Хадис

Тәубе

Покаяние

Риядус-салихин, 2-тақырып · 12 хадис · № 13–24

Хадистер

قَالَ الْعلماءُ: التَّوْبَةُ وَاجبَةٌ مِنْ كُلِّ ذَنْب، فإِنْ كَانتِ الْمَعْصِيَةُ بَيْنَ الْعَبْدِ وبَيْنَ اللَّهِ تَعَالَى لَا تَتَعلَّقُ بحقّ آدَمِيٍّ فَلَهَا ثَلَاثَةُ شُرُوط: أَحَدُها: أَنْ يُقلِعَ عَنِ الْمَعصِيَةِ. والثَّانِى: أَنْ يَنْدَمَ عَلَى فِعْلِهَا. والثَّالثُ: أَنْ يَعْزِمَ أَنْ لَا يعُودَ إِلَيْهَا أَبَدًا. فَإِنْ فُقِدَ أَحَدُ الثَّلاثَةِ لَمْ تَصِحَّ تَوبَتُهُ.

وإِنْ كَانَتِ الْمَعْصِيةُ تَتَعَلقُ بآدَمِيٍّ فَشُرُوطُهَا أَرْبَعَةٌ: هَذِهِ الثَّلاثَةُ، وأَنْ يَبْرَأ مِنْ حَقّ صَاحِبِها، فَإِنْ كَانَتْ مالًا أَوْ نَحْوَهُ رَدَّهُ إِلَيْه، وإِنْ كَانَت حَدَّ قَذْفٍ ونَحْوَهُ مَكَّنَهُ مِنْهُ أَوْ طَلَبَ عَفْوَهُ، وإِنْ كَانْت غِيبَةً استَحَلَّهُ مِنْهَا. ويجِبُ أَنْ يَتُوبَ مِنْ جميعِ الذُّنُوبِ، فَإِنْ تَابَ مِنْ بَعْضِها صَحَّتْ تَوْبَتُهُ عِنْدَ أَهْلِ الْحَقِّ مِنْ ذَلِكَ الذَّنْبِ وبَقِيَ عَلَيْهِ الْبَاقي. وَقَدْ تَظَاهَرَتْ دَلائِلُ الْكتَابِ والسُّنَّةِ، وإِجْمَاعِ الْأُمَّةِ عَلَى وُجوبِ التَّوبةِ

Ислам ғұламалары жасалған әрбір күнә үшін өкініп, тәубеге келудің міндетті екенін айтқан. Егер жасалған күнә Алланың ақысына ғана қатысты болып, кісі ақысына қатысты болмаған жағдайда, тәубенің қабыл болуының үш шарты бар: күнәдан толық тыйылу; жасалған күнә үшін өкіну; ондай күнәні бұдан былай істемеймін деп байлам жасау. Аталмыш шарттардың біреуі орындалмаса, тәубе дұрыс болмайды.

Ал егер жасалған күнә кісі ақысына қатысты болса, онда тәубенің шарты төртеу. Олар жоғарыда аталған үш шартты орындаумен қатар, ақысы кеткен адамның алдында айыбын жуу. Егер күнә (ұрланған, тартып немесе алдап-арбау арқылы алынған) мал-мүлікке қатысты болса, онда заңсыз алынған дүниені иесіне қайтарады. Егер күнә жала жабу сынды істерге қатысты болса, айыпты адам ақысы кеткен кісіге өзінен кек алуына мүмкіндік береді немесе оның алдында ағынан жарылып, кешірім сұрайды. Ал егер күнә біреудің артынан ғайбат айту түрінде орын алса, онда ғайбат айтқан адам ғайбатталған кісіден менде кеткен ақыңды кеше гөр деп кешірім сұрайды.

Әрбір саналы адам жасаған барлық күнәлары үшін тәубеге келуі керек. Егер қайсыбір пенде күнәләрінің біреуі немесе бір бөлігі үшін ғана тәубе етсе, хақ жолдағылардың4 көзқарасы бойынша, сол тәубесі қабыл болады, ал қалған күнәлары мойнында қалады. Тәубеге келудің міндетті екеніне қатысты Құран мен Сүннетте және күллі мұсылман үмбетінің бірауыздан келіскен ортақ шешімінде бір-бірін қуаттайтын айқын дәлелдер бар.

وَتُوبُوا إِلَى اللَّهِ جَمِيعًا أَيُّهَ الْمُؤْمِنُونَ لَعَلَّكُمْ تُفْلِحُونَ «Уа, мүміндер! (Күнәларың үшін өкініш білдіріп) түгелдей Аллаға тәубе етіңдер. Сонда ғана (азаптан құтылып) мақсат-мұраттарыңа жетесіңдер» («Нұр» сүресі, 31-аят).

وَأَنِ اسْتَغْفِرُوا رَبَّكُمْ ثُمَّ تُوبُوا إِلَيْهِ «Раббыларыңнан (күнәларың үшін) кешірім тілеп, содан соң Оған (бет бұрып) тәубе етіңдер» («Һуд» сүресі, 3-аят).

يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا تُوبُوا إِلَى اللَّهِ تَوْبَةً نَّصُوحًا «Уа, иман еткендер! (Күнәларыңа шын жүректен өкініш білдіріп) Аллаға шынайы түрде тәубе етіңдер» («Тахрим» сүресі, 8-аят).

Исламские учёные говорили, что человек обязан сожалеть о каждом совершённом грехе и приносить за него покаяние. Если совершённый грех касается только прав Аллаха и не затрагивает прав другого человека, то для принятия покаяния необходимо соблюсти три условия: полностью отказаться от греха; сожалеть о содеянном; твёрдо решить никогда больше не совершать подобного. Если хотя бы одно из этих условий не будет выполнено, покаяние не будет считаться действительным.

Если же совершённый грех затрагивает права другого человека, то необходимо соблюсти четыре условия покаяния. Наряду с выполнением трёх вышеназванных условий человек должен загладить свою вину перед тем, чьи права были нарушены. Если грех связан с имуществом (украденным, отнятым силой или полученным путём обмана), незаконно приобретённое имущество следует вернуть его владельцу. Если грех связан с клеветой или подобными ей деяниями, виновный должен предоставить пострадавшему возможность потребовать возмездия либо искренне признать перед ним свою вину и попросить прощения. Если же грех заключается в злословии о другом человеке за его спиной, тот, кто злословил, должен попросить у пострадавшего прощения за нарушение его прав.

Каждый разумный человек обязан покаяться во всех совершённых им грехах. Если кто-либо покается лишь в одном из своих грехов или в нескольких из них, то, по мнению приверженцев истинного пути4, его покаяние в этих грехах будет принято, а остальные грехи останутся на нём. Коран, Сунна и единодушное согласие всей мусульманской уммы дают ясные, взаимно подтверждающие друг друга доказательства обязательности покаяния.

«О верующие, обратитесь же все вместе с покаянием к Аллаху, – только так вы преуспеете и обретете счастье» (сура «Нур», 24:31).

«И дабы вы просили прощения у вашего Господа за ваши грехи, а затем обратились с покаянием к Нему» (сура «Худ», 11:3).

«О вы, кто уверовал! Обратитесь к Аллаху с искренним покаянием!» (сура «Тахрим», 66:8).

13
Риядус-салихин, № 13Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

وَعَنْ أَبِى هُرَيْرَةَ قَالَ: سمعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «والله إِنِّي لأَسْتَغْفِرُ الله وأَتُوبُ إِلَيْه فِى الْيَوْمِ أَكْثَرَ مِنْ سَبْعِينَ مَرَّةً»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Алла елшісінің ﷺ: «Алланың атымен ант етейін, мен күн сайын жетпіс реттен аса Алладан кешірім тілеп, Оған тәубе етемін», – деп айтқанын естідім», – деген. (Бұхари: 6307; Ахмад: 8493).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) сказал: «Я слышал, как Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Клянусь Аллахом, каждый день я более семидесяти раз прошу у Аллаха прощения и приношу Ему покаяние”» (Аль-Бухари: 6307; Ахмад: 8493).

Түсіндірме (қазақша)

Тәубе ету – адамның жасаған күнә-қателігі үшін өкініш білдіре отырып, Жаратушыдан кешірім сұрауы. Бұл хадистегі Пайғамбарымыздың ﷺ Алладан кешірім тілеп, тәубе етуі біздің тәубемізге ұқсамайды, өйткені ол күнә атаулыдан таза. Ал күніне сан рет тәубе етіп жарылқау тілеуінің басты себебі – өзінің құлшылығын азырқануында, жаратқан Иесіне шүкіршіл, тәубешіл пенде болуды мақсат етуінде, сондай-ақ соңынан ерген үмбетіне үлгі болып, үнемі истиғфар айтып, тәубе етіп жүру керектігін іс жүзінде көрсетуінде жатыр.

Түсіндірме (орысша)

покаяние – это обращение человека к Творцу с просьбой о прощении, сопровождаемое сожалением о совершённых грехах и ошибках. Просьба нашего Пророка ﷺ к Аллаху о прощении и принесённое им покаяние, о которых говорится в этом хадисе, не были подобны нашему покаянию, поскольку он был чист от всякого греха. Главная же причина, по которой он многократно в течение дня приносил покаяние и просил прощения, заключалась в том, что он не считал своё поклонение достаточным и стремился быть благодарным и кающимся рабом своего Господа, сотворившего его. Вместе с тем он служил примером для уммы, последовавшей за ним, и на деле показывал, что следует постоянно просить у Аллаха прощения и приносить покаяние.

14
Риядус-салихин, № 14

وَعَنْ الْأَغَرِّ بْنِ يسار الْمزنِيِّ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «يَا أَيُّهَا النَّاسُ تُوبُوا إِلَى اللَّهِ واسْتَغْفِرُوهُ فإِنِّي أتُوبُ فِى الْيَوْمِ مائةَ مَرَّةٍ»

Қазақша аудармасы

Ағарр ибн Ясар әл-Музәниден (р.а.) жеткен хадисте: «Алла елшісі ﷺ: «Уа, адамдар! Аллаға тәубе етіп, кешірім тілеңдер. Расында, мен де Аллаға күніне жүз рет тәубе етемін», – деп айтты», – делінген. (Муслим: 6859; Ахмад: 17847).

Орысша аудармасы

В хадисе, переданном со слов Агарра ибн Ясара аль-Музани (да будет доволен им Аллах), говорится: «Посланник Аллаха ﷺ сказал: “О люди! Приносите покаяние Аллаху и просите у Него прощения. Поистине, и я приношу Аллаху покаяние сто раз в день”» (Муслим: 6859; Ахмад: 17847).

15
Риядус-салихин, № 15

وعنْ أَنَس بْنِ مَالِكٍ الْأَنْصَارِيِّ خَادِمِ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ، رضي الله عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «اللَّهُ أَفْرحُ بِتَوْبةِ عَبْدِهِ مِنْ أَحَدِكُمْ سقطَ عَلَى بعِيرِهِ وقد أَضلَّهُ فِى أَرْضٍ فَلاةٍ» وَفِى رِوَايَة لمُسْلمٍ: «اللَّهُ أَشدُّ فرحًا بِتَوْبةِ عَبْدِهِ حِين يتُوبُ إِلْيهِ مِنْ أَحَدِكُمْ كان عَلَى راحِلَتِهِ بِأَرْضٍ فلاةٍ، فانْفلتتْ مِنْهُ وعلَيْها طعامُهُ وشرَابُهُ فأَيِسَ مِنْهَا، فأَتَى شَجَرةً فاضْطَجَعَ فِى ظِلِّهَا، وقد أَيِسَ مِنْ رَاحِلتِهِ، فَبَيْنما هوَ كَذَلِكَ إِذْ هُوَ بِها قَائِمة عِنْدَهُ، فَأَخذ بِخطامِهَا ثُمَّ قَالَ مِنْ شِدَّةِ الْفَرحِ: اللَّهُمَّ أَنت عبْدِى وأَنا ربُّكَ، أَخْطَأَ مِنْ شِدَّةِ الْفرح»

Қазақша аудармасы

Алла елшісінің ﷺ қызметшісі ансарлық Әнәс ибн Мәлик (р.а.): «Алла елшісі: «Пендесі тәубеге келгендегі Алланың қуанышы қайсы біреулеріңнің шөл далада жоғалтып алған түйесін ойламаған жерде кезіктірген сәттегі қуанышынан әлдеқайда артық», – деп айтты», – деген. (Бұхари: 6359; Муслим: 696; Ахмад: 13227).

Имам Муслимнің жеткізген хадисінде: «Бейне бір, араларыңнан біреу түйесімен шөл далада жолаушылап келе жатып, ойламаған жерден түйесінен қол үзіп қалады, жолға азығы да әлгі қашаған түйенің қомында кетеді. Содан ол (құрыған жерім осы болды деп) мініс көлігінен біржолата үміт үзген күйде бір ағаштың саясына барып жатады. Бір қараса, әлгі қашаған түйесі дәл қасына келіп тұр екен. Бірден жануардың тізгініне жабыса кеткен ол қатты қуанғаннан: «Уа, Алла Тағалам! Сен менің құлымсың, мен сенің раббыңмын», – дейді, яғни қатты қуанғаннан сөзден жаңылады. Міне, пендесі тәубеге келген кездегі Алланың қуанышы – әлгі пендесінің қуанышынан әлдеқайда күшті болады», – делінген. (Муслим: 6960).

Орысша аудармасы

Служивший Посланнику Аллаха ﷺ ансар Анас ибн Малик (да будет доволен им Аллах) сказал: «Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Радость Аллаха от покаяния Его раба гораздо сильнее радости любого из вас в тот миг, когда он неожиданно находит своего верблюда, потерянного в пустыне”». В версии хадиса, переданной имамом Муслимом, говорится: «Представьте, что один из вас путешествует по пустыне на верблюде и неожиданно теряет его, а вместе с ним – и свои дорожные припасы. Окончательно потеряв надежду вернуть своё верховое животное и решив, что ему самому пришёл конец, он ложится в тени дерева. Вдруг он видит, что убежавший верблюд стоит рядом с ним. Он тотчас хватается за его повод и переполненный радостью восклицает: “О Аллах Всевышний! Ты – мой раб, а я – Твой Господь!” Так от сильной радости он оговаривается. Радость Аллаха от покаяния Его раба гораздо сильнее радости этого человека» (Аль-Бухари: 6359; Муслим: 696, 6960; Ахмад: 13227).

16
Риядус-салихин, № 16

وَعَنْ أَبِى مُوسى عَبْدِ اللَّهِ بْنِ قَيْسٍ الْأَشْعَرِيِّ عَنْ النَّبِيَّ ﷺ قَالَ: «إِنَّ اللَّهَ تَعَالَى يَبْسُطُ يَدَهُ بِاللَّيْلِ لِيَتُوبَ مُسِيءُ النَّهَارِ وَيَبْسُطُ يَدهُ بِالنَّهَارِ لِيَتُوبَ مُسِيءُ اللَّيْلِ حَتَّى تَطْلُعَ الشَّمْسُ مِنْ مَغْرِبِها»

Қазақша аудармасы

Әбу Мұса Абдуллаһ ибн Қайс әл-Әшғари (р.а.) жеткізген хадисте: «Пайғамбарымыз ﷺ: «Алла Тағала күндіз күнә жасаған пендесі тәубе етсін деп, түнде кешірім қолын созады. Сондай-ақ түнде күнә жасаған пендесі тәубе етсін деп, күндіз кешірім қолын созады. Осылайша, (Алланың тәубе етуші пенделерінің тәубелерін қабыл алуы) күн батыстан шыққанға1 дейін жалғасады», – деп айтты», – делінген. (Муслим: 6989; Ахмад: 19619).

Орысша аудармасы

В хадисе, переданном со слов Абу Мусы Абдуллаха ибн Кайса аль-Ашари (да будет доволен им Аллах), сообщается: «Пророк ﷺ сказал: “Поистине, Аллах Всевышний протягивает ночью руку прощения, чтобы покаялся тот из Его рабов, кто согрешил днём. Подобным же образом Он протягивает руку прощения днём, чтобы покаялся тот из Его рабов, кто согрешил ночью. Так Аллах будет принимать покаяние Своих кающихся рабов до тех пор, пока солнце не взойдёт с запада1”» (Муслим: 6989; Ахмад: 19619).

  1. 1Қиямет-қайымның ең үлкен белгісінің бірі – Күннің батыстан шығуы орын алғанға дейін.
  1. 1То есть до восхода солнца с запада – одного из величайших знамений Часа.
17
Риядус-салихин, № 17Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

وعَنْ أَبِى هُرِيْرةَ رضي الله عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَنْ تَابَ قَبْلَ أَنْ تَطْلُعَ الشَّمْسُ مِنْ مَغْرِبِهَا تَابَ اللَّهُ عَلَيْهِ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Алла елшісі ﷺ: «Кімде-кім күн батыстан шыққанға1 дейін тәубе ететін болса, Алла Тағала оның тәубесін қабыл алады», – деп айтты», – деген. (Муслим: 6861; Ахмад: 9130).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) сказал: «Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Если кто-либо покается до того, как солнце взойдёт с запада1, Аллах Всевышний примет его покаяние”» (Муслим: 6861; Ахмад: 9130).

  1. 1Қиямет-қайымның ең үлкен белгісінің бірі – Күннің батыстан шығуы орын алғанға дейін.
  1. 1То есть до восхода солнца с запада – одного из величайших знамений Часа.
18
Риядус-салихин, № 18

وعَنْ أَبِى عَبْدِ الرَّحْمن عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عُمرَ بْنِ الْخطَّاب رضي الله عَنْهُمَا عَنْ النَّبيِّ ﷺ قَالَ: «إِنَّ اللَّهَ عَزَّ وَجَلَّ يَقْبَلُ تَوْبَةَ الْعَبْدِ مَالَم يُغَرْغِرْ»

Қазақша аудармасы

Абдуллаһ ибн Омардан (р.а.) жеткен хадисте: «Пайғамбарлар Сардары ﷺ: «Расында, Алла қайсыбір пендесінің (дәм-тұзы таусылып), шыбын жаны алқымына келіп тірелмейінше жасаған тәубесін қабыл етеді», – деп айтты», – делінген (Тирмизи: 3537; «Муснәд Ахмад»: 6160 «хасан» хадис).

Орысша аудармасы

В хадисе, переданном со слов Абдуллаха ибн Умара (да будет доволен им Аллах), сообщается: «Предводитель пророков ﷺ сказал: “Поистине, Аллах принимает покаяние любого раба до тех пор, пока по истечении отведённого ему срока жизни его душа не подступит к горлу”» (Ат-Тирмизи: 3537; Ахмад: 6160; хадис категории «хасан»).

19
Риядус-салихин, № 19

وعَنْ زِرِّ بْنِ حُبْيشٍ قَال: أَتيْتُ صفْوانَ بْنِ عسَّالٍ رضِى الله عَنْهُ أَسْأَلُهُ عَنْ الْمَسْحِ عَلَى الْخُفَّيْنِ فَقَالَ: مَا جَاءَ بِكَ يَا زِرُّ؟ فقُلْتُ: ابْتغَاءُ الْعِلْمِ، فقَال: إِنَّ الْملائِكَةَ تَضَعُ أَجْنِحتِها لِطَالِبِ الْعِلْمِ رِضاء بمَا يَطلُبُ، فَقلْتُ: إِنَّه قدْ حَكَّ فِى صدْرِى الْمسْحُ عَلَى الْخُفَّيْنِ بَعْدَ الْغَائِطِ والْبوْلِ، وكُنْتَ امْرَءًا مِنْ أَصْحاب النَّبِيِّ ﷺ، فَجئْتُ أَسْأَلُكَ: هَلْ سَمِعْتَهُ يذْكرُ فِى ذَلِكَ شيْئًا؟ قَالَ: نَعَمْ كانَ يأْمُرنا إِذا كُنَّا سفرًا -أوْ مُسافِرِين– أَن لَا ننْزعَ خفافَنا ثَلَاثة أَيَّامٍ ولَيَالِيهنَّ إِلَّا مِنْ جنَابةٍ، لكِنْ مِنْ غائطٍ وبْولٍ ونْومٍ. فقُلْتُ: هَل سَمِعْتَهُ يذكُر فِى الْهوى شيْئًا؟ قَالَ: نَعَمْ كُنَّا مَع رَسُولِ الله ﷺ فِى سفرٍ، فبيْنا نحنُ عِنْدهُ إِذ نادَاهُ أَعْرابي بصوْتٍ له جهورِيٍّ: يَا مُحمَّدُ، فأَجَابهُ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ نحْوا مِنْ صَوْتِه: «هاؤُمْ» فقُلْتُ لهُ: وَيْحَكَ اغْضُضْ مِنْ صَوْتِكَ فَإِنَّك عِنْد النَّبيِّ ﷺ وقدْ نُهِيت عَنْ هذا، فَقَالَ: واللَّهِ لَا أَغضُضُ: قَالَ الْأَعْرابِيُّ: الْمَرْءُ يُحِبُّ الْقَوم ولَمَّا يلْحق بِهِمْ؟ قَالَ النَّبِيُّﷺ: «الْمرْءُ مع منْ أَحَبَّ يَوْمَ الْقِيامةِ» فما زَالَ يُحَدِّثُنَا حَتَّى ذَكرَ بابًا مِن الْمَغْرب مَسيرةُ عرْضِه أوْ يسِير الرَّاكِبُ فِى عرْضِهِ أَرْبَعِينَ أَوْ سَبْعِينَ عَامًا. قَالَ سُفْيانُ أَحدُ الرُّوَاةِ: «قِبل الشَّامِ خَلقَهُ اللَّهُ تَعَالَى يَوْمَ خَلَق السمواتِ والْأَرْضَ مَفْتوحًا لِلتَّوبةِ لَا يُغلقُ حَتَّى تَطلُعَ الشَّمْسُ مِنْهُ»

Қазақша аудармасы

Зирр ибн Хубайш: «Сафуан ибн Ассалға (р.а.) мәсіге мәсіх тарту жайлы сұрайын деп барғанымда, ол (р.а.): «Уа, Зирр! Не шаруамен келдің?» – деп сөз бастады. Мен: «Білім іздеп келдім», – деп едім, ол: «Шынында, періштелер білім ізденушінің талабына дән риза болып, ол үшін қанаттарын жаяды», – деді. Содан мен оған: «Үлкен және кіші дәреттен кейін мәсіге мәсіх тарту мәселесі бойынша мені бір ой мазалауда. Сіз Пайғамбарымыздың ﷺ көзін көрген сахабаларының бірісіз ғой, сізден сұрайын деп келген едім, Алла елшісінің осыған қатысты бір нәрсе айтқанын естіп пе едіңіз?!» – дедім. Сонда ол: «Иә естідім, Алла елшісі бізге сапарда болғанымызда, ұйықтасақ та, үлкен немесе кіші дәретке барсақ та, мәсімізді үш тәулік бойы шешпеуді бұйыратын, ал жүніп жағдайының жөні бөлек», – деп жауап берді. Мен оған: «Алла елшісінің сүйіспеншілік жөнінде айтқанын естіп пе едіңіз?» – деп тағы сұрақ қойдым. Ол: «Иә, бір сапарда Алла елшісімен бірге болған едік. Бірде оның дәргейінде отырғанымызда бір бәдәуи келіп: «Уа, Мұхаммед!» – деп, оған зор дауыспен үн қатып еді, Алла елшісі де оған дәл сондай зор дауыспен: «Қане, бері кел», – деп жауап қатты. Мен әлгі бәдәуиге: «Әй, сорың қайнағыр! Сен пайғамбардың дәргейіндесің, дауысыңды бәсеңдетіп сөйле! Саған бұлай істеуге тыйым салынған!» – деп едім, ол қасарысып: «Уаллаһи! Бәсеңдетпеймін», – деді. Содан әлгі бәдәуи: «Біреу белгілі бір қауымды шын жақсы көреді, алайда оларға әлі қосыла қойған жоқ», – деді. Оның сөзінің астарын түсінген Пайғамбарымыз оған: «Кісі қиямет күні жақсы көргендерімен бірге болады», – деп жауап қатты. Содан Алла елшісі бізге насихат айтып отырып, батыс жақтағы бір алып қақпа жайлы сөз қозғады. Әлгі қақпаның енінің ұзындығы соншалық, атты адамның өзі қырық немесе жетпіс жылда жүріп өтеді екен». Рауилердің бірі Суфиян: «Ол қақпа Шам тарапында. Алла Тағала оны жеті қат аспан мен жерді жаратқан күні «тәубе» үшін айқара ашық күйде жаратқан, сондай-ақ ол – Күн сол жақтан (яғни батыстан) шықпайынша жабылмайды», – деп жеткізген». (Тирмизи: 3535; Ахмад: 18095; Нәсәи: 11114; Ибн Мәжә: 4070)

Орысша аудармасы

Зирр ибн Хубайш сказал: «Когда я пришёл к Сафвану ибн Ассалю (да будет доволен им Аллах), чтобы спросить о протирании кожаных носков, он (да будет доволен им Аллах) первым заговорил со мной и спросил: “О Зирр! Что привело тебя?” Я ответил: “Я пришёл в поисках знания”. Тогда он сказал: “Поистине, ангелы, довольные стремлением того, кто ищет знания, расправляют над ним свои крылья”. Затем я сказал ему: “Меня беспокоит вопрос о протирании кожаных носков после отправления большой и малой нужды. Вы ведь один из сподвижников, лично видевших нашего Пророка ﷺ. Я пришёл спросить вас, слышали ли вы от Посланника Аллаха что-либо об этом?” Он ответил: “Да, слышал. Когда мы находились в пути, Посланник Аллаха велел нам в течение трёх суток не снимать кожаные носки ни после сна, ни после отправления большой или малой нужды; исключение составляло лишь состояние большого осквернения”. Тогда я вновь спросил его: “Слышали ли вы от Посланника Аллаха что-либо о любви?” Он ответил: “Да. Однажды во время путешествия, когда мы сидели рядом с Посланником Аллаха ﷺ, к нему подошёл бедуин и громко воззвал: ‘О Мухаммад!’ Посланник Аллаха так же громко ответил ему: ‘Подойди сюда!’ Я сказал бедуину: ‘Горе тебе! Ты находишься в присутствии Пророка, говори тише! Тебе запрещено так поступать!’ Однако тот упрямо ответил: ‘Клянусь Аллахом! Я не стану говорить тише’. Затем бедуин сказал: ‘Человек искренне любит определённых людей, однако ещё не присоединился к ним’. Поняв смысл его слов, наш Пророк ﷺ ответил ему: ‘В День воскресения человек будет вместе с теми, кого любил’. Продолжая наставлять нас, Посланник Аллаха упомянул об огромных вратах на западе. Ширина этих врат такова, что всаднику понадобилось бы сорок или семьдесят лет, чтобы преодолеть расстояние от одного их края до другого”. Один из передатчиков, Суфьян, передал: “Эти врата находятся со стороны Шама. Аллах Всевышний создал их широко распахнутыми для покаяния в тот день, когда сотворил семь небес и землю, и они не закроются до тех пор, пока солнце не взойдёт оттуда, то есть с запада”» (Ат-Тирмизи: 3535; Ахмад: 18095; Ан-Насаи: 11114; Ибн Маджа: 4070).

20
Риядус-салихин, № 20

وعنْ أَبِى سعِيدٍ سَعْد بْنِ مالك بْنِ سِنانٍ الْخُدْرِيِّ رضي الله عَنْهُ أَن نَبِيَّ الله ﷺ قَال: «كان فِيمَنْ كَانَ قَبْلكُمْ رَجُلٌ قَتَلَ تِسْعَةً وتِسْعِينَ نَفْسًا، فَسَأَلَ عَن أَعْلَم أَهْلِ الْأَرْضِ فدُلَّ عَلى راهِبٍ، فَأَتَاهُ فَقَالَ: إِنَّهُ قَتَل تِسْعَةً وتسعِينَ نَفْسًا، فَهلْ لَهُ مِنْ توْبَةٍ؟ فَقَالَ: لَا، فَقَتَلَهُ فكمَّلَ بِهِ مِائةً ثُمَّ سَأَلَ عَن أَعْلَم أَهلِ الْأَرْضِ، فدُلَّ على رجلٍ عالمٍ فَقَالَ: إِنهَ قَتل مائةَ نفسٍ فهلْ لَهُ مِنْ تَوْبةٍ؟ فَقَالَ: نَعَمْ ومنْ يحُولُ بيْنَهُ وبيْنَ التوْبة؟ انْطَلِقْ إِلَى أَرْضِ كذا وكذا، فإِنَّ بِهَا أُنَاسًا يعْبُدُونَ الله تَعَالَى فاعْبُدِ الله مَعْهُمْ، وَلَا تَرْجعْ إِلَى أَرْضِكَ فإِنَّهَا أَرْضُ سُوءٍ، فانطَلَق حتَّى إِذا نَصَف الطَّرِيقُ أَتَاهُ الْموْتُ فاختَصمتْ فيهِ مَلائكَةُ الرَّحْمَةِ وملاكةُ الْعَذابِ. فَقَالَتْ ملائكةُ الرَّحْمَةَ: جَاءَ تائِبًا مُقْبلا بِقلْبِهِ إِلَى اللَّهِ تَعَالَى، وَقَالَتْ ملائكَةُ الْعذابِ: إِنَّهُ لمْ يَعْمَلْ خيْرًا قطُّ، فأَتَاهُمْ مَلكٌ فِى صُورَةِ آدمي فجعلوهُ بيْنهُمْ أَي حكمًا فَقَالَ: قيسوا ما بَيْن الْأَرْضَيْنِ فَإِلَى أَيَّتهما كَان أَدْنى فهْو لَهُ، فقاسُوا فوَجَدُوه أَدْنى إِلَى الْأَرْضِ التي أَرَادَ فَقبَضْتهُ مَلائكَةُ الرَّحْمَةِ» مُتَّفَقٌ عليه.

وَفِى رِوَايَةٍ فِى الصحيح: «فكَان إِلَى الْقرْيَةِ الصَّالحَةِ أَقْربَ بِشِبْرٍ، فجُعِل مِنْ أَهْلِها» وَفِى رِواية فِى الصحيح: «فأَوْحَى اللَّهُ تعالَى إِلَى هَذِهِ أَن تَبَاعَدِى، وإِلَى هَذِهِ أَن تَقرَّبِى وقَال: قِيسُوا مَا بيْنهمَا، فَوَجدُوه إِلَى هَذِهِ أَقَرَبَ بِشِبْرٍ فَغُفَرَ لَهُ، وَفِى رِوَايَةٍ فَنَأى بِصَدْرِهِ نَحْوهَا»

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид Сағд ибн Мәлик ибн Синан әл-Худриден (р.а.) жеткен хадисте Пайғамбарымыз ﷺ: «Сендерден бұрын өмір сүрген қауымдардың ішінде тоқсан тоғыз кісі өлтірген қандықол адам болған екен. Бірде ол маңайындағы елден жер бетіндегі ең білімді адам жайлы сұрастырады, ел-жұрт оны құлшылыққа берілген бір сопыға (монах) бағыттайды. Содан ол әлгі сопыға келіп өзінің тоқсан тоғыз адамның өмірін қиғанын айтып, өзіне тәубе ету мүмкіндігінің бар-жоғын сұрайды. Әлгі сопының оған «жоқ» деп жауап қатқаны сол екен, оны да өлтіріп құрбандарының санын жүзге жеткізеді. Содан кейін ол тағы да жер жүзіндегі ең білімді адам жайлы сұрастырады. Бұл жолы ел-жұрт оны бір ғалым кісіге бағыттайды. Ол әлгі ғалымға барып өзінің жүз адамның өмірін қиғанын айтып, өзіне тәубе ету мүмкіндігінің бар-жоғын сұрайды. Сонда ғалым оған: «Әлбетте бар! Тәубе етуші мен тәубенің арасын кім бөгей алады?! Сен пәлен жерге бар. Расында онда Аллаға құлшылық қылатын ізгі ел-жұрт бар, сен де солармен бірге Аллаға құлшылық қыл. Өз жеріңе қайта оралушы болма, өйткені ол жамандық атаулының ордасы», – деп насихат айтады. Содан әлгі қандықол адам жолға шығып, орта жолға жеткенде аяқ астынан ажалы жетіп, жан тапсырады. Сол кезде оған рақым періштелері мен азап періштелері таласып қалады. Рақым періштелері: «Ол тәубе еткен күйде, Аллаға шын жүректен бет бұрып келді», – десе, азап періштелері: «Расында, ол бірде-бір жақсы іс істемеген ғой», – дейді. Сөйтіп тұрғанда оларға адам бейнесінде бір періште келеді, екі жақ періштелері оны төреші етіп, үкіміне жүгінеді. Сонда ол: «Екі елді мекеннің арасын өлшеңдер, қайсысына жақын болса, ол сол жердікі», – деп үкім айтады. Періштелер өлшеп қараса, ол өзі бет алған межелі жерге жақынырақ жатыр екен. Осылайша оны рақым періштелері алып кетеді», – деп айтқан. (Бұхари: 3470; Муслим: 7008; Ахмад: 11664)

Басқа бір «сахих» хадисте: «Ол ізгі ауылға бір сүйем жақын жатқан еді, сондықтан да сол ауылдың адамы саналды», – делінсе, тағы бір «сахих» хадисте: «Алла Тағала (жамандықтың ордасы болған) ауылға алыста, ізгі ауылға жақында деп уахи етті» және періштелерге: «Екі ауылдың арасын өлшеңдер деді, сонда олар оның ізгі ауылға бір сүйем жақын жатқанын анықтады, сөйтіп оның күнәлары кешірілді» – делінген. Енді бір риуаятта: «Ол (соңғы сәтінде бар күшін жиып) кеудесін көтеріп, ізгі ауылға қарай жылжыды», – деп айтылған.

Орысша аудармасы

В хадисе, переданном со слов Абу Саида Саада ибн Малика ибн Синана аль-Худри (да будет доволен им Аллах), сообщается, что Пророк ﷺ сказал: «Среди народов, живших до вас, был человек, убивший девяносто девять человек. Однажды он стал расспрашивать окружающих о самом знающем человеке на земле, и люди направили его к одному подвижнику (монаху), посвятившему себя поклонению. Придя к нему, он рассказал, что убил девяносто девять человек, и спросил, может ли он покаяться. Подвижник ответил: “Нет”. Тогда он убил и его, доведя число своих жертв до ста. После этого он вновь стал расспрашивать о самом знающем человеке на земле. На этот раз люди направили его к одному учёному. Придя к нему, он рассказал, что убил сто человек, и спросил, может ли он покаяться. Учёный ответил: “Конечно, можешь! Кто может встать между кающимся и его покаянием?! Отправляйся в такую-то местность. Там живут праведные люди, поклоняющиеся Аллаху. Поклоняйся Аллаху вместе с ними и не возвращайся в свою землю, ибо это обитель всякого зла”. Тогда этот убийца отправился в путь, но на полпути его внезапно настигла смерть. О его судьбе заспорили ангелы милости и ангелы наказания. Ангелы милости сказали: “Он шёл, покаявшись и всем сердцем обратившись к Аллаху”. Ангелы наказания возразили: “Поистине, он не совершил ни одного доброго дела”. В это время к ним явился ангел в образе человека. Обе стороны избрали его судьёй и попросили рассудить их. Тогда он сказал: “Измерьте расстояние между двумя селениями. К какому из них он окажется ближе, к жителям того селения и будет причислен”. Когда ангелы измерили расстояние, оказалось, что он был ближе к селению, в которое направлялся. Тогда его забрали ангелы милости» (Аль-Бухари: 3470; Муслим: 7008; Ахмад: 11664). В другой достоверной версии хадиса говорится: «Он оказался на одну пядь ближе к праведному селению, поэтому был причислен к его жителям». В ещё одной достоверной версии хадиса говорится: «Аллах Всевышний внушил селению, бывшему обителью зла: “Отдались”, а праведному селению: “Приблизься”. Ангелам же Он сказал: “Измерьте расстояние между двумя селениями”. Измерив расстояние, они обнаружили, что умерший находился на одну пядь ближе к праведному селению, и его грехи были прощены». В другой версии говорится: «Собрав в последний миг все силы, он приподнял грудь и подался в сторону праведного селения».

21
Риядус-салихин, № 21

وَعَنْ عبدِ الله بْنِ كعبِ بْنِ مالكٍ، وكان قائِدَ كعبٍ مِنْ بَنِيهِ حِينَ عمِيَ، قَالَ: سَمِعتُ كَعْبَ بنَ مالكٍ يُحَدِّثُ بحَديثهِ حينَ تَخلَّفَ عَنْ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ فِى غَزْوَةِ تَبُوكَ. قَالَ كعبٌ: لَمْ أتَخَلَّفْ عَنْ رَسُولِ الله ﷺ فِى غَزْوَةٍ غزاها قط إِلا فِى غزوة تَبُوكَ، غَيْرَ أنّي قَدْ تَخَلَّفْتُ فِى غَزْوَةِ بَدْرٍ، ولَمْ يُعَاتَبْ أَحَدٌ تَخَلَّفَ عَنْهُ؛ إِنَّمَا خَرَجَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ والمُسْلِمُونَ يُرِيدُونَ عِيرَ قُرَيْشٍ حَتَّى جَمَعَ الله تَعَالَى بَيْنَهُمْ وبَيْنَ عَدُوِّهمْ عَلَى غَيْر ميعادٍ. ولَقَدْ شَهِدْتُ مَعَ رَسُولِ الله ﷺ لَيلَةَ الْعَقَبَةِ حينَ تَوَاثَقْنَا عَلَى الْإِسْلَامِ، وما أُحِبُّ أنَّ لِى بِهَا مَشْهَدَ بَدْرٍ، وإِنْ كَانَتْ بدرٌ أذْكَرَ فِى النَّاسِ مِنْهَا. وكانَ مِنْ خَبَرِى حينَ تَخَلَّفْتُ عَنْ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ فِى غَزْوَةِ تَبُوكَ أنِّي لم أكُنْ قَطُّ أَقْوى وَلَا أَيْسَرَ مِنِّي حِينَ تَخَلَّفْتُ عَنْهُ فِى تِلكَ الْغَزْوَةِ، وَالله ما جَمَعْتُ قَبْلَهَا رَاحِلَتَيْنِ قَطُّ حَتَّى جَمَعْتُهُمَا فِى تِلْكَ الْغَزْوَةِ وَلَمْ يَكُنْ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يُرِيدُ غَزْوَةً إِلَّا وَرَّى بِغَيرِها حَتَّى كَانَتْ تلْكَ الْغَزْوَةُ، فَغَزَاها رَسُولُ اللَّهِ ﷺ فِى حَرٍّ شَديدٍ، واسْتَقْبَلَ سَفَرًا بَعِيدًا وَمَفَازًا، وَاستَقْبَلَ عَدَدًا كَثِيرًا، فَجَلَّى للْمُسْلِمِينَ أمْرَهُمْ ليتَأهَّبُوا أُهْبَةَ غَزْوِهمْ فأَخْبرَهُمْ بوَجْهِهِمُ الَّذِى يُرِيدُ، والمُسلِمونَ مَعَ رَسُولِ الله كَثِيرٌ وَلَا يَجْمَعُهُمْ كِتَابٌ حَافِظٌ ( يُرِيدُ بِذَلِكَ الدّيوَانَ قَالَ كَعْبٌ: فَقَلَّ رَجُلٌ يُرِيدُ أَنْ يَتَغَيَّبَ إِلَّا ظَنَّ أنَّ ذَلِكَ سيخْفَى بِهِ ما لَمْ يَنْزِلْ فِيهِ وَحْيٌ مِنَ الله، وَغَزا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ تِلْكَ الْغَزوَةَ حِينَ طَابَت الثِّمَارُ وَالظِّلالُ، فَأَنَا إِلَيْهَا أصْعَرُ، فَتَجَهَّزَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ وَالْمُسْلِمُونَ مَعَهُ وطَفِقْتُ أغْدُو لكَيْ أتَجَهَّزَ مَعَهُ، فأرْجِعُ وَلَمْ أقْضِ شَيْئًا، وأَقُولُ فِى نفسي: أَنَا قَادرٌ عَلَى ذَلِكَ إِذَا أَرَدْتُ، فَلَمْ يَزَلْ يَتَمادى بي حَتَّى اسْتَمَرَّ بالنَّاسِ الْجِدُّ، فأَصْبَحَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ غَاديًا والمُسْلِمُونَ مَعَهُ وَلَمْ أقْضِ مِنْ جِهَازي شَيْئًا، ثُمَّ غَدَوْتُ فَرَجَعْتُ وَلَمْ أقْضِ شَيْئًا، فَلَمْ يَزَلْ يَتَمَادَى بي حَتَّى أسْرَعُوا وتَفَارَطَ الْغَزْوُ، فَهَمَمْتُ أَنْ أرْتَحِلَ فَأُدْرِكَهُمْ، فَيَا لَيْتَنِى فَعَلْتُ، ثُمَّ لم يُقَدَّرْ ذَلِكَ لي، فَطَفِقْتُ إِذَا خَرَجْتُ فِى النَّاسِ بَعْدَ خُرُوجِ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ يَحْزُنُنِى أنِّي لَا أرَى لِى أُسْوَةً، إِلاّ رَجُلًا مَغْمُوصًَا عَلَيْهِ فِى النِّفَاقِ، أوْ رَجُلًا مِمَّنْ عَذَرَ اللَّهُ تَعَالَى مِنَ الضُّعَفَاءِ، وَلَمْ يَذْكُرْنِى رَسُولُ اللَّهِ ﷺ حَتَّى بَلَغَ تَبُوكَ، فَقَالَ وَهُوَ جَالِسٌ فِى الْقَوْمِ بِتَبُوكَ: «ما فَعَلَ كَعْبُ بْنُ مَالِكٍ؟» فَقَالَ رَجُلٌ مِنْ بَنِى سَلِمَةَ: يَا رَسُولَ اللهِ، حَبَسَهُ بُرْدَاهُ والنَّظَرُ فِى عِطْفَيْهِ. فَقَالَ لَهُ مُعَاذُ بْنُ جَبَلٍ: بِئْسَ مَا قُلْتَ! واللَّهِ يَا رَسُولَ اللَّهِ مَا عَلِمْنَا عَلَيْهِ إِلَّا خَيْرًَا، فَسَكَتَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ. فَبَيْنَا هُوَ عَلى ذَلِكَ رَأَى رَجُلًا مُبْيِضًا يَزُولُ بِهِ السَّرَابُ، فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «كُنْ أَبَا خَيْثَمَةَ»، فَإِذَا هُوَ أبُو خَيْثَمَةَ الْأنْصَارِيُّ وَهُوَ الَّذِى تَصَدَّقَ بِصَاعِ التَّمْرِ حِيْنَ لَمَزَهُ الْمُنَافِقُونَ. قَالَ كَعْبٌ: فَلَمَّا بَلَغَنِى أنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَدْ تَوَجَّهَ قَافِلًا مِنْ تَبُوكَ حَضَرَنِى بَثِّي، فَطَفِقْتُ أتَذَكَّرُ الْكَذِبَ وأَقُولُ: بِمَ أخْرُجُ مِنْ سَخَطِهِ غَدًَا ؟ وأسْتَعِيْنُ عَلى ذَلِكَ بِكُلِّ ذِى رأْيٍ مِنْ أَهْلِى، فَلَمَّا قِيْلَ: إِنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قّدْ أظَلَّ قَادِمًَا، زَاحَ عَنّي الْبَاطِلُ حَتَّى عَرَفْتُ أَنِّي لَنْ أَنْجُوَ مِنْهُ بِشَيْءٍ أَبَدًا، فَأجْمَعْتُ صدْقَهُ وأَصْبَحَ رَسُولُ الله ﷺ قَادِمًا، وَكَانَ إِذَا قَدِمَ مِنْ سَفَرٍ بَدَأَ بِالمَسْجِدِ فَرَكَعَ فِيهِ رَكْعَتَيْنِ ثُمَّ جَلَسَ لِلنَّاسِ، فَلَمَّا فَعَلَ ذَلِكَ جَاءهُ الْمُخَلَّفُونَ يَعْتَذِرونَ إِلَيْه ويَحْلِفُونَ لَهُ، وَكَانُوا بِضْعًا وَثَمانِينَ رَجُلًا، فَقَبِلَ مِنْهُمْ عَلانِيَتَهُمْ وَبَايَعَهُمْ واسْتَغْفَرَ لَهُمْ وَوَكَلَ سَرَائِرَهُمْ إِلَى الله تَعَالَى، حَتَّى جِئْتُ، فَلَمَّا سَلَّمْتُ تَبَسَّمَ تَبَسُّمَ الْمُغْضَبِ. ثُمَّ قَالَ: «تَعَالَ»، فَجِئْتُ أمْشي حَتَّى جَلَسْتُ بَيْنَ يَدَيْهِ، فَقَالَ لي: «مَا خَلَّفَكَ ؟ ألَمْ تَكُنْ قَدِ ابْتَعْتَ ظَهْرَكَ؟» قَالَ: قُلْتُ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، إِنِّى والله لَوْ جَلَسْتُ عِنْدَ غَيْرِكَ مِنْ أَهْلِ الدُّنْيَا لَرَأَيْتُ أنِّي سَأخْرُجُ مِنْ سَخَطِهِ بِعُذْرٍ؛ لقَدْ أُعْطِيتُ جَدَلًا، ولَكِنِّي والله لَقَدْ عَلِمْتُ لَئِنْ حَدَّثْتُكَ الْيوم حَدِيثَ كَذبٍ تَرْضَى به عنِّي لَيُوشِكَنَّ الله أن يُسْخِطَكَ عَلَيَّ، وإِنْ حَدَّثْتُكَ حَدِيثَ صِدقٍ تَجِدُ عَلَيَّ فِيهِ إِنِّى لأَرْجُو فِيهِ عُقْبَى الله — عز وجل —، والله ما كَانَ لِى مِنْ عُذْرٍ، واللَّهِ مَا كُنْتُ قَطُّ أَقْوَى وَلَا أَيْسَرَ مِنِّي حِينَ تَخَلَّفْتُ عَنْكَ. قَالَ: فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «أمَّا هَذَا فقَدْ صَدَقَ، فَقُمْ حَتَّى يَقْضِيَ اللَّهُ فيكَ». وَسَارَ رِجَالٌ مِنْ بَنِى سَلِمَة فاتَّبَعُونِى فَقَالُوا لِى: واللَّهِ مَا عَلِمْنَاكَ أذْنَبْتَ ذَنْبًا قَبْلَ هذَا لَقَدْ عَجَزْتَ فِى أَنْ لَا تَكونَ اعتَذَرْتَ إِلَى رَسُولُ اللَّهِ ﷺ بما اعْتَذَرَ إِليهِ الْمُخَلَّفُونَ، فَقَدْ كَانَ كَافِيكَ ذَنْبَكَ اسْتِغْفَارُ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ لَكَ. قَالَ: فَوالله ما زَالُوا يُؤَنِّبُونَنِى حَتَّى أَرَدْتُّ أَنْ أرْجعَ إِلَى رَسُولِ الله ﷺ فأُكَذِّبَ نَفْسِى، ثُمَّ قُلْتُ لَهُمْ: هَلْ لَقِيَ هذَا مَعِيَ مِنْ أَحَدٍ ؟ قَالُوا: نَعَمْ، لَقِيَهُ مَعَكَ رَجُلانِ قَالَا مِثْلَ مَا قُلْتَ، وَقيلَ لَهُمَا مِثْلَ مَا قيلَ لَكَ، قَالَ: قُلْتُ: مَنْ هُمَا ؟ قَالُوا: مُرَارَةُ بْنُ الرَّبيع الْعَمْرِيُّ، وهِلَالُ ابنُ أُمَيَّةَ الْوَاقِفِيُّ ؟ قَالَ: فَذَكَرُوا لِى رَجُلَينِ صَالِحَينِ قَدْ شَهِدَا بَدْرًا فيهِمَا أُسْوَةٌ، قَالَ: فَمَضَيْتُ حِينَ ذَكَرُوهُمَا لِى. ونَهَى رَسُولُ اللَّهِ ﷺ عَنْ كَلَامِنا أيُّهَا الثَّلاثَةُ مِنْ بَيْنِ مَنْ تَخَلَّفَ عَنْهُ، فاجْتَنَبَنَا النَّاسُ — أوْ قَالَ: تَغَيَّرُوا لَنَا — حَتَّى تَنَكَّرَتْ لِى فِى نَفْسي الْأَرْض، فَمَا هِيَ بالْأَرْضِ الَّتي أعْرِفُ، فَلَبِثْنَا عَلَى ذَلِكَ خَمْسِينَ لَيْلَةً. فَأمّا صَاحِبَايَ فَاسْتَكَانا وقَعَدَا فِى بُيُوتِهِمَا يَبْكيَان. وأمَّا أَنَا فَكُنْتُ أشَبَّ الْقَومِ وأجْلَدَهُمْ فَكُنْتُ أخْرُجُ فَأشْهَدُ الصَّلَاةَ مَعَ الْمُسْلِمِينَ، وأطُوفُ فِى الْأَسْوَاقِ وَلا يُكَلِّمُنِى أَحَدٌ، وَآتِى رَسُولَ اللَّهِ ﷺ فأُسَلِّمُ عَلَيْهِ وَهُوَ فِى مَجْلِسِهِ بَعْدَ الصَّلاةِ، فَأَقُولُ فِى نَفسِى: هَلْ حَرَّكَ شَفَتَيْه برَدِّ السَّلَام أَمْ لَا ؟ ثُمَّ أُصَلِّي قَرِيبًا مِنْهُ وَأُسَارِقُهُ النَّظَرَ، فَإِذَا أقْبَلْتُ عَلَى صَلَاتِى نَظَرَ إِلَيَّ وَإِذَا الْتَفَتُّ نَحْوَهُ أعْرَضَ عَنِّي، حَتَّى إِذَا طَال ذَلِكَ عَلَيَّ مِنْ جَفْوَةِ الْمُسْلِمِينَ مَشَيْتُ حَتَّى تَسَوَّرْتُ جِدارَ حائِط أَبِى قَتَادَةَ وَهُوَ ابْنُ عَمِّي وأَحَبُّ النَّاس إِلَيَّ، فَسَلَّمْتُ عَلَيْهِ فَوَاللَّهِ مَا رَدَّ عَليَّ السَّلَامَ، فَقُلْتُ لَهُ: يَا أَبَا قَتَادَةَ، أنْشُدُكَ بالله هَلْ تَعْلَمُنِى أُحِبُّ الله وَرَسُولَهُ ﷺ ؟ فَسَكَتَ، فَعُدْتُ فَنَاشَدْتُهُ فَسَكَتَ، فَعُدْتُ فَنَاشَدْتُهُ، فَقَالَ: اللَّهُ ورَسُولُهُ أَعْلَمُ. فَفَاضَتْ عَيْنَايَ، وَتَوَلَّيْتُ حَتَّى تَسَوَّرْتُ الْجِدَارَ، فَبَيْنَا أَنَا أمْشِى فِى سُوقِ الْمَدِينة إِذَا نَبَطِيٌّ مِنْ نَبَطِ أَهْلِ الشَّام مِمّنْ قَدِمَ بالطَّعَامِ يَبيعُهُ بِالمَدِينَةِ يَقُولُ: مَنْ يَدُلُّ عَلَى كَعْبِ بْنِ مَالِكٍ ؟ فَطَفِقَ النَّاسُ يُشِيرُونَ لَهُ إِلَيَّ حَتَّى جَاءنِى فَدَفَعَ إِلَيَّ كِتَابًا مِنْ مَلِكِ غَسَّانَ، وَكُنْتُ كَاتبًا. فَقَرَأْتُهُ فإِذَا فِيهِ: أَمَّا بَعْدُ، فإِنَّهُ قَدْ بَلَغَنا أنَّ صَاحِبَكَ قَدْ جَفَاكَ وَلَمْ يَجْعَلْكَ اللَّهُ بدَارِ هَوانٍ وَلَا مَضْيَعَةٍ، فَالْحَقْ بنَا نُوَاسِكَ، فَقُلْتُ حِينَ قَرَأْتُهَا: وَهَذِهِ أَيضًا مِنَ الْبَلاءِ، فَتَيَمَّمْتُ بهَا التَّنُّورَ فَسَجَرْتُهَا، حَتَّى إِذَا مَضَتْ أَرْبَعُونَ مِنَ الْخَمْسينَ وَاسْتَلْبَثَ الْوَحْيُ إِذَا رَسُولُ رَسُولِ الله ﷺ يَأْتِيني، فَقَالَ: إِنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَأْمُرُكَ أَنْ تَعْتَزِلَ امْرَأتَكَ، فَقُلْتُ: أُطَلِّقُهَا أمْ مَاذَا أفْعَلُ ؟ فَقَالَ: لَا، بَلِ اعْتَزِلْهَا فَلَا تَقْرَبَنَّهَا، وَأَرْسَلَ إِلَى صَاحِبَيَّ بِمِثْلِ ذَلِكَ. فَقُلْتُ لامْرَأتِى: الْحَقِى بِأَهْلِكِ فَكُونِى عِنْدَهُمْ حَتَّى يَقْضِيَ اللَّهُ فِى هَذَا الْأمْرِ. فَجَاءَتِ امْرَأَةُ هِلَالِ بْنِ أُمَيَّةَ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ فَقَالَتْ لَهُ: يَا رَسُولَ الله، إِنَّ هِلَالَ بْنَ أمَيَّةَ شَيْخٌ ضَائِعٌ لَيْسَ لَهُ خَادِمٌ، فَهَلْ تَكْرَهُ أَنْ أخْدُمَهُ ؟ قَالَ: «لَا، وَلَكِنْ لَا يَقْرَبَنَّكِ» فَقَالَتْ: إِنَّهُ واللَّهِ ما بِهِ مِنْ حَرَكَةٍ إِلَى شَيْءٍ، وَوَالله مَا زَالَ يَبْكِى مُنْذُ كَانَ مِنْ أمْرِهِ مَا كَانَ إِلَى يَوْمِهِ هَذَا. فَقَالَ لِى بَعْضُ أَهْلِى: لَو اسْتَأْذَنْتَ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ فِى امْرَأَتِكَ فَقَدْ أَذِن لاِمْرَأَةِ هلَال بْنِ أمَيَّةَ أَنْ تَخْدُمَهُ ؟ فَقُلْتُ: لَا أسْتَأذِنُ فِيهَا رَسُولَ اللَّهِ ﷺ، وَمَا يُدْرِينِى مَاذَا يقُول رَسُولُ اللَّهِ ﷺ إِذَا اسْتَأْذَنْتُهُ، وَأَنَا رَجُلٌ شَابٌ! فَلَبِثْتُ بِذَلِكَ عَشْرَ لَيَالٍ فَكَمُلَ لَنا خَمْسُونَ لَيْلَةً مِنْ حِينَ نُهِيَ عَنْ كَلَامِنا، ثُمَّ صَلَّيْتُ صَلَاةَ الْفَجْرِ صَبَاحَ خَمْسِينَ لَيْلَةً عَلَى ظَهْرِ بَيْتٍ مِنْ بُيُوتِنَا، فَبَيْنَا أَنَا جَالِسٌ عَلَى الْحالِ الَّتي ذَكَرَ الله تَعَالَى مِنَّا، قَدْ ضَاقَتْ عَلَيَّ نَفْسي وَضَاقَتْ عَلَيَّ الْأَرْضُ بِمَا رَحُبَتْ، سَمِعْتُ صَوْتَ صَارِخٍ أوفَى عَلَى سَلْعٍ يَقُولُ بِأعْلَى صَوتِهِ: يَا كَعْبَ بْنَ مَالِكٍ أبْشِرْ، فَخَرَرْتُ سَاجِدًا، وَعَرَفْتُ أنَّهُ قَدْ جَاءَ فَرَجٌ. فآذَنَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ النَّاسَ بِتَوْبَةِ الله — عز وجل — عَلَيْنَا حِينَ صَلَّى صَلَاةَ الْفَجْر فَذَهَبَ النَّاسُ يُبَشِّرُونَنَا، فَذَهَبَ قِبَلَ صَاحِبَيَّ مُبَشِّرونَ وَرَكَضَ رَجُلٌ إِلَيَّ فَرَسًا وَسَعَى سَاعٍ مِنْ أَسْلَمَ قِبَلِى، وَأَوْفَى عَلَى الْجَبَلِ، فَكانَ الصَّوْتُ أسْرَعَ مِنَ الْفَرَسِ، فَلَمَّا جَاءنِى الَّذِى سَمِعْتُ صَوْتَهُ يُبَشِّرُنِى نَزَعْتُ لَهُ ثَوْبَيَّ فَكَسَوْتُهُمَا إِيَّاهُ بِبشارته، وَاللَّهِ مَا أمْلِكُ غَيْرَهُمَا يَوْمَئِذٍ، وَاسْتَعَرْتُ ثَوْبَيْنِ فَلَبسْتُهُما، وَانْطَلَقْتُ أتَأمَّمُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَتَلَقَّانِى النَّاسُ فَوْجًا فَوْجًا يُهنِّئونَنِى بالتَّوْبَةِ وَيَقُولُونَ لِى: لِتَهْنِكَ تَوْبَةُ الله عَلَيْكَ. حَتَّى دَخَلْتُ الْمَسْجِدَ فَإِذَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ جَالِسٌ حَوْلَه النَّاسُ، فَقَامَ طَلْحَةُ بْنُ عُبَيْدِ اللَّهِ  يُهَرْوِلُ حَتَّى صَافَحَنِى وَهَنَّأَنِى، والله مَا قَامَ رَجُلٌ مِنَ الْمُهَاجِرِينَ غَيْرُهُ — فَكَانَ كَعْبٌ لَا يَنْسَاهَا لِطَلْحَةَ —.

قَالَ كَعْبٌ: فَلَمَّا سَلَّمْتُ عَلَى رَسُولِ الله ﷺ قَالَ وَهُوَ يَبْرُقُ وَجْهُهُ مِنَ السُّرُور: «أبْشِرْ بِخَيْرِ يَوْمٍ مَرَّ عَلَيْكَ مُذْ وَلَدَتْكَ أُمُّكَ» فَقُلْتُ: أمِنْ عِنْدِكَ يَا رَسُولُ اللَّهِ أَمْ مِنْ عِندِ الله ؟ قَالَ: «لَا، بَلْ مِنْ عِنْدِ الله — عز وجل»، وَكَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ إِذَا سُرَّ اسْتَنَارَ وَجْهُهُ حَتَّى كَأَنَّ وَجْهَهُ قِطْعَةُ قَمَرٍ وَكُنَّا نَعْرِفُ ذَلِكَ مِنْهُ، فَلَمَّا جَلَسْتُ بَيْنَ يَدَيْهِ قُلْتُ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، إِنَّ مِنْ تَوْبَتِى أَنْ أنْخَلِعَ مِنْ مَالِى صَدَقَةً إِلَى اللَّهِ وَإِلَى رَسُولهِ. فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «أمْسِكَ عَلَيْكَ بَعْضَ مَالِكَ فَهُوَ خَيْرٌ لَكَ». فَقُلْتُ: إِنِّي أُمْسِكُ سَهْمِى الَّذِى بِخَيبَر. وَقُلْتُ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، إِنَّ الله تَعَالَى إِنَّمَا أنْجَانِى بالصِّدْقِ، وإِنَّ مِنْ تَوْبَتِى أَنْ لَا أُحَدِّثَ إِلَّا صِدْقًا مَا بَقِيتُ، فوَالله مَا عَلِمْتُ أَحَدًا مِنَ الْمُسْلِمِينَ أبْلاهُ الله تَعَالَى فِى صِدْقِ الْحَدِيثِ مُنْذُ ذَكَرْتُ ذَلِكَ لِرَسُولِ الله ﷺ أَحْسَنَ مِمَّا أبْلانِى الله تَعَالَى، واللَّهِ مَا تَعَمَّدْتُ كِذْبَةً مُنْذُ قُلْتُ ذَلِكَ لِرَسُولِ الله ﷺ إِلَى يَوْمِيَ هَذَا، وإِنِّي لأرْجُو أَنْ يَحْفَظَنِى الله تَعَالَى فيما بَقِيَ، قَالَ: فأَنْزَلَ الله تَعَالَى: «لَقَدْ تَابَ اللَّهُ عَلَى النَّبِيِّ وَالْمُهَاجِرِينَ وَالْأَنْصَارِ الَّذِينَ اتَّبَعُوهُ فِى سَاعَةِ الْعُسْرَةِ» حَتَّى بَلَغَ: «إِنَّهُ بِهِمْ رَؤُوفٌ رَحِيم وَعَلَى الثَّلاثَةِ الَّذِينَ خُلِّفُوا حَتَّى إِذَا ضَاقَتْ عَلَيْهِمُ الْأَرْضُ بِمَا رَحُبَتْ» حَتَّى بَلَغَ: «اتَّقُوا اللَّهَ وَكُونُوا مَعَ الصَّادِقِينَ» [ التوبة: 117-119 ] قَالَ كَعْبٌ: واللَّهِ ما أنْعَمَ الله عَليَّ مِنْ نعمةٍ قَطُّ بَعْدَ إِذْ هَدَانِى اللَّهُ لِلْإِسْلَامِ أَعْظَمَ فِى نَفْسِى مِنْ صِدقِى رَسُولَ اللَّهِ ﷺ أَنْ لَا أكونَ كَذَبْتُهُ، فَأَهْلِكَ كَمَا هَلَكَ الَّذينَ كَذَبُوا؛ إِنَّ الله تَعَالَى قَالَ للَّذِينَ كَذَبُوا حِينَ أنْزَلَ الْوَحْيَ شَرَّ مَا قَالَ لأَحَدٍ، فَقَالَ الله تَعَالَى: «سَيَحْلِفُونَ بِاللَّهِ لَكُمْ إِذَا انْقَلَبْتُمْ إِلَيْهِمْ لِتُعْرِضُوا عَنْهُمْ فَأَعْرِضُوا عَنْهُمْ إِنَّهُمْ رِجْسٌ وَمَأْوَاهُمْ جَهَنَّمُ جَزَاءً بِمَا كَانُوا يَكْسِبُونَ يَحْلِفُونَ لَكُمْ لِتَرْضَوْا عَنْهُمْ فَإِنْ تَرْضَوْا عَنْهُمْ فَإِنَّ اللَّهَ لَا يَرْضَى عَنِ الْقَوْمِ الْفَاسِقِينَ» [ التوبة: 95-96 ] قَالَ كَعْبٌ: كُنّا خُلّفْنَا أيُّهَا الثَّلَاثَةُ عَنْ أمْرِ أُولئكَ الذينَ قَبِلَ مِنْهُمْ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ حِينَ حَلَفُوا لَهُ فَبَايَعَهُمْ وَاسْتَغْفَرَ لَهُمْ وأرجَأَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ أمْرَنَا حَتَّى قَضَى الله تَعَالَى فِيهِ بذِلكَ. قَالَ الله تَعَالَى: «وَعَلَى الثَّلاثَةِ الَّذِينَ خُلِّفُوا» وَليْسَ الَّذِى ذَكَرَ مِمَّا خُلِّفْنَا تَخلُّفُنَا عَنْ الْغَزْو، وإِنَّمَا هُوَ تَخْلِيفُهُ إِيّانا وإِرْجَاؤُهُ أمْرَنَا عَمَّنْ حَلَفَ لَهُ واعْتَذَرَ إِلَيْهِ فقبِلَ مِنْهُ

وفي روايةٍ: أنَّ النَّبيَّ ﷺ خَرَجَ يَومَ الخَمِيسِ في غَزْوَةِ تَبُوكَ، وكانَ يُحِبُّ أنْ يَخْرُجَ يَومَ الخَمِيس

وفي روايةٍ: أن رسول الله ﷺ كان لا يقدم من سفر إلا نهارا في الضحى فإذا قدم بدأ بالمسجد فصلى فيه ركعتين ثم جلس فيه

Қазақша аудармасы

Абдуллаһ ибн Кағб ибн Мәлик (Кағб (р.а.) көз жанарынан айырылған кезде ұлдарының бірі осы Абдуллаһ оны жетектеп жүретін болған): «Кағб ибн Мәликтің (р.а.) Тәбук жорығы кезінде Алла елшісімен ﷺ бірге жорыққа шыға алмаған кездегі оқиғасы жайлы айтқанын естідім. Кағб әңгімесін былай өрбітті: «Тәбук жорығынан басқа бірде-бір жорықта Алла елшісіне қосылмай қалып қойған емеспін. Дегенмен мен Бәдір соғысына да қатыспаған едім, сонда соғысқа қатыспаған бірде бір жан сөгіс естімеген еді. Өйткені ол кезде Алла елшісі мен мұсылмандар құрайыштықтардың керуенін басуды мақсат етіп шыққан-тын, нәтижеде Алла Тағала олар мен дұшпандарын ойламаған жерден бетпе-бет келтірген еді. Расында исламды қабылдауға серттескен Ақаба түнінде Алла елшісімен бірге болдым. Ел-жұрттың аузындағы ең айтулы оқиға Бәдір соғысы болса да, Ақаба сертін Бәдір соғысына айырбастамас едім. Ал Тәбук жорығы кезінде Алла елшісіне қосылмай қалып қойғандағы жағдайыма келсек, мен еш уақытта дәл сол кездегідей күшті һәм бақуатты болған емеспін. Алланың атымен ант етейін! Сол жорық болатын шақта, ғұмырымда бірінші рет бір малым екеу болып, екі бірдей түйені иемденген едім. Алла елшісі қандай да бір ғазауатқа шығуды қалағанда, мақсатын ашық айтпай, тұспалдап қана білдіретін. Алайда бұл жорықта күн аптап ыстық, сапар тым ұзақ болғандықтан, алдында ұшы-қиыры жоқ шөл дала жатқандықтан, сондай-ақ қарасы мол қалың қолмен соғысуға аттанатындығы себепті, Алла елшісі мұсылмандарға жорыққа жақсылап қамданулары үшін мән-жайды бүкпесіз ашып айтып, оларды нақты қайда бет алатындықтарынан хабардар етті. Сол кезде Алла елшісімен бірге жорыққа аттануға бел буған мұсылмандардың қарасы мол болды. Олардың бәрін тізімге алатын арнайы тіркеу кітабы да болмаған еді». Қағб сөзін жалғастырып былай деді: «Алладан арнайы уахи түспесе бар-жоғымды ешкім біле қоймас деп ойлаған бірен-саран адамды айтпағанда, жорыққа қатысқысы келмегендер тіптен аз болды. Алла елшісі сол жорыққа жемістер пісіп, көлеңкелі, саялы жерлер жанға жайлы болған шақта (яғни күн аптап ыстықта) аттанған еді, ол кезде менің көңілім пісіп тұрған жеміс пен саялы көлеңкеге ауып тұрған еді. Содан Алла елшісі мен мұсылмандар жорыққа дайындық жасай бастады. Мен де дайындық жасау мақсатында (базарға) шығып, түк бітірместен қайтып келіп жүрдім. Ішімнен: «Қаласам (яғни шындап кіріссем) аз уақыт ішінде дайындалуға шамам жетеді», – деп жүре беріппін. Сөйтіп жүргенімде жұрттың бәрі білек сыбана дайындық жасап, ақыры Алла елшісі мен мұсылмандар жорыққа аттанып кетті. Ал мен болсам әлі күнге дейін жорыққа қажетті дүниелерді қамдамаған едім. Дайындықтың қамымен тағы да таңертең шығып, түк бітірместен кешке қайта оралдым. Мен осылайша қамдану ісін созбаққа салып жүргенімде, әскер күн санап алдыға озып, жорықтың ауылы тым алыстап кетті. Сонда да дереу жолға шығып, оларды қуып жетуге бекіндім. Шіркін, солай істесем ғой! Дегенмен ол да маған бұйырмады. Алла елшісі жорыққа аттанғаннан кейін адамдар арасынан өзіме үлгі болар ешкімді таппай қамықтым. Өйткені айналама қарасам, жорыққа шықпай қалып қойғандар тек екіжүзділікпен айыпталғандар немесе Алла Тағала үзірлі қылған әлжуаз жандар ғана екен. Алла елшісі Тәбукке жеткенге дейін мені іздемепті. Кейін Табукте бір топ сахабалар қауымымен бірге отырғанында: «Кағб ибн Мәлик не істеді екен?» – деп сұрапты. Сонда Бәну сәләмалық бір кісі: «Уа, Расулалла! Оған тәкаппарлығы мен менмендігі тосқауыл болды», – дейді. Сонда Мұғаз ибн Жәбәл (р.а.) оған қарсы: «Айтқан мына сөзің қандай жаман еді! Уа, Расулалла! Алланың атымен ант етейін! Біз оны тек жақсы жағынан ғана таныдық», – дейді. Алла елшісі болса үнсіз қалады. Солай үнсіз отырғанында сонау көз ұшындағы мұнар сағым ішінен ағараңдаған ақ киімді кісіні көріп: «Әбу Хайсама болғайсың!» – деп тілейді. Сөйтсе, ол расымен де ансарлық Әбу Хайсама болып шығады. Кезінде бір «сағ» (яғни үш-төрт қосуыс) құрма садақа бергенде, мұнафықтар келемеждеп, жазғырған кісі сол еді.1 Кағб сөзін былай жалғады: «Расында, Алла елшісі ат басын кері бұрып, Тәбуктен қайтып келе жатыр деген хабар жеткенде, мені мұң басты. Ертең оның ашуынан қалай құтылсам екен деп, өтірік сылтау ойластыра бастадым, сондай-ақ, ет жақындарымның ішінен ақыл-кеңес бере алатындардан ақыл сұрай бастадым. Алла елшісі келіп қалды, дегенді естігенде, көкейімдегі жалған ой ұшты-күйлі жоғалды, өйткені одан ешқандай сылтаумен құтыла алмайтынымды анық білдім, содан бар шындықты айтуға бел будым. Содан таң ата Алла елшісі (Мәдинаға) келіп жетті. Әдетте ол сапардан келгенде алдымен мешітке бас сұғып, екі бас (рәкағат) намаз оқитын, содан кейін (мешітте отырып) ел-жұртпен мәжіліс құратын еді. Ол бұл жолы да әдетінен танбай солай істегеннен кейін, оған жорыққа шықпаған сексеннен аса адам келіп, әртүрлі үзір-сылтау айтып, ант-су ішті. Алла елшісі олардың барлығының айтқан үзірі мен сертін қабыл алып, олар үшін Алладан кешірім тіледі, ал іштеріне бүккендерін Аллаға тапсырды. Содан мен де келдім. Сәлем бергенімде ол ашулы кейіпте жымиды да: «Бері кел», – деді. Мен жақындап келіп, Алла елшісінің алдына отырдым. Ол маған: «Саған не тосқауыл болды? Мініс көлігіңді сатып алмап па едің?» – деді. Мен болсам: «Уа, Расулалла! Алланың атымен ант етейін! Егер басқа біреудің алдында отырғанымда, әйтеуір бір үзір-сылтау тауып, ашу-ызасынан құтылар едім. Өйткені маған шешендік қабілет берілген. Алайда Аллаға серт! Егер бүгін сізге сөзіме сендіріп, разы ететіндей өтірік сылтау айтсам, бәрібір Алланың көп ұзамай-ақ мені сіздің ашуыңызға тап қылатынына (яғни Алланың сізге уахи арқылы шындықты білдіретініне) кәмілмін. Ал егер сізге ағымнан жарылып, шындықты айтсам, біраз ашуланарсыз, әйтседе мен шындықты айтып, құдіреті күшті Алладан соның ақырының қайырлы болуын үміт етемін. Алланың атымен ант етейін, менде ешқандай үзір болған жоқ. Аллаға серт! Жағдайым еш уақытта дәл сол сізге ермей қалып қойған кездегідей қуатты һәм бақуатты болған емес», – дедім. Сонда Алла елшісі: «Ал мынау болса рас айтты. Алла Тағала саған қатысты Өз үкімін шығарғанға дейін бара бер», – деді. Сол кезде Бәну Сәләма руынан бірнеше кісі соңымнан еріп: «Аллаға серт! Сенің бұрын соңды ағаттық жасағаныңды көрмедік. Жорыққа қатыспаған өзге ел-жұрт сияқты сен де Алла елшісіне бір үзір айта салатын жайың бар еді ғой. Алла елшісінің сен үшін Алладан кешірім тілеуі жасаған қателігіңді жуып-шаюға жеткілікті болар еді ғой», – деп соңымнан қалмады. Алланың атымен ант етейін! Олардың осылайша соңымнан қалмай мені жазғырғаны соншалық, мен тіпті, Алла елшісіне қайтадан барып, өз-өзімді жалғанға шығарғым келді. Содан кейін олардан: «Менімен бірге осынау қиын жағдайға тап болған біреу бар ма?» – деп сұрадым. Олар: «Иә, сенімен бірге дәл мұндай жағдайға тағы екі кісі тап болды. Екеуі де сен сияқты шындығын айтты, нәтижеде оларға да дәл саған айтылған сөз айтылды», – деп жауап берді. Сонда: «Ол екеуі кім?» – деп сұрағанымда: «Олар Мурара ибн ар-Рабиғ әл-Амрий және Һилал ибн Умәйя әл-Уақифий», – деп, Бәдір соғысына қатысқан ізгі һәм өнегелі екі сахабаны атады. Олар маған сол екеуі жайлы айтқанда, тәуекел етіп, кете бардым.

Алла елшісі жорыққа шықпай (Мәдинада) қалып қойғандардың арасынан үшеуімізбен сөйлесуге тыйым салды. Содан бастап ел-жұрттың бізге деген мәмілесі өзгеріп, барлығы бізден іргесін аулақ сала бастады. Тіпті тіршілік етіп жүрген жерім мен үшін бейтаныс, бөтен жерге айналып, (өз жерімде бейшара өгейдің күйін кеше) бастадым. Біз тап болған осынау қиын жағдай тура елу «түнге» (күнге) созылды. Әлгі екі мұңдасым болса, бұл жағдайға көніп, үйлерінде отырып жылаумен болды. Ал мен болсам, ол екеуіне қарағанда әлдеқайда жас әрі қуатты едім. Мешітке барып, мұсылман жамағатымен бірге намаз оқып, базарларды кезіп жүрдім. Бірақ, менімен ешкім сөйлеспейтін. Намаздан кейін мәжіліс құрып отырғанында Алла елшісіне барып, сәлем беремін. Ішімнен: «Берген сәлемімді алып, еріндерін қимылдатты ма жоқ па, деп уайымдаймын. Сосын ол кісіге барынша жақын тұрып, намаз оқимын һәм оған ұрланып қараймын. (Тәкбір алып), намазды бастағанымда Пайғамбарымыз маған қарайтын. Ал өзіне бұрылып қарасам, менен теріс айналатын. Ақыры, мұсылмандардың ұзақ уақытқа созылған суық қарым-қатынасынан әбден қажыған соң, немере ағам һәм ең жақсы көретін адамым Әбу Қатадаға бардым. Дуалынан асып түсіп, алдына барып, оған сәлем бердім. Алланың атымен ант етейін! Ол менің сәлемімді алмалды. Сонда оған: «Уа, Әбу Қатада! Алланың атымен өтініп сұраймын, сен менің Алла мен Оның елшісін қалай жақсы көретінімді білесің бе?» – дедім. Ол үндемеді. Мен оған тағы да Алланың атын атап, жалынышты үн қаттым. Ол тағы да үндемеді. Мен үшінші рет Алланың атымен өтініп сұрағанымда: «Алла және Оның елшісі жақсы біледі!» – дегеннен басқа үн қатпады. Сол кезде қос жанарым көлкілдеген жасқа толған күйде кері бұрылып, дуалды асып түсіп, жөніме кете бардым. Бір күні Мәдина базарында келе жатсам, Шам елінен Мәдинаға азық сатуға келген бір (христиан) шаруа: «Мені Кағб ибн Мәликпен кім жолықтырады?» – деп жүр екен. Содан ел-жұрт оған мені нұсқап көрсете бастады. Ол маған келіп Ғассан елінің әміршісі жолдаған бір хатты ұстатып кетті. Мен жазу-сызу білетін едім. Хатты оқысам: «Расында, бізге жолдасыңның сенен іргесін аулақ салғандығы жайлы хабар жетті. Алла сенің (ел ішінде) жалғыз қалып, қор болуыңа, құқығыңның аяқ асты етілуіне жол бермейді! Сен бізге қосыл, біз саған сүйеу боламыз!» – деп жазылған екен. Хатты оқыған соң: «Бұл да бір сынақ қой», – дедім де, ошаққа қарай бет алып, отқа жағып жібердім.

Елу тәуліктің қырық күні өтіп, уахи да кешіккен еді. Бір күні Алла елшісінің елшісі келіп: «Алла елшісі саған жұбайыңа жақындамауды бұйырып жатыр», – деді. Сонда мен: «Сонда талақ қылайын ба әлде не істейін?» – деп сұрап едім: «Жоқ, тек қана оқшаулан, оған жақындаушы болма», – деді. Алла елшісі әлгі екі жолдасыма да хабаршы жолдап, дәл сондай бұйрық беріпті. Мен жұбайыма: «Төркініңе бар да, Алла бұл іске қатысты өз үкімін бергенше сонда бол», – дедім. Ал Һиләл ибн Умәйянің қосағы болса, Алла елшісіне барып: «Уа, Расулалла! Расында, Һиләл ибн Умәйя қаусаған қарт кісі, қызметшісі де жоқ еді. Оған қызмет еткенімді де қаламайсыз ба?!» – деп сұрады. Алла елшісі: «Жоқ, (қызмет етуіңе болады), бірақ саған жақындаушы болмасын», – деп жауап берді. Сонда әлгі әйел: «Алланың атымен ант етейін! Ол кісінің еш нәрсеге құлқы жоқ. Алланың атымен ант етейін! Осы жағдайға тап болған күннен бастап бүгінге дейін жылауда», – деді. Бірқатар туыстарым маған: «Жұбайыңа қатысты Алла елшісінен рұқсат сұрасаң қайтеді. Ол Һиләл ибн Умәйянің жұбайына күйеуіне қызмет етуге рұқсат берді ғой», – деп кеңес айтты. Сонда мен: «Алла елшісінен оған қатысты рұқсат сұрамаймын. Рұқсат сұраған күннің өзінде Алла елшісінің не айтатынын қайдан білем, мен жаспын ғой», – деп бас тарттым. Сөйтіп, сол халде он түн (күн) өткіздім. Міне, осылайша бізбен сөйлесуге тыйым салынған күннен бастап есептегенде тура елу түн (күн) толды.

Елуінші түннің таңында үйіміздің төбесінде таң намазын оқыдым. Сөйтіп Алланың бізге қатысты айтқанындай, «жер беті кеңдігіне қарамастан маған тар келіп, жаным қысылып, жан азабын тартып отырғанымда, «Сәлғ» тауына шығып: «Уа, Кағб ибн Мәлик! Сүйінші!» – деп айқайлаған бір кісінің дауысын естідім. (Әлі дауысты естіген бойда) бір жеңілдіктің келгенін сезіп, бірден сәждеге жығылдым. Сөйтсем, Алла елшісі таң намазын оқыған кезде ел-жұртқа құдіреті күшті, ұлы Алланың біздің тәубемізді қабыл алғанын жариялаған екен. Содан жұрттың бәрі бізді сүйіншілеуге аттаныпты. Әлгі екі жолдасыма да сүйінші сұрайтын хабаршылар жөнеліпті. Біреу маған қарай атпен шапса, Әсләм руынан бір кісі тауға шығып, бар даусымен айқайлаған екен. Әлгі дауыс маған жылқыға қарағанда жылдам жетті. Әлгі мен естіген дауыс иесі маған сүйінші сұрап келгенде, жеткізген қуанышты хабарының сүйіншісі ретінде оған үстімдегі қос киімімді шешіп кигіздім. Алланың атымен ант етейін! Сол күні менің әлгі киімдерімнен басқа киім-кешегім жоқ еді. Содан біреуден уақытша киім сұрап алдым да, бірден Алла елшісіне қарай бет алдым. (Жол-жөнекей ұшырасқан) адамдар мені лек-легімен қошеметтеп: «Алланың тәубеңді қабыл алғаны құтты болсын!» – деп бірінен кейін бірі құттықтап жатты. Сөйтіп мешітке кіріп келсем, Алла елшісі жамағатпен бірге отыр екен. Сол кезде Талха ибн Убайдулла (р.а.) орнынан атып тұрып, маған қарай асыға басып келді де, қолымды алып құттықтады. Аллаға серт! Мұһажырлардан одан басқа ешкім орынан тұрған жоқ. (Кағб Талханың бұл ісін еш ұмытқан емес). Кағб сөзін былай жалғады: Артынша Алла елшісіне сәлем бергенімде қуаныштан жүзі бал-бұл жайнап: «Анаңнан туған күннен бастап өткізген күндеріңнің ең қайырлысымен қуанғайсың!» – деді. Сонда мен: «Уа, Расулалла! Бұл сізден бе әлде Алладан ба?!» – деп сұрағанымда, ол: «Жоқ, құдіреті күшті ұлы Алладан!» – деп жауап берді. Алла елшісі қуанғанда (мүбәрак) жүзі бейне бір жарық айдай нұрланып кететін, оның қуанып тұрғанын содан білетін едік. Сосын Пайғамбарымыздың алдына отырып: «Уа, Расулалла! Осынау тәубемнің қабыл болуына шүкіршілік ретінде бүкіл мал-мүлкімді Алла мен Елшісінің жолында садақа қылып беріп жіберемін», – дедім. Алла елшісі болса: «Мал-мүлкіңнің біразын алып қал. Сол саған қайырлы», – деп айтты. Олай болса Хайбарда алған үлесімді алып қаламын дедім. Содан кейін: «Уа, Расулалла! Расында, Алла Тағала мені шыншылдық арқылы құтқарды. Ендеше, тәубемнің шынайы белгісі – қалған өмірімде де тек шын сөйлеуім», – деп айттым. Алламен ант етейін! Осы сөзді Алла елшісіне айтқанымнан бері, тек қана шындықты айту мәселесінде, Алланың басқа біреуге менен артық нығмет бергенін көрмедім (яғни, Алла Тағала маған осы сөзді айтқалы бері әрдайым тек шындықты ғана сөйлеуіме сәттілік берді). Сонымен қоса, осы сөзді Алла елшісіне айтқан күннен бастап бүгінге дейін жалған туралы ойланған да емеспін. Алладан қалған ғұмырымды да жалған атаулыдан сақтауын тілеймін. Алла Тағала сол бір оқиғаға қатысты: «Расында, Алла пайғамбарын шексіз мейіріміне бөледі. Сондай-ақ өте қиын шақта пайғамбардың соңынан ерген мұһажырлар мен ансарларға, әсіресе, араларындағы кей адамдарға жүректері тайқуға шақ қалғанда, рақымын төгіп, күш жігер берді. Сөйтіп олардың барлығын шексіз мейіріміне бөледі. Шүбәсіз, Алла пайғамбарына һәм мұһажырлар мен ансарларға сондай жанашыр, ерекше мейірімді. Сондай-ақ артта қалып қойған үш кісінің де тәубесін қабыл етіп, шексіз мейіріміне бөледі. Жер беті оларға кеңдігіне қарамастан тар келген еді...» дегеннен бастап: «Аллаға тиісінше тағзым етіңдер әрі Оған қарсы келуден барынша сақтаныңдар, сондай-ақ шыншыл жандармен бірге болыңдар!» – деп аяттарын түсірді [Тәубе: 117-119].

Алламен ант етейін! Алла Тағала мені исламға жетелегеннен кейін Алла елшісіне шындықты айтуымнан асқан үлкен нығмет берген емес. Раббымның шексіз мейірімі әрі сәттілігімен Пайғамбарымызға жалған сөйлемедім. Егер де солай істегенімде жалған айтқандар құрдымға ұшырағаны сияқты мені де қырсық шалатын еді. Расында, Алла Тағала жалған сылтау айтқандарға қатысты: «Жорықтан (аман-есен) оралып, олармен қайта қауышқандарыңда, өздеріне кінә тағып, жауапқа тартпауларың үшін алдарыңда Алланың атымен қайта-қайта ант ішіп (айтқан сылтауларына сендіруге тырысты). Олардан теріс айналыңдар! Өйткені олар, шынымен, лас қауым. Олардың өз қолымен істеген күнәлары себепті ақырында барып паналайтын жері жәһаннам болмақ. Олар сендерді разы ету үшін, алдарыңда Алланың атымен ант ішеді. Сендер оларға қанша жерден разы болсаңдар да, біліп қойыңдар, Алла тура жолдан тайған азғын қауымға әсте разы болмайды», – деген еді [Тәубе: 95-96].

Ант-су ішіп, Алла елшісіне сылтау айтқан адамдардан үш кісі болып қалып қойдық. Пайғамбарымыз болса әлгі көпшіліктің үзірлерін қабыл алып, Алладан олар үшін кешірім тілеп жатты. Ал біздің ісімізді Алла Тағала өзі үкім айтқанға дейін кейінге қалдырды. Ақырында Алла Тағала: «Сондай-ақ артта қалып қойған үш кісінің де...» деген аятын түсірді.

Аяттағы айтылған артта қалудан мақсат, біздің жорыққа бара алмай қалып қоюымыз емес, Алла елшісінің әлдекім ант-су ішіп, үзір айтқан кезде оның үзірін қабыл алып, бізді кейінге шегеріп, ісімізді қарауды қоя тұруы еді», – деп айтқан еді», – деп жеткізеді. (Бұхари: 4418; Муслим: 7016; Ахмад: 27175).

Басқа бір риуаятта: «Шынында, Алла елшісі ﷺ Тәбук жорығына бейсенбі күні аттанды. Ол кісі бейсенбі күні жолға шығуды ұнататын», – деп келсе, екінші бір риуаятта: «Алла елшісі сапардан тек күндіз сәске уақытында ғана оралатын. Сапардан келгенде алдымен мешітке кіріп, екі бас намаз оқитын, сосын сонда отырып, (көпшілікпен жүздесіп, амандық-саулық сұрасатын)», – делінген.

Орысша аудармасы

Абдуллах ибн Кааб ибн Малик, один из сыновей Кааба (да будет доволен им Аллах), водивший отца за руку после того, как тот лишился зрения, передал, что слышал рассказ Кааба ибн Малика (да будет доволен им Аллах) о случившемся с ним, когда тот не смог выступить вместе с Посланником Аллаха ﷺ в поход на Табук. Кааб начал свой рассказ так: «Я не пропустил ни одного похода Посланника Аллаха ﷺ, кроме похода на Табук. Я не участвовал и в битве при Бадре, однако тогда никто из тех, кто не принял участия в сражении, не подвергся порицанию. Ведь Посланник Аллаха ﷺ и мусульмане выступили с намерением перехватить караван курайшитов, однако Аллах Всевышний неожиданно свёл их лицом к лицу с врагами. Поистине, я был вместе с Посланником Аллаха ﷺ в ночь при Акабе, когда мы дали клятву верности исламу. Хотя битва при Бадре пользовалась среди людей большей известностью, я ни за что не променял бы клятву при Акабе на участие в битве при Бадре.

Что же касается обстоятельств, при которых я не выступил вместе с Посланником Аллаха ﷺ в поход на Табук, то никогда прежде я не был так силён и обеспечен, как в то время. Клянусь Аллахом! До того похода у меня никогда не было двух верблюдов одновременно, а к его началу я владел сразу двумя. Когда Посланник Аллаха ﷺ намеревался выступить в какой-либо военный поход, он обычно не раскрывал своей цели прямо, а лишь намекал на неё. Однако на этот раз стояла невыносимая жара, предстоял очень долгий путь через бескрайнюю пустыню, а сражаться надлежало с многочисленным войском. Поэтому Посланник Аллаха ﷺ, чтобы мусульмане хорошо подготовились к походу, открыто разъяснил им все обстоятельства и сообщил, куда именно они направятся. Число мусульман, решивших выступить в поход вместе с Посланником Аллаха ﷺ, было велико, а особой книги, в которую можно было бы внести имена всех участников, в то время не существовало».

Кааб продолжил свой рассказ: «Тех, кто не желал участвовать в походе, было совсем мало – лишь отдельные люди, полагавшие, что об их отсутствии никто не узнает, если только Аллах не ниспошлёт об этом особого откровения. Посланник Аллаха ﷺ выступил в этот поход в пору, когда плоды уже созрели, а прохладная тень особенно радовала душу (то есть в пору изнуряющей жары); моё же сердце тянулось к спелым плодам и прохладе тенистых мест. Посланник Аллаха ﷺ и мусульмане начали готовиться к походу. Я тоже выходил на рынок, намереваясь подготовиться, но всякий раз возвращался, ничего не сделав. Я продолжал успокаивать себя: “Если захочу (то есть если возьмусь за дело всерьёз), то смогу подготовиться за короткое время”. Пока я так поступал, все остальные, засучив рукава, усердно готовились, и в конце концов Посланник Аллаха ﷺ вместе с мусульманами отправился в поход. Я же к тому времени всё ещё не подготовил ничего необходимого. На следующее утро я вновь вышел, намереваясь заняться приготовлениями, но к вечеру снова вернулся, ничего не сделав. Пока я продолжал откладывать приготовления, войско с каждым днём уходило всё дальше, и расстояние между нами стало слишком велико. Тем не менее я решил немедленно отправиться в путь и догнать их. Ах, если бы я так и поступил! Однако и это не было мне суждено. После того как Посланник Аллаха ﷺ отправился в поход, меня удручало, что среди оставшихся людей я не находил никого, кто мог бы служить мне примером. Куда бы я ни посмотрел, среди тех, кто не выступил в поход, я видел лишь людей, обвинённых в лицемерии, либо слабых, которых Аллах Всевышний освободил от участия по уважительной причине. Посланник Аллаха ﷺ не спрашивал обо мне, пока не достиг Табука. Там, сидя среди группы сподвижников, он спросил: “Что же случилось с Каабом ибн Маликом?” Один человек из племени Бану Салама ответил: “О Посланник Аллаха! Ему помешали его гордыня и высокомерие”. Тогда Муаз ибн Джабаль (да будет доволен им Аллах) возразил ему: “Как же дурно ты сказал! О Посланник Аллаха! Клянусь Аллахом, мы знали о нём только хорошее”. Посланник Аллаха ﷺ промолчал. Сидя молча, он заметил вдали, в зыбком мареве, силуэт человека в белых одеждах и воскликнул: “О, пусть это будет Абу Хайсама!” И это действительно был Абу Хайсама из ансаров – тот самый человек, которого лицемеры высмеивали и порицали за то, что однажды он пожертвовал в качестве милостыни один са‘ (то есть три-четыре двойные пригоршни) фиников1».

Кааб продолжил свой рассказ: «Когда до меня дошла весть о том, что Посланник Аллаха ﷺ возвращается из Табука, меня охватила печаль. Я стал придумывать ложные оправдания, спрашивая себя: “Как же мне завтра избежать его гнева?” Затем я начал советоваться с теми из своих близких родственников, кто мог дать мне разумный совет. Но когда я услышал, что Посланник Аллаха ﷺ уже приближается, все мысли о ложных оправданиях бесследно исчезли из моего сердца. Я ясно осознал, что никакими оправданиями не смогу избежать его гнева, и твёрдо решил сказать всю правду. На следующее утро Посланник Аллаха ﷺ прибыл в Медину. Обычно, вернувшись из путешествия, он прежде всего заходил в мечеть, совершал молитву в два цикла (два ракаата), а затем садился в мечети и принимал людей. И на этот раз он поступил по своему обыкновению. После этого к нему пришли более восьмидесяти человек, не выступивших в поход. Они стали приводить различные оправдания и подкреплять их клятвами. Посланник Аллаха ﷺ принял оправдания и клятвы каждого из них, попросил Аллаха простить их, а сокрытое ими в сердцах вверил Аллаху. Затем пришёл и я. Когда я поприветствовал его, он улыбнулся, однако в его улыбке сквозил гнев, и сказал: “Подойди”. Я приблизился и сел перед Посланником Аллаха ﷺ. Он спросил меня: “Что помешало тебе выступить? Разве ты не приобрёл для себя верхового верблюда?” Я ответил: “О Посланник Аллаха! Клянусь Аллахом! Если бы я сейчас сидел перед кем-либо другим, то непременно нашёл бы какое-нибудь оправдание и сумел бы избежать его гнева, ибо я наделён красноречием. Но клянусь Аллахом! Если сегодня я приведу Вам ложное оправдание, сумею убедить Вас и добиться Вашего расположения, то я уверен, что вскоре Аллах всё равно сделает так, что Вы разгневаетесь на меня (то есть Аллах посредством откровения сообщит Вам истину). Если же я откровенно скажу Вам правду, Вы, возможно, разгневаетесь на меня, однако, говоря правду, я надеюсь на благой исход от Всемогущего Аллаха. Клянусь Аллахом, у меня не было никакого оправдания. Клянусь Аллахом! Никогда прежде я не был таким сильным и обеспеченным, как тогда, когда не последовал за Вами”».

Кааб продолжил: «Тогда Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Что касается этого человека, то он сказал правду. Ступай и жди, пока Аллах Всевышний не вынесет Своего решения относительно тебя”. Несколько человек из Бану Салама последовали за мной и неотступно твердили: “Клянёмся Аллахом! Прежде мы никогда не видели, чтобы ты совершал подобный проступок. Ты ведь мог, подобно другим людям, не участвовавшим в походе, привести Посланнику Аллаха ﷺ какое-нибудь оправдание. Мольбы Посланника Аллаха ﷺ к Аллаху о твоём прощении было бы достаточно, чтобы искупить совершённую тобой ошибку”. Клянусь Аллахом! Они шли за мной, так настойчиво повторяя эти слова и упрекая меня, что я едва не вернулся к Посланнику Аллаха ﷺ, чтобы отказаться от своих прежних слов и объявить их ложью. Затем я спросил их: “Есть ли ещё кто-нибудь, оказавшийся в таком же тяжёлом положении, как я?” Они ответили: “Да, вместе с тобой в точно таком же положении оказались ещё два человека. Они, как и ты, сказали правду, и им ответили то же самое, что и тебе”. Я спросил: “Кто эти двое?” Они ответили: “Мурара ибн ар-Раби аль-Амири и Хиляль ибн Умайя аль-Вакифи”. Так они назвали мне двух праведных сподвижников, участвовавших в битве при Бадре и достойных подражания. Услышав от них имена этих двоих, я положился на Аллаха и ушёл.

Посланник Аллаха ﷺ запретил людям разговаривать с нами троими из числа тех, кто не выступил в поход и остался в Медине. С тех пор отношение людей к нам изменилось, и все стали сторониться нас. Даже земля, на которой я жил, стала для меня незнакомой и чужой, и я чувствовал себя на собственной земле несчастным чужаком. В таком тяжёлом положении мы провели ровно пятьдесят ночей (дней). Двое моих товарищей смирились с происходящим: они оставались в своих домах и непрестанно плакали. Я же был гораздо моложе и сильнее их. Я ходил в мечеть, совершал намаз вместе с мусульманской общиной и бродил по рынкам, но никто со мной не разговаривал. Когда после намаза Посланник Аллаха ﷺ сидел среди людей, я подходил к нему и приветствовал его, а сам тревожно спрашивал себя: “Шевельнул ли он губами, отвечая на моё приветствие, или нет?” Затем я старался встать на молитву как можно ближе к нему, совершал намаз и украдкой поглядывал на него. Когда я начинал намаз, произнеся такбир, наш Пророк ﷺ смотрел на меня, но стоило мне взглянуть в его сторону, как он отворачивался.

Наконец, совершенно измученный долгим отчуждением мусульман, я отправился к своему двоюродному брату Абу Катаде, самому дорогому для меня человеку. Я перелез через его ограду, подошёл к нему и поприветствовал его. Клянусь Аллахом! Он не ответил на моё приветствие. Тогда я сказал ему: “О Абу Катада! Заклинаю тебя Аллахом, знаешь ли ты, как сильно я люблю Аллаха и Его Посланника ﷺ?” Он промолчал. Я вновь обратился к нему, заклиная Аллахом, но он снова промолчал. Когда же я в третий раз обратился к нему, заклиная Аллахом, он лишь ответил: “Аллах и Его Посланник знают лучше!” Тогда мои глаза наполнились слезами. Я повернулся, вновь перелез через ограду и ушёл. Однажды, когда я шёл по рынку Медины, один земледелец-христианин, прибывший из Шама, чтобы продавать в Медине продовольствие, спрашивал у людей: “Кто отведёт меня к Каабу ибн Малику?” Люди стали указывать ему на меня. Он подошёл ко мне и передал письмо от правителя Гассана. Я умел читать и писать. Раскрыв письмо, я прочёл: “Поистине, до нас дошло известие, что твой товарищ отстранился от тебя. Аллах не допустит, чтобы ты остался среди своего народа в одиночестве, подвергся унижению, а твои права попирались! Присоединяйся к нам – и мы станем твоей опорой!” Прочитав письмо, я сказал: “Это тоже испытание”, – после чего подошёл к очагу и сжёг письмо в огне. Когда миновали сорок из пятидесяти дней, а откровение всё ещё не было ниспослано, ко мне пришёл посланец Посланника Аллаха ﷺ и сказал: “Посланник Аллаха ﷺ повелевает тебе не приближаться к своей жене”. Я спросил: “Мне следует развестись с ней или сделать что-то другое?” Он ответил: “Нет, просто держись от неё в стороне и не приближайся к ней”. Посланник Аллаха ﷺ отправил посланцев и к двум моим товарищам, передав им такое же повеление. Тогда я сказал своей жене: “Отправляйся к своим родным и оставайся у них, пока Аллах не вынесет Своего решения по этому делу”. Жена Хиляля ибн Умайи пришла к Посланнику Аллаха ﷺ и сказала: “О Посланник Аллаха! Поистине, Хиляль ибн Умайя – немощный старик, у которого нет слуги. Неужели Вы не позволяете мне ухаживать за ним?” Посланник Аллаха ﷺ ответил: “Нет, ты можешь ухаживать за ним, однако он не должен приближаться к тебе”. Тогда женщина сказала: “Клянусь Аллахом! У него нет никакого желания. Клянусь Аллахом! С того дня, как нас постигло это несчастье, и до сегодняшнего дня он непрестанно плачет”. Некоторые из моих родственников посоветовали мне: “Почему бы тебе не обратиться к Посланнику Аллаха ﷺ за разрешением, касающимся твоей жены? Ведь он позволил жене Хиляля ибн Умайи ухаживать за мужем”. Я ответил: “Я не стану просить у Посланника Аллаха ﷺ такого разрешения. Даже если попрошу, откуда мне знать, что скажет Посланник Аллаха ﷺ? Ведь я ещё молод”.

Так я провёл в этом положении десять ночей (дней). Таким образом, с того дня, когда людям запретили разговаривать с нами, минуло ровно пятьдесят ночей (дней). На рассвете пятидесятой ночи я совершил утреннюю молитву на крыше нашего дома. И вот, когда, как сказал о нас Аллах, “земля, несмотря на всю её широту, стала для меня тесной, а душа моя сжалась от мук”, до меня донёсся голос человека, который поднялся на гору Саль и кричал: “О Кааб ибн Малик! Радуйся благой вести!” Едва услышав этот голос, я почувствовал, что пришло облегчение, и тотчас пал ниц в земном поклоне. Как выяснилось, после совершения утренней молитвы Посланник Аллаха ﷺ объявил людям, что Всемогущий и Великий Аллах принял наше покаяние. Тогда все поспешили сообщить нам радостную весть. К двум моим товарищам также отправили вестников с благой вестью. Ко мне поскакал всадник, а один человек из племени Аслам поднялся на гору и закричал во весь голос. Его голос достиг меня раньше, чем прискакал всадник. Когда человек, чей голос я услышал, пришёл ко мне с благой вестью, я снял обе свои одежды и отдал их ему в награду за принесённую радостную весть. Клянусь Аллахом! В тот день у меня не было иной одежды, кроме этих двух. Тогда я взял у кого-то одежду взаймы, надел её и сразу же направился к Посланнику Аллаха ﷺ. По пути люди толпами радостно встречали меня и один за другим поздравляли: “Да будет благом для тебя то, что Аллах принял твоё покаяние!” Когда я вошёл в мечеть, Посланник Аллаха ﷺ сидел там вместе с людьми. В этот момент Тальха ибн Убайдуллах (да будет доволен им Аллах) вскочил со своего места, поспешил ко мне, пожал мне руку и поздравил. Клянусь Аллахом! Кроме него, никто из мухаджиров не поднялся со своего места».

Кааб никогда не забывал этого поступка Тальхи.

Кааб продолжил свой рассказ: «Затем, когда я поприветствовал Посланника Аллаха ﷺ, он с сияющим от радости лицом сказал: “Радуйся! Это самый благой день в твоей жизни с того дня, как мать родила тебя!” Я спросил: “О Посланник Аллаха! Это от Вас или от Аллаха?!” Он ответил: “Нет, это от Всемогущего и Великого Аллаха!” Когда Посланник Аллаха ﷺ радовался, его благословенное лицо озарялось, словно сияющая луна, и по сиянию его лица мы узнавали, что он радуется. Затем я сел перед Пророком ﷺ и сказал: “О Посланник Аллаха! В благодарность за принятие моего покаяния я пожертвую всё своё имущество на пути Аллаха и Его Посланника”. Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Оставь себе часть своего имущества. Так будет лучше для тебя”. Тогда я сказал: “В таком случае я оставлю себе долю, полученную в Хайбаре”. После этого я сказал: “О Посланник Аллаха! Поистине, Аллах спас меня благодаря правдивости. Поэтому истинным признаком моего покаяния будет то, что всю оставшуюся жизнь я стану говорить только правду”. Клянусь Аллахом! С тех пор как я сказал это Посланнику Аллаха ﷺ, я не видел, чтобы Аллах одарил кого-либо большей, чем меня, милостью в том, что касается неизменной правдивости (то есть с тех пор, как я произнёс эти слова, Аллах Всевышний неизменно помогал мне говорить только правду). Кроме того, со дня, когда я сказал это Посланнику Аллаха ﷺ, и доныне я даже не помышлял о лжи. Я прошу Аллаха оградить меня от всякой лжи на протяжении всей оставшейся жизни.

В связи с этим событием Аллах Всевышний ниспослал аяты, которые начинаются словами: “Воистину, Аллах окружил Своей безграничной милостью Пророка, а также мухаджиров и ансаров, последовавших за ним в крайне тяжёлый час. Он излил на них милость и придал им сил, когда сердца некоторых из них едва не уклонились. Затем Он окружил их всех Своей безграничной милостью. Несомненно, Аллах сострадателен и особо милостив к Пророку, мухаджирам и ансарам. Он также принял покаяние троих, оставленных позади, и окружил их Своей безграничной милостью. Земля, несмотря на всю её широту, стала для них тесной…”, а заканчиваются словами: “Почитайте Аллаха должным образом, всячески остерегайтесь ослушания Его и будьте вместе с правдивыми!” (сура “Тауба”, 9:117–119).

Клянусь Аллахом! После того как Аллах Всевышний привёл меня к исламу, Он не даровал мне блага более великого, чем то, что я сказал правду Посланнику Аллаха ﷺ. По безграничной милости моего Господа и благодаря дарованному Им содействию я не солгал нашему Пророку ﷺ. Если бы я солгал, меня постигла бы беда и я погиб бы подобно тем, кто солгал. Поистине, о людях, приводивших ложные оправдания, Аллах Всевышний сказал: “Когда вы (целыми и невредимыми) вернётесь из похода и вновь встретитесь с ними, они станут снова и снова клясться перед вами именем Аллаха (пытаясь убедить вас в правдивости приведённых ими оправданий), чтобы вы не стали обвинять их и призывать к ответу. Отвернитесь же от них! Воистину, они – нечистый народ. За грехи, совершённые ими собственными руками, их конечным пристанищем станет ад. Они будут клясться перед вами именем Аллаха, чтобы вы остались довольны ими. Но как бы вы ни были довольны ими, знайте: Аллах никогда не будет доволен нечестивым народом, сбившимся с прямого пути” (сура “Тауба”, 9:95–96).

Нас троих оставили в стороне, в отличие от людей, которые клялись и приводили Посланнику Аллаха ﷺ свои оправдания. Наш Пророк ﷺ принял оправдания этих людей и просил Аллаха простить их. Наше же дело он отложил до тех пор, пока Аллах Всевышний Сам не вынесет Своё решение относительно нас. В конце концов Аллах Всевышний ниспослал аят: “Он также принял покаяние троих, оставленных позади…” (сура “Тауба”, 9:118). Выражение “оставленных позади”, упомянутое в аяте, означает не то, что мы не смогли отправиться в поход и остались в Медине. Речь идёт о том, что Посланник Аллаха ﷺ принимал оправдание каждого, кто клялся и приводил его, тогда как решение по нашему делу он отложил, временно оставив его без рассмотрения» (Аль-Бухари: 4418; Муслим: 7016; Ахмад: 27175).

В другой версии сообщается: «Поистине, Посланник Аллаха ﷺ выступил в поход на Табук в четверг. Он любил отправляться в путь по четвергам».

Во второй версии говорится: «Посланник Аллаха ﷺ возвращался из путешествий лишь днём, в предобеденное время. Вернувшись из путешествия, он сначала входил в мечеть, совершал намаз в два ракаата, а затем садился там, чтобы встретиться с людьми и расспросить об их делах».

  1. 1«Һумәзә» сүресінің түсу себебі осы сахабамен байланысты.
  1. 1Ниспослание суры «Хумаза» связано с этим сподвижником.
22
Риядус-салихин, № 22

وَعَنْ أَبِى نُجَيْد عِمْرانَ بْنِ الْحُصيْنِ الْخُزاعيِّ أَنَّ امْرَأَةً مِنْ جُهينةَ أَتَت رَسُولَ اللَّهِ ﷺ وَهِيَ حُبْلَى مِنَ الزِّنَا، فَقَالَتْ: يَا رَسُولُ اللَّهِ أَصَبْتُ حَدًّا فأَقِمْهُ عَلَيَّ، فَدَعَا نَبِيُّ اللَّهِ ﷺ وَليَّهَا فَقَالَ: «أَحْسِنْ إِليْهَا، فَإِذَا وَضَعَتْ فَأْتِنِى»فَفَعَلَ فَأَمَرَ بِهَا نَبِيُّ اللَّهِ ﷺ، فَشُدَّتْ عَلَيْهَا ثِيَابُها، ثُمَّ أَمَرَ بِهَا فرُجِمتْ، ثُمَّ صلَّى عَلَيْهَا. فَقَالَ لَهُ عُمَرُ: تُصَلِّي عَلَيْهَا يَا رَسُولَ اللَّهِ وَقَدْ زَنَتْ، قَالَ: «لَقَدْ تَابَتْ تَوْبةً لَوْ قُسِمَتْ بَيْن سبْعِينَ مِنْ أَهْلِ الْمدِينَةِ لوسعتهُمْ وَهَلْ وَجَدْتَ أَفْضَلَ مِنْ أَنْ جَادَتْ بِنفْسهَا للَّهِ عَزَّ وجَل؟

Қазақша аудармасы

Әбу Нужәйд Имран ибн әл-Хусайн әл-Хузағиден (р.а.) жеткен хадисте, жуһайна руынан бір әйел зинадан жүкті болған күйде Алла елшісіне ﷺ келіп жолығады. Сөйтіп: «Уа, Расулалла! Жазаға лайықты іс жасап қойдым. Енді маған соның жазасын беріңіз», – дейді. Сонда Алла елшісі оның жауапты туысын шақыртып: «Оған жақсылап қара. Құрсағындағы баласын босанғаннан кейін маған ертіп келгін», – деп тапсырады. Әлгі кісі Пайғамбарымыздың айтқанын істейді. Сосын Алла елшісі әлгі әйелдің әуреті ашылып кетпейтіндей етіп көйлегін денесіне байлауды бұйырады. Содан кейін оған тас боран жасауды әмір етеді. Іс тәмам болғаннан кейін Алла елшісінің өзі оған жаназа намазын оқиды. Сол кезде Омар (р.а.): «Уа, Расулалла! Ол зина жасаған болса да оған жаназа оқисыз ба?» – деп сұрайды. Сонда Алла елшісі: «Расында, ол сондай тәубе етті, егер де оның сол тәубесі Мәдина жұртынан жетпіс бірдей адамға бөлінетін болса, бәріне жеткілікті болатын еді. Алланың разылығы үшін өз жанын құрбан етуінен абзал нәрсе бар ма!» – деген. (Муслим: 4433; Ахмад: 19861).

Орысша аудармасы

Абу Нуджайд Имран ибн аль-Хусайн аль-Хузаи (да будет доволен им Аллах) передал, что одна женщина из племени Джухайна, забеременевшая в результате прелюбодеяния, пришла к Посланнику Аллаха ﷺ и сказала: «О Посланник Аллаха! Я совершила поступок, за который полагается установленное наказание. Подвергните же меня этому наказанию». Тогда Посланник Аллаха ﷺ велел позвать её родственника, отвечавшего за неё, и сказал ему: «Хорошо заботься о ней, а когда она родит ребёнка, приведи её ко мне». Тот человек исполнил веление Пророка ﷺ. Затем Посланник Аллаха ﷺ велел плотно завязать на ней одежду, чтобы не обнажились части её тела, которые надлежало скрывать, после чего распорядился подвергнуть её побиению камнями. Когда всё завершилось, Посланник Аллаха ﷺ сам совершил над ней погребальную молитву. Тогда Умар (да будет доволен им Аллах) спросил: «О Посланник Аллаха! Неужели Вы совершаете над ней погребальную молитву, несмотря на то что она совершила прелюбодеяние?» Посланник Аллаха ﷺ ответил: «Поистине, она принесла такое покаяние, что, если бы оно было разделено между семьюдесятью жителями Медины, его хватило бы каждому из них. Что может быть достойнее того, что она пожертвовала собственной жизнью ради довольства Аллаха?!» (Муслим: 4433; Ахмад: 19861).

23
Риядус-салихин, № 23

وَعَنِ ابْنِ عَبَّاس وأنس بْنِ مالك رَضِى الله عَنْهُم أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «لَوْ أَنَّ لابْنِ آدَمَ وَادِيًا مِنْ ذَهَبِ أَحَبَّ أَنْ يَكُونَ لَهُ وادِيانِ، وَلَنْ يَمْلأَ فَاهُ إِلَّا التُّرَابُ، وَيَتُوب اللَّهُ عَلَى مَنْ تَابَ»

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас пен Әнәс ибн Мәликтен (р.а.) жеткен хадисте: «Алла елшісі ﷺ: «Адам баласының бір сай толы алтыны болса, тағы да дәл сондай бір сай толы алтыны болғанын қалайды. Оның құлқынын (көрге кіргенде) топырақ қана тойдырады. Соған қарамастан, Алла Тағала (ашкөздік, сараңдық сынды жағымсыз қылықтардан арылып) тәубеге келген пендесінің тәубесін қабыл алады», – деп айтты», – делінген. (Бұхари: 6436; Муслим: 2418; Ахмад: 3501).

Орысша аудармасы

Со слов Ибн Аббаса и Анаса ибн Малика (да будет доволен ими обоими Аллах) сообщается, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Если бы у сына Адама была одна долина, полная золота, он пожелал бы иметь ещё одну такую же долину, полную золота. И лишь земля насытит его утробу (когда он окажется в могиле). Однако Аллах Всевышний принимает покаяние Своего раба, если тот раскаивается (избавившись от таких порицаемых качеств, как алчность и скупость)» (Аль-Бухари: 6436; Муслим: 2418; Ахмад: 3501).

24
Риядус-салихин, № 24Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

وَعَنْ أَبِى هُرَيْرَة أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «يَضْحكُ اللَّهُ سبْحَانُه وتَعَالَى إِلَى رَجُلَيْنِ يقْتُلُ أحدُهُمَا الآخَرَ يدْخُلَانِ الْجَنَّة، يُقَاتِلُ هَذَا فِى سبيلِ اللَّهِ فيُقْتل، ثُمَّ يَتُوبُ اللَّهُ عَلَى الْقَاتِلِ فَيسْلِمُ فيستشهدُ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте Алла елшісі ﷺ: «Алла Тағала бірі екіншісін өлтірген, сөйтіп екеуі де жұмаққа кірген екі ер азаматтың ісіне риза болып, қуанады екен. Біріншісі Алла жолында жүріп шейіт болады. Сосын, Алла Тағала әлгі қатыл қылған адамға тәубе нәсіп етіп, мұсылман болған күйі ол да шейіт болады», – деген. (Бұхари: 2826; Муслим: 4896; Ахмад: 8224)

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Поистине, Аллах Всевышний доволен двумя мужчинами и радуется им: один из них убивает другого, однако оба входят в рай. Первый из них, находясь на пути Аллаха, погибает мучеником. Затем Аллах Всевышний дарует убившему его возможность покаяться, и тот, приняв ислам, также погибает мучеником» (Аль-Бухари: 2826; Муслим: 4896; Ахмад: 8224).