Хадис

Ер адамның өз әйеліне және өзіне жақын туысқан әйелдерге, сондай-ақ туыстығы жоқ бөтен әйелдерге қалай сәлем беруі керектігі жайлы

О том, как мужчине следует приветствовать свою жену, близких родственниц, а также посторонних женщин, не состоящих с ним в родстве

Риядус-салихин, 137-тақырып · 3 хадис · № 864–866

Хадистер

864
Риядус-салихин, № 864Риуаят етуші: Сәһл ибн Сағд (р.а.)

عَنْ سهل بْنِ سعدٍ قَالَ: كَانَتْ فِينَا امْرَأَةٌ – وَفِى رِوَايَة: كَانَتْ لَنَا عَجُوزٌ – تَأْخُذُ مِنْ أصُولِ السِّلْقِ فَتَطْرَحُهُ فِى الْقِدْرِ، وَتُكَرْكِرُ حَبَّاتٍ مِنْ شَعِيرٍ، فَإِذَا صَلَّيْنَا الْجُمُعَةَ، وَانْصَرَفْنَا، نُسَلِّمُ عَلَيْهَا، فَتُقَدِّمُهُ إِلَيْنَا

Қазақша аудармасы

Сәһл ибн Сағд (р.а.): «Біздің арамызда бір әйел болған еді (басқа бір риуаятта «кейуана» деп келген). Ол қызылшаны қазанға салып қайнатып, оның ішіне арпаның талқанын қосып көже пісіретін еді. Біз жұма намазын оқып болған соң, сол кісіге барып сәлем беретін едік, сонда ол бізге сорпа беретін», – деген (Бұхари, 6248).

Орысша аудармасы

Сахль ибн Саад (да будет доволен им Аллах) сказал: «Среди нас была одна женщина (в другом предании говорится: “старушка”). Она клала свёклу в котёл, варила её, затем добавляла ячменное толокно и готовила похлёбку. После пятничной молитвы мы заходили к ней, приветствовали её, а она угощала нас этой похлёбкой» (Аль-Бухари: 6248).

865
Риядус-салихин, № 865

عَنْ أُم هَانِىءٍ فاخِتَةَ بنتِ أَبِى طالب، قَالَتْ: أتيت النَّبِيَّ ﷺ يَوْمَ الْفَتْحِ وَهُوَ يَغْتَسِلُ، وَفَاطِمَةُ تَسْتُرُهُ بِثَوْبٍ، فَسَلَّمْتُ... وَذَكَرَتِ الْحَدِيث

Қазақша аудармасы

Үммі Һәни Фахита бинт Әбу Талиб (р.а.): «Мекке алынған күні Пайғамбарға ﷺ барсам, ғұсыл құйынып жатыр екен, ал Фатима оны кең көйлекпен жауып, қалқалап тұр екен. Содан мен амандастым да...», – деп хадистің жалғасын жеткізген (Муслим, 240).

Орысша аудармасы

Умм Хани Фахита бинт Абу Талиб (да будет доволен ею Аллах) рассказала: «В день завоевания Мекки я пришла к Пророку ﷺ и застала его совершающим полное омовение, а Фатима в это время заслоняла его просторной одеждой. Тогда я поприветствовала его…» Далее она передала продолжение хадиса (Муслим: 240).

866
Риядус-салихин, № 866Риуаят етуші: Әсма бинт Язид (р.а.)

عَنْ أسماءَ بنتِ يزيدَ، قَالَتْ: مَرّ عَلَيْنَا النّبيُّ ﷺ فِى نِسوَةٍ فَسَلَّمَ عَلَيْنَا.

ولفظ الترمذي: أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ مَرَّ فِى الْمَسْجِدِ يَوْمًا، وَعُصْبَةٌ مِنَ النِّسَاءِ قُعُودٌ، فَأَلْوَى بِيَدِهِ بالتَّسْلِيمِ

Қазақша аудармасы

Әсма бинт Язид (р.а.): «Бір күні Пайғамбарымыз ﷺ бір топ әйел боп отырғанымызда, қасымыздан өтіп бара жатып бізбен амандасты», – деген (Әбу Дәуіт, 5204; Тирмизи, 2698).

Имам Әбу Дәуіт пен имам Тирмизидің басқа бір сөзінде: «Бір күні Алла елшісі ﷺ мешітте отырған бір топ әйелдің жанынан өтіп бара жатып, олармен қолымен ишара жасап амандасты», – деп келген.

Орысша аудармасы

Асма бинт Язид (да будет доволен ею Аллах) сказала: «Однажды, когда мы сидели вместе с группой женщин, Пророк ﷺ прошёл мимо и поприветствовал нас» (Абу Дауд: 5204; Ат-Тирмизи: 2698).

В другой версии, переданной имамами Абу Даудом и Ат-Тирмизи, говорится: «Однажды Посланник Аллаха ﷺ проходил мимо группы женщин, сидевших в мечети, и поприветствовал их жестом руки».