Хадис

Суды түрегеп тұрып ішуге болатындығы, алайда отырып ішудің абзалдығы жайында

О дозволенности пить воду стоя и о том, что предпочтительнее пить сидя

Риядус-салихин, 114-тақырып · 6 хадис · № 768–773

Хадистер

فِيهِ حَدِيث كبشة السابق

Жоғарыда келтірілген Үммі Сәбит Кәбшаның (р.а.) хадисі осы тарауға да жатады.

Приведённый выше хадис Умм Сабит Кабши (да будет доволен ею Аллах) также относится к этой главе.

768
Риядус-салихин, № 768Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

عَنِ ابْنِ عَبَّاس، قَالَ: سَقَيْتُ النَّبِيَّ ﷺ مِنْ زَمْزَمَ، فَشَربَ وَهُوَ قَائِمٌ

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.): «Бірде Пайғамбарымызға ﷺ зәмзәм суын құйып бердім, сонда ол оны түрегеп тұрып ішті», – деген (Бұхари: 1637, Муслим: 5280, Ахмад: 2608).

Орысша аудармасы

Ибн Аббас (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды я подал Пророку ﷺ воду из Замзама, и он выпил её стоя» (Аль-Бухари: 1637; Муслим: 5280; Ахмад: 2608).

769
Риядус-салихин, № 769

عَنْ النَّزَّالِ بْنِ سَبْرَةَ قَالَ: أَتَى عَلِيٌّ بَابَ الرَّحْبَةِ، فَشَربَ قائِمًا، وَقَالَ: إِنِّى رَأَيْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ فَعَلَ كَمَا رَأَيْتُمُونِى فَعَلْتُ

Қазақша аудармасы

Нәззәл ибн Сәбра (р.а.): «Бірде Али (р.а.) мешіт қақпасының жанына келді де, түрегеп тұрған күйінде су ішіп: «Мен Алла елшісінің ﷺ өздерің менен көргендей істегенін көрдім», – деп айтты», – деген (Бұхари: 5615).

Орысша аудармасы

Наззаль ибн Сабра (да будет доволен им Аллах) передал: «Однажды Али (да будет доволен им Аллах) подошёл к воротам мечети, выпил воды стоя и сказал: “Я видел, как Посланник Аллаха ﷺ поступал так же, как сейчас поступил я”» (Аль-Бухари: 5615).

770
Риядус-салихин, № 770Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

عَنِ ابْنِ عُمَرَ، قَالَ: كُنَّا عَلَى عهدِ رَسُول اللَّهِ ﷺ نَأكُلُ وَنَحْنُ نمشِى، وَنَشْرَبُ ونَحْنُ قِيامٌ

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.): «Алла елшісінің ﷺ кезінде (кей уақытта) жүріп бара жатып тамақтанып, түрегеліп тұрып сусын іше беруші едік», – деп айтты (Тирмизи: 1880).

Орысша аудармасы

Ибн Умар (да будет доволен ими обоими Аллах) сказал: «При жизни Посланника Аллаха ﷺ мы иногда ели на ходу и пили стоя» (Ат-Тирмизи: 1880).

771
Риядус-салихин, № 771Риуаят етуші: Амр ибн Шұғайыб әкесі арқылы атасынан

عَنْ عَمْرُو بْنِ شعيب، عَنْ أبيه، عَنْ جَدِّهِ قَالَ: رأيتُ رَسُول اللَّهِ ﷺ يَشْرَبُ قَائِمًا وقَاعِدًا

Қазақша аудармасы

Амр ибн Шұғайыб әкесі арқылы атасынан (р.а.) жеткізген хадисінде: «Мен Алла елшісінің ﷺ түрегеп тұрып та, отырып та су ішкенін көрдім», – деген (Тирмизи: 1883).

Орысша аудармасы

Амр ибн Шуайб передал со слов своего отца, что его дед (да будет доволен им Аллах) сказал: «Я видел, как Посланник Аллаха ﷺ пил воду и стоя, и сидя» (Ат-Тирмизи: 1883).

772
Риядус-салихин, № 772Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَس عَنِ النَّبِيِِّّ ﷺأَنَّهُ نَهى أن يَشْرَبَ الرَّجُلُ قَائِمًا. قَالَ قتادة: فَقُلْنَا لأَنَسٍ: فالأَكْلُ؟ قَالَ: ذَلِكَ أَشَرُّ – أَوْ أخْبَثُ – رواه مسلم. وَفِى رِوَايَة لَهُ: أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ زَجَرَ عَن الشُّرْب قائِمًا

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) жеткізген хадисте Пайғамбарымыз ﷺ түрегеп тұрып су ішуден тыйған. Қатада: «Сонда біз Әнәстен: «Ал тамақ жеу ше?» – деп сұрағанымызда, ол: «Ол одан да жаман», – деп айтқан», – деген (Муслим: 5275, Ахмад: 12185).

Әнәс жеткізген осы хадистің тағы бір нұсқасында: «Пайғамбарымыз ﷺ түрегеп тұрып су ішуге тыйым салды», – деп келген.

Орысша аудармасы

В хадисе, переданном Анасом (да будет доволен им Аллах), сообщается, что Пророк ﷺ запретил пить воду стоя. Катада сказал: «Когда мы спросили Анаса: “А есть стоя?” – он ответил: “Это ещё хуже”» (Муслим: 5275; Ахмад: 12185).

В другом варианте этого хадиса, переданного Анасом, говорится: «Пророк ﷺ запретил пить воду стоя».

773
Риядус-салихин, № 773Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «لَا يَشْرَبَنَّ أَحَدٌ مِنْكُمْ قَائِمًا، فَمَنْ نَسِيَ فَلْيَسْتَقِيء»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте: «Алла елшісі ﷺ: «Ешбірің түрегеліп тұрып сусын ішпеңдер. Кімде-кім ұмытып кетіп, түрегелген бойда сусын ішсе, онысын ақтарып тастасын», – деп айтты» – делінген (Муслим, әшрибә 116).

Орысша аудармасы

Передаётся со слов Абу Хурайры (да будет доволен им Аллах), что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Пусть никто из вас не пьёт стоя. Если же кто-либо забудет и выпьет стоя, пусть извергнет выпитое» (Муслим, «Книга напитков»: 116).

Түсіндірме (қазақша)

Соңғы екі хадис мағына тұрғысынан бір-біріне қарама-қайшы болып көрінсе де, Алла елшісінің ﷺ кей кездері суды түрегеп тұрып ішкені, кей кездері түрегеп тұрып ішуден тыйғандығы рас. Бірақ түрегеп тұрып су ішу көп жағдайда денсаулыққа зиянды болғандықтан, Алла елшісі негізінен отырып ішкенді жөн санаған. Екінші хадистегі «кімде-кім ұмытып кетіп, түреп тұрған күйде су ішсе, онысын ақтарып тастасын», – дегендегі «ішкенін ақтарып тастасын», – деген бұйрығы парыз немесе уәжіп мағынасын білдірмейді. Сондай-ақ кейбір ғалымдар бұл сөздің хадисті риуаят еткен Әбу Һурайраға тән «идраж» яғни, хадис мәтініне қосылған сөз деп түсіндірген. Бұл екі хадистен біздің түсінетініміз, су ішкенде мүмкін болса, отырып ішудің абзал әрі денсаулыққа әлдеқайда пайдалы екендігі. Тоқетері, су ішу әдебіне қатысты аталған хадистерден, суды отырып ішудің абзал екенін, алайда түрегеп тұрып та ішуге болатынын түсінеміз. Ал хадистердегі суды түрегеп тұрып ішуге қатысты тыйымды харам мағынасында емес, ары кетсе, жеңіл мүкруһ мағынасында деп түсінген жөн. Тамақ жеу әдебі де сол сияқты. (Муслим: 5279).

Түсіндірме (орысша)

хотя приведённые выше хадисы о питье стоя на первый взгляд кажутся противоречащими друг другу, достоверно известно, что Посланник Аллаха ﷺ иногда пил воду стоя, а иногда запрещал делать это. Однако поскольку питьё воды стоя во многих случаях вредит здоровью, Посланник Аллаха ﷺ главным образом предпочитал пить сидя.

Содержащееся в хадисе Абу Хурайры повеление: «Если кто-либо забудет и выпьет воду стоя, пусть извергнет выпитое» – не означает, что это является фарзом или ваджибом. Некоторые учёные также считали эти слова идраджем, то есть пояснением самого Абу Хурайры, включённым в текст хадиса.

Из приведённых хадисов следует, что при возможности воду предпочтительнее пить сидя и что это гораздо полезнее для здоровья. Иными словами, из приведённых хадисов об этикете питья воды мы понимаем, что пить сидя предпочтительнее, хотя пить стоя также разрешено. Запрет пить воду стоя следует понимать не как указание на запретность этого действия, а самое большее – как указание на его лёгкую нежелательность. То же относится и к этикету приёма пищи. (Муслим: 5279).