ، فَإِذَا أَصَابَهُ شَيْءٌ مِنْ دَمٍ قَالَتْ بِرِيقِهَا فَمَصَعَتْهُ بِظُفْرِهَا». أَخْرَجَهُ الْبُخَارِيُّ، وَهَذَا لَفْظُهُ، وَأَبُو دَاوُدَ. وَلَهُ فِي أُخْرَى: «فَتَقُصُّهُ بِرِيقِهَا».

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) былай дейді: «Әрқайсымыздың етеккір кезінде киетін бір ғана киіміміз болатын. Оған қан тисе, тиген жерін сілекейімен дымқылдап, тырнағымен ысқылап кетіретін». Әбу Дәуіттің өзге нұсқасында: «Қан тиген жерді сілекейімен жібітіп, қырып тастайтын», – делінген1.

  1. 1Бұхари, «Хайыз», 11 (312). Әбу Дәуіт, «Таһарат», 132 (364).
3522
Кутуб ситтә, № 3522 · тараудағы реті: 3

وَفِي أُخْرَى لِلْبُخَارِيِّ قَالَتْ: «كَانَتْ إِحْدَانَا تَحِيضُ، ثُمَّ تَقْرُصُ الدَّمَ مِنْ ثَوْبِهَا عِنْدَ طُهْرِهَا فَتَغْسِلُهُ، وَتَنْضَحُ سَائِرَهُ، ثُمَّ تُصَلِّي فِيهِ».

Қазақша аудармасы

Бұхаридің өзге нұсқасында Айша (р.а.) былай дейді: «Біріміз етеккірден тазарғанда, киіміне жұққан қанды ысқылап, сол жерді жуатын. Киімнің қалған жеріне су бүркіп, содан кейін сол киіммен намаз оқитын»1.

«الْمَصْعُ»: التَّحْرِيكُ وَالْفَرْكُ، وَهُوَ الْمُرَادُ بِالْقَصِّ كَمَا فِي رِوَايَةِ أَبِي دَاوُدَ.

Түсіндірме

1. Етеккір қаны – жуып кетіру уәжіп нәжістердің бірі. Нәжістік үкімі жағынан өзге қаннан не нәжістен айырмасы жоқ. Ғалымдар бұған бірауыздан келіскен. Жуу жеңіл болуы үшін дақты алдын ала қырып, ысқылап алу – мұстахаб.

2. Ғалымдардың пікірінше, нәжістің кез келген түрін таза сумен кетіреді. Әбу Ханифа мен Әбу Юсуф таза сұйықтықтың бәрімен нәжісті кетіруге болады деген. Олардың дәлелдерінің бірі – № 3521 хадис. Онда қан дағын сілекеймен дымқылдағаны айтылады. «Сілекей таза болмаса, киімді одан әрі ластар еді» деген тұжырым жасалған.

3. Қан дағын тазалаған соң киімнің қалған жеріне су бүркуге кей ғалым қарсы болған. Олардың айтуынша, қан тиген-тимегені күмәнді жерге су бүркудің пайдасы жоқ. Таза болса, бүркудің қажеті жоқ. Нәжіс тиген болса, су бүрку оны тазартпайды.

Демек, етеккір қаны тиген киімнің сол жерін жуса, киім тазарады. Жуылған жері кеуіп үлгермесе де, сол киіммен намаз оқуға болады.

  1. 1Бұхари, «Хайыз», 9 (308). Әбу Дәуіт, «Таһарат», 107 (269), 132 (357), 142 (388). Нәсәи, «Таһарат», 179 (1/150–151).