Хадис

Рамазан айы қарсаңында ораза ұстау (Шағбан айы оразасы)

О посте перед рамаданом (о посте в месяце шабан)

Риядус-салихин, 219-тақырып · 4 хадис · № 1225–1228

Хадистер

1225
Риядус-салихин, № 1225Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة عَنِ النَّبِيِِّّ ﷺ قَالَ: «لَا يَتَقَدَّمَنَّ أَحَدُكُم رَمَضَانَ بِصَوْمِ يَوْمٍ أَوْ يَوْمَيْنِ، إِلَّا أَنْ يَكُونَ رَجُلٌ كَانَ يَصُومُ صَومَهُ، فَليَصُمْ ذَلِكَ الْيَوْمَ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте: Пайғамбарымыз ﷺ: «Рамазан оразасы басталуға бір-екі күн қалғанда ешбірің ораза ұстамаңдар. Алайда (апта іші немесе айдың белгілі күндерінде) нәпіл ораза ұстауды әдетке айналдырған кісінің оразасы сол күнге дөп келген болса, онда ол сол күні ораза ұстай берсін», – деп айтқан (Бұхари: 1914, Муслим: 2518, Ахмад: 10662).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Пророк ﷺ сказал: «Пусть никто из вас не соблюдает пост за один или два дня до начала поста в месяц рамадан. Однако если пост человека, привыкшего соблюдать добровольный пост (в определённые дни недели или месяца), выпадет на один из этих дней, пусть он продолжает поститься» (Аль-Бухари: 1914; Муслим: 2518; Ахмад: 10662).

1226
Риядус-салихин, № 1226Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

عَنِ ابْنِ عَبَّاس، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «لَا تَصُومُوا قَبْلَ رَمضَانَ، صُومُوا لِرُؤيَتِهِ، وَأفْطِرُوا لِرُؤيَتِهِ، فَإِنْ حَالَتْ دُونَهُ غَيَايَةٌ فَأكْمِلُوا ثَلَاثِينَ يَوْمًا»

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.): «Алла елшісі ﷺ: «Рамазан айының қарсаңында ауыз бекітпеңдер. Жаңа туған айды көргенде, ораза ұстаңдар және жаңа туған келесі айды көргенде ораза ұстауды доғарыңдар. Егер жаңа айды көрулеріңе бұлтты күн кедергі болса, (Шағбанды) отыз күнге толтырып барып, ауыз бекітіңдер», – деп айтты», – деген (Бұхари: 6, Муслим: 6009, Ахмад: 2616).

Орысша аудармасы

Ибн Аббас (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Не начинайте поститься накануне рамадана. Увидев молодой месяц, начинайте поститься, а увидев следующий молодой месяц, прекращайте пост. Если же облачность помешает вам увидеть молодой месяц, доведите (число дней шабана) до тридцати и лишь затем начинайте поститься» (Аль-Бухари: 6; Муслим: 6009; Ахмад: 2616).

1227
Риядус-салихин, № 1227Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «إِذَا بَقِيَ نِصْفٌ مِنْ شَعْبَانَ فَلَا تَصُومُوا»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте: Алла елшісі ﷺ: «Шағбан айының екінші жартысы қалғанда (яғни айдың бел ортасынан асқанда) нәпіл ораза ұстауды тоқтатыңдар», – деп айтқан (Тирмизи, Сунан 738).

Орысша аудармасы

Передают со слов Абу Хурайры (да будет доволен им Аллах), что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Когда наступит вторая половина месяца шабан (то есть когда пройдёт середина месяца), прекратите соблюдать добровольные посты» (Ат-Тирмизи, «Сунан»: 738).

1228
Риядус-салихин, № 1228

عَنْ أَبِى الْيقظان عمارِ بْنِ يَاسِرٍ، قَالَ: مَنْ صَامَ الْيَوْمَ الَّذِى يُشَكُّ فِيهِ، فَقَدْ عَصَى أَبَا الْقَاسِمِ ﷺ

Қазақша аудармасы

Әбул-Иақзан Аммар ибн Йасир (р.а.): «(Рамазанның бірінші күні ме әлде шағбанның соңғы күні ме деген) күмәнді күні ораза ұстаған адам, Әбул-Қасымға ﷺ сөзсіз қарсы келген болады», – деген (Әбу Дәуіт: 2334, Тирмизи: 686, Ибн Хиббан: 3585 ).

Орысша аудармасы

Абу аль-Якзан Аммар ибн Ясир (да будет доволен им Аллах) сказал: «Тот, кто соблюдал пост в сомнительный день (когда неясно, является ли он первым днём рамадана или последним днём шабана), тем самым непременно ослушался Абу аль-Касима ﷺ» (Абу Дауд: 2334; Ат-Тирмизи: 686; Ибн Хиббан: 3585).