Хадис

Ауыз ашуға асығу керектігі жайында

О необходимости спешить с разговением

Риядус-салихин, 222-тақырып · 7 хадис · № 1234–1240

Хадистер

1234
Риядус-салихин, № 1234Риуаят етуші: Сәһл ибн Сағд (р.а.)

عَنْ سهل بْنِ سعد أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «لَا يَزَالُ النَّاسُ بِخَيْرٍ مَا عَجَّلُوا الْفِطْرَ»

Қазақша аудармасы

Сәһл ибн Сағд (р.а.) жеткізген хадисте: «Алла елшісі ﷺ: «Ораза ұстаған адамдар ауыз ашуға асыққан сайын үнемі жақсылықта болады», – деп айтты», – делінген (Бұхари: 1957, Муслим: 2554, Ахмад: 22804).

Орысша аудармасы

Сахль ибн Саад (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Постящиеся будут неизменно пребывать во благе до тех пор, пока спешат с разговением» (Аль-Бухари: 1957; Муслим: 2554; Ахмад: 22804).

1235
Риядус-салихин, № 1235

عَنْ أَبِى عطِيَّة، قَالَ: دَخَلْتُ أَنَا وَمَسْرُوقٌ عَلَى عَائِشَة، فَقَالَ لَهَا مَسْرُوق: رَجُلَانِ مِنْ أَصْحَابِ محَمَّدٍ ﷺ، كِلَاهُمَا لَا يَألُو عَنِ الْخَيْرِ؛ أَحَدُهُمَا يُعَجِّلُ الْمَغْرِبَ وَالإِفْطَارَ، وَالآخَرُ يُؤَخِّرُ الْمَغْرِبَ وَالإِفْطَارَ؟ فَقَالَتْ: مَنْ يُعَجِّلُ الْمَغْرِبَ وَالإِفْطَارَ؟ قَالَ: عَبْدُ اللَّهِ – يعني: ابْنِ مَسْعُودٍ – فَقَالَتْ: هَكَذَا كَانَ رَسُولُ اللَّهِ يَصْنَعُ

Қазақша аудармасы

Әбу Атия (р.а.): «Бір күні Масруқ екеуміз Айшаның (р.а.) құзырына кірдік. Сонда Масруқ (р.а.) оған: «Мұхаммедтің ﷺ сахабаларының ішінде жақсы істер жасаудан жалықпайтын екі кісі бар. Біреуі шам намазын оқуға және ауыз ашуға асығатын болса, екіншісі, шам намазын оқуды да, ауыз ашуды да кешіктіреді (сонда кімдікі дұрыс)?» – дегенде, Айша (р.а.): «Шам намазы мен ауыз ашуға асығатын кім?» – деп сұрайды. Масруқ (р.а.): «Абдулла (яғни, Ибн Масғуд)», – дегенде, Айша (р.а.): «Алла елшісі дәл солай істейтін еді», – деген екен» (Муслим: 2556, Ахмад: 24214).

Орысша аудармасы

Абу Атыйя (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды мы с Масруком (да будет доволен им Аллах) вошли к Аише (да будет доволен ею Аллах). Масрук сказал ей: “Среди сподвижников Мухаммада ﷺ есть два человека, которые не устают совершать благие дела. Один из них спешит совершить закатную молитву и разговеться, а другой откладывает и закатную молитву, и разговение (кто же из них поступает правильно)?” Аиша спросила: “Кто из них спешит совершить закатную молитву и разговеться?” Масрук ответил: “Абдуллах (то есть Ибн Масуд)”. Тогда Аиша сказала: “Именно так поступал Посланник Аллаха ﷺ”» (Муслим: 2556; Ахмад: 24214).

1236
Риядус-салихин, № 1236Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «قَالَ اللَّهُ تَعَالَى: أحَبُّ عِبَادِى إِلَيَّ أعْجَلُهُمْ فِطْرًا»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) былай деген: «Алла елшісі ﷺ: «Құдіреті күшті ұлы Алла: «Мен үшін құлдарымның ішіндегі ең ұнамдыcы – ауыз ашуға асығатындар», – деп айтты», – деген (Тирмизи: 700, Ахмад: 7241).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Всемогущий и Великий Аллах сказал: “Самыми любимыми для Меня из Моих рабов являются те, кто спешит с разговением”» (Ат-Тирмизи: 700; Ахмад: 7241).

1237
Риядус-салихин, № 1237Риуаят етуші: Омар (р.а.)

عَنْ عمر بْنِ الْخطاب قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «إِذَا أقْبَلَ اللَّيْلُ مِنْ هَاهُنَا، وَأدْبَرَ النهارُ مِنْ هَاهُنَا، وَغَرَبَتِ الشَّمْسُ، فَقَدْ أفْطَر الصَّائِمُ»

Қазақша аудармасы

Омар ибн әл-Хаттаб (р.а.): «Алла елшісі ﷺ: «Түн мына (шығыс) жақтан төніп, күндіз мына (батыс) жақтан ауып, күн ұясына батқанда, ораза ұстаған адам ауыз ашады», – деп айтты», – деген (Бұхари: 1945, Муслим: 2558, Ахмад: 338).

Орысша аудармасы

Умар ибн аль-Хаттаб (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Когда ночь надвигается с этой (восточной) стороны, день отступает с этой (западной) стороны и солнце заходит, для постящегося наступает время разговения» (Аль-Бухари: 1945; Муслим: 2558; Ахмад: 338).

1238
Риядус-салихин, № 1238

عَنْ أَبِى إِبراهيم عَبْدِ اللَّهِ بْنِ أَبِى أوفى، قَالَ: سِرْنَا مَعَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، وَهُوَ صَائِمٌ، فَلَمَّا غَرَبَتِ الشَّمْسُ، قَالَ لِبَعْضِ الْقَوْمِ: «يَا فُلَانُ انْزِلْ فَاجْدَحْ لَنَا»، فَقَالَ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، لَوْ أمْسَيْتَ؟ قَالَ: «انْزِلْ فَاجْدَحْ لَنَا» قَالَ: إِنَّ عَلَيْكَ نَهَارًا، قَالَ: «انْزِلْ فَاجْدَحْ لَنَا» قَالَ: فَنَزَلَ فَجَدَحَ لَهُمْ فَشَرِبَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ، ثُمَّ قَالَ: «إِذَا رَأَيْتُمُ اللَّيْلَ قَدْ أقْبَلَ مِنْ هَاهُنَا، فَقَدْ أفْطَرَ الصَّائِمُ» وَأشَارَ بِيَدِهِ قِبَلَ الْمَشْرِقِ

Қазақша аудармасы

Әбу Ибраһим, Абдулла ибн Әбу Ауфа (р.а.): «Бірде біз Алла елшісімен ﷺ бірге жол жүрген едік, Пайғамбарымыздың аузы берік болатын. Содан күн батқанда Алла елшісі көпшілік қауымның ішінен біреуге: «Уа, пәленше! Көлігіңнен түсіп, бізге суға талқан шылап бере ғой», – дегенде, әлгі кісі: «Уа, Расулалла! Сәл кеш батқанын күтпедіңіз бе?!» – деді. Алла елшісі оған: «Көлігіңнен түсіп, бізге суға талқан шылап бергін», – деді. Әлгі кісі: «Сізге күндізгі уақытты толық тәмамдау керек қой», – деді. Алла елшісі оған тағы да: «Түсіп, бізге суға талқан шылап бер», – деп қайталады. Содан ол көлігінен түсіп, суға талқан шылап берді. Алла елшісі асын ішіп болған соң: «Егер түннің мына жақтан төнгенін көрсеңдер, демек, ораза ұстаған адамның ауыз ашатын уақыты келді!» – деп, қолымен шығыс жақты нұсқады», – деген (Бұхари: 1955, Муслим: 2559, Ахмад: 19399).

Орысша аудармасы

Абу Ибрахим Абдуллах ибн Абу Ауфа (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды мы находились в пути вместе с Посланником Аллаха ﷺ, который соблюдал пост. Когда солнце зашло, Посланник Аллаха ﷺ сказал одному из находившихся с нами людей: “О такой-то! Спешься и размешай для нас толокно в воде”. Тот ответил: “О Посланник Аллаха! Не подождать ли немного, пока стемнеет?” Посланник Аллаха ﷺ снова сказал ему: “Спешься и размешай для нас толокно в воде”. Тот сказал: “Но тебе ведь следует дождаться полного окончания дня”. Посланник Аллаха ﷺ ещё раз повторил: “Спешься и размешай для нас толокно в воде”. Тогда тот спешился и приготовил толокно с водой. Когда Посланник Аллаха ﷺ выпил этот напиток, он указал рукой на восток и сказал: “Если вы увидите, что ночь надвигается с этой стороны, значит, для постящегося настало время разговения!”» (Аль-Бухари: 1955; Муслим: 2559; Ахмад: 19399).

1239
Риядус-салихин, № 1239

عَنْ سلمان بْنِ عامر الضَّبِّيِّ الصحابي عَنِ النَّبِيِِّّ ﷺ قَالَ: «إِذَا أفْطَرَ أَحَدُكُمْ، فَلْيُفْطِرْ عَلَى تَمْرٍ، فَإِنْ لَمْ يَجِدْ، فَلْيُفْطِرْ عَلَى مَاءٍ؛ فَإِنَّهُ طَهُورٌ»

Қазақша аудармасы

Сахаба Сәлман ибн Амир әд-Дабби (р.а.) жеткізген хадисте: «Пайғамбарымыз ﷺ: «Ораза ұстағанда, ауыздарыңды құрмамен ашыңдар. Құрма таба алмасаңдар, сумен ашыңдар, өйткені су тазартатын қасиетке ие», – деп айтты», – делінген (Әбу Дәуіт: 2355, Тирмизи: 658, Ахмад: 16225).

Орысша аудармасы

Передают со слов сподвижника Салмана ибн Амира ад-Дабби (да будет доволен им Аллах), что Пророк ﷺ сказал: «Когда будете разговляться, разговляйтесь финиками. Если же не найдёте фиников, разговляйтесь водой, ибо вода обладает очищающим свойством» (Абу Дауд: 2355; Ат-Тирмизи: 658; Ахмад: 16225).

1240
Риядус-салихин, № 1240Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَس قَالَ: كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يُفْطِرُ قَبْلَ أَنْ يُصَلِّى عَلَى رُطَبَاتٍ، فَإِنْ لَمْ تَكُنْ رُطَبَاتٌ فَتُمَيْرَاتٌ، فَإِنْ لَمْ تَكُنْ تُمَيْرَاتٌ حَسَا حَسَوَاتٍ مِنْ مَاءٍ

Қазақша аудармасы

Әнас (р.а.): «Алла елшісі ﷺ шам намазын оқымай тұрып, бірнеше балғын құрмамен оразасын ашатын еді. Егер балғын құрма болмаса, онда кепкен құрмалармен ашатын. Кепкен құрма да табылмаса, онда бірнеше жұтым сумен ауыз ашатын», – деген (Әбу Дәуіт: 2356, Тирмизи: 696, Ахмад: 12676).

Орысша аудармасы

Анас (да будет доволен им Аллах) сказал: «Перед совершением закатной молитвы Посланник Аллаха ﷺ разговлялся несколькими свежими финиками. Если свежих фиников не было, он разговлялся сушёными, а если не находилось и сушёных фиников, делал несколько глотков воды» (Абу Дауд: 2356; Ат-Тирмизи: 696; Ахмад: 12676).