Хадис

Ер адамдарға жібек киім киюге, жібекке отыруға және жантаюға болмайтындығы, ал әйелдерге болатындығы жайлы

О запрете мужчинам носить одежду из шёлка, сидеть и возлежать на шёлке и о дозволенности этого женщинам

Риядус-салихин, 122-тақырып · 6 хадис · № 805–810

Хадистер

805
Риядус-салихин, № 805Риуаят етуші: Омар (р.а.)

عَنْ عمر بْنِ الْخَطَّابِ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «لَا تَلْبَسُوا الْحَرِيرَ؛ فَإِنَّ مَنْ لَبِسَهُ فِى الدُّنْيَا لَمْ يَلْبَسْهُ فِى الْآخِرَةِ»

Қазақша аудармасы

Омар ибн әл-Хаттаб (р.а.) былай деген: «Бірде Алла Елшісінің ﷺ: «Жібек (киім) кимеңдер, өйткені оны бұл дүниеде киген адам ақыретте кимейді», – деп айтқанын естідім» (Бұхари: 5834, Муслим: 5410, Ахмад: 123).

Орысша аудармасы

Умар ибн аль-Хаттаб (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды я услышал, как Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Не носите одежду из шёлка, ибо тот, кто носит её в этом мире, не будет носить её в мире вечном”» (Аль-Бухари: 5834; Муслим: 5410; Ахмад: 123).

806
Риядус-салихин, № 806Риуаят етуші: Омар (р.а.)

وَعَنْهُ، قَالَ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «إِنَّمَا يَلْبَسُ الْحَرِيرَ مَنْ لَا خَلَاقَ لَهُ»

وَفِى رِوَايَة للبخارِى: «مَنْ لَا خَلَاقَ لَهُ فِى الْآخِرَةِ»

Қазақша аудармасы

Омар ибн әл-Хаттаб (р.а.): «Алла елшісінің ﷺ: «Бұл дүниеде жібек киімді ақыретте одан мақұрым қалатындар ғана киеді» – деп айтқанын естідім», – деген (Бұхари: 5835, Муслим: 5409, Ахмад: 345).

Имам Бұхари келтірген хадисте: «…ақыретте нәсібі болмайтын адам ғана киеді», – деп келген.

Орысша аудармасы

Умар ибн аль-Хаттаб (да будет доволен им Аллах) сказал: «Я слышал, как Посланник Аллаха ﷺ сказал: “В этом мире шёлковые одежды носят лишь те, кто будет лишён их в Последней жизни”» (Аль-Бухари: 5835; Муслим: 5409; Ахмад: 345).

В хадисе, приведённом имамом аль-Бухари, говорится: «…лишь тот, кому не будет доли в Последней жизни».

807
Риядус-салихин, № 807Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَس قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَنْ لَبِسَ الْحَرِيرَ فِى الدُّنْيَا لَمْ يَلْبَسْهُ فِى الْآخِرَةِ»

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.): «Алла елшісі ﷺ: «Осы дүниеде жібектен киім киген ер адам о дүниеде оны кие алмайды», – деп айтты», – деген (Бұхари: 5832, Муслим: 5425, Ахмад: 11985).

Орысша аудармасы

Анас (да будет доволен им Аллах) сказал: «Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Мужчина, носивший шёлковую одежду в этом мире, не сможет носить её в Последней жизни”» (Аль-Бухари: 5832; Муслим: 5425; Ахмад: 11985).

808
Риядус-салихин, № 808Риуаят етуші: Әли (р.а.)

عَنْ علي قَالَ: رأيتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ أَخَذَ حَرِيرًا، فَجَعَلَهُ فِى يَمِينهِ، وَذَهَبًَا فَجَعَلَهُ فِى شِمَالِهِ، ثُمَّ قَالَ: «إِنَّ هذَيْنِ حَرَامٌ عَلَى ذُكُور أُمّتي»

Қазақша аудармасы

Али (р.а.): «Алла елшісі ﷺ оң қолымен жібек матаны, сол қолымен алтынды ұстап тұрып: «Расында, бұл екеуі үмбетімнің еркек кіндіктілеріне харам», – деп айтты», – деген (Әбу Дәуіт: 4057, Ахмад: 750).

Орысша аудармасы

Али (да будет доволен им Аллах) сказал: «Посланник Аллаха ﷺ, держа в правой руке шёлковую ткань, а в левой – золото, сказал: “Поистине, и то и другое запрещено мужчинам моей общины”» (Абу Дауд: 4057; Ахмад: 750).

809
Риядус-салихин, № 809Риуаят етуші: Әбу Мұса (р.а.)

عَنْ أَبِى مُوسَى الْأشْعَرِى أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «حُرِّمَ لِبَاسُ الْحَرِير وَالذَّهَبِ عَلَى ذُكُورِ أُمَّتِى، وَأُحِلَّ لإِنَاثِهِمْ»

Қазақша аудармасы

Әбу Мұса әл-Әшғари (р.а.) жеткізген хадисте: «Алла елшісі ﷺ: «Жібектен киім кию және алтын тағу үмбетімнің еркектеріне харам, әйелдеріне халал қылынды», – деп айтты», – делінген (Тирмизи: 1720, Ахмад: 19515).

Орысша аудармасы

Передаётся со слов Абу Мусы аль-Ашари (да будет доволен им Аллах), что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Шёлковая одежда и золотые украшения запрещены мужчинам моей общины и дозволены её женщинам» (Ат-Тирмизи: 1720; Ахмад: 19515).

810
Риядус-салихин, № 810Риуаят етуші: Хузайфа (р.а.)

عَنْ حُذَيْفَةَ قَالَ: نَهَانَا النَّبِيُّ ﷺ أَنْ نَشْرَبَ فِى آنِيَةِ الذَّهَبِ وَالْفِضَّةِ، وأَنْ نَأْكُلَ فِيهَا، وعَنْ لُبْس الْحَرِيرِ وَالِدِّيبَاج، وأَنْ نَجْلِسَ عَلَيْهِ

Қазақша аудармасы

Хузәйфа (р.а.): «Пайғамбарымыз ﷺ бізге алтынмен аптаған немесе күміспен күптеген ыдыспен ас ішуге, жібек немесе дүриядан тігілген киімдерді киюге, сондай-ақ аталмыш екі матадан тігілген төсенішке отыруға тыйым салды», – деген (Бұхари, 5837, Ахмад: 23269).

Орысша аудармасы

Хузайфа (да будет доволен им Аллах) сказал: «Пророк ﷺ запретил нам есть и пить из золотой или серебряной посуды, носить одежду из шёлка или парчи, а также сидеть на подстилках, изготовленных из этих двух тканей» (Аль-Бухари: 5837; Ахмад: 23269).