Хадис

Сапардан оралғанда және елді мекенін көргенде айтылатын сөз

О словах, произносимых при возвращении из путешествия и при виде своего селения

Риядус-салихин, 177-тақырып · 1 хадис · № 988

Хадистер

فِيهِ حَدِيثُ ابنِ عمرَ السَّابِقُ فِى باب تكبيرِ الْمسافِر إِذَا صَعِدَ الثَّنَايَا

Бұл тарауға Ибн Омардан (р.а.) жеткен жолаушының өрге шығып, төбеге көтерілгенде тәкбір айтуға қатысты хадисін келтіруге болады.

К этой главе можно отнести переданный от Ибн Умара (да будет доволен ими обоими Аллах) хадис о том, что путнику следует произносить такбир, поднимаясь в гору или на возвышенность.

988
Риядус-салихин, № 988Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَس قَالَ: أقْبَلْنَا مَعَ النَّبِيِّ ﷺ حَتَّى إِذَا كُنَّا بِظَهْرِ الْمَدِينَةِ، قَالَ: «آيِبُونَ، تَائِبُونَ، عَابِدُونَ، لِرَبِّنَا حَامِدُونَ» فَلَمْ يَزَلْ يَقُولُ ذَلِكَ حَتَّى قَدِمْنَا الْمَدِينَةَ

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.): «Бірде Пайғамбарымызбен ﷺ бірге қайтып келе жатып, Мәдина көрінетін жерге жеткенімізде, ол: «Біз сапардан қайтып келеміз, Раббымызға тәубе етіп, құлшылық қылып, мадақ айтып келеміз!» – деп, сол мадақ сөзін Мәдинаға жеткенімізше айтып келді», – деген (Муслим, 1345).

Орысша аудармасы

Анас (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды, когда мы возвращались вместе с Пророком ﷺ и достигли места, откуда уже была видна Медина, он сказал: “Мы возвращаемся из путешествия, принося покаяние нашему Господу, поклоняясь Ему и воздавая Ему хвалу!” Он продолжал повторять эти слова, пока мы не прибыли в Медину» (Муслим: 1345).