Хадис

Тамақты өз алдынан ғана жеу және өзгенің алдындағы асқа қол созатын адамдарға насихат айтып, тамақтану әдебін үйрету

О том, что следует есть только пищу, находящуюся перед собой, и наставлять тех, кто протягивает руку к еде перед другими, обучая их правилам приёма пищи

Риядус-салихин, 104-тақырып · 2 хадис · № 741–742

Хадистер

741
Риядус-салихин, № 741Риуаят етуші: Омар ибн Әбу Сәләмә (р.а.)

عَنْ عمر بْنِ أَبِى سَلمَة، قَالَ: كُنْتُ غُلَامًا فِى حِجْرِ رَسُول اللَّهِ ﷺ، وَكَانَتْ يَدِى تَطِيشُ فِى الصَّحْفَةِ، فَقَالَ لِى رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «يَا غُلَامُ، سَمِّ اللَّهَ تَعَالَى، وَكُلْ بِيَمِينِكَ، وَكُلْ مِمَّا يَلِيكَ»

Қазақша аудармасы

Алла елшісінің ﷺ өгей ұлы Омар ибн Әбу Сәләма (р.а.): «Бала күнімде Алла елшісінің қамқорлығында болдым. Тамақтанғанда қолымды табақтың әр жеріне бір созатын жаман әдетім бар еді. Бірде Алла елшісі маған: «Балақай! Алдымен «Бисмилләһ» деп Алланың атын ата, содан кейін оң қолыңмен және өз алдыңдағы астан же», – деп ескертті», – деген (Бұхари: 5376, Муслим: 5269, Ахмад: 16334).

Орысша аудармасы

Пасынок Посланника Аллаха ﷺ Умар ибн Абу Салама (да будет доволен им Аллах) сказал: «В детстве я находился под опекой Посланника Аллаха ﷺ. У меня была дурная привычка во время еды протягивать руку к разным краям общего блюда. Однажды Посланник Аллаха ﷺ сделал мне замечание: “Мальчик! Сначала помяни имя Аллаха, сказав: ‘Бисмиллях’, затем ешь правой рукой и бери пищу с той стороны блюда, которая находится перед тобой”» (Аль-Бухари: 5376; Муслим: 5269; Ахмад: 16334).

742
Риядус-салихин, № 742

عَنْ سلمةَ بْنِ الْأَكْوَع أَنَّ رَجُلًا أَكَلَ عِنْدَ رَسُولِ اللَّه ﷺ بِشِمَالِهِ، فَقَالَ: «كُلْ بِيَمِينِكَ» قَالَ: لَا أسْتَطِيعُ. قَالَ: «لَا اسْتَطَعْتَ»! مَا مَنَعَهُ إِلَّا الْكِبْرُ! فَمَا رَفَعَهَا إِلَى فِيهِ

Қазақша аудармасы

Әбу Муслим (Әбу Ияс деп те аталған) Сәләма ибн Амр ибн Акуағ (р.а.) жеткізген хадисте, бір кісі Алла елшісінің ﷺ қасында сол қолымен ас ішіп отырады. Алла елшісі оған: «Оң қолыңмен же», – дегенде, ол: «Олай жей алмаймын», – деп қасарысып жауап береді. Сонда Алла елшісі оған: «Жей алмай қал», – деген екен. «Оның оң қолымен тамақ жеуіне тәкаппарлығы ғана кедергі болған еді. Содан кейін ол өмір бақи оң қолын аузына көтере алмай қалды», – деген (Муслим: 5268, Ахмад: 16499).

Орысша аудармасы

Абу Муслим (также известный как Абу Ияс) Салама ибн Амр ибн аль-Аква (да будет доволен им Аллах) передал, что один человек ел левой рукой в присутствии Посланника Аллаха ﷺ. Посланник Аллаха ﷺ сказал ему: «Ешь правой рукой». Тот упрямо ответил: «Я не могу так есть». Тогда Посланник Аллаха ﷺ сказал ему: «Так и не сможешь!» Есть правой рукой ему мешала лишь гордыня. После этого он до конца жизни не мог поднять правую руку ко рту. (Муслим: 5268; Ахмад: 16499).