Хадис

Шегірткелер

Кутуб ситтә, 9-том, 525-тарау · 3 хадис · № 3912–3914

Хадистер

3912
Кутуб ситтә, № 3912 · тараудағы реті: 1Риуаят етуші: Ибн Әбу Әуфа (р.а.)

عَنِ ابْنِ أَبِي أَوْفَى رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: «غَزَوْنَا مَعَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ سَبْعَ غَزَوَاتٍ أَوْ سِتًّا، وَكُنَّا نَأْكُلُ مَعَهُ الْجَرَادَ». أَخْرَجَهُ الْخَمْسَةُ.

Қазақша аудармасы

Ибн Әбу Әуфа (р.а.) айтады: «Алла елшісімен (с.а.с.) бірге алты не жеті жорыққа шықтық. Сол жорықтарда онымен бірге шегіртке жедік».1

  1. 1Бұхари, Сайд 13; Мүслим, Сайд 52 (1952); Тирмизи, Атғима 22 (1822, 1823); Әбу Дәуіт, Атғима 35 (3812); Нәсәи, Сайд 37 (7, 210).
3913
Кутуб ситтә, № 3913 · тараудағы реті: 2Риуаят етуші: Салман (р.а.)

وَعَنْ سَلْمَانَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «سُئِلَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ عَنْ الْجَرَادِ فَقَالَ: أَكْثَرُ جُنُودِ اللَّهِ، لَا آكُلُهُ وَلَا أُحَرِّمُهُ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ.

Қазақша аудармасы

Салман (р.а.) айтады: «Алла елшісінен (с.а.с.) шегіртке туралы сұрағанда: “Ол – Алланың саны ең көп жасағы. Өзім жемеймін, оны жеуге тыйым да салмаймын”, – деді».1

  1. 1Әбу Дәуіт, Атғима 35 (3813); Ибн Мәжа, Сайд 9 (3219).
3914
Кутуб ситтә, № 3914 · тараудағы реті: 3

وَفِي رِوَايَةِ رَزِينٍ رَحِمَهُ اللَّهُ عَنْ جَابِرٍ: «دَعَا النَّبِيُّ ﷺ عَلَى الْجَرَادِ فَقَالَ: اللَّهُمَّ أَهْلِكِ الْجَرَادَ، اقْتُلْ كِبَارَهُ، وَأَهْلِكْ صِغَارَهُ، وَاقْطَعْ دَابِرَهُ، وَخُذْ بِأَفْوَاهِهَا عَنْ مَعَايِشِنَا وَأَرْزَاقِنَا، إِنَّكَ سَمِيعُ الدُّعَاءِ، فَقَالَ رَجُلٌ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، كَيْفَ تَدْعُو عَلَى الْجَرَادِ، وَهُوَ جُنْدٌ مِنْ جُنُودِ اللَّهِ؟ فَقَالَ: إِنَّهُ نَثْرَةُ حُوتٍ فِي الْبَحْرِ».

Қазақша аудармасы

Рәзин Жәбирден (р.а.) мына хабарды жеткізген: «Алла елшісі (с.а.с.) шегірткеге қарсы: “Уа, Алла! Шегірткені жой. Үлкенін өлтір, кішісін құрт, тұқымын үз, күнкөрісіміз бен ризығымыздан аузын тый. Расында, Сен дұғаны Естушісің”, – деп дұға етті. Сонда бір кісі: “Уа, Алла елшісі! Шегіртке Алланың жасақтарының бірі болса, оған қарсы қалай дұға етесіз?” – деді. Алла елшісі: “Ол теңіздегі балықтың түшкіруінен пайда болған”, – деді».1

Түсіндірме

1. Алғашқы екі риуаят шегірткені жеуге рұқсат барын аңғартады. Нәуәуи мұсылмандар оның мүбах екеніне бірауыздан келіскенін айтады. Әбу Ханифа, Шәфиғи, Ахмад ибн Ханбал және бірқатар ғалымның пікірінше, шегірткені мұсылман да, мәжуси де ауласа болады. Шегіртке басы кесіліп, бір бөлігі жұлынып, басқа бір себеппен немесе өздігінен өлсе де, оны жеу адал. Имам Мәлик пен Ахмад ибн Ханбалдан жеткен бір пікір бойынша, бір бөлігі жұлынып, ыстық суға пісіріліп немесе отқа қақталып өлсе, адал. Өздігінен не ыдыс ішінде өліп қалса, адал болмайды.

2. Шегірткені Алланың ең көп санды жасағы деу оның қанатты жаратылыстар ішінде сан жағынан көптігіне қатысты. Хадистерде Алланың жаратылыстарының ең көбі періштелер екені айтылады. «Мүддәссир» сүресінің 31-аятында: ﴿وَمَا يَعْلَمُ جُنُودَ رَبِّكَ إِلَّا هُوَ﴾ «Раббыңның әскерлерін бір Өзінен басқа ешкім білмейді», – делінген. Шегірткені Алланың жасағы деудің де хикметі бар. Олар бекер жаратылмаған. Құранда Алла қаһарына ұшыраған Перғауын жұртына өзге апаттармен бірге шегіртке де жібергенін хабарлайды («Ағраф» сүресі, 133-аят): ﴿فَأَرْسَلْنَا عَلَيْهِمُ ٱلطُّوفَانَ وَٱلْجَرَادَ وَٱلْقُمَّلَ وَٱلضَّفَادِعَ وَٱلدَّمَ ءَايَٰتٍ مُّفَصَّلَٰتٍ فَٱسْتَكْبَرُوا۟ وَكَانُوا۟ قَوْمًا مُّجْرِمِينَ﴾ «Содан бірер айғағы ретінде оларға бірде топан су жіберсек, бірде шегіртке, бірде құрт-құмырсқа, бірде құрбақа қаптаттық, әрі суларын қып-қызыл қанға боядық. Олар сонда да тәкаппарлануын қоймады һәм күнәдан тыйылмайтын қауым болып қала берді». Әли әл-Қари шегіртке қаптаған жерде шөп, егін, ағаш жапырылып, ашаршылық тууы мүмкін екенін айтады. Ондайда адамдар ас таба алмай, бір-бірін жеуге дейін барып, қырылып қалуы мүмкін.

3. №3914 хадистегі шегірткені балықтың түшкірігіне теңеген сөз №1249–1251 хадистердің түсіндірмесінде талданған.

  1. 1Тирмизи, Атғима 23 (1824); Ибн Мәжа, Сайд 9 (3221).