وَعَنْ أُمَيَّةَ بِنْتِ أَبِي الصَّلْتِ عَنِ امْرَأَةٍ مِنْ بَنِي غِفَارٍ قَدْ سَمَّاهَا. قَالَتْ: «أَرْدَفَنِي رَسُولُ اللَّهِ ﷺ عَلَىٰ حَقِيبَةِ رَحْلِهِ. قَالَتْ: فَوَاللَّهُ لَنَزَلَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ إِلَى الصُّبْحِ فَأَنَاخَ، وَنَزَلْتُ عَنْ حَقِيبَةِ رَحْلِهِ فَإِذَا بِهَا دَمٌ مِنِّي، وَكَانَتْ أَوَّلَ حَيْضَةٍ حِضْتُهَا: قَالَتْ: فَتَقَبَّضْتُ إِلَى النَّاقَةِ وَاسْتَحْيَيْتُ. فَلَمَّا رَأَىٰ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ مَا بِي، وَرَأَىٰ الدَّمَ. قَالَ: مَا لَكِ؟ لَعَلَّكِ نَفِسْتِ؟ قُلْتُ: نَعَمْ. قَالَ: فَأَصْلِحِي مِنْ نَفْسِكِ. ثُمَّ خُذِي إِنَاءً مِنْ مَاءٍ فَاطْرَحِي فِيهِ مِلْحًا. ثُمَّ اغْسِلِي مَا أَصَابَ الْحَقِيبَةَ مِنَ الدَّمِ. ثُمَّ عُودِي لِمَرْكَبِكِ. قَالَتْ: فَلَمَّا فَتَحَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ خَيْبَرَ رَضَخَ لَنَا مِنَ الْفَيْءِ، قَالَتْ: وَكَانَتْ لَا تَتَطَهَّرُ مِنْ حَيْضَةٍ إِلَّا جَعَلَتْ فِي طُهُورِهَا مِلْحًا، وَأَوْصَتْ بِهِ أَنْ يَجْعَلَ فِي غُسْلِهَا حِينَ مَاتَتْ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ. «نَفِسَتِ الْمَرْأَةُ»: بِضَمِّ النُّونِ وَفَتْحِهَا مَعَ كَسْرِ الْفَاءِ: إِذَا وَلَدَتْ، وَبِفَتْحِ النُّونِ فَقَطْ: إِذَا حَاضَتْ. «وَالرَّضْخُ»: الْعَطَاءُ الْقَلِيلُ. «وَالْفَيْءُ»: مَا يَحْصُلُ لِلْمُسْلِمِينَ مِنْ أَمْوَالِ الْكُفَّارِ وَدِيَارِهِمْ بِغَيْرِ قِتَالٍ.
Қазақша аудармасы
Үмәйя бинт Әбис-Салт есімін атап, Бәни Ғифар руынан бір әйелдің мына сөзін жеткізеді: «Алла елшісі (с.а.с.) мені түйесінің ерінің артына, жабындының үстіне мінгестірді. Аллаға ант етейін, таң ата ол түсіп, түйесін шөктірді. Мен де ердің артынан түстім. Жабындыға менен қан жұққан екен. Бұл менің алғашқы етеккірім еді. Ұялғаннан түйеге жабысып қалдым. Алла елшісі менің халімді байқап, қанды көргенде: “Не болды? Етеккірің келген шығар?” – деді. “Иә”, – дедім. Сонда ол: “Әуелі өзіңді ретке келтір. Содан кейін бір ыдыс су алып, оған тұз сал. Жабындыға жұққан қанды жу да, қайта мін”, – деді. Алла елшісі Хайбарды алғанда, түскен мал-мүліктен бізге де аздаған үлес берді».
Үмәйя бинт Әбис-Салт былай дейді: «Ғифарлық әйел етеккірден кейін жуынатын суына әрдайым тұз қосатын. Дүние салғанда, денесін жуатын суға да тұз қосуды өсиет етті».1