عَنْ أَبِي مُوسَى رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «خَرَجْنَا مَعَ رَسُولِ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ فِي غَزَاةٍ وَنَحْنُ سِتَّةُ نَفَرٍ، بَيْنَنَا بَعِيرٌ نَعْتَقِبُهُ فَنَقِبَتْ أَقْدَامُنَا وَنَقِبَتْ قَدَمَايَ، وَسَقَطَتْ أَظْفَارِي، فَكُنَّا نَلُفُّ عَلَى أَرْجُلِنَا الْخِرَقَ، فَسُمِّيَتْ غَزْوَةُ ذَاتِ الرِّقَاعِ لِمَا كُنَّا نَعْصِبُ مِنَ الْخِرَقِ عَلَى أَرْجُلِنَا». أَخْرَجَهُ الشَّيْخَانِ. «اعْتِقَابُ الْمَرْكُوبِ» هُوَ أَنْ يَرْكَبَهُ وَاحِدٌ بَعْدَ وَاحِدٍ. وَ«نَقِبَ الْبَعِيرُ» بِكَسْرِ الْقَافِ إِذَا رِقَّتْ أَخْفَافُهُ، وَالْمُرَادُ بِهِ هُنَا تَقَرَّحَتْ وَسَقَطَتْ.
Әбу Мұса (р.а.) былай дейді: «Расулалламен (с.а.с.) бір жорыққа шықтық. Алтауымызға бір ғана түйе тиіп, соған кезектесіп міндік. Жүре-жүре аяқтарымыз жараланып кетті. Менің де аяғым тілініп, тырнақтарым түсіп қалды. Аяғымызға шүберек орап алдық. Сол себепті бұл жорық Затур-Риқа деп аталды».1
Түсіндірме
1. Ибн әл-Әсирдің айтуынша, бұл жорық һижреттің төртінші жылы, Бәни Надыр оқиғасынан екі ай өткен соң болған. Жоғарыдағы риуаятта жорықтың атауы аяққа оралған шүберекке байланыстырылады. «Риқағ» сөзі «жамау, мата қиындылары» деген мағына береді. Ибн әл-Әсир Бәни Мұхарибпен шайқас болмағанымен, екі жақ бетпе-бет келген таудың ақ, қара және қызыл түсті ала-құла болып көрінуінен бұл атау шыққанын айтады. Тулардың жамаулы болғанынан немесе бір ағаштың атынан шыққан дейтіндер де бар. Нәуәуи осы себептердің бәрі атауға негіз болуы ықтимал дейді.
2. Бұл жорықта екі жақ бір-бірінен қауіптеніп, жұртты үрей биледі. Осыған байланысты қауіп-қатер жағдайында оқылатын намаз жайлы үкім түсті.
3. Ибн Сағд пен Ибн Хиббан бұл жорықты һижреттің бесінші жылына жатқызады.
4. Жорыққа қатысқандардың саны жөнінде де пікір әртүрлі. Риуаяттарда төрт жүз, бес жүз, жеті жүз, тіпті сегіз жүз адам делінеді.
- 1Бұхари, «Мағази», № 4128. Мүслим, «Жиһад», № 1816.