Хадис

Мешітке сәлем беру намазы

Молитва приветствия мечети

Риядус-салихин, 208-тақырып · 2 хадис · № 1145–1146

Хадистер

1145
Риядус-салихин, № 1145Риуаят етуші: Әбу Қатада (р.а.)

عَنْ أَبِى قتادة قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «إِذَا دَخَلَ أَحَدُكُمُ الْمَسْجِدَ، فَلَا يَجْلِسْ حَتَّى يُصَلِّى رَكْعَتَيْنِ»

Қазақша аудармасы

Әбу Қатада (р.а.): «Алла елшісі ﷺ: «Мешітке кіргенде, ешқайсысың екі бас намаз оқымастан отырмаңдар», – деп айтты», – деген (Бұхари: 1163, Муслим: 1654, Ахмад: 22601).

Орысша аудармасы

Абу Катада (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Когда кто-либо из вас войдёт в мечеть, пусть не садится, пока не совершит молитву в два ракаата» (Аль-Бухари: 1163; Муслим: 1654; Ахмад: 22601).

1146
Риядус-салихин, № 1146Риуаят етуші: Жәбир (р.а.)

عَنْ جابرٍ قَالَ: أَتَيْتُ النَّبِيَّ ﷺ وَهُوَ فِى الْمَسْجِدِ، فَقَالَ: «صَلِّ رَكْعَتَيْنِ»

Қазақша аудармасы

Жәбир (р.а.): Пайғамбарымыз ﷺ мешітте болғанда қасына барғанымда маған: «(Отырмай тұрып) алдымен екі бас намаз оқы!» – деп айтты, – деген (Бұхари: 443, Муслим: 1656, Ахмад: 14309).

Орысша аудармасы

Джабир (да будет доволен им Аллах) сказал: «Когда Пророк ﷺ находился в мечети, я пришёл к нему, и он сказал мне: “(Прежде чем сесть) соверши сначала молитву в два ракаата!”» (Аль-Бухари: 443; Муслим: 1656; Ахмад: 14309).