Хадис

Сақал мен саусақ арасын салалау

Кутуб ситтә, 8-том, 487-тарау · 4 хадис · № 3632–3635

Хадистер

3632
Кутуб ситтә, № 3632 · тараудағы реті: 1Риуаят етуші: Осман (р.а.)

عَنْ عُثْمَانَ بْنِ عَفَّانَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ: «إِنَّ النَّبِيَّ ﷺ كَانَ يُخَلِّلُ لِحْيَتَهُ». أَخْرَجَهُ التِّرْمِذِيُّ وَصَحَّحَهُ.

Қазақша аудармасы

Осман ибн Аффанның (р.а.) айтуынша, Алла елшісі (с.а.с.) дәрет алғанда сақалын салалайтын.1

Түсіндірме

«Тахлил» сөзі бір нәрсенің арасынан өткізу дегенді білдіреді. Дәретте сақалды салалау – саусақпен сақалдың арасын ашып, су тигізу. Қолды салалағанда, бір қолдың саусақтарын екінші қолдың саусақтарының арасына өткізіп, түбіне дейін жуады. Ол үшін қолды алға созып, сыртын өзіңе қаратып, саусақтарды ашасың.

Бұл хадис сақалды және саусақ арасын салалаудың дұрыс екенін көрсетеді. Дегенмен ғалымдардың үкімдері әртүрлі. Хасан ибн Салих, Әбу Сәур және заһирилер мұны дәретте де, ғұсылда да уәжіп санаған.

Имам Мәлік, Шафиғи, Сәури және Әузағи дәретте мұны уәжіп санамаған.

Имам Мәлік пен Мәдина ғалымдарының бір бөлігі мұны ғұсылда да уәжіп көрмеген.

Шафиғи, Әбу Ханифа, Сәури, Әузағи, Ләйс, Ахмад, Исхақ, Әбу Сәур, Дәуіт, Табари және басқа да көптеген ғалым сақалды салалауды ғұсылда ғана уәжіп санаған.

Ибн әл-Араби сақалды салалау жөнінде имам Мәліктен екі риуаят жеткеніне назар аударған: «Бірінде сақал қалың болса, салалау уәжіп делінген. Екіншісінде сақалды салалау сүннет деп көрсетілген».

  1. 1Тирмизи, «Таһарат» (31).
3633
Кутуб ситтә, № 3633 · тараудағы реті: 2Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

وَعَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ: «إِنَّ النَّبِيَّ ﷺ كَانَ إِذَا تَوَضَّأَ أَخَذَ كَفًّا مِنْ مَاءٍ فَيُدْخِلُهُ تَحْتَ حَنَكِهِ، وَيُخَلِّلُ بِهِ لِحْيَتَهُ وَيَقُولُ: هَكَذَا أَمَرَنِي رَبِّي عَزَّ وَجَلَّ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ.

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.) дәрет алғанда бір уыс суды иегінің астына апарып, сақалын салалайтын. “Ұлық та ұлы Раббым маған осылай істеуді бұйырды”, – дейтін».1

  1. 1Әбу Дәуіт, «Таһарат» (145).
3634
Кутуб ситтә, № 3634 · тараудағы реті: 3

وَعَنِ الْمُسْتَوْرِدِ بْنِ شَدَّادٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «رَأَيْتُ النَّبِيَّ ﷺ إِذَا تَوَضَّأَ يُدَلِّكُ أَصَابِعَ رِجْلَيْهِ بِخِنْصَرِهِ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ وَالتِّرْمِذِيُّ.

Қазақша аудармасы

Мұстәурид ибн Шәддад (р.а.) былай дейді: «Алла елшісінің (с.а.с.) дәрет алғанда аяқ саусақтарының арасын шынашағымен ысқылап жуғанын көрдім».1

  1. 1Тирмизи, «Таһарат» (40). Әбу Дәуіт, «Таһарат» (148).
3635
Кутуб ситтә, № 3635 · тараудағы реті: 4

وَعَنْ لَقِيطِ بْنِ صَبِرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قُلْتُ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، أَخْبِرْنِي عَنِ الْوُضُوءِ. قَالَ: أَسْبِغِ الْوُضُوءَ، وَخَلِّلْ بَيْنَ الْأَصَابِعِ، وَبَالِغْ فِي الِاسْتِنْشَاقِ إِلَّا أَنْ تَكُونَ صَائِمًا». أَخْرَجَهُ أَصْحَابُ السُّنَنِ. «إِسْبَاغُ الْوُضُوءِ»: إِتْمَامُهُ وَإِفَاضَةُ الْمَاءِ عَلَى الْأَعْضَاءِ تَامًّا كَامِلًا، وَزِيَادَةٌ عَلَىٰ مِقْدَارِ الْوَاجِبِ.

Қазақша аудармасы

Лақит ибн Сабира (р.а.) былай дейді: «“Уа, Алланың елшісі, маған дәрет туралы айтып беріңізші”, – дедім. Алла елшісі (с.а.с.): “Дәретті толық ал, саусақтарыңның арасын салала. Ораза ұстамаған болсаң, суды мұрныңа терең тартып шай”, – деді».1

  1. 1Әбу Дәуіт, «Таһарат» (142–144). Тирмизи, «Таһарат» (38). Нәсәи, «Таһарат», 71, 92 (1/66, 79).