Хадис

Дүйсенбі және бейсенбі күндері ораза ұстаудың артықшылығы

О достоинстве соблюдения поста по понедельникам и четвергам

Риядус-салихин, 229-тақырып · 3 хадис · № 1256–1258

Хадистер

1256
Риядус-салихин, № 1256Риуаят етуші: Әбу Қатада (р.а.)

عَنْ أَبِى قتادة أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ سُئِلَ عَنْ صَوْمِ يَوْمِ الْإِثْنَيْنِ، فَقَالَ: «ذَلِكَ يَوْمٌ وُلِدْتُ فِيهِ، وَيَوْمٌ بُعِثْتُ، أَوْ أُنْزِلَ عَلَيَّ فِيهِ»

Қазақша аудармасы

Әбу Қатада (р.а.) жеткізген хадисте: Алла елшісінен ﷺ дүйсенбі күнгі ораза жайлы сұрағанда: «Сол күні мен дүниеге келдім, сол күні маған пайғамбарлық міндет жүктелді, яки сол күні маған алғаш уахи түсті», – деп жауап берген (Муслим: 2747, Ахмад: 22550).

Орысша аудармасы

Абу Катада (да будет доволен им Аллах) передал, что, когда Посланника Аллаха ﷺ спросили о посте в понедельник, он ответил: «В этот день я родился, в этот день на меня была возложена пророческая миссия, или же в этот день мне было ниспослано первое откровение» (Муслим: 2747; Ахмад: 22550).

1257
Риядус-салихин, № 1257Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة عَنْ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «تُعْرَضُ الْأَعْمَالُ يَوْمَ الْإِثْنَيْنِ وَالخَمِيسِ، فَأُحِبُّ أَنْ يُعْرَضَ عَمَلِى وَأَنَا صَائِمٌ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Алла елшісі ﷺ: «Әр дүйсенбі және бейсенбі күндері Аллаға құлдарының апталық (жақсы-жаман) істері ұсынылады, сондықтан ісім Аллаға ұсынылғанда аузымның берік болғанын қалаймын», – деп айтты», – деген (Муслим: 2748, Ахмад: 22550).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Каждый понедельник и четверг Аллаху представляются совершённые Его рабами в течение недели (добрые и дурные) дела, поэтому я хочу, чтобы в тот момент, когда мои дела будут представлены Аллаху, я соблюдал пост» (Муслим: 2748; Ахмад: 22550).

1258
Риядус-салихин, № 1258Риуаят етуші: Айша (р.а.)

عَنْ عَائِشَة، قَالَتْ: كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يَتَحَرَّى صَومَ الْإِثْنَيْنِ وَالخَمِيس

Қазақша аудармасы

Айша анамыз (р.а.): «Алла елшісі ﷺ дүйсенбі мен бейсенбі күндері ораза ұстауға ерекше ден қоятын еді», – деген (Тирмизи: 745, Ахмад: 24509).

Орысша аудармасы

Мать правоверных Аиша (да будет доволен ею Аллах) сказала: «Посланник Аллаха ﷺ придавал особое значение соблюдению поста по понедельникам и четвергам» (Ат-Тирмизи: 745; Ахмад: 24509).