Хадис

№ 409–411 хадистер

Кутуб ситтә, 2-том, 51-тарау · 3 хадис · № 409–411

САУДА-САТТЫҚ (БӘЙҒ) БӨЛІМІ

Хадистер

409
Кутуб ситтә, № 409 · тараудағы реті: 1Риуаят етуші: Жундуб (р.а.)

عَنْ جُنْدُبٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: مَنْ قَالَ فِي كِتَابِ اللَّهِ تَعَالَى بِرَأْيِهِ فَأَصَابَ فَقَدْ أَخْطَأَ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدُ وَالتِّرْمِذِيُّ. وَزَادَ رَزِينُ: وَمَنْ قَالَ بِرَأْيِهِ فَأَخْطَأَ فَقَدْ كَفَرَ.

Қазақша аудармасы

Жүндәб (р.а.) Алла елшісінің (с.а.с.) былай дегенін жеткізген: «Кім Алланың Кітабы жайында өз жорамалымен сөйлесе, сөзі дөп түссе де, қателескен болады».1

Рәзин мына сөзді қосып жеткізген: «Кім өз жорамалымен сөйлеп, қателессе, күпірлікке түскен болады».

  1. 1Әбу Дәуіт, Ғылым: 5, (3652); Тирмизи, Тәфсир: 1 (2952, Жанан басылымында 2953).
410
Кутуб ситтә, № 410 · тараудағы реті: 2Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

وعَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: مَنْ قَالَ فِي الْقُرْآنِ بِغَيْرِ عِلْمٍ فَلْيَتَبَوَّأْ مَقْعَدَهُ مِنَ النَّارِ». أَخْرَجَهُ التِّرْمِذِيُّ.

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.анһума) Алла елшісінің (с.а.с.) былай дегенін жеткізген: «Кім Құран жайында білімсіз сөйлесе, тозақтағы орнына дайындалсын».1

  1. 1Тирмизи, Тәфсир: 1 (2950, Жанан басылымында 2951).
411
Кутуб ситтә, № 411 · тараудағы реті: 3

وَلَهُ فِي رِوَايَةٍ: «اتَّقُوا الْحَدِيثَ عَنِّي إِلَّا مَا عَلِمْتُمْ فَمَنْ كَذَبَ عَلَىَّ مُتَعَمِّدًا فَلْيَتَبَوَّأْ مَقْعَدَهُ مِنَ النَّارِ، وَمَنْ قَالَ فِي الْقُرْآنِ بِرَأْيِهِ فَلْيَتَبَوَّأْ مَقْعَدَهُ مِنَ النَّارِ».

Қазақша аудармасы

Тирмизидің басқа бір риуаятында былай делінген: «Анық білетіндеріңнен өзге сөзді менен хадис етіп жеткізуден сақтаныңдар. Кім менің атымнан әдейі өтірік айтса, тозақтағы орнына дайындалсын. Кім Құран жайында өз жорамалымен сөйлесе, тозақтағы орнына дайындалсын».1

  1. 1Тирмизи, Тәфсир: 1 (2951, Жанан басылымында 2952).