Хадис

Әртүрлі хадистер

Кутуб ситтә, 11-том, 793-тарау · 4 хадис · № 5000–5003

ҚИССАЛАР БӨЛІМІ

Хадистер

5000
Кутуб ситтә, № 5000 · тараудағы реті: 1Риуаят етуші: Салман (р.а.)

عَنْ سَلْمَانَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: فَتْرَةُ بَيْنَ عِيسَى وَمُحَمَّدٍ عَلَيْهِمَا الصَّلَاةُ وَالسَّلَامُ سِتُّمِائَةِ سَنَةٍ. أَخْرَجَهُ الْبُخَارِيُّ.

Қазақша аудармасы

Салман (р.а.) былай дейді: «Иса (а.с.) мен Мұхаммедтің (с.а.с.) арасындағы фәтрат алты жүз жылға созылған»1.

Түсіндірме

Хадистегі «фәтрат» – Алла ешбір пайғамбар жібермеген аралық. Салман айтқан мерзім жөнінде өзге пікірлер де бар. Қатада оны бес жүз алпыс жыл деп есептейді. Кәлбиден бес жүз қырық жыл деген риуаят жеткен. Төрт жүз жыл дегендер де бар.

  1. 1Бұхари, Манақибул-ансар 53 (3948).
5001
Кутуб ситтә, № 5001 · тараудағы реті: 2Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

وَعَنْ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: إِنَّ أَهْلَ فَارِسَ لَمَّا مَاتَ نَبِيُّهُمْ كَتَبَ لَهُمْ إِبْلِيسُ الْمَجُوسِيَّةَ. أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ.

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.) былай дейді: «Иран жұртының пайғамбары қайтыс болғанда, Ібіліс оларға мәжусилік дінін жазып берді»1.

  1. 1Әбу Дәуіт, Хараж 31 (3042).
5002
Кутуб ситтә, № 5002 · тараудағы реті: 3Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

وَعَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: مَا أَدْرِي أَتُبَّعٌ لَعِينٌ هُوَ أَمْ لَا؟ وَمَا أَدْرِي أَعُزَيْرٌ نَبِيٌّ هُوَ أَمْ لَا؟ أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ.

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.): “Туббаға лағынет жауды ма, білмеймін. Ұзайыр пайғамбар ма, оны да білмеймін”, – деді».1

Түсіндірме

Тубба – қалың қол ұстаған Химьяр патшасы. Соңынан ерген жұрты көп болғандықтан, «Тубба» атанған. Құранда ол «Духан» сүресінің 37-аятында және «Қаф» сүресінің 14-аятында аталады. Алла елшісі (с.а.с.) Тубба туралы уахи келмей тұрып, жоғарыдағы сөзді айтқан. Кейін: «Туббаны жамандамаңдар, ол мұсылман болған», – деген. Алла елшісінен (с.а.с.) жеткен кей хадисте Туббаға лағынет жауған-жаумағанын, Зұлқарнайынның пайғамбар болған-болмағанын, шариғатта белгіленген жазаның күнәні өтеп-өтемейтінін білмегені айтылады. Басқа риуаяттарда Алла тағала пайғамбарына мұндай жазаның күнәға өтем болатынын және Туббаның мұсылман болғанын хабарлаған делінеді.

  1. 1Әбу Дәуіт, Сүннет 14 (4674).
5003
Кутуб ситтә, № 5003 · тараудағы реті: 4Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

وَعَنْهُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: لَوْلَا بَنُو إِسْرَائِيلَ لَمْ يَخْنَزِ اللَّحْمُ، وَلَوْلَا حَوَّاءُ لَمْ تَخُنْ أُنْثَى زَوْجَهَا الدَّهْرَ. أَخْرَجَهُ الشَّيْخَانِ.

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.): “Исрайыл ұрпақтары болмағанда, ет сасып бұзылмас еді. Хауа болмағанда, әйел күйеуіне ешқашан опасыздық жасамас еді”, – деді»1.

Түсіндірме

1. Құранда Исрайыл ұрпақтарына мәнна тәттісі мен бөдене түсірілгені айтылады («Бақара» сүресі, 57-аят). Олар Алланың әмірімен әр күнге қажет мөлшерін ғана алатын, жұма мен сенбінің азығын ғана алдын ала жинайтын. Артық жинап алса, азығы бұзылып, саситын. Қатададан жеткен риуаят бойынша, тағамның бұзылуы содан қалған. Тағы бір риуаятта тағамның бұзылу сыры былай түсіндіріледі: «Алла тағала: “Өлген адамның денесінің шіріп, ыдырауын белгілемегенімде, бала-шағасы оны үйінде ұстап отырар еді. Азық-түліктің бұзылуын белгілемегенімде, байлар оны кедейлерден жасырып қояр еді”, – деген».

2. Хауа ана туралы мынадай пікір айтылған: «Адамды жәннаттағы тыйым салынған ағаштан жеуге Хауа үндеген. Сөйтіп, Адамның қателесуіне себеп болған. Кейін әйелдің күйеуіне опасыздық жасауы содан қалған».

Жәннаттағы тыйым салынған ағаш бидай, інжір, жүзім немесе камфора ағашы болған деген пікірлер бар.

  1. 1Бұхари, Әнбия 1 (3330), 25 (3399). Мүслим, Радағ 63 (1470).