عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «أَتَتْ أُمُّ حَارِثَةَ النَّبِيَّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ؛ فَقَالَتْ: يَا نَبِيَّ اللَّهِ، حَدِّثْنِي عَنْ حَارِثَةَ، وَكَانَ قُتِلَ يَوْمَ بَدْرٍ أَصَابَهُ سَهْمُ غَرْبٍ، فَإِنْ كَانَ فِي الْجَنَّةِ صَبَرْتُ، وَإِنْ كَانَ غَيْرَ ذَلِكَ اجْتَهَدْتُ عَلَيْهِ فِي الْبُكَاءِ. فَقَالَ: يَا أُمَّ حَارِثَةَ، إِنَّهَا جِنَانٌ فِي الْجَنَّةِ، وَإِنَّ ابْنَكِ أَصَابَ الْفِرْدَوْسَ الْأَعْلَى». أَخْرَجَهُ الْبُخَارِيُّ وَالتِّرْمِذِيُّ.
Әнәс (р.а.) былай дейді: «Үммі Хариса (р.а.) Алла Елшісіне (с.а.с.) келіп: “Уа, Алланың Пайғамбары, маған Хариса туралы айтыңызшы”, – деді. Хариса Бәдір күні қайдан келгені белгісіз жебеден қаза тапқан еді. Анасы: “Егер жәннатта болса, сабыр етемін. Олай болмаса, ол үшін көп жылаймын”, – деді. Сонда Алла Елшісі: “Уа, Үммі Хариса, жәннатта талай бақ бар. Сенің ұлыңа ең жоғарғы Фирдаус нәсіп болды”, – деді». Бір нұсқада Үммі Харисаның қуанып қайтқаны айтылады1.
Түсіндірме
يُقَالُ «أَصَابَهُ سَهْمُ غَرْبٍ» بِالْإِضَافَةِ وَتَرْكِهَا وَبِتَحْرِيكِ الرَّاءِ وَتَسْكِينِهَا: إِذَا لَمْ يُدْرَ مِنْ أَيْنَ أَتَاهُ.
1. Хадистің басқа нұсқасында мына сөздер де бар: «Ұлың Фирдауста. Оның төбесі – Рахманның Аршы. Жәннаттың өзендері содан бастау алады. Таңертең немесе түстен кейін Алла жолында басқан бір қадам дүниеден және ондағының бәрінен қайырлы. Жәннаттағы садақ не жебе сыйғандай жердің өзі дүниеден және ондағының бәрінен қайырлы. Жәннат әйелдерінің бірі осы дүниеге көрінсе, жерді және ондағының бәрін нұрға бөлер еді. Оның басындағы орамалының өзі дүниеден және ондағының бәрінен қайырлы».
قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: «غَدْوَةٌ فِي سَبِيلِ اللَّهِ أَوْ رَوْحَةٌ خَيْرٌ مِنَ الدُّنْيَا وَمَا فِيهَا، وَلَقَابُ قَوْسِ أَحَدِكُمْ أَوْ مَوْضِعُ قَدَمٍ مِنَ الْجَنَّةِ خَيْرٌ مِنَ الدُّنْيَا وَمَا فِيهَا، وَلَوْ أَنَّ امْرَأَةً مِنْ نِسَاءِ أَهْلِ الْجَنَّةِ اطَّلَعَتْ إِلَى الْأَرْضِ، لَأَضَاءَتْ مَا بَيْنَهُمَا، وَلَمَلَأَتْ مَا بَيْنَهُمَا رِيحًا، وَلَنَصِيفُهَا خَيْرٌ مِنَ الدُّنْيَا وَمَا فِيهَا».
Алла Елшісі (с.а.с.) былай деген: «Таңертең немесе түстен кейін Алла жолында аттану дүниеден және ондағының бәрінен қайырлы. Жәннаттағы садақтай не табан тірердей жердің өзі дүниеден және ондағының бәрінен қайырлы. Жәннат әйелдерінің бірі жер бетіне көрінсе, жер мен жәннат арасын нұрға бөлеп, жұпарға толтырар еді. Оның басындағы орамалының өзі дүниеден және ондағының бәрінен қайырлы».2
قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ فِي الْفِرْدَوْسِ: «فَوْقَهُ عَرْشُ الرَّحْمَنِ، وَمِنْهُ تَفَجَّرُ أَنْهَارُ الْجَنَّةِ».
Алла Елшісі (с.а.с.) Фирдаус жайында: «Оның үстінде Рахманның Аршы тұр. Жәннаттың өзендері содан бастау алады», – деді.3
2. Түсіндірушілер Алла Елшісінің (с.а.с.) ұлын жоқтайтынын айтқан әйелге тыйым салмағанына назар аударған. Ғалымдардың пайымдауынша, Бәдірден кейінгі бұл оқиға дауыстап жоқтауға тыйым салынғанға дейін болған. Олардың айтуынша, бұл тыйым Ухуд шайқасынан кейін қойылған.
3. Хадисте жәннаттың дәрежелері бар екені, солардың ең жоғарысы Фирдаус екені айтылады. Өзге хадистерде жәннаттың жүз дәрежесі бар екені, екі дәреженің арасы жер мен көктің арасындай екені жеткізіледі.
4. Хариса ибн Сурақа – Мәдинаның Хазраж руынан. Анасы Рабиғ бинт ән-Надр – Әнәстің әкесі жағынан әпкесі. Хариса анасын құрметтеп, алдындағы борышын өтеуге тырысатын. Анасы да оны қатты жақсы көрген. Бір риуаятта Алла Елшісінің (с.а.с.): «Жәннатқа кіріп, Харисаны көрдім», – дегені айтылады. Хариса Пайғамбардан шейіт болуын тілеп дұға етуін сұраған. Бәдір басталғанда, хауыздан су ішіп тұрған жерінде жебе тиіп, шейіт болды. Ансарлардан алғаш шейіт болған кісі сол деген дерек бар.
- 1Бұхари, «Жиһад», 14-тарау, «Мағази», 9-тарау, «Риқақ», 51-тарау. Тирмизи, «Тәпсір», «Мүмінун» сүресі, №3174.
- 2Бұхари, «Риқақ», №6567. Дүние өткінші, жәннат мәңгі. Мәңгі ағатын бұлақ өткінші теңізден артық болғаны сияқты, жәннаттағы алақандай жердің өзі мына дүниеден қайырлы.
- 3Бұхари, «Тәухид», №7423.