عَنْ أُم سلمة، قَالَتْ: دَخَلَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ عَلَى أَبِى سَلَمة وَقَدْ شَقَّ بَصَرُهُ، فَأغْمَضَهُ، ثُمَّ قَالَ: «إِنَّ الرُّوحَ إِذَا قُبِضَ، تَبِعَهُ الْبَصَرُ» فَضَجَّ نَاسٌ مِنْ أَهْلِهِ، فَقَالَ: «لَا تَدْعُوا عَلَى أَنْفُسِكُمْ إِلَّا بِخَيْرٍ، فَإِنَّ الْمَلَائِكَةَ يَؤمِّنُونَ عَلَى مَا تَقُولُونَ» ثُمَّ قَالَ: «اللَّهُمَّ اغْفِرْ لأَبِى سَلَمَة، وَارْفَعْ دَرَجَتْهُ فِى الْمَهْدِيِّينَ، وَاخْلُفْهُ فِى عَقِبهِ فِى الْغَابِرِينَ، وَاغْفِرْ لَنَا وَلَهُ يَا رَبَّ الْعَالَمِينَ، وَافْسَحْ لَهُ فِى قَبْرِهِ، وَنَوِّرْ لَهُ فِيهِ»
Үммі Сәләма (р.а.): «Алла елшісі ﷺ жолдасым Әбу Сәләманың мәйітіне жақындап, ашық қалған көздерін өз қолымен жапты да: «Жан тәннен шыққанда, мәйіттің жанары шығып бара жатқан жанға қарап қалады», – деп айтты. Сол кезде марқұмның жақындарының кейбіреуі егіліп жылай бастады. Сонда Расулалла: «Өздерің үшін тек қана жақсы дұға-тілек айтыңдар (бастарыңа келген қайғыға бола беттеріңді жұлып, өз-өздеріңе лағынет айтпаңдар). Өйткені періштелер ауыздарыңнан шыққан әрбір сөзге «әмин» деп тұрады», – деп ескертті. Содан кейін марқұм үшін: «Уа, Алла! Әбу Сәләманың күнәларын кешіре көр! Һидаят жолындағы пенделеріңнің арасында мерейін өсіріп, артында қалған жақындарына бір Өзің қамқоршы болғайсың! Уа, күллі әлемдердің Раббысы! Біздің де, оның да күнәларын кешіре көр! Қабірін кең етіп, нұрға бөлей көр!» – деп дұға жасады», – деген (Муслим, 2130; Ахмад, 26543).
Умм Салама (да будет доволен ею Аллах) сказала: «Посланник Аллаха ﷺ подошёл к телу моего мужа Абу Саламы и собственной рукой закрыл его оставшиеся открытыми глаза, а затем сказал: “Когда душа покидает тело, взор покойного устремляется вслед за ней”. Тогда некоторые из близких покойного горько заплакали. Посланник Аллаха ﷺ предостерёг их: “Просите для себя только благого (не расцарапывайте себе лица из-за постигшего вас горя и не проклинайте самих себя), ведь ангелы говорят ‘амин’ на каждое слово, слетающее с ваших уст”. После этого он вознёс за покойного следующую мольбу: “О Аллах! Прости грехи Абу Саламы! Возвысь его степень среди Твоих рабов, следующих прямым путём, и Сам позаботься о его близких, оставшихся после него! О Господь миров! Прости наши и его грехи! Сделай его могилу просторной и озари её светом!”» (Муслим: 2130; Ахмад: 26543).