Хадис
كِتَابُ ذِكْرِ الْأَنْبِيَاءِ وَفَضْلِهِمْ

Пайғамбарлар және олардың артықшылықтары туралы кітап

Сахих Мүслим, 51-кітап · 16 хадис · № 1605–1620

Мазмұны: 16 бап
  1. 1Адамның (а.с.) жаратылуының басталуы туралы
  2. 2Алланың жақын досы Ибраһимнің (а.с.) артықшылығы туралы
  3. 3Ибраһимнің (а.с.) сүндеттелуі туралы
  4. 4Ибраһимнің (а.с.) «Уа, Раббым! Маған өлілерді қалай тірілтетініңді көрсетші» деген сөзі және Лұт пен Юсуф (екеуіне де Алланың сәлемі болсын) туралы
  5. 5Ибраһимнің (а.с.) «Менің мазам қашып тұр», «Кім біледі, бәлкім, мына үлкендері солай істеген шығар» деген сөздері және Сара туралы «Ол – менің қарындасым» дегені туралы
  6. 6Мұса (а.с.) және Алла Тағаланың «Алла қауымының ол жайлы айтқан қауесет сөздерінің қып-қызыл жала екенін айқындап, оны толық ақтады. Ол Алланың алдында өте абыройлы еді» деген аяты туралы
  7. 7Мұса мен Қызырдың (екеуіне де Алланың сәлемі болсын) оқиғасы туралы
  8. 8Пайғамбардың (с.а.с.) «Алланың пайғамбарларының бірін екіншісінен артық санамаңдар» деген сөзі туралы
  9. 9Мұсаның (а.с.) дүниеден өтуі туралы
  10. 10Пайғамбардың (с.а.с.) «Мұса (а.с.) қабірінде намаз оқып жатқанда, мен оның жанынан өттім» деген сөзі туралы
  11. 11Юсуф (а.с.) туралы
  12. 12Зәкәрия (а.с.) туралы
  13. 13Юнус (а.с.) туралы
  14. 14Иса (а.с.) туралы
  15. 15Шайтанның Мәриям мен оның ұлынан (екеуіне де Алланың сәлемі болсын) басқа әрбір жаңа туған нәрестеге жанасуы туралы
  16. 16Исаның (а.с.) «Аллаға иман келтірдім, ал өзімнің көргенімді қате санадым» деген сөзі туралы
بَابٌ: فِي ابْتِدَاءِ خَلْقِ آدَمَ عَلَيْهِ السَّلَامُ

1-бапАдамның (а.с.) жаратылуының басталуы туралы

1605
Мүслим, № 1605Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «أَخَذَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ بِيَدِي، فَقَالَ: “خَلَقَ اللَّهُ عَزَّ وَجَلَّ التُّرْبَةَ يَوْمَ السَّبْتِ، وَخَلَقَ فِيهَا الْجِبَالَ يَوْمَ الْأَحَدِ، وَخَلَقَ الشَّجَرَ يَوْمَ الِاثْنَيْنِ، وَخَلَقَ الْمَكْرُوهَ يَوْمَ الثُّلَاثَاءِ، وَخَلَقَ النُّورَ يَوْمَ الْأَرْبِعَاءِ، وَبَثَّ فِيهَا الدَّوَابَّ يَوْمَ الْخَمِيسِ، وَخَلَقَ آدَمَ الْعَصْرَ مِنْ يَوْمِ الْجُمُعَةِ، فِي آخِرِ الْخَلْقِ، فِي آخِرِ سَاعَةٍ مِنْ سَاعَاتِ الْجُمُعَةِ، فِيمَا بَيْنَ الْعَصْرِ إِلَى اللَّيْلِ”».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) былай деді: «Алла Елшісі (с.а.с.) менің қолымнан ұстап: “Аса Үстем әрі Ұлы Алла топырақты сенбі күні жаратты. Ондағы тауларды жексенбі күні, ағаштарды дүйсенбі күні, ұнамсыз нәрселерді сейсенбі күні, жарықты сәрсенбі күні жаратты. Бейсенбі күні жер бетіне жануарларды таратты. Ал Адамды жұма күні екінті уақытында, жаратылыстың ең соңында, жұма күнінің соңғы сағатында, екінті мен түн аралығында жаратты”, – деді» (2789/27).

بَابٌ: فِي فَضْلِ إِبْرَاهِيمَ الْخَلِيلِ عَلَيْهِ السَّلَامُ

2-бапАлланың жақын досы Ибраһимнің (а.с.) артықшылығы туралы

1606
Мүслим, № 1606Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَسِ بْنِ مَالِكٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: جَاءَ رَجُلٌ إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ فَقَالَ: «يَا خَيْرَ الْبَرِيَّةِ!» فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «ذَاكَ إِبْرَاهِيمُ عَلَيْهِ السَّلَامُ».

Қазақша аудармасы

Әнәс ибн Мәлик (р.а.) былай деді: «Бір кісі Алла Елшісіне (с.а.с.) келіп: “Уа, жаратылыстың ең қайырлысы!” – деді. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.): “Ол – Ибраһим (оған сәлем болсын)”, – деді» (2369/150).

بَابٌ: اِخْتِتَانُ إِبْرَاهِيمَ عَلَيْهِ السَّلَامُ

3-бапИбраһимнің (а.с.) сүндеттелуі туралы

1607
Мүслим, № 1607Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «اِخْتَتَنَ إِبْرَاهِيمُ النَّبِيُّ عَلَيْهِ السَّلَامُ، وَهُوَ ابْنُ ثَمَانِينَ سَنَةً، بِالْقَدُومِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.): «Ибраһим пайғамбар (оған сәлем болсын) сексен жасында шотпен сүндетке отырды», – дегенін жеткізді (2370/151).

بَابٌ: قَوْلُ إِبْرَاهِيمَ عَلَيْهِ السَّلَامُ: ﴿رَبِّ أَرِنِي كَيْفَ تُحْيِي الْمَوْتَى﴾ وَذِكْرُ لُوطٍ وَيُوسُفَ عَلَيْهِمَا السَّلَامُ

4-бапИбраһимнің (а.с.) «Уа, Раббым! Маған өлілерді қалай тірілтетініңді көрсетші» деген сөзі және Лұт пен Юсуф (екеуіне де Алланың сәлемі болсын) туралы

1608
Мүслим, № 1608Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «نَحْنُ أَحَقُّ بِالشَّكِّ مِنْ إِبْرَاهِيمَ، إِذْ قَالَ: ﴿رَبِّ أَرِنِي كَيْفَ تُحْيِي الْمَوْتَى قَالَ أَوَلَمْ تُؤْمِنْ قَالَ بَلَى وَلَكِنْ لِيَطْمَئِنَّ قَلْبِي﴾، وَيَرْحَمُ اللَّهُ لُوطًا، لَقَدْ كَانَ يَأْوِي إِلَى رُكْنٍ شَدِيدٍ، وَلَوْ لَبِثْتُ فِي السِّجْنِ طُولَ لَبْثِ يُوسُفَ لَأَجَبْتُ الدَّاعِيَ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.) былай дегенін жеткізді: «Күмәндануға Ибраһимнен гөрі біз лайығырақпыз. Ол: “Уа, Раббым! Маған өлілерді қалай тірілтетініңді көрсетші”, – деген еді. Алла оған: “Сен сенбейсің бе?” – деді. Сонда Ибраһим: “Әлбетте, сенемін. Бірақ жүрегім толық қанағаттансын деймін”, – деді («Бақара», 260). Алла Лұтқа рақым етсін! Ол расында берік сүйенішке арқа сүйеген еді. Егер мен Юсуф жатқан мерзімдей ұзақ уақыт түрмеде отырғанымда, шақырушыға жауап берер едім» (151/152).

بَابٌ: فِي قَوْلِ إِبْرَاهِيمَ عَلَيْهِ السَّلَامُ: ﴿إِنِّي سَقِيمٌ﴾ وَ﴿بَلْ فَعَلَهُ كَبِيرُهُمْ هَذَا﴾ وَفِي سَارَةَ: «هِيَ أُخْتِي»

5-бапИбраһимнің (а.с.) «Менің мазам қашып тұр», «Кім біледі, бәлкім, мына үлкендері солай істеген шығар» деген сөздері және Сара туралы «Ол – менің қарындасым» дегені туралы

1609
Мүслим, № 1609Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «لَمْ يَكْذِبْ إِبْرَاهِيمُ النَّبِيُّ عَلَيْهِ السَّلَامُ قَطُّ إِلَّا ثَلَاثَ كَذَبَاتٍ، ثِنْتَيْنِ فِي ذَاتِ اللَّهِ: قَوْلُهُ: ﴿إِنِّي سَقِيمٌ﴾، وَالثَّانِيَةُ قَوْلُهُ: ﴿بَلْ فَعَلَهُ كَبِيرُهُمْ هَذَا﴾، وَوَاحِدَةً فِي شَأْنِ سَارَةَ، فَإِنَّهُ قَدِمَ أَرْضَ جَبَّارٍ، وَمَعَهُ سَارَةُ، وَكَانَتْ مِنْ أَحْسَنِ النَّاسِ، فَقَالَ لَهَا: “إِنَّ هَذَا الْجَبَّارَ، إِنْ يَعْلَمْ أَنَّكِ امْرَأَتِي يَغْلِبْنِي عَلَيْكِ، فَإِنْ سَأَلَكِ فَأَخْبِرِيهِ أَنَّكِ أُخْتِي، فَإِنَّكِ أُخْتِي فِي الْإِسْلَامِ، فَإِنِّي لَا أَعْلَمُ فِي الْأَرْضِ مُسْلِمًا غَيْرِي وَغَيْرَكِ”، فَلَمَّا دَخَلَ أَرْضَهُ رَآهَا بَعْضُ أَهْلِ الْجَبَّارِ، أَتَاهُ فَقَالَ: “لَقَدْ قَدِمَ أَرْضَكَ امْرَأَةٌ لَا يَنْبَغِي لَهَا أَنْ تَكُونَ إِلَّا لَكَ”، فَأَرْسَلَ إِلَيْهَا فَأُتِيَ بِهَا، وَقَامَ إِبْرَاهِيمُ عَلَيْهِ السَّلَامُ إِلَى الصَّلَاةِ، فَلَمَّا دَخَلَتْ عَلَيْهِ لَمْ يَتَمَالَكْ أَنْ بَسَطَ يَدَهُ إِلَيْهَا، فَقُبِضَتْ يَدُهُ قَبْضَةً شَدِيدَةً، فَقَالَ لَهَا: “اُدْعِي اللَّهَ أَنْ يُطْلِقَ يَدِي وَلَا أَضُرُّكِ”، فَفَعَلَتْ، فَعَادَ، فَقُبِضَتْ أَشَدَّ مِنَ الْقَبْضَةِ الْأُولَى، فَقَالَ لَهَا مِثْلَ ذَلِكَ، فَفَعَلَتْ، فَعَادَ، فَقُبِضَتْ أَشَدَّ مِنَ الْقَبْضَتَيْنِ الْأُولَيَيْنِ، فَقَالَ: “اُدْعِي اللَّهَ أَنْ يُطْلِقَ يَدِي، فَلَكِ اللَّهُ أَنْ لَا أَضُرَّكِ”، فَفَعَلَتْ، وَأُطْلِقَتْ يَدُهُ، وَدَعَا الَّذِي جَاءَ بِهَا فَقَالَ لَهُ: “إِنَّكَ إِنَّمَا أَتَيْتَنِي بِشَيْطَانٍ، وَلَمْ تَأْتِنِي بِإِنْسَانٍ، فَأَخْرِجْهَا مِنْ أَرْضِي، وَأَعْطِهَا هَاجَرَ”». قَالَ: «فَأَقْبَلَتْ تَمْشِي، فَلَمَّا رَآهَا إِبْرَاهِيمُ عَلَيْهِ السَّلَامُ اِنْصَرَفَ، فَقَالَ لَهَا: “مَهْيَمْ؟” قَالَتْ: “خَيْرًا، كَفَّ اللَّهُ يَدَ الْفَاجِرِ، وَأَخْدَمَ خَادِمًا”».

قَالَ أَبُو هُرَيْرَةَ: «فَتِلْكَ أُمُّكُمْ، يَا بَنِي مَاءِ السَّمَاءِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.) былай дегенін жеткізді: «Ибраһим пайғамбар (оған сәлем болсын) үш рет қана өтірік айтқан. Оның екеуі Алла үшін еді: “Менің мазам қашып тұр” деген сөзі және “Кім біледі, бәлкім, мына үлкендері солай істеген шығар” деген сөзі. Ал біреуі Сараға қатысты еді. Ол Сарамен бірге бір озбыр билеушінің жеріне келді. Сара адамдардың ең сұлуларының бірі еді. Ибраһим оған: “Егер мына озбыр сенің менің әйелім екеніңді білсе, сені менен тартып алады. Егер ол сенен сұраса, менің қарындасым екеніңді айт. Өйткені сен Исламдағы қарындасымсың. Расында, жер бетінде өзім мен сенен басқа мұсылман барын білмеймін”, – деді. Олар әлгі билеушінің жеріне кіргенде, оның адамдарының бірі Сараны көріп, билеушіге келіп: “Сенің жеріңе сенен басқа ешкімге лайық емес бір әйел келді”, – деді. Сонда ол Сараны алдыртты. Сараны алып кеткенде, Ибраһим (оған сәлем болсын) намазға тұрды. Сара әлгі озбырдың алдына кірген кезде, ол өзін тежей алмай, оған қолын созды. Сол сәтте оның қолы қатты құрысып қалды. Ол Сараға: “Аллаға дұға ет, қолымды босатсын. Саған зиян тигізбеймін”, – деді. Сара дұға етіп еді, оның қолы жазылды. Бірақ ол қолын қайта созды да, бұл жолы қолы бұрынғыдан да қатты құрысты. Ол Сараға тағы да сол сөзді айтты. Сара дұға етіп еді, қолы қайтадан жазылды. Ол тағы да қолын созды. Бұл жолы қолы алдыңғы екі жолғыдан да қатты құрысып қалды. Сонда ол: “Аллаға дұға ет, қолымды босатсын. Алланың алдында саған уәде беремін: зиян тигізбеймін”, – деді. Сара дұға етіп еді, оның қолы жазылды. Сонда ол Сараны алып келген адамды шақырып: “Сен маған адам емес, шайтан әкеліпсің! Оны жерімнен шығарып жібер әрі оған Һажарды бер”, – деді. Сара жаяу қайтып келді. Ибраһим (оған сәлем болсын) оны көргенде, намаздан шығып: “Не болды?” – деп сұрады. Ол: “Жақсылық болды. Алла азғынның қолын тыйып, маған бір қызметші берді”, – деді».

Әбу Һурайра: «Уа, аспан суының ұрпақтары! Міне, сол – сендердің аналарың», – деді (2371/154).

بَابٌ: فِي ذِكْرِ مُوسَى عَلَيْهِ السَّلَامُ، وَقَوْلِهِ تَعَالَى: ﴿فَبَرَّأَهُ اللَّهُ مِمَّا قَالُوا وَكَانَ عِنْدَ اللَّهِ وَجِيهًا﴾

6-бапМұса (а.с.) және Алла Тағаланың «Алла қауымының ол жайлы айтқан қауесет сөздерінің қып-қызыл жала екенін айқындап, оны толық ақтады. Ол Алланың алдында өте абыройлы еді» деген аяты туралы

1610
Мүслим, № 1610Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: كَانَ مُوسَى عَلَيْهِ السَّلَامُ رَجُلًا حَيِيًّا، قَالَ: فَكَانَ لَا يُرَى مُتَجَرِّدًا، قَالَ: فَقَالَ بَنُو إِسْرَائِيلَ: «إِنَّهُ آدَرُ». قَالَ: فَاغْتَسَلَ عِنْدَ مُوَيْهٍ، فَوَضَعَ ثَوْبَهُ عَلَى حَجَرٍ، فَانْطَلَقَ الْحَجَرُ يَسْعَى، وَاتَّبَعَهُ بِعَصَاهُ يَضْرِبُهُ: «ثَوْبِي، حَجَرُ! ثَوْبِي، حَجَرُ!» حَتَّى وَقَفَ عَلَى مَلَأٍ مِنْ بَنِي إِسْرَائِيلَ، وَنَزَلَتْ: ﴿يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا لَا تَكُونُوا كَالَّذِينَ آذَوْا مُوسَى فَبَرَّأَهُ اللَّهُ مِمَّا قَالُوا وَكَانَ عِنْدَ اللَّهِ وَجِيهًا﴾.

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) былай деді: «Мұса (оған сәлем болсын) аса ұяң әрі арлы кісі еді. Оны ешкім жалаңаш күйінде көрмейтін. Сонда Исраил ұрпақтары: “Оның ұмасы ісінген”, – десті. Бірде Мұса шағын суатта шомылып, киімін бір тастың үстіне қойды. Тас оның киімін алып қаша жөнелді. Мұса асатаяғын алып, тасты ұра қуып: “Киімімді бер, ей, тас! Киімімді бер, ей, тас!” – деді. Ақырында ол Исраил ұрпақтарының бір тобының алдына келіп қалды. Сонда: “Уа, иман келтіргендер! Мұсаға орынсыз жала жауып, көңіліне қаяу түсірген бейбақтарға ұқсап жүрмеңдер. Біле білсеңдер, Алла қауымының ол жайлы айтқан қауесет сөздерінің қып-қызыл жала екенін айқындап, оны толық ақтады. Ол Алланың алдында өте абыройлы еді” («Ахзаб», 69) деген аят түсті» (339/156).

بَابٌ: فِي قِصَّةِ مُوسَى مَعَ الْخَضِرِ عَلَيْهِمَا السَّلَامُ

7-бапМұса мен Қызырдың (екеуіне де Алланың сәлемі болсын) оқиғасы туралы

1611
Мүслим, № 1611

عَنْ سَعِيدِ بْنِ جُبَيْرٍ قَالَ: قُلْتُ لِابْنِ عَبَّاسٍ: «إِنَّ نَوْفًا الْبِكَالِيَّ يَزْعُمُ أَنَّ مُوسَى صَاحِبَ بَنِي إِسْرَائِيلَ لَيْسَ مُوسَى صَاحِبَ الْخَضِرِ». فَقَالَ: «كَذَبَ عَدُوُّ اللَّهِ! سَمِعْتُ أُبَيَّ بْنَ كَعْبٍ يَقُولُ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: “قَامَ مُوسَى عَلَيْهِ السَّلَامُ خَطِيبًا فِي بَنِي إِسْرَائِيلَ، فَسُئِلَ: ‘أَيُّ النَّاسِ أَعْلَمُ؟’ فَقَالَ: ‘أَنَا أَعْلَمُ’”. قَالَ: “فَعَتَبَ اللَّهُ عَلَيْهِ إِذْ لَمْ يَرُدَّ الْعِلْمَ إِلَيْهِ، فَأَوْحَى اللَّهُ إِلَيْهِ: ‘إِنَّ عَبْدًا مِنْ عِبَادِي بِمَجْمَعِ الْبَحْرَيْنِ هُوَ أَعْلَمُ مِنْكَ’. قَالَ مُوسَى: ‘أَيْ رَبِّ، كَيْفَ لِي بِهِ؟’ فَقِيلَ لَهُ: ‘اِحْمِلْ حُوتًا فِي مِكْتَلٍ، فَحَيْثُ تَفْقِدُ الْحُوتَ فَهُوَ ثَمَّ’. فَانْطَلَقَ وَانْطَلَقَ مَعَهُ فَتَاهُ، وَهُوَ يُوشَعُ بْنُ نُونٍ، فَحَمَلَ مُوسَى عَلَيْهِ السَّلَامُ حُوتًا فِي مِكْتَلٍ، وَانْطَلَقَ هُوَ وَفَتَاهُ يَمْشِيَانِ حَتَّى أَتَيَا الصَّخْرَةَ، فَرَقَدَ مُوسَى عَلَيْهِ السَّلَامُ وَفَتَاهُ، فَاضْطَرَبَ الْحُوتُ فِي الْمِكْتَلِ حَتَّى خَرَجَ مِنَ الْمِكْتَلِ، فَسَقَطَ فِي الْبَحْرِ”. قَالَ: “وَأَمْسَكَ اللَّهُ عَنْهُ جِرْيَةَ الْمَاءِ حَتَّى كَانَ مِثْلَ الطَّاقِ، فَكَانَ لِلْحُوتِ سَرَبًا، وَكَانَ لِمُوسَى وَلِفَتَاهُ عَجَبًا. فَانْطَلَقَا بَقِيَّةَ يَوْمِهِمَا وَلَيْلَتِهِمَا، وَنَسِيَ صَاحِبُ مُوسَى أَنْ يُخْبِرَهُ، فَلَمَّا أَصْبَحَ مُوسَى عَلَيْهِ السَّلَامُ قَالَ لِفَتَاهُ: ﴿آتِنَا غَدَاءَنَا لَقَدْ لَقِينَا مِنْ سَفَرِنَا هَذَا نَصَبًا﴾ [الْكَهْفِ: ٦٢]”. قَالَ: “وَلَمْ يَنْصَبْ حَتَّى جَاوَزَ الْمَكَانَ الَّذِي أُمِرَ بِهِ. قَالَ: ﴿أَرَأَيْتَ إِذْ أَوَيْنَا إِلَى الصَّخْرَةِ فَإِنِّي نَسِيتُ الْحُوتَ وَمَا أَنْسَانِيهُ إِلَّا الشَّيْطَانُ أَنْ أَذْكُرَهُ وَاتَّخَذَ سَبِيلَهُ فِي الْبَحْرِ عَجَبًا﴾ [الْكَهْفِ: ٦٣]. قَالَ مُوسَى: ﴿ذَلِكَ مَا كُنَّا نَبْغِ فَارْتَدَّا عَلَى آثَارِهِمَا قَصَصًا﴾ [الْكَهْفِ: ٦٤]”. قَالَ: “يَقُصَّانِ آثَارَهُمَا، حَتَّى أَتَيَا الصَّخْرَةَ، فَرَأَى رَجُلًا نَائِمًا مُسَجًّى عَلَيْهِ بِثَوْبٍ، فَسَلَّمَ عَلَيْهِ مُوسَى، فَقَالَ لَهُ الْخَضِرُ: ‘أَنَّى بِأَرْضِكَ السَّلَامُ؟’ قَالَ: ‘أَنَا مُوسَى’. قَالَ: ‘مُوسَى بَنِي إِسْرَائِيلَ؟’ قَالَ: ‘نَعَمْ’. قَالَ: ‘إِنَّكَ عَلَى عِلْمٍ مِنْ عِلْمِ اللَّهِ عَلَّمَكَهُ اللَّهُ لَا أَعْلَمُهُ، وَأَنَا عَلَى عِلْمٍ مِنْ عِلْمِ اللَّهِ عَلَّمَنِيهِ لَا تَعْلَمُهُ’. قَالَ لَهُ مُوسَى عَلَيْهِ السَّلَامُ: ﴿هَلْ أَتَّبِعُكَ عَلَى أَنْ تُعَلِّمَنِ مِمَّا عُلِّمْتَ رُشْدًا قَالَ إِنَّكَ لَنْ تَسْتَطِيعَ مَعِيَ صَبْرًا وَكَيْفَ تَصْبِرُ عَلَى مَا لَمْ تُحِطْ بِهِ خُبْرًا قَالَ سَتَجِدُنِي إِنْ شَاءَ اللَّهُ صَابِرًا وَلَا أَعْصِي لَكَ أَمْرًا﴾ [الْكَهْفِ: ٦٦–٦٩]. قَالَ لَهُ الْخَضِرُ: ﴿فَإِنِ اتَّبَعْتَنِي فَلَا تَسْأَلْنِي عَنْ شَيْءٍ حَتَّى أُحْدِثَ لَكَ مِنْهُ ذِكْرًا﴾ [الْكَهْفِ: ٧٠]. قَالَ: ‘نَعَمْ’. فَانْطَلَقَ الْخَضِرُ وَمُوسَى يَمْشِيَانِ عَلَى سَاحِلِ الْبَحْرِ، فَمَرَّتْ بِهِمَا سَفِينَةٌ، فَكَلَّمَاهُمْ أَنْ يَحْمِلُوهُمَا، فَعَرَفُوا الْخَضِرَ فَحَمَلُوهُمَا بِغَيْرِ نَوْلٍ، فَعَمَدَ الْخَضِرُ إِلَى لَوْحٍ مِنْ أَلْوَاحِ السَّفِينَةِ فَنَزَعَهُ، فَقَالَ لَهُ مُوسَى: ‘قَوْمٌ حَمَلُونَا بِغَيْرِ نَوْلٍ، عَمَدْتَ إِلَى سَفِينَتِهِمْ فَخَرَقْتَهَا’ ﴿لِتُغْرِقَ أَهْلَهَا لَقَدْ جِئْتَ شَيْئًا إِمْرًا قَالَ أَلَمْ أَقُلْ إِنَّكَ لَنْ تَسْتَطِيعَ مَعِيَ صَبْرًا قَالَ لَا تُؤَاخِذْنِي بِمَا نَسِيتُ وَلَا تُرْهِقْنِي مِنْ أَمْرِي عُسْرًا﴾ [الْكَهْفِ: ٧١–٧٣]. ثُمَّ خَرَجَا مِنَ السَّفِينَةِ، فَبَيْنَمَا هُمَا يَمْشِيَانِ عَلَى السَّاحِلِ، إِذَا غُلَامٌ يَلْعَبُ مَعَ الْغِلْمَانِ، فَأَخَذَ الْخَضِرُ بِرَأْسِهِ، فَاقْتَلَعَهُ بِيَدِهِ فَقَتَلَهُ، فَقَالَ مُوسَى: ﴿أَقَتَلْتَ نَفْسًا زَكِيَّةً بِغَيْرِ نَفْسٍ لَقَدْ جِئْتَ شَيْئًا نُكْرًا قَالَ أَلَمْ أَقُلْ لَكَ إِنَّكَ لَنْ تَسْتَطِيعَ مَعِيَ صَبْرًا﴾ [الْكَهْفِ: ٧٤–٧٥]”. (قَالَ: وَهَذِهِ أَشَدُّ مِنَ الْأُولَى) “﴿قَالَ إِنْ سَأَلْتُكَ عَنْ شَيْءٍ بَعْدَهَا فَلَا تُصَاحِبْنِي قَدْ بَلَغْتَ مِنْ لَدُنِّي عُذْرًا فَانْطَلَقَا حَتَّى إِذَا أَتَيَا أَهْلَ قَرْيَةٍ اِسْتَطْعَمَا أَهْلَهَا فَأَبَوْا أَنْ يُضَيِّفُوهُمَا فَوَجَدَا فِيهَا جِدَارًا يُرِيدُ أَنْ يَنْقَضَّ فَأَقَامَهُ﴾ [الْكَهْفِ: ٧٦–٧٧]” (يَقُولُ: مَائِلٌ). “قَالَ الْخَضِرُ بِيَدِهِ هَكَذَا فَأَقَامَهُ. قَالَ لَهُ مُوسَى: ‘قَوْمٌ أَتَيْنَاهُمْ فَلَمْ يُضَيِّفُونَا وَلَمْ يُطْعِمُونَا’، وَ﴿لَوْ شِئْتَ لَاتَّخَذْتَ عَلَيْهِ أَجْرًا﴾ [الْكَهْفِ: ٧٧]. قَالَ: ﴿هَذَا فِرَاقُ بَيْنِي وَبَيْنِكَ سَأُنَبِّئُكَ بِتَأْوِيلِ مَا لَمْ تَسْتَطِعْ عَلَيْهِ صَبْرًا﴾ [الْكَهْفِ: ٧٨]”». قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «يَرْحَمُ اللَّهُ مُوسَى، لَوَدِدْتُ أَنَّهُ كَانَ صَبَرَ حَتَّى يُقَصَّ عَلَيْنَا مِنْ أَخْبَارِهِمَا». قَالَ: وَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «كَانَتِ الْأُولَى مِنْ مُوسَى نِسْيَانًا». قَالَ: وَجَاءَ عُصْفُورٌ حَتَّى وَقَعَ عَلَى حَرْفِ السَّفِينَةِ، ثُمَّ نَقَرَ فِي الْبَحْرِ، فَقَالَ لَهُ الْخَضِرُ: «مَا نَقَصَ عِلْمِي وَعِلْمُكَ مِنْ عِلْمِ اللَّهِ عَزَّ وَجَلَّ إِلَّا مِثْلَ مَا نَقَصَ هَذَا الْعُصْفُورُ مِنَ الْبَحْرِ». قَالَ سَعِيدُ بْنُ جُبَيْرٍ: وَكَانَ ابْنُ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا يَقْرَأُ: «وَكَانَ أَمَامَهُمْ مَلِكٌ يَأْخُذُ كُلَّ سَفِينَةٍ صَالِحَةٍ غَصْبًا». وَكَانَ يَقْرَأُ: «وَأَمَّا الْغُلَامُ فَكَانَ كَافِرًا».

Қазақша аудармасы

Сағид ибн Жубәйр былай деді: «Мен Ибн Аббасқа: “Нәуф әл-Бикали Қызырмен бірге болған Мұса Исраил ұрпақтарының Мұсасы емес деп жүр”, – дедім. Сонда ол: “Алланың дұшпаны өтірік айтты! Мен Үбәй ибн Кәғбтың: ‘Алла Елшісінің (с.а.с.) мына сөздерін естідім’, – дегенін естідім”, – деді». Алла Елшісі (с.а.с.) былай деді: «Мұса (оған сәлем болсын) Исраил ұрпақтарының арасында құтба айту үшін орнынан тұрды. Одан: “Адамдардың ең білімдісі кім?” – деп сұралды. Ол: “Мен ең білімдімін”, – деді. Білімді Аллаға телімегені үшін Алла оны жазғырды да: “Екі теңіздің тоғысқан жерінде Менің бір құлым бар. Ол сенен де білімдірек”, – деп уахи етті. Мұса: “Уа, Раббым! Оны қалай табамын?” – деді. Оған: “Бір балықты себетке салып ал. Балықты қай жерде жоғалтсаң, ол сол жерде болады”, – делінді. Ол жас серігі Юшағ ибн Нунмен бірге жолға шықты. Мұса (оған сәлем болсын) бір балықты себетке салып алып, серігі екеуі жаяу жүріп кетті. Ақыры бір жартасқа жетіп, Мұса (оған сәлем болсын) мен серігі ұйықтап қалды. Балық себеттің ішінде бұлқынып, одан шығып, теңізге түсіп кетті. Алла балық өткен тұста судың ағысын тоқтатты да, балықтың өткен жолы күмбез тәрізді қуыс болып қалды. Сөйтіп, балық теңіздің ішінде өзіне жол салды. Бұл Мұса мен оның серігі үшін таңғаларлық еді. Екеуі сол күннің қалған уақытында және түні бойы жүрді. Мұсаның серігі балық туралы оған айтуды ұмытып кетті. Таң атқанда Мұса (оған сәлем болсын) серігіне: “Қане, түскі асымызды әкелші, бұл сапарымызда кәдімгідей шаршап қалдық қой”, – деді («Кәһф», 62). Мұса өзіне белгіленген жерден өтіп кеткенге дейін шаршамаған еді. Серігі: “Қап, қара басқанын қарашы! Әлгі жартастың түбінде дамылдаған кезімізде ол балық есімнен мүлдем шығып кетіпті. Саған ол жайлы айтуды маған ұмыттырған шайтан ғой. Бір ғажабы, ол балық теңізде, өз жөнін тапты”, – деді («Кәһф», 63). Сонда Мұса: “Біздің көксегеніміз де сол еді ғой!” – деді де, бірден келген іздерімен кері қайтты («Кәһф», 64). Екеуі өз іздерін қуалай жүріп, жартасқа жетті. Сол жерде үстіне киім жамылып ұйықтап жатқан бір адамды көрді. Мұса оған сәлем берді. Қызыр одан: “Сенің еліңде мұндай сәлемдесу қайдан бар?” – деп сұрады. Мұса: “Мен Мұсамын”, – деді. Ол: “Исраил ұрпақтарының Мұсасысың ба?” – деп сұрады. Мұса: “Иә”, – деді. Қызыр: “Сен Алланың саған үйреткен, ал мен білмейтін бір білімін білесің. Мен де Алланың маған үйреткен, ал сен білмейтін бір білімін білемін”, – деді. Мұса (оған сәлем болсын) оған: “Өзіңе үйретілген жақсылыққа, тура жолға бастайтын ілім мен даналықтан маған да үйретуің үшін саған ерсем бола ма?” – деді. Ол: “Негізі, менімен бірге жүруге шыдамайсың. Өйткені өзің қыр-сырын толық білмейтін жайттарға қалай шыдамақсың?” – деді. Мұса: “Алла қаласа, төзімді екенімді көресің. Әрі саған бірде-бір мәселеде қарсы келмеймін”, – деді («Кәһф», 66–69). Қызыр оған: “Егер маған еремін десең, онда мән-жайды өзім айтып, түсіндіріп бермейінше, менен еш нәрсе сұраушы болма”, – деді («Кәһф», 70). Мұса: “Иә”, – деді. Қызыр мен Мұса теңіз жағалай жаяу жүріп кетті. Қастарынан бір кеме өтіп бара жатты. Екеуі кемедегілерден өздерін кемеге мінгізіп алуды сұрады. Олар Қызырды танып, екеуін ақысыз мінгізді. Қызыр кеменің бір тақтайын суырып алды. Мұса оған: “Бұл адамдар бізді ақысыз мінгізді. Ал сен олардың кемесін тесіп тастадың! Кемені ішіндегі жолаушылары суға кетсін деп тестің бе? Расында, өрескел іс істедің!” – деді («Кәһф», 71). Қызыр: “Менімен бірге жүруге дәтің шыдамайды, – деп айтпап па едім?” – деді («Кәһф», 72). Мұса: “Уәдемді ұмытқаным үшін айыпқа бұйырмағайсың һәм бұл істе маған қиындық тудыра көрме!” – деді («Кәһф», 73). Содан кейін екеуі кемеден түсіп, теңіз жағасымен жүріп келе жатты. Бір кезде басқа балалармен ойнап жүрген бір баланы көрді. Қызыр оның басынан ұстап, қолымен басын жұлып алып өлтірді. Мұса: “Мұның не? Бейкүнә жанды өлтіруге қалай дәтің барды?! Расында, сен адам баласы көрмеген сұмдық іс істедің”, – деді («Кәһф», 74). Қызыр: “‘Менімен бірге жүруге дәтің шыдамайды’ деп айтпап па едім?” – деді («Кәһф», 75). Бұл жолғысы алғашқыдан да ауыр еді. Мұса: “Егер бұдан кейін артық сауал қойсам, мені өзіңе жолдас етпей-ақ қой. Шынында да, мені кешіре-кешіре ығырың шығатын кезең болды”, – деді («Кәһф», 76). “Сөйтіп екеуі тағы да жолға шығып, жүре-жүре бір ауылға келіп жетті. Ауыл тұрғындарынан ас-ауқат сұрап еді, олар екеуін қонақ қылудан бас тартты. Содан екеуі әлгі ауылда құлағалы тұрған бір дуалды жөндеп қалпына келтірді” («Кәһф», 77). Яғни қабырға қисайып тұрған еді. Қызыр қолымен осылай ишара жасап, оны түзеп қойды. Мұса оған: “Біз келген бұл жұрт бізді қонақ етпеді әрі тамақтандырмады. Егер қаласаң, еңбегіңнің ақысын сұрауыңа болар еді”, – деді («Кәһф», 77). Қызыр: “Міне, екеуіміздің айырылысатын сәтіміз жетті. Ал енді саған, сабырың жетпеген мәселелердің мәнісі мен қыр-сырынан толық хабардар етейін”, – деді («Кәһф», 78)». Алла Елшісі (с.а.с.): «Алла Мұсаны рақымына бөлесін! Оның сабыр ете түскенін қалар едім. Сонда бізге екеуінің бұдан кейінгі оқиғалары да баяндалар еді», – деді. Алла Елшісі (с.а.с.) тағы да: «Мұсаның алғаш рет қарсы шығуы ұмытып кеткендігінен болды», – деді. Риуаятта: «Бір торғай ұшып келіп, кеменің жиегіне қонды да, теңізден бір шоқып алды. Сонда Қызыр Мұсаға: “Менің де, сенің де біліміміз Ұлы әрі Құдіретті Алланың білімінің жанында мына торғайдың теңізден тұмсығына ілген суындай ғана”, – деді», – делінген. Сағид ибн Жубәйр: «Ибн Аббас (р.а.): “Ал олардың алдарында әрбір жарамды кемені күшпен тартып алатын бір патша бар еді”, – деп оқитын. Сондай-ақ: “Ал бала кәпір еді”, – деп оқитын», – деді (2380/170).

بَابٌ: فِي قَوْلِ النَّبِيِّ ﷺ: «لَا تُفَضِّلُوا بَيْنَ أَنْبِيَاءِ اللَّهِ»

8-бапПайғамбардың (с.а.с.) «Алланың пайғамбарларының бірін екіншісінен артық санамаңдар» деген сөзі туралы

1612
Мүслим, № 1612Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: بَيْنَمَا يَهُودِيٌّ يَعْرِضُ سِلْعَةً لَهُ أُعْطِيَ بِهَا شَيْئًا كَرِهَهُ أَوْ لَمْ يَرْضَهُ (شَكَّ عَبْدُ الْعَزِيزِ). قَالَ: «لَا، وَالَّذِي اِصْطَفَى مُوسَى عَلَى الْبَشَرِ». قَالَ: فَسَمِعَهُ رَجُلٌ مِنَ الْأَنْصَارِ فَلَطَمَ وَجْهَهُ، قَالَ: «تَقُولُ: “وَالَّذِي اِصْطَفَى مُوسَى عَلَى الْبَشَرِ”، وَرَسُولُ اللَّهِ ﷺ بَيْنَ أَظْهُرِنَا؟» قَالَ: فَذَهَبَ الْيَهُودِيُّ إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، فَقَالَ: «يَا أَبَا الْقَاسِمِ، إِنَّ لِي ذِمَّةً وَعَهْدًا، فُلَانٌ لَطَمَ وَجْهِي». فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «لِمَ لَطَمْتَ وَجْهَهُ؟» قَالَ: «قَالَ، يَا رَسُولَ اللَّهِ: “وَالَّذِي اِصْطَفَى مُوسَى عَلَى الْبَشَرِ”، وَأَنْتَ بَيْنَ أَظْهُرِنَا». قَالَ: فَغَضِبَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ حَتَّى عُرِفَ الْغَضَبُ فِي وَجْهِهِ، ثُمَّ قَالَ: «لَا تُفَضِّلُوا بَيْنَ أَنْبِيَاءِ اللَّهِ، فَإِنَّهُ يُنْفَخُ فِي الصُّورِ فَيَصْعَقُ مَنْ فِي السَّمَاوَاتِ وَمَنْ فِي الْأَرْضِ إِلَّا مَنْ شَاءَ اللَّهُ». قَالَ: «ثُمَّ يُنْفَخُ فِيهِ أُخْرَى، فَأَكُونُ أَوَّلَ مَنْ بُعِثَ» (أَوْ: «فِي أَوَّلِ مَنْ بُعِثَ») «فَإِذَا مُوسَى آخِذٌ بِالْعَرْشِ، فَلَا أَدْرِي أَحُوسِبَ بِصَعْقَتِهِ يَوْمَ الطُّورِ، أَوْ بُعِثَ قَبْلِي، وَلَا أَقُولُ: إِنَّ أَحَدًا أَفْضَلُ مِنْ يُونُسَ بْنِ مَتَّى».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) былай деді: «Бір яһуди тауарын саудаға шығарғанда, оған бір баға ұсынылды. Бірақ бұл баға оған ұнамады немесе көңілінен шықпады (Абдулазиз осы екі сөздің қайсысы айтылғанына күмәнданды). Сонда яһуди: “Жоқ! Мұсаны бүкіл адамзаттан артық етіп таңдаған Алланың атымен ант етемін!” – деді. Мұны естіген ансарлық бір кісі яһудидің бетінен ұрып: “Алла Елшісі (с.а.с.) арамызда бола тұра, сен: ‘Мұсаны бүкіл адамзаттан артық етіп таңдаған Алланың атымен ант етемін!’ – дейсің бе?” – деді. Яһуди Алла Елшісіне (с.а.с.) барып: “Уа, Әбу әл-Қасым! Маған берілген қауіпсіздік кепілі мен келісім бар. Пәленше менің бетімнен ұрды”, – деді. Алла Елшісі (с.а.с.) әлгі кісіден: “Оның бетінен не үшін ұрдың?” – деп сұрады. Ол: “Уа, Расулалла! Сіз арамызда бола тұра, ол: ‘Мұсаны бүкіл адамзаттан артық етіп таңдаған Алланың атымен ант етемін!’ – деді”, – деп жауап берді. Сонда Алла Елшісінің (с.а.с.) қатты ашуланғаны жүзінен байқалды. Содан кейін ол (с.а.с.): “Алланың пайғамбарларының бірін екіншісінен артық санамаңдар. Расында, Сүр үрленгенде, Алла қалағандардан басқа, көктер мен жердегілердің бәрі есінен танып құлайды. Содан кейін Сүр екінші рет үрленеді. Сонда мен қайта тірілгендердің алғашқысы немесе алғашқыларының бірі боламын. Қарасам, Мұса Аршыдан ұстап тұр екен. Оның Тур тауында есінен танғаны осы жолғы талықсуының орнына есептелді ме, әлде менен бұрын қайта тірілді ме – білмеймін. Сондай-ақ ешкімді Юнус ибн Маттадан артық деп айтпаймын”, – деді» (2373/159).

بَابٌ: فِي وَفَاةِ مُوسَى عَلَيْهِ السَّلَامُ

9-бапМұсаның (а.с.) дүниеден өтуі туралы

1613
Мүслим, № 1613Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «جَاءَ مَلَكُ الْمَوْتِ إِلَى مُوسَى عَلَيْهِ السَّلَامُ، فَقَالَ لَهُ: “أَجِبْ رَبَّكَ”». قَالَ: «فَلَطَمَ مُوسَى عَلَيْهِ السَّلَامُ عَيْنَ مَلَكِ الْمَوْتِ فَفَقَأَهَا». قَالَ: «فَرَجَعَ الْمَلَكُ إِلَى اللَّهِ تَعَالَى فَقَالَ: “إِنَّكَ أَرْسَلْتَنِي إِلَى عَبْدٍ لَكَ لَا يُرِيدُ الْمَوْتَ، وَقَدْ فَقَأَ عَيْنِي”». قَالَ: «فَرَدَّ اللَّهُ إِلَيْهِ عَيْنَهُ وَقَالَ: “اِرْجِعْ إِلَى عَبْدِي فَقُلْ: ‘الْحَيَاةَ تُرِيدُ؟ فَإِنْ كُنْتَ تُرِيدُ الْحَيَاةَ فَضَعْ يَدَكَ عَلَى مَتْنِ ثَوْرٍ، فَمَا تَوَارَتْ يَدُكَ مِنْ شَعْرَةٍ فَإِنَّكَ تَعِيشُ بِهَا سَنَةً’”. قَالَ: “ثُمَّ مَهْ؟” قَالَ: “ثُمَّ تَمُوتُ”. قَالَ: “فَالْآنَ مِنْ قَرِيبٍ، رَبِّ أَمِتْنِي مِنَ الْأَرْضِ الْمُقَدَّسَةِ رَمْيَةً بِحَجَرٍ”». قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «وَاللَّهِ، لَوْ أَنِّي عِنْدَهُ لَأَرَيْتُكُمْ قَبْرَهُ إِلَى جَانِبِ الطَّرِيقِ عِنْدَ الْكَثِيبِ الْأَحْمَرِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайраның (р.а.) жеткізуінше, Алла Елшісі (с.а.с.) былай деген: «Өлім періштесі Мұсаға (а.с.) келіп: “Раббыңның шақыруына жауап бер”, – деді. Сонда Мұса (а.с.) өлім періштесін көзінен ұрып, көзін шығарып жіберді. Періште Алла Тағалаға қайтып барып: “Сен мені өлімді қаламайтын бір құлыңа жібердің. Ол менің көзімді шығарып жіберді”, – деді. Алла оның көзін қалпына келтіріп: “Құлыма қайтып бар да: ‘Өмір сүргің келе ме? Егер өмір сүргің келсе, қолыңды бір өгіздің арқасына қой. Қолың қанша қылды жапса, әрбір қыл үшін бір жыл өмір сүресің’, – де”, – деді. Мұса: “Одан кейін не болады?” – деп сұрады. Періште: “Одан кейін өлесің”, – деді. Мұса: “Ендеше, қазір-ақ болсын. Уа, Раббым! Мені қасиетті жерден тас лақтырымдай қашық жерде өлтіре гөр”, – деді. Алла Елшісі (с.а.с.): “Алланың атымен ант етемін, егер мен сол жерде болғанымда, сендерге оның жол жиегіндегі қызыл құм төбенің жанында жатқан қабірін көрсетер едім”, – деді» (2372/158).

بَابٌ: فِي قَوْلِ النَّبِيِّ ﷺ: «مَرَرْتُ عَلَى مُوسَى عَلَيْهِ السَّلَامُ يُصَلِّي فِي قَبْرِهِ»

10-бапПайғамбардың (с.а.с.) «Мұса (а.с.) қабірінде намаз оқып жатқанда, мен оның жанынан өттім» деген сөзі туралы

1614
Мүслим, № 1614Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَسِ بْنِ مَالِكٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «أَتَيْتُ» (وَفِي رِوَايَةِ هَدَّابٍ: «مَرَرْتُ») «عَلَى مُوسَى عَلَيْهِ السَّلَامُ لَيْلَةَ أُسْرِيَ بِي عِنْدَ الْكَثِيبِ الْأَحْمَرِ، وَهُوَ قَائِمٌ يُصَلِّي فِي قَبْرِهِ».

Қазақша аудармасы

Әнәс ибн Мәликтің (р.а.) жеткізуінше, Алла Елшісі (с.а.с.): «Исра түні қызыл құм төбенің жанында Мұсаға (а.с.) кезіктім. Ол қабірінде түрегеп намаз оқып тұр екен», – деді. Һаддабтың риуаятында: «Мұсаның жанынан өттім», – делінген (2375/164).

بَابٌ: فِي ذِكْرِ يُوسُفَ عَلَيْهِ السَّلَامُ

11-бапЮсуф (а.с.) туралы

1615
Мүслим, № 1615Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: قِيلَ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، مَنْ أَكْرَمُ النَّاسِ؟» قَالَ: «أَتْقَاهُمْ». قَالُوا: «لَيْسَ عَنْ هَذَا نَسْأَلُكَ». قَالَ: «فَيُوسُفُ نَبِيُّ اللَّهِ، ابْنُ نَبِيِّ اللَّهِ، ابْنِ نَبِيِّ اللَّهِ، ابْنِ خَلِيلِ اللَّهِ». قَالُوا: «لَيْسَ عَنْ هَذَا نَسْأَلُكَ». قَالَ: «فَعَنْ مَعَادِنِ الْعَرَبِ تَسْأَلُونِي؟ خِيَارُهُمْ فِي الْجَاهِلِيَّةِ خِيَارُهُمْ فِي الْإِسْلَامِ، إِذَا فَقُهُوا».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) былай деді: «Алла Елшісінен (с.а.с.): “Адамдардың ең ардақтысы кім?” – деп сұралды. Ол (с.а.с.): “Алладан ең қатты қорқатыны”, – деді. Олар: “Сізден мұны сұрап тұрған жоқпыз”, – деді. Сонда ол (с.а.с.): “Онда Юсуф. Ол – Алланың пайғамбары әрі Алланың пайғамбарының ұлы. Оның атасы да Алланың пайғамбары, ал арғы атасы – Алланың жақын досы”, – деді. Олар тағы да: “Сізден мұны сұрап тұрған жоқпыз”, – деді. Сонда ол (с.а.с.): “Менен арабтардың тектері туралы сұрап тұрсыңдар ма? Олардың жәһилиет дәуірінде жақсы болғандары, дінді терең ұғынса, Исламда да жақсы болады”, – деді» (2378/168).

بَابٌ: فِي ذِكْرِ زَكَرِيَّا عَلَيْهِ السَّلَامُ

12-бапЗәкәрия (а.с.) туралы

1616
Мүслим, № 1616Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «كَانَ زَكَرِيَّاءُ نَجَّارًا».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайраның (р.а.) жеткізуінше, Алла Елшісі (с.а.с.): «Зәкәрия ағаш ұстасы еді», – деген (2379/169).

بَابٌ: فِي ذِكْرِ يُونُسَ عَلَيْهِ السَّلَامُ

13-бапЮнус (а.с.) туралы

1617
Мүслим, № 1617Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ عَنِ النَّبِيِّ ﷺ أَنَّهُ قَالَ: قَالَ (يَعْنِي اللَّهَ عَزَّ وَجَلَّ): «لَا يَنْبَغِي لِعَبْدٍ لِي» (وَقَالَ ابْنُ الْمُثَنَّى: «لِعَبْدِي») «أَنْ يَقُولَ: “أَنَا خَيْرٌ مِنْ يُونُسَ بْنِ مَتَّى”».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайраның (р.а.) жеткізуінше, Пайғамбар (с.а.с.) аса Құдіретті әрі Ұлы Алланың: «Менің бір құлымның: “Мен Юнус ибн Маттадан артықпын”, – деуі дұрыс емес», – дегенін жеткізді. Ибн әл-Мусәннаның риуаятында: «Менің құлымның», – делінген (2376/166).

بَابٌ: ذِكْرُ عِيسَى عَلَيْهِ السَّلَامُ

14-бапИса (а.с.) туралы

1618
Мүслим, № 1618Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «أَنَا أَوْلَى النَّاسِ بِعِيسَى ابْنِ مَرْيَمَ فِي الْأُولَى وَالْآخِرَةِ». قَالُوا: «كَيْفَ، يَا رَسُولَ اللَّهِ؟» قَالَ: «الْأَنْبِيَاءُ إِخْوَةٌ مِنْ عَلَّاتٍ، وَأُمَّهَاتُهُمْ شَتَّى، وَدِينُهُمْ وَاحِدٌ، فَلَيْسَ بَيْنَنَا نَبِيٌّ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайраның (р.а.) жеткізуінше, Алла Елшісі (с.а.с.): «Дүниеде де, ақыретте де адамдардың ішінде Мәриям ұлы Исаға ең жақыны – менмін», – деді. Адамдар: «Қалайша, уа, Расулалла?» – деп сұрады. Ол (с.а.с.): «Пайғамбарлар – әкелері бір, аналары бөлек бауырлар. Аналары әртүрлі болғанымен, діндері бір. Екеуіміздің арамызда пайғамбар жоқ», – деді (2365/145).

بَابٌ: مَسُّ الشَّيْطَانِ كُلَّ مَوْلُودٍ إِلَّا مَرْيَمَ وَابْنَهَا عَلَيْهِمَا السَّلَامُ

15-бапШайтанның Мәриям мен оның ұлынан (екеуіне де Алланың сәлемі болсын) басқа әрбір жаңа туған нәрестеге жанасуы туралы

1619
Мүслим, № 1619Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «مَا مِنْ مَوْلُودٍ يُولَدُ إِلَّا نَخَسَهُ الشَّيْطَانُ، فَيَسْتَهِلُّ صَارِخًا مِنْ نَخْسَةِ الشَّيْطَانِ، إِلَّا ابْنَ مَرْيَمَ وَأُمَّهُ». ثُمَّ قَالَ أَبُو هُرَيْرَةَ: «اِقْرَؤُوا إِنْ شِئْتُمْ: ﴿وَإِنِّي أُعِيذُهَا بِكَ وَذُرِّيَّتَهَا مِنَ الشَّيْطَانِ الرَّجِيمِ﴾» [آلِ عِمْرَانَ: ٣٦].

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайраның (р.а.) жеткізуінше, Алла Елшісі (с.а.с.): «Дүниеге келген әрбір нәрестені шайтан түртіп қалады. Нәресте шайтанның түртуінен шыр етіп жылайды. Бұдан Мәриям ұлы Иса мен оның анасы ғана тыс», – деді. Содан кейін Әбу Һурайра: «Қаласаңдар, мына аятты оқыңдар», – деді: «әрі мен оны һәм ұрпағын рақымыңнан қуылған шайтаннан сақтай көр деп, бір Өзіңе сиынамын» («Әли Имран», 36) (2366/146).

بَابٌ: قَوْلُ عِيسَى عَلَيْهِ السَّلَامُ: «آمَنْتُ بِاللَّهِ وَكَذَّبْتُ نَفْسِي»

16-бапИсаның (а.с.) «Аллаға иман келтірдім, ал өзімнің көргенімді қате санадым» деген сөзі туралы

1620
Мүслим, № 1620Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «رَأَى عِيسَى ابْنُ مَرْيَمَ رَجُلًا يَسْرِقُ، فَقَالَ لَهُ عِيسَى: “سَرَقْتَ؟” قَالَ: “كَلَّا، وَالَّذِي لَا إِلَهَ إِلَّا هُوَ”. فَقَالَ عِيسَى: “آمَنْتُ بِاللَّهِ وَكَذَّبْتُ نَفْسِي”».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайраның (р.а.) жеткізуінше, Алла Елшісі (с.а.с.): «Мәриям ұлы Иса бір кісінің ұрлық жасап жатқанын көріп, одан: “Ұрлық жасадың ба?” – деп сұрады. Әлгі кісі: “Жоқ! Өзінен басқа құдай жоқ Алланың атымен ант етемін!” – деді. Сонда Иса: “Аллаға иман келтірдім, ал өзімнің көргенімді қате санадым”, – деді», – деген (2368/149).