عَنْ سَهْلِ بْنِ أَبِي حَثْمَةَ، عَنْ رِجَالٍ مِنْ كُبَرَاءِ قَوْمِهِ، أَنَّ عَبْدَ اللَّهِ بْنَ سَهْلٍ وَمُحَيِّصَةَ خَرَجَا إِلَى خَيْبَرَ مِنْ جَهْدٍ أَصَابَهُمَا، فَأُتِيَ مُحَيِّصَةُ، فَأُخْبِرَ أَنَّ عَبْدَ اللَّهِ بْنَ سَهْلٍ قَدْ قُتِلَ وَطُرِحَ فِي عَيْنٍ (أَوْ فَقِيرٍ)، فَأَتَى يَهُودَ، فَقَالَ: «أَنْتُمْ وَاللَّهِ قَتَلْتُمُوهُ». قَالُوا: «وَاللَّهِ مَا قَتَلْنَاهُ». ثُمَّ أَقْبَلَ حَتَّى قَدِمَ عَلَى قَوْمِهِ، فَذَكَرَ لَهُمْ ذَلِكَ، ثُمَّ أَقْبَلَ هُوَ وَأَخُوهُ حُوَيِّصَةُ (وَهُوَ أَكْبَرُ مِنْهُ) وَعَبْدُ الرَّحْمَنِ بْنُ سَهْلٍ، فَذَهَبَ مُحَيِّصَةُ لِيَتَكَلَّمَ (وَهُوَ الَّذِي كَانَ بِخَيْبَرَ)، فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ لِمُحَيِّصَةَ: «كَبِّرْ كَبِّرْ» (يُرِيدُ السِّنَّ)، فَتَكَلَّمَ حُوَيِّصَةُ، ثُمَّ تَكَلَّمَ مُحَيِّصَةُ، فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «إِمَّا أَنْ يَدُوا صَاحِبَكُمْ، وَإِمَّا أَنْ يُؤْذِنُوا بِحَرْبٍ»، فَكَتَبَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ إِلَيْهِمْ فِي ذَلِكَ، فَكَتَبُوا: «إِنَّا وَاللَّهِ مَا قَتَلْنَاهُ». فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ لِحُوَيِّصَةَ وَمُحَيِّصَةَ وَعَبْدِ الرَّحْمَنِ: «أَتَحْلِفُونَ وَتَسْتَحِقُّونَ دَمَ صَاحِبِكُمْ؟» قَالُوا: «لَا». قَالَ: «فَتَحْلِفُ لَكُمْ يَهُودُ؟» قَالُوا: «لَيْسُوا بِمُسْلِمِينَ»، فَوَادَاهُ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ مِنْ عِنْدِهِ، فَبَعَثَ إِلَيْهِمْ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ مِائَةَ نَاقَةٍ حَتَّى أُدْخِلَتْ عَلَيْهِمِ الدَّارَ. قَالَ سَهْلٌ: «فَلَقَدْ رَكَضَتْنِي مِنْهَا نَاقَةٌ حَمْرَاءُ».
Сәһл ибн Әбу Хасма өз қауымының беделді кісілерінен мына оқиғаны жеткізген: Абдулла ибн Сәһл мен Мұхаййиса екеуі де тапшылыққа ұшырағандықтан Хайбарға жол тартты. Кейін Мұхаййисаға біреу келіп, Абдулла ибн Сәһлдің өлтіріліп, бір бұлаққа немесе құдыққа тасталғанын хабарлады. Ол яһудилерге барып: «Алламен ант етемін, оны сендер өлтірдіңдер!» – деді. Олар: «Алламен ант етеміз, біз оны өлтірген жоқпыз», – деді. Содан кейін ол қауымына оралып, болған жайды баяндады. Артынша өзі, одан үлкен ағасы Хуаййиса және Абдуррахман ибн Сәһл үшеуі Алла Елшісіне (с.а.с.) келді. Хайбарда болған Мұхаййиса сөз бастамақ болғанда, Алла Елшісі (с.а.с.) жасы үлкен адамның сөйлеуі керектігін білдіріп: «Үлкені сөйлесін, үлкені сөйлесін», – деді. Сонда алдымен Хуаййиса, одан кейін Мұхаййиса сөйледі. Алла Елшісі (с.а.с.): «Не олар жолдастарыңның құнын төлесін, не соғысқа дайын екендерін білдірсін», – деді. Алла Елшісі (с.а.с.) осы жөнінде оларға хат жазды. Олар: «Алламен ант етеміз, біз оны өлтірген жоқпыз», – деп жауап жазды. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.) Хуаййисаға, Мұхаййисаға және Абдуррахманға: «Ант беріп, жолдастарыңның қаны үшін ақы талап етесіңдер ме?» – деді. Олар: «Жоқ», – деді. Ол (с.а.с.): «Онда яһудилер сендерге ант берсін бе?» – деді. Олар: «Олар мұсылман емес», – деді. Содан кейін Алла Елшісі (с.а.с.) оның құнын өз тарапынан өтеп, оларға жүз түйе жіберді. Түйелер олардың ауласына кіргізілді. Сәһл (р.а.): «Сол түйелердің бір қызылы мені теуіп жіберген еді», – деді (1669/6).