Хадис

Су ішу әдебі

Об этикете питья

Риядус-салихин, 111-тақырып · 5 хадис · № 758–762

Хадистер

758
Риядус-салихин, № 758Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَس أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ كَانَ يَتَنَفَّسُ فِى الشَّرابِ ثَلَاثًا

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) жеткізген хадисте Алла елшісі ﷺ су ішкенде үш рет тыныстайтын еді деп1 айтылған (Бұхари: 5631, Муслим: 5682, Ахмад: 13207).

Орысша аудармасы

Анас (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ пил воду в три приёма1. (Аль-Бухари: 5631; Муслим: 5682; Ахмад: 13207).

  1. 1Ыдыстың ішіне емес, ыдысты аузынан алып тыныс алатын болған.
  1. 1Каждый раз он отнимал сосуд ото рта, чтобы перевести дыхание, а не дышал внутрь сосуда.
759
Риядус-салихин, № 759Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

عَنِ ابْنِ عَبَّاس، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «لَا تَشْرَبُوا وَاحِدًا كَشُرْبِ الْبَعِيرِ، وَلَكِنِ اشْرَبُوا مَثْنَى وَثُلَاثَ، وَسَمُّوا إِذَا أنْتُمْ شَرِبْتُمْ، وَاحْمَدُوا إِذَا أنْتُمْ رَفَعْتُمْ»

Қазақша аудармасы

Ибн Аббастан (р.а.) жеткен хадисте: «Алла елшісі ﷺ: «Суды түйе секілді бір деммен сімірмеңдер. Су ішкенде екі немесе үш рет тыныс алған абзал. Сондай-ақ «бисмилләһ» деп бастап, ішіп болған соң, «әлхамду лилләһ» деп, Аллаға шүкіршілік білдіріп, мадақ айтыңдар», – деп айтты» – делінген (Тирмизи: 1885). бар.

Орысша аудармасы

Ибн Аббас (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Не пейте воду одним духом, подобно верблюду. Пейте её в два или три приёма, переводя дыхание. Перед тем как начать пить, произнесите “Бисмиллях”, а закончив, скажите “Альхамдулиллях”, воздав Аллаху благодарность и хвалу» (Ат-Тирмизи: 1885).

760
Риядус-салихин, № 760Риуаят етуші: Әбу Қатада (р.а.)

عَنْ أَبِى قَتَادَة أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ نَهَى أَنْ يُتَنَفَّسَ فِى الْإِناءِ

Қазақша аудармасы

Әбу Қатададан (р.а.) жеткен хадисте Пайғамбарымыз ﷺ (су немесе сусын ішкенде) ыдыстың ішіне тыныстауға тыйым салған (Бұхари: 5630, Муслим: 321, Ахмад: 1907).

Орысша аудармасы

Передаётся со слов Абу Катады (да будет доволен им Аллах), что Пророк ﷺ запрещал дышать в сосуд во время питья воды или иного напитка. (Аль-Бухари: 5630; Муслим: 321; Ахмад: 1907).

761
Риядус-салихин, № 761Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَس أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ أُتِيَ بِلَبَنٍ قَدْ شِيبَ بماءٍ، وَعَنْ يَمِينهِ أعْرَابيٌّ، وَعَنْ يَسَارِهِ أَبُو بَكْر فَشَرِبَ، ثُمَّ أعْطَى الْأعْرابيَّ، وَقَالَ: «الأيْمَنَ فالأيْمَنَ»

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.): «Бірде Алла елшісіне ﷺ су қосылған сүт әкелінді. Сол кезде Алла елшісі өзінің оң жағында бір бәдәуи, сол жағында Әбу Бәкір отырған еді. Алла елшісі сүтті ішіп, алдымен оң жағындағы бәдәуиге ұсынды да: «Алдымен оң жақтан бастау керек», – деп айтты» – делінген (Бұхари: 5619, Муслим: 5285, Ахмад: 13512).

Орысша аудармасы

Анас (да будет доволен им Аллах) передал: «Однажды Посланнику Аллаха ﷺ принесли молоко, разбавленное водой. В это время справа от него сидел бедуин, а слева – Абу Бакр. Посланник Аллаха ﷺ выпил молоко, после чего передал сосуд бедуину, сидевшему справа, и сказал: “Начинать следует с правой стороны”» (Аль-Бухари: 5619; Муслим: 5285; Ахмад: 13512).

762
Риядус-салихин, № 762Риуаят етуші: Сәһл ибн Сағд (р.а.)

عَنْ سهلِ بْنِ سعدٍ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ أُتِيَ بِشرابٍ، فَشَرِبَ مِنْهُ وَعَنْ يَمِينِهِ غُلَامٌ، وَعَنْ يَسَارِهِ أشْيَاخٌ، فَقَالَ للغُلَامِ: «أتَأْذَنُ لِى أَنْ أُعْطِيَ هؤُلَاءِ؟» فَقَالَ الْغُلَامُ: لَا واللَّهِ، لَا أُوثِرُ بنَصيبـي مِنْكَ أَحَدًا. فَتَلَّهُ رَسُول اللَّهِ ﷺ فِى يَدِهِ

Қазақша аудармасы

Сәһл ибн Сағд (р.а.) жеткізген хадисте: «Бірде Алла елшісіне ﷺ сусын әкелініп, ол одан аздап ішті, сонда оң жағында бір жас бала, ал сол жағында жасы үлкен кісілер отырған еді. Алла елшісі әлгі баладан: «Сусынды мына кісілерге беруіме рұқсат етесің бе?» – деп сұрап еді, ол: «Жоқ, уа, Расулалла! Уаллаһи, сізден бұйырған несібемді ешкімге қимаймын», – деді. Содан Алла елшісі сусынды оның қолына ұстатты», – деп келген (Бұхари: 2451; Муслим: 5292; Ахмад: 22867).

Орысша аудармасы

Передаётся со слов Сахля ибн Саада (да будет доволен им Аллах): «Однажды Посланнику Аллаха ﷺ принесли напиток, и он немного отпил из него. Справа от него сидел юноша, а слева – пожилые люди. Посланник Аллаха ﷺ спросил юношу: “Позволишь ли ты мне передать напиток этим людям?” Тот ответил: “Нет, о Посланник Аллаха! Клянусь Аллахом, я никому не уступлю свою долю, доставшуюся мне от вас”. Тогда Посланник Аллаха ﷺ передал сосуд ему в руки» (Аль-Бухари: 2451; Муслим: 5292; Ахмад: 22867).