Хадис

Изар етегінің ұзындығы

Кутуб ситтә, 11-том, 839-тарау · 1 хадис · № 5242

КИІМ-КЕШЕК

Хадистер

5242
Кутуб ситтә, № 5242 · тараудағы реті: 1Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

وَعَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: لَا يَنْظُرُ اللَّهُ إِلَى مَنْ جَرَّ ثَوْبَهُ خُيَلَاءَ. قَالَ أَبُو بَكْرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، إِنَّ إِزَارِي يَسْتَرْخِي إِلَّا أَنْ أَتَعَاهَدَهُ. فَقَالَ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: لَسْتَ مِمَّنْ يَفْعَلُهُ خُيَلَاءَ». أَخْرَجَهُ الْخَمْسَةُ إِلَّا التِّرْمِذِيَّ.

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.): “Алла киімін тәкаппарлықпен жерге сүйреткен адамға қарамайды”, – деді. Әбу Бәкір: “Уа, Алланың елшісі! Қадағаламасам, менің де изарымның етегі төмен сырғып кетеді”, – деді. Алла елшісі (с.а.с.): “Сен мұны тәкаппарлықпен істейтіндердің қатарынан емессің”, – деп жауап берді»1.

Түсіндірме

Хадисте киімнің етегін тәкаппарлықпен жерге сүйретуге тыйым салынған. Осы түсіндірмеге сай, мақтану не тәкаппарлану ниеті болмаса, мұндай киіс харам емес, мәкруһ саналады.

  1. 1Бұхари, «Либас», 1, 2, 5-тараулар, «Фазаилус-сахаба», 5-тарау, «Әдеп», 55-тарау. Мүслим, «Либас», № 2085. Әбу Дәуіт, «Либас», 28-тарау, № 4085. Нәсәи, «Зинат», 102, 105-тараулар (8-том, 206-бет).