Хадис

Дұға мен бисмиллә

Кутуб ситтә, 8-том, 492-тарау · 4 хадис · № 3648–3651

Хадистер

3648
Кутуб ситтә, № 3648 · тараудағы реті: 1Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: لَا صَلَاةَ لِمَنْ لَا وَضُوءَ لَهُ، وَلَا وَضُوءَ لِمَنْ لَمْ يَذْكُرِ اسْمَ اللَّهِ عَلَيْهِ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ.

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.): “Дәреті жоқтың намазы жоқ. Дәрет аларда Алланың есімін атамағанның дәреті жоқ”, – деді».1

  1. 1Әбу Дәуіт, «Таһарат» (101).
3649
Кутуб ситтә, № 3649 · тараудағы реті: 2

وَعَنْ رَبَاحِ بْنِ عَبْدِ الرَّحْمَنِ بْنِ أَبِي سُفْيَانَ بْنِ حُوَيْطِبٍ، عَنْ جَدَّتِهِ، عَنْ أَبِيهَا، قَالَ: «سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: لَا وَضُوءَ لِمَنْ لَمْ يَذْكُرِ اسْمَ اللَّهِ عَلَيْهِ». أَخْرَجَهُ التِّرْمِذِيُّ.

Қазақша аудармасы

Рабах ибн Абдуррахман ибн Әбу Суфиян ибн Хуайтыб әжесі арқылы оның әкесінен мына сөзді жеткізеді: «Алла елшісінің (с.а.с.) “Дәрет аларда Алланың есімін атамағанның дәреті жоқ” дегенін естідім».1

  1. 1Тирмизи, «Таһарат» (25).
3650
Кутуб ситтә, № 3650 · тараудағы реті: 3Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

وَعَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: مَنْ ذَكَرَ اللَّهَ تَعَالَى أَوَّلَ وُضُوئِهِ طَهُرَ جَسَدُهُ كُلُّهُ، وَإِذَا لَمْ يَذْكُرِ اسْمَ اللَّهِ لَمْ يَطْهُرْ مِنْهُ إِلَّا مَوْضِعُ الْوُضُوءِ». أَخْرَجَهُ رَزِينٌ.

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) былай дейді: «Алла елшісінің (с.а.с.) “Кім дәреттің басында Алланы еске алса, бүкіл денесі тазарады. Ал Алланың есімін атамаса, тек дәретте жуған мүшелері тазарады” дегенін естідім».1

  1. 1Мунауи, «Фәйз әл-қадир», 6/128. Ибраһим Жанан, «Күтүб-и ситте», № 3650.
3651
Кутуб ситтә, № 3651 · тараудағы реті: 4Риуаят етуші: Әбу Мұса (р.а.)

وَعَنْ أَبِي مُوسَىٰ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «أَتَيْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ وَهُوَ يَتَوَضَّأُ، فَسَمِعْتُهُ يَقُولُ: اللَّهُمَّ اغْفِرْ لِي ذَنْبِي، وَوَسِّعْ لِي فِي دَارِي، وَبَارِكْ لِي فِي رِزْقِي». أَخْرَجَهُ رَزِينٌ.

Қазақша аудармасы

Әбу Мұса (р.а.) былай дейді: «Алла елшісіне (с.а.с.) келсем, дәрет алып жатыр екен. “Аллаһуммағфир ли зәнби, уә уәссиғ ли фи дари, уә барик ли фи ризқи” деп дұға еткенін естідім». Мағынасы: «Уа, Алла, күнәмді кешір, үйімді кең ет, ризығыма береке бер».1

Түсіндірме

1. Бисмиллә – «Бисмилләһир-рахманир-рахим» деп, Алланың есімін атау.

2. Дәрет алғанда бисмиллә айту жөнінде әртүрлі пікір бар. Ахмад ибн Ханбал мен заһирилер оны бұйыратын хадистерге сүйеніп, бисмилләні уәжіп санаған. Олардың пікірінше, әдейі айтпаса да, ұмытып кетсе де, дәреті жарамсыз болады. Қалған үш имам бұл амалды мұстахаб санаған.

Шах Уәлиулла Дәһләуи № 3649 хадисті былай түсіндіреді: «Бұл хадистен бисмиллә айтудың дәреттің рүкіні не шарты екені шықпайды. Оны “Бисмиллә айтылмаса, дәрет кемел болмайды” деп түсінуге болады. Дәрет жарамды болғанымен, толық кемеліне жетпейді».

Ибн Омар мен Ибн Мәсғудтан жеткен риуаяттарда Алла елшісі (с.а.с.): «Кім дәрет алғанда Алланың есімін атаса, бүкіл денесі тазарады. Ал атамаса, тек дәретте жуған мүшелері тазарады», – деген.

  1. 1Ибн әс-Сунни, «Амал әл-йаум уәл-ләйл», 5, 10. Ибраһим Жанан, «Күтүб-и ситте», № 3651.