Хадис

Шам намазының сүннеті

Сунна закатной молитвы

Риядус-салихин, 201-тақырып · 4 хадис · № 1123–1126

Хадистер

تقدم فِى هذه الْأبواب حَدِيثُ ابْنِ عُمَرَ وحَدِيث عَائِشَة، وهما صحيحان: أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ كَانَ يُصَلِّى بَعْدَ الْمَغْرِبِ رَكْعَتَيْنِ

Осы бөлімге қатысты жоғарыда келген Ибн Омар (р.а.) және Айша (р.а.) жеткізген қос сахих хадисте: «Пайғамбарымыз ﷺ шам намазынан кейін екі бас намаз оқитын еді», – деп айтылған болатын.

К этой главе относятся два приведённых выше достоверных хадиса, переданных Ибн Умаром (да будет доволен ими обоими Аллах) и Аишей (да будет доволен ею Аллах), в которых сказано: «Пророк ﷺ совершал два ракаата молитвы после закатной молитвы».

1123
Риядус-салихин, № 1123

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ مُغَفَّل عَنِ النَّبِيِِّّ ﷺ قَالَ: «صَلُّوا قَبْلَ الْمَغْرِبِ» قَالَ فِى الثَّالِثَةِ: «لِمَنْ شَاءَ»

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Муғаффал (р.а.) жеткізген хадисте: Пайғамбарымыз ﷺ: «Шам намазының алдында (екі бас нәпіл) намаз оқыңдар!» деп үш рет айтып, үшіншісінде: «...қалаған адам оқысын», – деп айтты», – делінген (Бұхари: 1183, Ахмад: 20552).

Орысша аудармасы

Передаётся со слов Абдуллаха ибн Мугаффаля (да будет доволен им Аллах), что Пророк ﷺ трижды сказал: «Совершайте (два ракаата добровольной) молитвы перед закатной молитвой!» – а в третий раз добавил: «…пусть совершит тот, кто пожелает» (Аль-Бухари: 1183; Ахмад: 20552).

1124
Риядус-салихин, № 1124Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَس قَالَ: لَقَدْ رَأَيْتُ كِبَارَ أَصْحَابِ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ يَبْتَدِرُونَ السَّوَارِيَ عِنْدَ الْمَغْرِبِ

Қазақша аудармасы

Әнас (р.а.): «Мен Алла елшісінің ﷺ маңдайалды үлкен сахабаларының шам намазының уақытында (парыз намазының алдында екі бас нәпіл намаз оқу үшін) мешіттің бағаналаларына қарай жарысқандарын көрдім», – деген (Бұхари: 503).

Орысша аудармасы

Анас (да будет доволен им Аллах) сказал: «Я видел, как с наступлением времени закатной молитвы виднейшие из старших сподвижников Посланника Аллаха ﷺ наперегонки спешили к колоннам мечети (чтобы перед обязательной молитвой совершить два ракаата добровольной молитвы)» (Аль-Бухари: 503).

1125
Риядус-салихин, № 1125Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

وَعَنْهُ، قَالَ: كُنَّا نصلِّى عَلَى عهدِ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ رَكْعَتَيْنِ بَعْدَ غُرُوبِ الشَّمْسِ قَبْلَ الْمَغْرِبِ، فَقِيلَ: أكَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ صَلاَّهما؟ قَالَ: كَانَ يَرَانَا نُصَلِّيهِمَا فَلَمْ يَأْمُرْنَا وَلَمْ يَنْهَنَا

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.): «Біз Алла елшісінің ﷺ көзі тірісінде күн батқаннан кейін шам намазын оқымай тұрып екі бас нәпіл намаз оқитын едік», – деді. Сонда одан: «Алла елшісі де оқитын ба еді?» – деп сұрағанда, ол: «Біздің оқып жатқанымызды көретін. Алайда бізге оқыңдар немесе оқымаңдар деп те айтпайтын», – деген (Муслим: 1938).

Орысша аудармасы

Анас (да будет доволен им Аллах) сказал: «При жизни Посланника Аллаха ﷺ после захода солнца, перед обязательной закатной молитвой, мы совершали два ракаата добровольной молитвы». Его спросили: «Совершал ли их и Посланник Аллаха?» Он ответил: «Он видел, как мы их совершали, однако не велел нам совершать их и не запрещал этого» (Муслим: 1938).

1126
Риядус-салихин, № 1126Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

وَعَنْهُ، قَالَ: كُنَّا بِالمَدِينَةِ فَإِذَا أذَّنَ الْمُؤَذِّنُ لِصَلَاةِ الْمَغْرِبِ، ابْتَدَرُوا السَّوَارِيَ، فَرَكَعُوا رَكْعَتَيْنِ، حَتَّى إِنَّ الرَّجُلَ الْغَرِيبَ لَيَدْخُلُ الْمَسْجِدَ فَيَحْسَبُ أَنَّ الصَّلَاةَ قَدْ صُلِّيَتْ مِنْ كَثْرَةِ مَنْ يُصَلِّيهِمَا

Қазақша аудармасы

Әнас (р.а.): «Мәдинада болғанымызда азаншы шам намазына азан шақырғанда, сахабалар мешіт бағаналарына жарысып барып, екі бас нәпіл намаз оқитын. Сонда сол екі бас нәпіл намазды оқитындардың көптігі соншалықты, сырттан келген бөтен адам мешітке кіргенде парыз намазы оқылып қойған екен деп ойлап қалатын еді», – деген (Муслим: 1939, Ахмад: 13983).

Орысша аудармасы

Анас (да будет доволен им Аллах) сказал: «Когда мы находились в Медине и муэдзин произносил азан закатной молитвы, сподвижники наперегонки спешили к колоннам мечети и совершали два ракаата добровольной молитвы. Совершавших эти два ракаата было так много, что приезжий, войдя в мечеть, мог подумать, будто обязательную молитву уже совершили» (Муслим: 1939; Ахмад: 13983).