Хадис

№ 3665 хадис

Кутуб ситтә, 8-том, 495-тарау · 1 хадис · № 3665

Хадистер

3665
Кутуб ситтә, № 3665 · тараудағы реті: 1Риуаят етуші: Әбу Дәрда (р.а.)

عَنْ أَبِي الدَّرْدَاءِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ: «أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ قَاءَ فَتَوَضَّأَ. قَالَ مَعْدَانُ: وَلَقِيتُ ثَوْبَانَ مَوْلَىٰ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ فِي مَسْجِدِ دِمَشْقَ، فَذَكَرْتُ لَهُ ذَلِكَ فَسَأَلْتُهُ، فَقَالَ: صَدَقَ، وَأَنَا صَبَبْتُ لَهُ وَضُوءَهُ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ وَالتِّرْمِذِيُّ.

Қазақша аудармасы

Әбу Дәрда (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.) бір жолы құсып, артынан дәрет алды». Мағдан былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.) азат еткен Сәубанды (р.а.) Дамаск мешітінде кездестірдім. Оқиғаны есіне салып, сұрадым. Ол: “Дұрыс айтқан. Ол жолы Алла елшісінің (с.а.с.) дәрет суын өзім құйған едім”, – деді».1

Түсіндірме

Суфиян әс-Сәури, Ибн әл-Мүбәрак, Ахмад ибн Ханбал, Исхақ ибн Раһуя, Зуһри, Алқама, Әсуәд, Шағби, Уруа ибн әз-Зубайр, Нахағи, Қатада, Әузағи және басқа да ғалымдар осы хадисті құсудың дәретті бұзатынына дәлел еткен.

Имам Мәлік, Шафиғи және басқа ғалымдар бұл хадисті құсудың дәретті бұзатынына дәлел санамаған.

Хадисті дәлел еткендер قَاءَ فَتَوَضَّأَ «құсты да, дәрет алды» деген тіркестегі فَتَوَضَّأَ сөзінің басындағы «фа» әрпін себеп-салдар мәнінде түсінген. Қарсы пікірдегі ғалымдар ол әріп мұнда себепті білдірмейді деген. Бұл үкімді қуаттайтын өзге риуаяттар бар, бірақ қарсы пікірді ұстанғандар оларды да әлсіз деп санаған. Шафиғи мәзһабының ғалымы Нәуауи: «Қан ағу, құсу немесе намазда күлу дәретті бұза ма, бұзбай ма деген мәселеде сахих хадис жоқ», – деген. Ханафи ғалымдары ауыз толтыра құсу дәретті бұзады деп үкім берген.

4. Қан

  1. 1Әбу Дәуіт, «Саум» (2381). Тирмизи, «Таһарат» (87).