Хадис

Арафа және мұхаррам айының тоғызы әрі оны күнгі оразаның артықшылығы

О достоинстве поста в день Арафа, а также в девятый и десятый дни месяца мухаррам

Риядус-салихин, 227-тақырып · 4 хадис · № 1251–1254

Хадистер

1251
Риядус-салихин, № 1251Риуаят етуші: Әбу Қатада (р.а.)

عَنْ أَبِى قتادة قَالَ: سُئِلَ رَسُول اللَّهِ ﷺ عَنْ صَوْمِ يَوْمِ عَرَفَةَ، قَالَ: «يُكَفِّرُ السَّنَةَ الْمَاضِيَةَ وَالْبَاقِيَةَ»

Қазақша аудармасы

Әбу Қатада (р.а.): «Алла елшісінен ﷺ Арафа күні ораза ұстаудың артықшылығы жайлы сұралғанда: «Өткен және келер жылдың күнәларының өтеуі болады», – деп айтты», – деген (Муслим: 6746, Ахмад: 22588).

Орысша аудармасы

Абу Катада (да будет доволен им Аллах) сказал: «Когда Посланника Аллаха ﷺ спросили о достоинстве поста в день Арафа, он ответил: “Он служит искуплением грехов прошлого и будущего года”» (Муслим: 6746; Ахмад: 22588).

1252
Риядус-салихин, № 1252Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

عَنِ ابْنِ عَبَّاس أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ صَامَ يَوْمَ عاشوراءَ وَأَمَرَ بِصِيامِهِ

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.) жеткізген хадисте: Алла елшісі ﷺ өзі ашура күні ораза ұстап, өзгелерге де сол күні ораза ұстауды бұйырған. (Бұхари: 2004, Муслим: 2658).

Орысша аудармасы

Ибн Аббас (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сам соблюдал пост в день Ашура и повелевал другим также поститься в этот день (Аль-Бухари: 2004; Муслим: 2658).

1253
Риядус-салихин, № 1253Риуаят етуші: Әбу Қатада (р.а.)

عَنْ أَبِى قتادة أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ سُئِلَ عَنْ صِيامِ يَوْمِ عَاشُوراءَ، فَقَالَ: «يُكَفِّرُ السَّنَةَ الْمَاضِيَةَ»

Қазақша аудармасы

Әбу Қатада (р.а.): «Алла елшісінен ﷺ Ашура күні ораза ұстаудың артықшылығы жайлы сұралғанда: «Өткен жылдың күнәларының өтеуі болады», – деп айтты», – деген (Муслим: 2747, Ахмад: 22588).

Орысша аудармасы

Абу Катада (да будет доволен им Аллах) сказал: «Когда Посланника Аллаха ﷺ спросили о достоинстве поста в день Ашура, он ответил: “Он служит искуплением грехов прошлого года”» (Муслим: 2747; Ахмад: 22588).

1254
Риядус-салихин, № 1254Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

عَنِ ابْنِ عَبَّاس، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «لَئِنْ بَقِيتُ إِلَى قَابلٍ لأَصُومَنَّ التَّاسِعَ»

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.): «Алла елшісі ﷺ: «Егер келесі жылға дейін өмір сүрсем, міндетті түрде мухаррам айының тоғызыншы күнін ораза ұстап өткіземін», – деп айтты», – деген (Муслим: 2661, Ахмад: 1971).

Орысша аудармасы

Ибн Аббас (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Если я доживу до следующего года, то непременно буду поститься в девятый день месяца мухаррам» (Муслим: 2661; Ахмад: 1971).