Хадис

Пайғамбарымыздың балалары

Кутуб ситтә, 12-том, 882-тарау · 2 хадис · № 5535–5536

ПАЙҒАМБАРЛЫҚ БӨЛІМІ

Хадистер

5535
Кутуб ситтә, № 5535 · тараудағы реті: 1Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا أَنَّ قُرَيْشًا تَوَاصَتْ بَيْنَهَا بِالتَّمَادِي فِي الْغَيِّ وَالْكُفْرِ، وَقَالَتْ: الَّذِي نَحْنُ عَلَيْهِ أَحَقُّ مِمَّا عَلَيْهِ هَذَا الصُّنْبُورُ الْمُنْبَتِرُ، فَأَنْزَلَ اللَّهُ تَعَالَى: ﴿إِنَّا أَعْطَيْنَاكَ الْكَوْثَرَ﴾ إِلَى آخِرِهَا. وَأَتَاهُ بَعْدَ ذَلِكَ خَمْسَةُ أَوْلَادٍ ذُكُورٍ: أَرْبَعَةٌ مِنْ خَدِيجَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا: عَبْدُ اللَّهِ وَهُوَ أَكْبَرُهُمْ، وَالطَّاهِرُ، وَقِيلَ هُوَ عَبْدُ اللَّهِ فَهُمْ ثَلَاثَةٌ، وَالطَّيِّبُ، وَالْقَاسِمُ، وَإِبْرَاهِيمُ مِنْ مَارِيَةَ. وَكَانَ لِلنَّبِيِّ ﷺ أَرْبَعُ بَنَاتٍ: مِنْهُنَّ زَيْنَبُ الَّتِي كَانَتْ تَحْتَ أَبِي الْعَاصِ بْنِ الرَّبِيعِ، وَرُقَيَّةُ وَأُمُّ كُلْثُومٍ كَانَتَا تَحْتَ عُتْبَةَ وَعُتَيْبَةَ ابْنَيْ أَبِي لَهَبٍ. فَلَمَّا نَزَلَتْ: ﴿تَبَّتْ يَدَا أَبِي لَهَبٍ وَتَبَّ﴾ أَمَرَهُمَا بِفِرَاقِهِمَا. وَتَزَوَّجَ عُثْمَانُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَوَّلًا رُقَيَّةَ، وَهَاجَرَتْ مَعَهُ إِلَى أَرْضِ الْحَبَشَةِ، وَوَلَدَتْ هُنَاكَ ابْنَهُ عَبْدَ اللَّهِ، وَبِهِ كَانَ يُكَنَّى. ثُمَّ مَاتَتْ، وَتَزَوَّجَ بَعْدَهَا أُمَّ كُلْثُومٍ. وَفَاطِمَةُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا كَانَتْ تَحْتَ عَلِيٍّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، وَوَلَدَتْ لَهُ حَسَنًا وَحُسَيْنًا وَمُحْسِنًا وَزَيْنَبَ، وَكَانَتْ تَحْتَ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ جَعْفَرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، وَأُمَّ كُلْثُومٍ وَزَوَّجَهَا عَلِيٌّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ مِنْ عُمَرَ بْنِ الْخَطَّابِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ. أَخْرَجَهُ رَزِينٌ.

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.) былай дейді: «Құрайыштар бір-бірін күпірлік пен адасудан таймауға үндеп: “Біздің ұстанған жолымыз мына тамырсыз, тұқымсыз өскіннің жолынан әлдеқайда дұрыс”, – десті. Сонда Алла Тағала “Кәусәр” сүресін түсірді: ﴿إِنَّا أَعْطَيْنَاكَ الْكَوْثَرَ ۝ فَصَلِّ لِرَبِّكَ وَانْحَرْ ۝ إِنَّ شَانِئَكَ هُوَ الْأَبْتَرُ﴾ “Шынында, Біз саған Кәусәрді нәсіп еттік. Сен де Раббың үшін намаз оқы және құрбан шал! Ақиқатында, сені кемсітушілердің өздері ұрпақсыз, өздері мақұрым!”1

Содан кейін Алла елшісінің (с.а.с.) бес ұлы дүниеге келді. Төртеуі Хадишадан (р.а.) туған. Үлкені – Абдулла. Одан кейін Тахир, Тайиб пен Қасым туды. Кейбіреулер Тахир мен Абдулланы бір кісі санайды. Ол пікір бойынша, Хадишадан үш ұл туған. Бесінші ұлы Ибраһим Мариядан туған.

Алла елшісінің (с.а.с.) төрт қызы болды. Зейнеп Әбу әл-Ас ибн Рабиғқа тұрмысқа шықты. Руқия мен Үммү Күлсім Әбу Ләһабтың ұлдары Утба мен Утайбаның жары еді. ﴿تَبَّتْ يَدَا أَبِي لَهَبٍ وَتَبَّ﴾ “Әбу Ләһабтың екі қолы бірдей құрысын, онсыз да құрыды!”2 деген аят түскенде, Әбу Ләһаб екі ұлына да әйелінен ажырасуды бұйырды. Кейін әзірет Осман Руқияға үйленді. Руқия онымен бірге Хабашстанға һижрет етті. Сол жерде Абдулла атты ұлдары дүниеге келді. Содан Осман Әбу Абдулла, яғни Абдулланың әкесі атанды. Руқия дүние салғаннан кейін Осман Үммү Күлсімге үйленді.

Фатима (р.а.) әзірет Әлидің (р.а.) жары еді. Олардың Хасан, Хұсайын, Мұхсин атты үш ұлы, Зейнеп пен Үммү Күлсім атты екі қызы дүниеге келді. Зейнеп Абдулла ибн Жағфарға (р.а.) тұрмысқа шықты. Әли Үммү Күлсімді әзірет Омарға ұзатты. Алла олардың барлығына разы болсын».3

Түсіндірме

Хадистегі «сунбур» – жапанда жалғыз өскен, тамыры жіңішке құрма ағашы. Құрма діңінен өніп шығып, жерге тамыр жаймаған өркенді де осылай атаған. «Мүнбәтир» сөзі «ұрпағы үзілген» дегенді білдіреді. Мүшріктер Алла елшісін тамырсыз өркенге теңеп, «ұрпақсыз» деп келемеждеген. Олардың ойынша, ол дүние салған соң артында ұрпақ қалмай, аты өшетін еді. Кей ғалымдар «сунбур» сөзі оның ұлдарының шетінеуін меңзейді деп есептейді. Өйткені Алла елшісінің Хадишадан туған балалары пайғамбарлық берілмей тұрып-ақ болған. Алла Тағала бұл сөзге көңілі түскен елшісін «Кәусәр» сүресін түсіріп жұбатты. Кәусәр – ақыретте үмбет басына жиналатын үлкен хауыздың аты. Бұл сөз «молшылық», «көптік» деген мағынаға да келеді. Дүние салғаннан кейін Алла елшісіндей аты жиі аталып, құрметпен еске алынған кім бар? Әулеттің көптігі, үмбеттің молдығы, абырой мен жақсы ат, үмбетке берілген ілім мен артықшылық, шапағат пен рақымның молдығы басқа кімге нәсіп болды?

  1. 1«Кәусәр» сүресі, 1–3-аяттар.
  2. 2«Тәббәт» сүресі, 1-аят.
  3. 3Рәзин жеткізген.
5536
Кутуб ситтә, № 5536 · тараудағы реті: 2Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

وَعَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ لَمَّا مَاتَ وَلَدُهُ إِبْرَاهِيمُ: «إِنَّهُ مَاتَ فِي الثَّدْيِ، وَإِنَّ لَهُ لَظِئْرَيْنِ تُكَمِّلَانِ رَضَاعَهُ فِي الْجَنَّةِ، فَإِنَّهُ ابْنِي». أَخْرَجَهُ مُسْلِمٌ.

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.) ұлы Ибраһим шетінегенде: “Ол емшектегі шағында шетінеді. Жәннатта екі сүт анасы бар. Олар оның емізу мерзімін толықтырады. Өйткені ол – менің ұлым”, – деді».1

Түсіндірме

Бұл хадисте сәбиді емізудің маңызы айтылады. Құранда да ﴿وَالْوَالِدَاتُ يُرْضِعْنَ أَوْلَادَهُنَّ حَوْلَيْنِ كَامِلَيْنِ﴾ «Аналар сәбилерін толық екі жыл емізсін.»2 делінген. Аят баланы толық екі жыл емізудің маңызын бекіте түседі.

  1. 1Мүслим, «Фадаил», 63 (2316).
  2. 2«Бақара» сүресі, 233-аят.