Хадис

Науқас адамның «ауырып тұрмын», «жаныма батты», «қатты ауырып жатырмын», «басым-ай» деген сияқты сөздерді шыдамсыздықпен, не болмса наразылықпен айтпаса, айыпты болмайтындығы жайлы

О том, что больному не возбраняется говорить: «Я болен», «Мне больно», «Я очень сильно болею», «Ох, голова!» и тому подобные слова, если они произносятся не из нетерпения и не в знак недовольства

Риядус-салихин, 149-тақырып · 3 хадис · № 915–917

Хадистер

915
Риядус-салихин, № 915Риуаят етуші: Ибн Мәсғуд (р.а.)

عَنِ ابْنِ مَسْعُودٍ قَالَ: دَخَلْتُ علَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ وهو يُوعَكُ وَعْكًا شَدِيدًا، فَمَسِسْتُهُ بيَدِى، فَقُلتُ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، إِنَّكَ لَتُوعَكُ وَعْكًا شَدِيدًا! فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: أجَلْ، إِنِّى أُوعَكُ كَمَا يُوعَكُ رَجُلانِ مِنكُم.

Қазақша аудармасы

Ибн Масғуд (р.а.): «Бірде Алла елшісінің ﷺ құзырына кірсем, қызуы көтеріліп сырқаттанып жатыр екен. Сонда: «Уа, Расулалла! Қызуыңыз тым қатты ғой», – дегенімде, маған: «Иә. Менің қызуым сендерден екі бірдей ер кісінің қызуына тең», – деп айтты. (Бұхари: 5648; Муслим: 6559; Ахмад: 4205).

Орысша аудармасы

Ибн Масуд (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды я вошёл к Посланнику Аллаха ﷺ и увидел, что он лежит больной с сильным жаром. Я коснулся его рукой и сказал: “О Посланник Аллаха! Какой же у тебя сильный жар!” Он ответил мне: “Да. У меня такой жар, как у двоих мужчин из вашего числа вместе”» (Аль-Бухари: 5648; Муслим: 6559; Ахмад: 4205).

916
Риядус-салихин, № 916

عَنْ سعدِ بْنِ أَبِى وقاصٍ قَالَ: جَاءنِى رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يَعُودُنِى مِنْ وَجَعٍ اشْتَدَّ بِى، فَقُلْتُ: بَلَغَ بِى مَا تَرَى، وَأَنَا ذُو مَالٍ، وَلَا يَرِثُنِى إِلَّا ابْنَتِى.. وذَكر الْحَدِيث

Қазақша аудармасы

Сағд ибн Әбу Уаққас (р.а.): «Алла елшісі ﷺ ауруым асқынғанда көңілімді сұрап келді. Сонда мен: «Уа, Расулалла! Өзіңіз көріп тұрғаныңыздай, ауруым дендеп барады. Мен дәулетті адаммын, бірақ жалғыз қызымнан басқа мұрагерім жоқ», – деп, хадисті толық баяндаған (Бұхари, 5668; Муслим, 1628).

Орысша аудармасы

Саад ибн Абу Ваккас (да будет доволен им Аллах) сказал: «Когда моя болезнь усилилась, Посланник Аллаха ﷺ пришёл навестить меня. Я сказал ему: “О Посланник Аллаха! Как вы сами видите, болезнь моя всё усиливается. Я человек состоятельный, но у меня нет иных наследников, кроме единственной дочери”». После этого Саад передал хадис полностью (Аль-Бухари: 5668; Муслим: 1628).

917
Риядус-салихин, № 917

عَنْ الْقاسم بْنِ محمد، قَالَ: قَالَتْ عَائِشَةُ: وَارَأسَاهُ! فَقَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «بَلْ أنَا، وَارَأسَاهُ!»... وذكر الْحَدِيث

Қазақша аудармасы

Қасым ибн Мұхаммед: «Бірде Айша анамыз (р.а.): «Оу, басым-ай!» – дегенде, Пайғамбарымыз да ﷺ: «Менің де басымның ауырғаны-ай...», – деп айтты», – деп, хадисті толық баяндаған (Бұхари, 5666).

Орысша аудармасы

Касим ибн Мухаммад сказал: «Однажды Аиша (да будет доволен ею Аллах) воскликнула: “Ох, голова моя!” Тогда Пророк ﷺ также сказал: “Ох, и у меня голова болит…”» После этого Касим передал хадис полностью (Аль-Бухари: 5666).