Хадис

Алланың әулие құлдарына тән кереметтер және әулиелердің артықшылығы жайында

О чудесах, даруемых приближённым рабам Аллаха, и достоинстве аулия

Риядус-салихин, 253-тақырып · 8 хадис · № 1504–1511

Хадистер

«ألا إِنَّ أوْلِيَاءَ اللَّهِ لَا خَوْفٌ عَلَيْهِمْ وَلَا هُمْ يحْزَنُونَ الَّذِينَ آمَنُوا وَكَانُوا يَتَّقُونَ لَهُمُ الْبُشْرَى فِى الْحَيَاةِ الدُّنْيَا وَفِى الْآخِرَةِ لَا تَبْدِيلَ لِكَلِمَاتِ اللَّه ذَلِكَ هُوَ الْفَوْزُ الْعَظِيمُ» «Біліп қойыңдар, шынында, Алланың әулие құлдары үшін ешқандай қорқыныш жоқ, әрі олар әсте мұңаймайды. Олар шынайы түрде иман келтіргендер және Аллаға асылық қылудан сақтанып, өз міндеттерін орындайтындар. Оларға бұл дүниеде де, ақыртетте де сүйінші! Алланың сөздерінде өзгеріске жол берілмейді. Міне, ең ұлы жетістік, ең зор табыс осы!» («Юнус», 62-64 аяттар).

«وَهُزِّى إِلَيْكِ بِجِذْعِ النَّخْلَةِ تُسَاقِطْ عَلَيْكِ رُطَبًا جَنِيًّا فكُلِى وَاشْرَبِى» «Қане, мына құрма ағашын өзіңе қарай тартып сілкілеп жібер, алдыңа жаңа піскен таза құрмалар түссін. Ал енді жеп, іш һәм көзайым бол!» («Мариям», 25-26 аяттар).

«كُلَّمَا دَخَلَ عَلَيْهَا زَكرِيّا الْمِحْرَابَ وَجَدَ عِنْدَهَا رِزْقًا قَالَ يَا مَرْيَمُ أَنَّى لَكِ هَذَا قَالَتْ هُوَ مِنْ عِنْدِ اللَّهِ إِنَّ اللَّهَ يَرْزُقُ مَنْ يَشَاءُ بِغَيْرِ حِسَابٍ» «Зәкәрия оның құжырасына кірген сайын, онда сан алуан ризық көретін еді. Бірде ол таңданысын жасыра алмай: «Уа, Мәриям! Бұл саған қайдан келді?!» – деп сұрағанда, Мәриям: «Алладан келді! Шынында, Алла қалағанына қисапсыз ризық береді», – деді» («Әли Имран», 37-аят).

«وَإِذِ اعْتَزَلْتُمُوهُمْ وَمَا يَعْبُدُونَ إِلَّا اللَّهَُ فَأْوُوا إِلَى الْكَهْفِ يَنْشُرْ لَكُمْ رَبُّكُمْ مِنْ رَحْمَتِهِ وَيُهَيِّيءْ لَكُمْ مِنْ أمْرِكُمْ مِرْفَقًا وَتَرَى الشَّمْسَ إِذَا طَلَعَتْ تَزَاوَرُ عَنْ كَهْفِهِمْ ذَاتَ الْيَمِينِ وَإِذَا غَرَبَتْ تَقْرِضُهُمْ ذَاتَ الشِّمَالِ» «Ақыры олардан һәм олардың Алладан басқа табынғандарынан біржолата қол үзген екенсіңдер, ендеше, үңгірді пана тұтыңдар. Сөйтіп, Раббыларың сендерге жар болып, рақым құшағын жайсын және істеріңді оңғарсын», – деді. Күн шыққанда, сәулесінің олар жатқан үңгірдің оң жағынан айналып өтетін, әрі күн ұясына батарда да олардың сол жағынан қиғаштап өтетінін көресің» («Кәһф», 16-17-аяттар).

«Знайте же, что приближённые рабы Аллаха, воистину, не познают страха и не будут опечалены. Они те, кто искренне уверовали и остерегались ослушания Аллаха. Таким – радостная весть и в мирской жизни, и в вечной! Не подлежат изменению слова Аллаха. Это – величайший успех и несоизмеримая прибыль!» (сура «Юнус», 10:62⁠–⁠64).

«“Потряси же ствол пальмы на себя, пусть упадут к тебе свежие финики”. “Ешь, пей и усмири волнения!”» (сура «Марьям», 19:25⁠–⁠26).

«И всякий раз, когда Закария входил к ней в молельню, он находил у неё обильное пропитание. И спросил он однажды: “О Марьям! Откуда у тебя это?” Она же сказала: “Это – от Аллаха. Поистине, Аллах наделяет пропитанием того, кого пожелает, без счёта”» (сура «Али Имран», 3:37).

«“Раз вы отреклись от них и от того, чему они поклоняются помимо Аллаха, то укройтесь в пещере. Пусть Господь ваш изольёт на вас Свою милость и облегчит вам ваши дела”. Ты бы увидел, что, восходя, солнце уклонялось от их пещеры направо, а заходя, оно обходило их слева…» (сура «Кахф», 18:16⁠–⁠17).

1504
Риядус-салихин, № 1504

عَنْ أَبِى محمد عَبْد الرَّحْمَان بْنِ أَبِى بَكْرٍ الصديق أَنَّ أَصْحَابَ الصُّفّةِ كَانُوا أُنَاسًا فُقَرَاءَ وَأَنَّ النَّبِيَّ ﷺ قَالَ مَرَّةً: «مَنْ كَانَ عِنْدَهُ طَعَامُ اثْنَيْنِ، فَلْيَذْهَبْ بثَالِثٍ، وَمنْ كَانَ عِنْدَهُ طَعَامُ أَرْبَعَةٍ، فَلْيَذْهَبْ بِخَامِسٍ بِسَادِسٍ» أَوْ كَمَا قَالَ، وأَنَّ أَبَا بَكْرٍ، جَاءَ بِثَلَاثَةٍ، وانْطَلَقَ النَّبِيّ ﷺ بعَشَرَةٍ، وأَنَّ أَبَا بَكْرٍ تَعَشَّى عِنْدَ النَّبِيِّ ﷺ، ثُمَّ لَبِثَ حَتَّى صَلَّى الْعِشَاءَ، ثُمَّ رَجَعَ، فجَاءَ بَعْدَ مَا مَضَى مِنَ اللَّيْلِ مَا شَاءَ اللَّهُ. قَالَتْ امْرَأتُهُ: مَا حَبَسَكَ عَنْ أضْيَافِكَ؟ قَالَ: أوَما عَشَّيْتِهمْ؟ قَالَتْ: أَبَوْا حَتَّى تَجِيءَ وَقَدْ عَرَضُوا عَلَيْهِمْ، قَالَ: فَذَهَبتُ أَنَا فَاخْتَبَأْتُ، فَقَالَ: يَا غُنْثَرُ، فَجَدَّعَ وَسَبَّ، وَقَالَ: كُلُوا لَا هَنِيئًا وَاللَّهِ لَا أَطْعَمُهُ أَبَدًا، قَالَ: وايْمُ اللَّهِ مَا كُنَّا نَأْخُذُ مِنْ لُقْمَةٍ إِلا ربا من أسفلِها أكثرَ مِنْهَا حَتَّى شبعوا، وصارتْ أكثرَ مما كانتْ قبلَ ذَلِكَ، فنظرَ إِليها أَبُو بَكْرٍ فَقَالَ لامرأتِهِ: يَا أختَ بنِى فراسٍ ما هذا؟ قَالَتْ: لَا وقُرَّةِ عينِى لهي الآنَ أكثرُ مِنْهَا قبلَ ذَلِكَ بثَلَاثِ مراتٍ! فأكل مِنْهَا أَبُو بكرٍ وَقَالَ: إِنَّمَا كانَ ذَلِكَ من الشَّيْطَانِ، يعني: يمِينَهُ. ثم أكلَ مِنْهَا لقمةً، ثُمَّ حَمَلَهَا إِلَى النَّبِيِّ ﷺ فَأَصْبَحَتْ عِنْدَهُ. وَكَانَ بَيْنَنَا وَبَيْنَ قَوْمٍ عَهْدٌ، فَمَضَى الْأجَلُ، فَتَفَرَّقْنَا اثْنَيْ عَشَرَ رَجُلًا، مَعَ كُلِّ رَجُلٍ مِنْهُمْ أُنَاسٌ، اللَّهُ أَعْلَمُ كَمْ مَعَ كُلِّ رَجُلٍ فَأَكَلُوا مِنْهَا أَجْمَعُونَ

وَفِى رِوَايةٍ: فَحَلَفَ أَبُو بَكْرٍ لَا يَطْعَمُهُ، فَحَلَفَت الْمَرْأَةُ لَا تَطْعَمُهُ، فَحَلَفَ الضَّيْفُ. – أَو الْأَضْيَافُ – أَنْ لَا يَطْعَمُهُ أَوْ يَطْعَمُوهُ حَتَّى يَطْعَمَهُ. فَقَالَ أَبُو بَكْرٍ: هَذِهِ مِنَ الشَّيْطَانِ! فَدَعَا بالطَّعَامِ فَأكَلَ وأكَلُوا، فَجَعَلُوا لَا يَرْفَعُونَ لُقْمَةً إِلَّا رَبَتْ مِنْ أسْفَلِهَا أَكْثَرُ مِنْهَا، فَقَالَ: يَا أُخْتَ بَنِى فِرَاسٍ، مَا هَذَا؟ فَقَالَتْ: وَقُرْةِ عَيْنِى إِنَّهَا الآنَ لأَكْثَرُ مِنْهَا قَبْلَ أَنْ نَأكُلَ، فَأكَلُوا، وَبَعَثَ بِهَا إِلَى النَّبِيِّ ﷺ، فَذَكَرَ أَنَّهُ أكَلَ مِنْهَا

وَفِى رِوايَةٍ: إِنَّ أَبَا بكْرٍ قَالَ لِعَبْدِ الرَّحْمَانِ: دُونَكَ أضْيَافَكَ، فَإِنِّى مُنْطلقٌ إِلَى النَّبِيِّ ﷺ، فَافْرُغْ مِنْ قِراهُم قَبْلَ أَنْ أَجِيءَ، فَانْطَلَقَ عَبْدُ الرَّحْمَانِ، فَأَتَاهُمْ بما عِنْدَهُ، فَقَالَ: اطْعَمُوا؛ فَقَالُوا: أين رَبُّ مَنْزِلِنا؟ قَالَ: اطْعَمُوا، قَالُوا: مَا نحنُ بِاكِلِينَ حَتَّى يَجِيءَ رَبُّ مَنْزِلِنَا، قَالَ: اقْبَلُوا عَنْا قِرَاكُمْ، فَإِنَّهُ إِنْ جَاءَ وَلَمْ تَطْعَمُوا، لَنَلْقَيَنَّ مِنْهُ فأبَوْا، فَعَرَفْتُ أَنَّهُ يَجِدُ عَلَيَّ، فَلَمَّا جَاءَ تَنَحَّيْتُ عَنْهُ، فَقَالَ: مَا صَنَعْتُمْ؟ فَأخْبَرُوهُ، فَقَالَ: يَا عَبْدَ الرَّحْمَانِ، فَسَكَتُّ: ثُمَّ قَالَ: يَا عَبْدَ الرَّحْمَانِ، فَسَكَتُّ، فَقَالَ: يَا غُنْثَرُ أقْسَمْتُ عَلَيْكَ إِنْ كُنْتَ تَسْمَعُ صَوتِى لَمَا جِئْتَ! فَخَرَجْتُ، فَقُلْتُ: سَلْ أضْيَافَكَ، فقَالُوا: صَدَقَ، أتَانَا بِهِ، فَقَالَ: إِنَّمَا انْتَظَرْتُمُونِى واللَّه لَا أَطْعَمُهُ اللَّيْلَةَ. فَقَالَ الآخَرُونَ: واللَّهِ لَا نَطْعَمُهُ حَتَّى تَطْعَمَهُ فَقَالَ: وَيْلَكُمْ مَا لَكُمْ لَا تَقْبَلُونَ عَنَّا قِرَاكُمْ؟ هَاتِ طَعَامَكَ، فَجَاءَ بِهِ، فَوَضَعَ يَدَهُ فَقَالَ: بِسْمِ اللَّهِ، الْأولَى مِنَ الشَّيْطَانِ، فَأَكَلَ وَأَكَلُوا

Қазақша аудармасы

Әбу Мұхаммед Абдуррахман ибн Әбу Бәкір Сыддық (р.а.) жеткізген хадисте былай айтылған: «Суффалықтар1 өте кедей адамдар еді. Бірде Пайғамбарымыз ﷺ: «Кімнің үйінде екі адамға жететін тамақ болса, үшінші етіп, (суффалықтардан бір адамды) үйіне алып барсын, ал кімнің үйінде төрт адамға жететін ас-ауқат болса, бесінші етіп, (суффалықтардан бір адамды) үйіне алып барсын,... алтыншы етіп...», – деді, (яки дәл Алла елшісі айтқандай).2 Содан Әбу Бәкір (р.а.) (суффалықтардан) үш кісіні алып үйіне келді. Пайғамбарымыз он кісіні үйіне алып кетті. Алайда Әбу Бәкір (р.а.) (қонақтарын үйіне жайғастырып, отбасына тапсырып өзі) Пайғамбарымыздың үйінде кешкі ас ішеді. Содан соң құптан намазын оқығанға дейін сонда болады. Кейін түннің Алла қалаған біраз бөлігі өткен соң үйіне қайтады. Сонда әйелі оған: «Қонақтарыңыз күтіп қалды ғой, неге кешіктіңіз?» – деді. Әбу Бәкір (р.а.) таңданып: «Сонда оларға әлі кешкі ас бермедің бе?» – дегенде, әйелі: «Қызметшілер оларға ас ұсынды, бірақ олар сіз келмейінше ас ішуден бас тартты», – деді. (Бұл жайлы хадисті жеткізуші Әбу Бәкірдің ұлы Абдуррахман) былай деп әңгімеледі: «(Сол кезде мен әкемнен қорыққанымнан) үйден шығып кеттім де, жасырынып қалдым. Сонда әкем маған қарата: «Әй, түлей неме...», – деп мені аямай жекіп, сөзбен сыбап алды да (отбасын меңзеп): «Ал жеңдер! Ас болмасын! Уаллаһи, мен бұл астан әсте дәм татпаймын»-, деп қатты кейіді. (Абдуррахман): «Алланың атымен ант етейін! Біз алдымыздағы астан біртіндеп алған сайын сол желінген астың астынан одан да көп ас шығып, одан сайын көбейіп отырды, қонақтар әбден тойғанша солай болды. Соңында асымыз әуелгісінен де көп болып кетті», – деді. Содан Әбу Бәкір (р.а.) әлгі асқа қарады да әйеліне: «Уа, Фирас ұлдарының қарындасы! Мынау не?!» – деді аң-таң болып. Ол: «Қуанышыма серт, бұл қазір әуелгісінен үш есе көп боп тұр», – деді қуанып. Сонда Әбу Бәкір (р.а.) әлгі астан ауыз тиіп, ашу үстінде айтқан антын меңзеп: «Әлгі антым шайтанның азғыруымен болды», – деді де, астан ішіп, содан соң оны Пайғамбарымызға алып барды. Сөйтіп сол тағам таң атқанға дейін сонда (пайғамбардың үйінде) тұрды. (Абдуррахман): «Біз бен бір қауымның арасында келісім болған еді. Сол келісімнің мерзімі аяқталып (әлгі қауым Мәдинаға келді). Біз олардың арасынан хабаршы ретінде он екі кісіні бөліп алдық, сондай-ақ олардың әрбірінің жанында біраз кісілер болды. Әлгі он екі кісінің әрбірінің қасында нақты қанша кісі болғанын бір Алла біледі. Солардың барлығы әлгі тағамды жеді».

Басқа бір риуаятта былай баяндалған: «Әбу Бәкір (р.а.) тамақтан дәм татпаймын деп ант ішті. Әйелі де тамақтан дәм татпаймын деп ант ішті. Сондағы қонақ та, (қонақтар да) Әбу Бәкір дәм татпайынша, біз де дәм татпаймыз деп ант ішті. Ақырында Әбу Бәкір (р.а.): «Бұл ант шайтаннан», – деп, тамақты алдырып, өзі де, қонақтар да тамақ жеді. Содан олар алдарындағы астан біртіндеп алған сайын сол желінген астың астынан одан да көп ас шығып, одан сайын көбейіп отырды. Сонда Әбу Бәкір (р.а.): «Уа, Фирас ұлдарының қарындасы! Мынау не?!» – деп аң-таң болды. Әйелі оған: «Қуанышыма серт! Бұл ас қазір біз оны жемей тұрған кездегіден әлдеқайда көп боп тұр», – деді қуанып. Содан олар тамақты жеп, қалғанын Пайғамбарымызға беріп жібереді. (Хадисті жеткізген Абдуррахман) Пайғамбарымыз да одан жеді деген».

Басқа бір риуаятта: «Әбу Бәкір (р.а.) ұлы Абдуррахманға (р.а.): «Мен Пайғамбарымызға барамын, сен қонақтармен бірге бол. Мен келгенше қонақтардың ас-ауқатын беріп, қонақжайлық таныт», – деп тапсырды. Содан Абдуррахман (р.а.) бірден барып, үйдегі бар ас-ауқатты әкеліп, қонақтардың адына қойып: «Астан алыңыздар!» – дегенде, қонақтар: «(Қонақ боп отырған) үйіміздің иесі қайда?» – деп сұрады. Абдуррахман (р.а.) тағы да: «Астан алыңыздар», – дегенде, олар: «(Қонақ боп отырған) үйіміздің иесі келмейінше ештеңе жемейміз», – деді. Абдуррахман (р.а.): «Біздің (өздеріңізге арнап дайындаған) ас-ауқатымызды қабыл алыңыздар. Ол (Әбу Бәкір) келгенде сіздер тамақ жемеген болсаңыздар, бізге көресіні көрсетеді», – деп жалынды, алайда олар сол күйі ас ішуден бас тартып отырып алды. (Абдуррахман): «Әкем келгенде маған қатты ашуланатынын білдім де, ол келген бойда бірден одан іргемді аулақ салдым да, тығылып қалдым. Ол келе салып: «Не қылдыңдар?» – деп (қонақтардың жай-күйін) сұрады. Үйдегілер оны болған жағдайдан хабардар еткенде, ол (зілді дауыспен): «Әй, Абдуррахман!» – деді. Мен үндемедім. Сосын тағы да: «Әй, Абдуррахман!» – деді. Мен тағы үндемедім. Содан кейін: «Әй, түлей неме! Даусымды естіп тұрған болсаң, кел дедім мұнда!» – деп зекіді. Содан амал жоқ жасырынған жерімнен шықтым да: «Менің жазығым жоқ, қонақтарыңыздан сұраңыз», – дедім. Қонақтар болса: «Рас айтады. Ол ас-ауқатын алдымызға алып келді (бірақ біз жемедік)», – деді. Сонда Әбу Бәкір: «Демек (алдарыңа қойылған асты ішпей) тек мені күтіп отырдыңдар ғой. Олай болса, Алланың атымен ант етемін! Бұл түні бұл асты мен де ішпеймін», – деді. Сонда әлгі кісілер: «Аллаға серт! Сіз ас ішпейінше, біз де ішпейміз», – деді. Әбу Бәкір (р.а.): «(Алла жолында) садаға кеткірлер! Сендерге не болды, өздеріңе арналған асымызды неге ішпейсіңдер? Қане, астан алыңдар!» – деді. Асты алып келді, Әбу Бәкір (р.а.): «Бисмилла, әубаста айтқан антымыз шайтаннан болды», – деп асқа қолын созды. Сөйтіп өзі де, қонақтар да ішіп-жеді», – деп айтылған (Бұхари: 602, 3581, 6141, Муслим: 5427, Ахмад: 1704).

Орысша аудармасы

Абу Мухаммад Абдуррахман ибн Абу Бакр ас-Сиддик (да будет доволен Аллах им и его отцом) передал: «Обитатели Суффы1 были очень бедными людьми. Однажды Пророк ﷺ сказал: “У кого дома найдётся еда для двоих, пусть возьмёт домой третьего (одного из обитателей Суффы), а у кого дома найдётся пища для четверых, пусть возьмёт домой пятого (одного из обитателей Суффы)… или шестого…” (или как именно сказал Посланник Аллаха)2.

Тогда Абу Бакр (да будет доволен им Аллах) привёл домой троих (из числа обитателей Суффы), а Пророк ﷺ увёл к себе десятерых. Сам же Абу Бакр (разместив гостей у себя дома и поручив их своей семье) поужинал в доме Пророка ﷺ и оставался там до совершения ночного намаза. Домой он вернулся лишь после того, как миновала та часть ночи, которую пожелал Аллах. Жена сказала ему: “Гости заждались вас. Почему вы так задержались?” Абу Бакр удивлённо спросил: “Неужели ты до сих пор не накормила их ужином?” Она ответила: “Слуги предложили им еду, но они отказались есть до вашего возвращения”.

Далее (Абдуррахман, сын Абу Бакра и передатчик этого хадиса) рассказал: “(Тогда, испугавшись отца) я вышел из дома и спрятался. Отец крикнул мне: ‘Эй, невежда!..’ – после чего безжалостно отчитал меня и осыпал бранью. Затем он (обращаясь к членам семьи) сердито сказал: ‘Ну же, ешьте! Да не будет эта еда вам во благо! Клянусь Аллахом, я ни за что не притронусь к ней!’”

Абдуррахман продолжил: “Клянусь Аллахом! Каждый раз, когда мы понемногу брали с блюда, из-под съеденного появлялось ещё больше еды, и она продолжала прибывать, пока гости не насытились вдоволь. В конце концов еды стало больше, чем было сначала”. Абу Бакр (да будет доволен им Аллах) посмотрел на еду и изумлённо спросил жену: “О сестра рода Фирас! Что же это?!” Она радостно ответила: “Клянусь радостью моей! Сейчас еды втрое больше, чем было сначала”. Тогда Абу Бакр (да будет доволен им Аллах) отведал её и (имея в виду клятву, произнесённую в гневе) сказал: “Та моя клятва была от наущения шайтана”. Затем он поел и отнёс оставшуюся пищу Пророку ﷺ. Она оставалась там (в доме Пророка) до самого рассвета.

Абдуррахман рассказал: “Между нами и одним народом был заключён договор. Когда срок этого договора истёк (тот народ прибыл в Медину), мы избрали из их числа двенадцать человек в качестве посланцев, и при каждом из них находилось ещё по нескольку человек. Один Аллах знает, сколько именно людей сопровождало каждого из этих двенадцати. Все они ели ту пищу”».

В другой версии сообщается: «Абу Бакр (да будет доволен им Аллах) поклялся, что не притронется к еде. Его жена также поклялась, что не станет её есть. Со стороны гостя (или гостей) тоже прозвучала клятва: “Пока Абу Бакр не отведает пищи, мы тоже не притронемся к ней”. В конце концов Абу Бакр (да будет доволен им Аллах) сказал: “Эта клятва – от шайтана”, – велел подать еду, после чего поел сам и поели гости. Каждый раз, когда они понемногу брали с блюда, из-под съеденного появлялось ещё больше еды, и она продолжала прибывать. Тогда Абу Бакр (да будет доволен им Аллах) изумлённо спросил: “О сестра рода Фирас! Что же это?!” Жена радостно ответила ему: “Клянусь радостью моей! Сейчас еды гораздо больше, чем было до того, как мы начали её есть”. Затем они поели, а оставшуюся пищу отправили Пророку ﷺ. (Абдуррахман, передавший этот хадис, добавил): “Пророк ﷺ также ел эту пищу”».

В другой версии сообщается: «Абу Бакр (да будет доволен им Аллах) поручил своему сыну Абдуррахману (да будет доволен им Аллах): “Я иду к Пророку ﷺ, а ты останься с гостями. До моего возвращения накорми их и окажи им должное гостеприимство”. Абдуррахман (да будет доволен им Аллах) сразу же принёс всю еду, которая была в доме, поставил её перед гостями и сказал: “Угощайтесь!” Они спросили: “А где хозяин дома (в котором мы гостим)?” Абдуррахман вновь предложил им: “Угощайтесь”, – но они ответили: “Мы ничего не станем есть, пока не придёт хозяин дома (в котором мы гостим)”. Абдуррахман стал умолять их: “Примите наше угощение (приготовленное специально для вас). Если он (Абу Бакр) вернётся и увидит, что вы не поели, нам от него сильно достанется”. Однако они по-прежнему отказывались от еды.

Абдуррахман рассказал: “Я знал, что отец сильно рассердится на меня, поэтому, как только он вернулся, сразу отошёл от него подальше и спрятался. Войдя, он спросил (как обстоят дела с гостями): ‘Что вы сделали?’ Домочадцы рассказали ему обо всём случившемся. Тогда он (строгим голосом) позвал: ‘Эй, Абдуррахман!’ Я промолчал. Он вновь позвал: ‘Эй, Абдуррахман!’ Я снова не ответил. Тогда он прикрикнул: ‘Эй, невежда! Если слышишь мой голос, я велел тебе явиться сюда!’ Мне ничего не оставалось, кроме как выйти из укрытия. Я сказал: ‘Я ни в чём не виноват, спросите своих гостей’. Гости подтвердили: ‘Он говорит правду. Он принёс нам угощение (но мы не стали есть)’.

Тогда Абу Бакр сказал: ‘Значит, вы всё это время ждали только меня (не притрагиваясь к поставленной перед вами еде). В таком случае, клянусь Аллахом, этой ночью я тоже не стану есть эту пищу!’ Гости ответили: ‘Клянёмся Аллахом! Пока вы не поедите, мы тоже не станем есть’. Абу Бакр (да будет доволен им Аллах) воскликнул: ‘Горе вам! Что с вами? Почему вы не едите приготовленное для вас угощение? Ну же, приступайте к еде!’ Когда еду принесли, Абу Бакр (да будет доволен им Аллах) сказал: ‘Бисмиллях! Наша первоначальная клятва была от шайтана’, – и протянул руку к еде. Затем поел сам и поели гости”» (Аль-Бухари: 602, 3581, 6141; Муслим: 5427; Ахмад: 1704).

  1. 1Мәдинадағы пайғамбар мешітіне жапсарлас жаппада тұрып, құлшылық жасап, білім алған үй-жайлары болмаған пақыр сахабалар. Пайғамбарымыздан ﷺ ең көп хадис жеткізген сахабалардың бірі һәм бірегейі болған әзірет Әбу Һурайра суффалықтардан еді.
  2. 2Пайғамбарымыздан хадис жеткізгенде рауилер және ғалымдар (أو كَمَا قال) «Алла елшісі айтқандай...» деген сөзді қоса айтады. Өйткені көптеген хадистер бізге сөзбе-сөз емес, мән-мағынасы тұрғысынан жеткен.
  1. 1Бедные сподвижники, не имевшие жилья и жившие под навесом, примыкавшим к мечети Пророка ﷺ в Медине. Они посвящали себя поклонению и приобретению знаний. Среди обитателей Суффы был Абу Хурайра – один из сподвижников, передавших наибольшее число хадисов Пророка ﷺ.
  2. 2Передавая хадисы Пророка ﷺ, передатчики и учёные добавляют слова «или как сказал Посланник Аллаха» (أَوْ كَمَا قَالَ), поскольку многие хадисы дошли до нас по смыслу, а не дословно.
1505
Риядус-салихин, № 1505Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «لَقَدْ كَانَ فيما قَبْلَكُمْ مِنَ الْأُمَمِ نَاسٌ مُحَدَّثُونَ، فَإِنْ يَكُ فِى أُمَّتِى أَحَدٌ فَإِنَّهُ عُمَرُ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Алла елшісі ﷺ: «Сендерден бұрынғы қауымдардың ішінде жоғарыдан аян берілетін салиқалы адамдар болған-ды. Менің үмбетімнің ішінде де сондай жан болса, оның Омар екені айдан анық», – деп айтты», – деген (Бұхари: 3689, Муслим: 6204, Ахмад: 8468).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Среди общин, живших до вас, были праведники, получавшие внушения свыше. Если и в моей общине есть такой человек, то, несомненно, это Умар» (Аль-Бухари: 3689; Муслим: 6204; Ахмад: 8468).

1506
Риядус-салихин, № 1506Риуаят етуші: Жәбир ибн Сәмура (р.а.)

عَنْ جَابِر بْنِ سُمْرَةَ، قَالَ: شَكَا أَهْلُ الْكُوفَةِ سَعْدًا يعني: ابنَ أَبِى وقاص، إِلَى عمر بْنِ الْخطاب فَعَزَلَهُ، واسْتَعْمَلَ عَلَيْهِمْ عَمَّارًا، فَشَكَوا حَتَّى ذَكَرُوا أَنَّهُ لَا يُحْسِنُ يُصَلِّى، فَأَرْسَلَ إِلَيْهِ، فَقَالَ: يَا أَبَا إِسْحَاقَ، إِنَّ هَؤُلَاءِ يَزْعَمُونَ أَنَّكَ لَا تُحْسِنُ تُصَلِّى، فَقَالَ: أَمَّا أنا واللَّهِ فَإِنِّى كُنْتُ أُصَلِّى بِهِمْ صَلَاةَ رَسُول اللَّهِ ﷺ، لَا أُخْرِمُ عَنْها، أُصَلِّى صَلَاتَي الْعِشَاءِ فَأَرْكُدُ فِى الْأُولَيَيْنِ، وَأُخِفُّ فِى الْأُخْرَيَيْنِ

قَالَ: ذَلِكَ الظَّنُّ بِكَ يَا أَبَا إِسْحَاقَ، وأَرْسَلَ مَعَهُ رَجُلًا – أَوْ رِجَالًا – إِلَى الْكُوفَةِ يَسْأَلُ عَنْهُ أَهْلَ الْكُوفَةِ، فَلَمْ يَدَعْ مَسْجِدًا إِلَّا سَأَلَ عَنْهُ، وَيُثْنُونَ مَعْرُوفًا، حَتَّى دَخَلَ مَسْجِدًا لِبَنِى عَبْسٍ، فَقَامَ رَجُلٌ مِنْهُمْ، يُقالُ لَهُ أُسَامَةُ بْنُ قَتَادَةَ، يُكَنَّى أَبَا سَعْدَةَ، فَقَالَ: أمَا إِذْ نَشَدْتَنَا فَإِنَّ سَعْدًا كَانَ لَا يَسِيرُ بالسَّرِيَّةِ وَلَا يَقْسِمُ بالسَّوِيَّةِ، وَلَا يَعْدِلُ فِى الْقَضِيَّةِ. قَالَ سَعْدٌ: أمَا وَاللَّهِ لأَدْعُونَّ بِثَلَاثٍ: اللَّهُمَّ إِنْ كَانَ عَبْدُكَ هَذَا كَاذِبًا، قَامَ رِيَاءً، وَسُمْعَةً، فَأَطِلْ عُمُرَهُ، وَأَطِلْ فَقْرَهُ، وَعَرِّضْهُ لِلْفِتَنِ. وَكَانَ بَعْدَ ذَلِكَ إِذَا سُئِلَ يَقُولُ: شَيْخٌ كَبيرٌ مَفْتُونٌ، أَصَابَتْنِى دَعْوَةُ سَعْدٍ.

قَالَ عَبْدُ الْملكِ بْنِ عُمَيْرٍ الراوي عَنْ جابرِ بْنِ سَمُرَةَ: فَأنا رَأَيْتُهُ بَعْدُ قَدْ سَقَطَ حَاجِبَاهُ عَلَى عَيْنَيْهِ مِنَ الْكِبَرِ، وإِنَّهُ لَيَتَعَرَّضُ لِلْجَوارِى فِى الطُّرُقِ فَيَغْمِزُهُنَّ

Қазақша аудармасы

Жәбир ибн Сәмура (р.а.): «Бірде Куфа халқы мұсылмандардың әміршісі Омар ибн әл-Хаттабқа (р.а.) өздерінің әміршісі Сағд ибн Әбу Уаққастың (р.а.) үстінен шағым түсіреді. Сонда Омар (р.а.) оны қызметінен босатып, орнына Аммарды (р.а.) тағайындайды. Куфалықтар Сағдтың үстінен түсірген шағымдарында «намаздың өзін жөндеп оқымайды» деген еді. Сонда Омар арнайы адам жіберіп, Сағдты алғызады. Сағд мұсылмандардың әміршісімен жолыққанда: «Уа, Ысқақтың әкесі! Мыналар сен туралы намаздың өзін жөндеп оқыта алмайды деп айтуда», – деді. Сағд: «Маған келсек, Алланың атымен ант етейін! Мен оларға Алла елшісі ﷺ намазды қалай оқыған болса, дәл солай оқытуға тырыстым. Намазды қысқа етіп оқытқан емеспін. Соның ішінде құптан намазының алғашқы екі рәкағатын ұзақ, соңғы екеуін болса, қысқа қайырып оқыттым», – деді. Сонда Омар оған: «Уа, Ысқақтың әкесі! Мен де сен жайлы солай ойлап едім», – деді. Кейін бұл істің анық-қанығына жету мақсатында Куфа халқының пікіріне құлақ түріп, Сағд жайлы толық мағлұмат алу үшін Сағдтың қасына бір (немесе бірнеше) кісіні қосып, оны қайтадан Куфаға аттандырады. Орталықтан арнайы жіберілген кісілер Куфадағы бірде-бір мешітті қалдырмай халықтан Сағд жайлы сұрап шықты. Сондағы сұралғандардың бәрі де оны тек мақтаумен ғана болды. Тек Абсұлдарының мешітіне кіріп жамағаттан Сағд жайлы сұрағанда, Усама ибн Қатада деген кісі орнынан тұрып: «Сұраған екенсіңдер, ендеше, айтайын. Расында, Сағд жорыққа аттанған бірде-бір жасақты бастап шыққан емес, халыққа дүние үлестіргенде де теңдей етіп бөлген емес, әрі би болып үкім шығарған кезде де әділдікті ұстанбайтын», – деді. Сонда Сағд оған: «Алланың атымен ант етейін! (Сен маған үш түрлі жала жапсаң) мен саған үш түрлі лағынет айтайын: «Уа, Алла Тағалам! Егер мына пендең көпшіліктің алдында бір көрініп әрі сөйлеп қалайын деген ниетпен өтірік айтып, маған жала жапқан болса, оның ғұмырын ұзақ қылып, оған кедейлік үстіне кедейлік беріп һәм түрлі сынақтарға душар еткейсің», – деп айтты. Кейін (біраз жылдар өткен соң) әлгі жалақорға қалың қалай делінгенде: «Қалай болушы едім. Мен түрлі сынақтарға душар болған, қалтылдаған қартпын. Сағдтың қарғысына ұшырадым», – деп айтатын еді», – деген.

Осы хадисті Жәбир ибн Сәмурадан риуаят еткен Абдул-Мәлик ибн Умәйр: «Кейін әлгі қартты мен де көрдім. Кәріліктен екі қасы көзіне дейін түссе де, көшедегі алдынан шыққан қызметші қыз-қырқынның алдын кесіп, оларды қармалаумен әлек болатын», – деген (Бұхари: 755, Муслим: 1016, Ахмад: 1518).

Орысша аудармасы

Джабир ибн Самура (да будет доволен им Аллах) передал: «Однажды жители Куфы подали правителю мусульман Умару ибн аль-Хаттабу (да будет доволен им Аллах) жалобу на своего наместника Саада ибн Абу Ваккаса (да будет доволен им Аллах). Тогда Умар (да будет доволен им Аллах) отстранил его от должности и назначил вместо него Аммара (да будет доволен им Аллах). Среди прочих обвинений жители Куфы заявляли, что Саад “даже молитву не совершает должным образом”.

Тогда Умар послал за Саадом специального человека. Когда Саад предстал перед правителем мусульман, тот сказал ему: “О Абу Исхак! Эти люди утверждают, что ты даже не умеешь надлежащим образом проводить молитву”. Саад ответил: “Что касается меня, то, клянусь Аллахом, я старался совершать с ними молитву именно так, как совершал её Посланник Аллаха ﷺ, и нисколько её не сокращал. В частности, во время ночной молитвы первые два ракаата я читал долго, а последние два – кратко”. Тогда Умар сказал ему: “О Абу Исхак! Именно так я о тебе и думал”.

Затем, желая досконально разобраться в этом деле, выслушать мнение жителей Куфы и получить полные сведения о Сааде, Умар отправил его обратно в Куфу, дав ему в сопровождение одного человека (или нескольких людей). Специально направленные представители не оставили в Куфе ни одной мечети, не расспросив её прихожан о Сааде. Все, кого они спрашивали, отзывались о нём лишь с похвалой.

Однако, когда они вошли в мечеть племени Бану Абс и спросили собравшихся о Сааде, человек по имени Усама ибн Катада поднялся со своего места и сказал: “Раз уж вы спрашиваете, я скажу: Саад ни разу не выступал во главе отряда, отправлявшегося в поход, не делил имущество между людьми поровну и не придерживался справедливости, когда выносил судебные решения”. Тогда Саад сказал ему: “Клянусь Аллахом! Я обращусь к Аллаху с тремя проклятиями против тебя (раз ты оклеветал меня по трём пунктам): ‘О Аллах! Если этот Твой раб лжёт и оклеветал меня лишь затем, чтобы покрасоваться и выступить перед людьми, то продли его жизнь, умножь его бедность и подвергни его всевозможным испытаниям!’”

Позднее (спустя несколько лет), когда того клеветника спрашивали, как он поживает, он отвечал: “А как я могу поживать? Я – дряхлый, трясущийся старик, подвергнутый всевозможным испытаниям. Меня настигло проклятие Саада”».

Абд аль-Малик ибн Умайр, передавший этот хадис со слов Джабира ибн Самуры, сказал: «Позднее я и сам видел того старика. От глубокой старости его брови нависали над глазами, однако он преграждал дорогу встречавшимся ему на улице молодым служанкам и пытался хватать их руками» (Аль-Бухари: 755; Муслим: 1016; Ахмад: 1518).

1507
Риядус-салихин, № 1507

عَنْ عروة بْنِ الزبير أَنَّ سعيد بْنِ زيد بْنِ عَمْرُو بْنِ نُفَيلٍ خَاصَمَتْهُ أَرْوَى بِنْتُ أوْسٍ إِلَى مَرْوَانَ بْنِ الْحَكَمِ، وادَّعَتْ أَنَّهُ أَخَذَ شَيْئًا مِنْ أرْضِهَا، فَقَالَ سعيدٌ: أنا كُنْتُ آخُذُ شَيْئًا مِنْ أرْضِهَا بَعْدَ الَّذِى سَمِعْتُ مِنْ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ!؟ قَالَ: مَاذَا سَمِعْتَ مِنْ رَسُولِ اللَّه ﷺ؟ قَالَ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «مَنْ أَخَذَ شِبْرًا مِنَ الْأَرْضِ ظُلْمًا، طُوِّقَهُ إِلَى سَبْعِ أرْضِينَ» فَقَالَ لَهُ مَرْوَانُ: لَا أسْألُكَ بَيِّنَةً بَعْدَ هَذَا، فَقَالَ سعيد: اللَّهُمَّ إِنْ كَانَتْ كاذِبَةً، فَأعْمِ بَصَرَها، وَاقْتُلْهَا فِى أرْضِها، قَالَ: فَما ماتَتْ حَتَّى ذَهَبَ بَصَرُهَا، وَبَيْنَما هِيَ تَمْشِى فِى أرْضِهَا إِذ وَقَعَتْ فِى حُفْرَةٍ فَماتَتْ. مُتَّفَقٌ عَلَيْهِ

وَفِى رِوَايَةٍ لِمُسْلِمٍ عَنْ محمد بْنِ زيد بْنِ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عُمَرَ بِمَعْنَاهُ، وأنه رآها عَمْيَاءَ تَلْتَمِسُ الْجُدُرَ تقولُ: أصابَتْنِى دَعْوَةُ سَعيدٍ، وأَنَّهَا مَرَّتْ عَلَى بِئرٍ فِى الدَّارِ الَّتِى خَاصَمَتْهُ فِيهَا، فَوَقَعَتْ فِيهَا، وكانتْ قَبْرَها

Қазақша аудармасы

Уруа ибн Зубайрден (р.а.) жеткен хадисте: Аруа бинт Аус жерінің бір бөлігін алып қойды деген арыз-шағыммен Сағид ибн Зайд ибн Амр ибн Нуфәйлдің (р.а.) үстінен Мәруан ибн Хакамға арызданады. Сонда Сағид: « (Біреудің жерін тартып алудың ауыр күнә екені жайлы) Алла елшісінен ﷺ естігендерімнен кейін оның жерін тартып алып қояды ғой дейсіз бе?» – дейді. Мәруан одан: «Алла елшісінен не естідің?» – деп сұрайды. Сонда ол: Алла елшісінің: «Кімде-кім біреудің жерінен бір қарыс жерді зұлымдықпен тартып аласа, (қияметте) сол жердің жеті қат тереңдігі оның мойнына оралатын болады», – деп айтқанын естідім, дегенде, Мәруан оған: «Мен сенен бұдан артық дәлел сұрамаймын», – дейді. Сонда Сағид: «Уа, Алла! Егер мына әйел өтірікші болса, көзін көр қыл әрі өзінің жерінде жанын ал!» – деп теріс дұға жасады. (Хадисті жеткізуші Уруа): «Сол әйел өлмей тұрып көз жанарынан айырылды. Сөйтіп бір күні ол өзінің жерінде жүріп келе жатып, бір шұңқырға құлап, қайтыс болады», – деп айтқан», – делінген (Бұхари: 3198, Муслим: 4134, Ахмад: 1640).

Имам Муслимнің хадистер жинағында келген риуаятта Мұхаммед ибн Зайд ибн Абдуллаһ ибн Амр осы хадисті мағына тұрғысынан риуаят еткен: «Ол әлгі әйелді көр соқыр күйінде дуалдардан ұстап жағалап жүргенін көрген, сонда ол: «Маған Сағидтің жасаған теріс дұғасы тиді», – деп айтып жүрген екен. Содан ол әйел Сағитпен дауласқан үйдің ауласындағы құдықтың жанынан өтіп бара жатып, құдыққа құлап кеткен еді, сөйтіп сол жер оның қабірі болды», – деп келген.

Орысша аудармасы

Урва ибн аз-Зубайр (да будет доволен им Аллах) передал: «Арва бинт Аус пожаловалась Марвану ибн аль-Хакаму на Саида ибн Зайда ибн Амра ибн Нуфайля (да будет доволен им Аллах), утверждая, что тот захватил часть принадлежавшей ей земли. Тогда Саид сказал: “Неужели вы думаете, что после того, что я услышал от Посланника Аллаха ﷺ (о тяжести греха присвоения чужой земли), я мог отнять у неё землю?” Марван спросил его: “Что же ты слышал от Посланника Аллаха ﷺ?” Саид ответил: “Я слышал, как Посланник Аллаха ﷺ сказал: ‘Тому, кто несправедливо захватит хотя бы пядь чужой земли, (в День воскресения) на шею повесят этот участок земли во всю глубину его семи слоёв’”.

Тогда Марван сказал ему: “После этого я не стану требовать от тебя иных доказательств”. Затем Саид обратился к Аллаху с мольбой против этой женщины: “О Аллах! Если эта женщина лжёт, лиши её зрения и забери её душу на её собственной земле!”

(Передатчик хадиса Урва) сказал: “Ещё до смерти эта женщина лишилась зрения. Однажды она шла по своей земле, упала в яму и умерла”» (Аль-Бухари: 3198; Муслим: 4134; Ахмад: 1640).

В версии хадиса, приведённой в сборнике имама Муслима, Мухаммад ибн Зайд ибн Абдуллах ибн Умар передал его по смыслу: «Я видел, как эта совершенно слепая женщина передвигалась, держась за стены, и говорила: “Меня настигло проклятие Саида”. Однажды она проходила мимо колодца, находившегося во дворе дома, из-за которого судилась с Саидом, упала в него, и тот колодец стал её могилой».

1508
Риядус-салихин, № 1508Риуаят етуші: Жәбир (р.а.)

عَنْ جَابِر بْنِ عَبْدِ اللَّهِ، قَالَ: لَمَّا حَضَرَتْ أُحُدٌ دعَانِى أَبِى من اللَّيْلِ فَقَالَ: مَا أُرَانِى إِلَّا مَقْتُولًا فِى أوْلِ مَنْ يُقْتَلُ من أَصْحَابِ النَّبِيِّ ﷺ، وإِنِّى لَا أَتْرُكُ بَعْدِى أَعَزَّ عَلَيَّ مِنْكَ غَيْرَ نَفْسِ رَسُول اللَّهِ ﷺ، وإِنَّ عَلَيَّ دَيْنًا فَاقْضِ، وَاسْتَوْصِ بِأَخَوَاتِكَ خَيْرًا، فَأَصْبَحْنَا، فَكَانَ أَوَّلَ قَتِيلٍ، وَدَفَنْتُ مَعَهُ آخَرَ فِى قَبْرِهِ، ثُمَّ لَمْ تَطِبْ نَفْسِى أَنْ أتْرُكَهُ مَعَ آخَرَ، فَاسْتَخْرَجْتُهُ بَعْدَ سِتَّةِ أشْهُرٍ، فإِذا هُوَ كَيَوْمِ وَضَعْتُهُ غَيْرَ أُذنِهِ، فَجَعَلْتُهُ فِى قَبْرٍ عَلَى حِدَةٍ

Қазақша аудармасы

Жәбир ибн Абдуллаһ (р.а.): «Ертең Ұхұд шайқасы болады деген түні әкем мені қасына шақырып алып: «Ертеңгі шайқаста қаза табатын Алла елшісінің ﷺ сахабаларының алғашқысы мен болармын. Алла елшісін қоспағанда артымда қалатындардың ішіндегі мен үшін ең қымбатты жан сенсің. Мойнымда қарыздарым бар, иелеріне қайтарып бер. Әпке-қарындастарыңмен жақсы қарым-қатынаста бол», – деп соңғы өсиетін айтты. Ертесі күні әкем расында қаза тапқандардың ең алғашқысы болды. Алғашында оны (өзі секілді шейіт болған) бір сахабамен бірге жерледім. Алайда екі шейітті бірге жерлегеніме көңілім сая таппай алты айдан соң сүйегін қайта қазып алдым. Құлағының аз ғана бөлігін қоспағанда, денесі шірімей, жерленген күні қандай болса, сол қалпында сақталған екен. Сөйтіп, оның сүйегін өз алдына бөлек қабірге қойдым», – деген (Бұхари: 1351).

Орысша аудармасы

Джабир ибн Абдуллах (да будет доволен ими обоими Аллах) сказал: «В ночь перед битвой при Ухуде отец позвал меня к себе и, давая последнее наставление, сказал: “Я думаю, что завтра стану первым из сподвижников Посланника Аллаха ﷺ, кто погибнет в этой битве. Среди тех, кого я оставлю после себя, нет для меня никого дороже тебя, кроме Посланника Аллаха ﷺ. На мне есть долги – верни их тем, кому я должен. Хорошо обращайся со своими сёстрами”. На следующий день отец действительно погиб первым. Сначала я похоронил его вместе с одним сподвижником (который, как и он, пал шахидом). Однако я не находил покоя из-за того, что отец лежал в одной могиле с другим шахидом, поэтому через шесть месяцев вновь раскопал могилу и извлёк его тело. За исключением лишь небольшой части уха, оно не разложилось и сохранилось таким же, каким было в день погребения. После этого я предал его тело земле в отдельной могиле» (Аль-Бухари: 1351).

1509
Риядус-салихин, № 1509Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَس أَنَّ رجلين مِنْ أصحاب النَّبِيِّ ﷺ خَرَجَا مِنْ عِنْدِ النَّبِيِّ ﷺ، فِى لَيْلَةٍ مُظْلِمَةٍ وَمَعَهُمَا مِثْلُ الْمِصْبَاحَيْنِ بَيْنَ أَيْديهِمَا. فَلَمَّا افْتَرَقَا، صَارَ مَعَ كُلِّ وَاحِدٍ مِنْهُمَا وَاحِدٌ حَتَّى أَتَى أَهْلَهُ

رواهُ الْبُخارِى مِنْ طُرُقٍ؛ وَفِى بَعْضِهَا أَنَّ الرَّجُلَيْنِ أُسَيْدُ بنُ حُضير، وَعَبّادُ بنُ بِشْرٍ

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.): «Бірде тастай қараңғы түнде Пайғамбарымыздың ﷺ үйінен екі сахаба шықты. Сол кезде олардың алдында шамға ұқсаған екі жарық бар еді. Екі сахаба (екі бөлек жолға түсіп) айырылысқанда әлгі екі жарық та бір-бірінен ажырап, әлгілерді үйлеріне дейін (жолдарына жарық түсіріп) шығарып салды», – деп айтты.

Имам Бұхаридің осыған қатысты бірнеше жолмен риуаят еткен хадистерінің кейбірінде әлгі екі сахабаның бірі Усәйд ибн Худайр (р.а.), ал екіншісінің Аббад ибн Бишр (р.а.) болғандығы айтылған (Бұхари: 465, 3639, 3805, Ахмад: 12980).

Орысша аудармасы

Анас (да будет доволен им Аллах) передал: «Однажды непроглядно тёмной ночью из дома Пророка ﷺ вышли двое сподвижников. Перед ними сияли два огня, подобные светильникам. Когда сподвижники разошлись (пойдя по разным дорогам), эти огни также отделились друг от друга и проводили каждого до самого дома (освещая им путь)».

В некоторых версиях этого хадиса, переданных имамом аль-Бухари несколькими путями, сообщается, что одним из этих сподвижников был Усайд ибн Худайр (да будет доволен им Аллах), а другим – Аббад ибн Бишр (да будет доволен им Аллах) (Аль-Бухари: 465, 3639, 3805; Ахмад: 12980).

1510
Риядус-салихин, № 1510Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة قَالَ: بعث رَسُول اللَّهِ ﷺ عَشْرَة رَهْطٍ عَيْنًا سَرِيَّة، وأمَّرَ عَلَيْهَا عاصِمَ بنَ ثَابِتٍ الْأنْصَارِيَّ، فانْطلقوا حَتَّى إِذَا كَانُوا بالهَدْأةِ؛ بَيْنَ عُسْفَانَ وَمَكَّةَ؛ ذُكِرُوا لِحَيٍّ مِنْ هُذَيْل يُقالُ لَهُمْ: بَنُو لحيانَ، فَنَفَرُوا لَهُمْ بِقَرِيبٍ مِنْ مِئَةِ رَجُلٍ رَامٍ، فَاقْتَصُّوا آثَارَهُمْ، فَلَمَّا أحَسَّ بِهِمْ عَاصِمٌ وأَصْحَابُهُ، لَجَأُوا إِلَى مَوْضِعٍ، فَأَحاطَ بِهِمُ الْقَوْمُ، فَقَالُوا: انْزِلُوا فَأَعْطُوا بِأيْدِيكُمْ وَلَكُمُ الْعَهْدُ وَالْمِيثَاقُ أَنْ لَا نَقْتُلَ مِنْكُمْ أَحَدًا. فَقَالَ عَاصِمُ بنُ ثَابِتٍ: أَيُّهَا الْقَوْمُ، أَمَّا أنا، فَلَا أنْزِلُ عَلَى ذِمَّةِ كَافِرٍ: اللَّهُمَّ أَخْبِرْ عَنَّا نَبِيَّكَ ﷺ، فَرَمُوهُمْ بِالنّبْلِ فَقَتلُوا عَاصِمًا، وَنَزَلَ إِلَيْهِمْ ثَلَاثَةُ نَفَرٍ عَلَى الْعَهْدِ والمِيثاقِ، مِنْهُمْ خُبَيْبٌ، وَزَيدُ بنُ الدَّثِنَةِ وَرَجُلٌ آخَرُ. فَلَمَّا اسْتَمْكَنُوا مِنْهُمْ أطْلَقُوا أوْتَارَ قِسِيِّهِمْ، فَرَبطُوهُمْ بِهَا. قَالَ الرَّجُلُ الثَّالِثُ: هَذَا أَوَّلُ الْغَدْرِ واللَّهِ لَا أصْحَبُكُمْ إِنَّ لِى بِهؤُلاءِ أُسْوَةً، يُرِيدُ الْقَتْلَى، فَجَرُّوهُ وعَالَجُوهُ، فأبى أَنْ يَصْحَبَهُمْ، فَقَتَلُوهُ، وانْطَلَقُوا بِخُبَيبٍ، وزَيْدِ بْنِ الدَّثِنَةِ، حَتَّى بَاعُوهُمَا بِمَكَّةَ بَعْدَ وَقْعَةِ بَدْرٍ؛ فابْتَاعَ بَنُو الْحارِثِ بْنِ عامِرِ بْنِ نَوْفَلِ بْنِ عبدِ مَنَافٍ خُبيبًا، وكان خُبَيْبٌ هُوَ قَتَلَ الْحَارِثَ يَوْمَ بَدْرٍ. فَلِبثَ خُبَيْبٌ عِنْدَهُمْ أسيرًا حَتَّى أجْمَعُوا عَلَى قَتْلِهِ، فاسْتَعَارَ مِنْ بَعْضِ بَنَاتِ الْحَارثِ مُوسَى يَسْتَحِدُّ بِهَا فَأعَارَتْهُ، فَدَرَجَ بُنَيٌّ لَهَا وَهِيَ غَافِلَةٌ حَتَّى أَتَاهُ، فَوَجَدتهُ مُجْلِسَهُ عَلَى فَخْذِهِ وَالْموسَى بِيَدِهِ، فَفَزِعَتْ فَزْعَةً عَرَفَهَا خُبَيْبٌ. فَقَالَ: أَتَخَشَيْنَ أن أقْتُلَهُ مَا كُنْتُ لأَفْعَلَ ذَلِكَ! قَالَتْ: واللَّهِ مَا رَأَيْتُ أسيرًا خَيرًا مِنْ خُبَيْبٍ، فواللَّهِ لَقَدْ وَجَدْتُهُ يَوْمًا يَأكُلُ قِطْفًا مِنْ عِنَبٍ فِى يَدِهِ وإِنَّهُ لَمُوثَقٌ بِالحَدِيدِ وَمَا بِمَكَّةَ مِنْ ثَمَرَةٍ، وَكَانَتْ تَقُولُ: إِنَّهُ لَرِزْقٌ رَزَقَهُ اللَّهُ خُبَيْبًا. فَلَمَّا خَرَجُوا بِهِ مِنَ الْحَرَمِ لِيَقْتُلُوهُ فِى الْحِلِّ، قَالَ لَهُمْ خُبَيْبٌ: دَعُونِى أُصَلِّى رَكْعَتَيْنِ، فَتَرَكُوهُ، فَرَكَعَ رَكْعَتَيْنِ فَقَالَ: واللَّهِ لَوْلَا أَنْ تَحْسَبُوا أَنَّ مَا بِى جَزَعٌ لَزِدْتُ: اللَّهُمَّ أحْصِهِمْ عَدَدًا، وَاقْتُلهُمْ بِدَدًَا، وَلَا تُبْقِ مِنْهُمْ أَحَدًا. وقال

فَلَسْتُ أُبَالِى حِيْنَ أُقْتَلُ مُسْلِمًا عَلَى أيِّ جَنْبٍ كَانَ لِلَّهِ مَصْرَعِي

وَذَلِكَ فِى ذَاتِ الْإِلَهِ وإِنْ يَشَأْ يُبَارِكْ عَلَى أوْصَالِ شِلْوٍ مُمَزَّعِ

وكان خُبَيبٌ هُوَ سَنَّ لِكُلِّ مُسْلِمٍ قُتِلَ صَبْرًا الصَّلَاةَ. وأخْبَرَ – يعني: النَّبِيّ ﷺ – أَصْحَابَهُ يَوْمَ أُصِيبُوا خَبَرَهُمْ، وَبَعَثَ نَاسٌ مِنْ قُرَيْشٍ إِلَى عَاصِمِ بْنِ ثَابتٍ حِيْنَ حُدِّثُوا أَنَّهُ قُتِلَ أن يُؤْتَوا بِشَيْءٍ مِنْهُ يُعْرَفُ، وكَانَ قَتَلَ رَجُلًا مِنْ عُظَمائِهِمْ، فَبَعَثَ اللَّه لِعَاصِمٍ مِثْلَ الظُّلَّةِ مِنَ الدَّبْرِ فَحَمَتْهُ مِنْ رُسُلِهِمْ، فَلَمْ يَقْدِروا أَنْ يَقْطَعُوا مِنْهُ شَيْئًا

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Бірде Алла елшісі ﷺ ансарлық Асым ибн Сәбитті (р.а.) он адамнан тұратын топтың жетекшісі етіп, (дұшпан жеріне) барлауға жіберген еді. Барлаушылар жолға шығып, Усфан мен Мекке қаласының ортасындағы Һудәт деген өңірге табандары тигенде, Һузәйл тайпасының Бәну Лихян атты руына олар жайлы мәлімет беріледі. Мүшріктер дереу қамданып, жүзге жуық садақшыдан тұратын жасақпен мұсылмандардың соңына түседі. Асым және оның жолдастары өздерін қуып келе жатқан жау қолын байқап қалып, биік жотаға шығып, бекініп үлгереді. Дұшпан әскері оларды жан-жағынан қоршауға алып: «Төменге түсіп түгел беріліңдер. Сонда ешбіріңді өлтірмеуге уәде береміз», – дейді. Сонда Асым ибн Сәбит (р.а.) жолдастарына былай дейді: «Уа, жарандар! Өз басым төменге түспеймін. Кәпірдің сөзіне сеніп, оның мейірімінен үміт етпей-ақ қойдым. Уа, Алла Тағалам! Пайғамбарыңды біздің мына жағдайымыздан хабардар ет», – деп дұға етеді. Сол-ақ екен, кәпірлер мұсылмандарға садақпен оқ жаудырып, Асымды және оған қоса біраз адамды мерт қылады. Соңында тірі қалған үш сахаба кәпірлердің берген уәдесіне сеніп, төмен түседі. Олар: Хубәйб, Зәйд ибн әд-Дәсина және есімі белгісіз бір сахаба болатын. Аталмыш сахабаларды қолға түсірген соң, кәпірлер садақтарының адырнасын ағытып, сонымен тұтқындарды мықтап шандып тастайды. Сонда есімі белгісіз үшінші сахаба: «Бұл – бізге жасалған алғашқы қиянат. Алланың атымен ант етейін, сендерге ермеймін. Мына шейіттер мен үшін қандай керемет өнеге!» – деп жау алдында табандылық танытады. Кәпірлер оны біраз сүйреп, болмаған соң, басқа да жолдармен күштеп көндірмек болғанымен, оларға еруден түбегейлі бас тартады. Амалы құрыған кәпірлер шімірікпей оны да шейіт етеді. Сөйтіп, олар Хубәйб пен Зәйд ибн әд-Дәсинаны өздерімен бірге ала кетеді де, Меккеге апарып, Бәдір соғысында мұсылмандардың қолынан қаза тапқан мүшріктердің жақын туыстарына сатып жібереді. Хубәйбті Харис ибн Амир ибн Нәуфәл ибн Абду Мәнәфтің ұлдары сатып алды, өйткені Хубәйб Бәдірде олардың әкесі Харистің түбіне жеткен еді. Хубәйб Харистің ұлдары тарапынан өлім жазасына кесілгенге дейін солардың қолында тұтқында болды. Ол өзінің өлімге кесілгенін білгенде, Харистің қыздарының бірінен денесіндегі түктен арылу үшін ұстара сұрайды. Харистің қызы оған сұрағанын береді. Әлден уақытта әлгі әйел күйбеңдеп жүріп, әлі буыны бекіп, бұғанасы қатпаған баласының Хубәйбтің қасына қалай еңбектеп барғанын байқамай қалады. Әйел әлден уақытта қолына ұстара ұстаған Хубәйбтің кішкене сәбиін алдында отырғызып алғанын көріп, зәре құты қалмайды. Хубәйб әйелдің қатты қорыққанын байқап: «Баламды өлтіріп қояды деп қорқып тұрсың ба? Мен олай істемеймін», – деп қорқынышын сейілтті. Кейін сол әйел: «Алланың атымен ант етейін! Ғұмырымда Хубәйбтен де қайырлы тұтқын көрмедім. Уаллаһи! Бір күні оның қол-аяғы кісендеулі болса да, Меккеде жеміс-жидек атаулы тапшы болатын шақта қолына бір шоқ жүзім ұстап, жеп тұрғанын өз көзіммен көрдім. Расында, ол Алланың Хубәйбке берген ризығы болатын», – деп айтып жүретін. Соңында Харистың ұлдары Хубәйбті өлтіру үшін Харамның шекарасынан шығарып, Танғим деп аталатын маңға әкелгенде, Хубәйб олардан: «Мені мына бұғаудан сәл босата тұрыңдар, екі бас намаз оқып алайын», – деп мұрсат сұрайды. Харистың ұлдары оның соңғы өтінішін орындап, бұғаудан босатқанда, ол екі бас намаз оқиды да, мүшріктерге: «Алланың атымен ант етейін! Өлімнен қорыққандықтан намазын созды деп ойлап қалмайтындарыңда, бұдан да ұзақ оқитын едім», – деп, қолын көкке көтеріп: «Уа, Алла Тағалам! Бірде-бірін қалдырмай бұлардан мен үшін кек ал. Бірінен соң бірін топырақ қаптыр. Бірде-біреуін тірі қалдырма», – деп дұға етеді. Содан соң:

«Мұсылман болып өлсем егер,

Алла үшін қай жерде ажал құшсам да рауа.

Тартқан азабым бір Құдай үшін болғандықтан,

Тәңірім қаласа, таланған тәнімді бөлер рақымына» – деген өлең жолдарын оқыды.

Осылайша, Хубәйб алғашқы болып тұтқынға түсіп, өлім жазасына кесілген мұсылмандарға өнеге көрсетіп, өлер алдында екі бас намаз оқуды үлгі етіп кетті. Расулалла ﷺ болса, алғашқы күні-ақ, қасындағы сахабаларына тұтқынға түскен мұсылмандар жайлы хабар берген еді.

Сондай-ақ, Асым ибн Сәбиттің мүшріктердің қолынан қаза тапқанын естіген базбір Құрайыштықтар шынымен өлтірілгеніне көз жеткізу үшін оның денесінің бір бөлігін алып келуге арнайы бір топ адам жібереді, өйткені Асым ибн Сәбит Бәдірде олардың бетке ұстар ұлықтарының бірін өлтірген болатын. Құрайыштықтардың жіберген адамдары қантөгіс оқиға орын алған жерге жеткенде, Алла Тағала Асым денесінің үстіне араларды қара бұлттай қаптатып, шейіттің тәніне кәпірлердің қолының ұшын да тигізбей қорғап қалады. Сөйтіп, олар Асымның жансыз денесінің титтей де бір бөлігін кесіп ала алмайды», – деген (Бұхари: 3989, Ахмад: 7928).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал: «Однажды Посланник Аллаха ﷺ отправил в разведку (на вражескую территорию) отряд из десяти человек, назначив его предводителем ансара Асима ибн Сабита (да будет доволен им Аллах). Разведчики выступили в путь и достигли местности под названием аль-Хад’а, расположенной между Усфаном и Меккой. Там сведения о них дошли до рода Бану Лихьян из племени Хузайл. Многобожники немедленно снарядили отряд примерно из ста лучников и бросились вслед за мусульманами. Заметив преследовавший их вражеский отряд, Асим и его товарищи успели подняться на возвышенность и укрепиться там. Враги окружили их со всех сторон и сказали: “Спускайтесь и сдавайтесь. Мы обещаем, что никого из вас не убьём”.

Тогда Асим ибн Сабит (да будет доволен им Аллах) сказал своим товарищам: “О друзья! Что касается меня, то я не спущусь. Я не стану доверять слову неверующего и надеяться на его милость. О Аллах! Доведи до Твоего Пророка весть о нашем положении!”

Тогда неверные осыпали мусульман стрелами, убив Асима и ещё нескольких человек. В конце концов трое оставшихся в живых сподвижников поверили обещанию неверных и спустились. Это были Хубайб, Зайд ибн ад-Дасина и ещё один сподвижник, имя которого осталось неизвестным. Захватив их, неверные сняли тетивы со своих луков и крепко связали ими пленников. Тогда третий сподвижник, имя которого осталось неизвестным, твёрдо заявил врагам: “Это первое вероломство, совершённое против нас. Клянусь Аллахом, я не пойду с вами. Каким прекрасным примером служат для меня эти шахиды!” Неверные некоторое время тащили его за собой, а когда это не помогло, пытались принудить его подчиниться иными способами. Однако он решительно отказался следовать за ними. Тогда они без всякой жалости убили и его, и он пал шахидом.

Хубайба и Зайда ибн ад-Дасину неверные увели с собой в Мекку и продали ближайшим родственникам многобожников, погибших от рук мусульман в битве при Бадре. Хубайба купили сыновья Хариса ибн Амира ибн Науфаля ибн Абд Манафа, поскольку в битве при Бадре Хубайб убил их отца Хариса. Он оставался у сыновей Хариса в плену, пока они не приговорили его к смерти.

Узнав о вынесенном ему смертном приговоре, Хубайб попросил у одной из дочерей Хариса бритву, чтобы удалить волосы с тела. Дочь Хариса дала ему просимое. Спустя некоторое время, занятая домашними делами, она не заметила, как её совсем маленький, ещё неокрепший ребёнок подполз к Хубайбу. Затем женщина увидела, что Хубайб, державший в руке бритву, посадил малыша к себе на колени, и пришла в ужас. Заметив её сильный испуг, Хубайб сказал: “Ты боишься, что я убью твоего ребёнка? Я никогда этого не сделаю”, – и тем самым успокоил её.

Впоследствии эта женщина рассказывала: “Клянусь Аллахом! За всю свою жизнь я не видела пленника лучше Хубайба. Клянусь Аллахом! Однажды, когда его руки и ноги были скованы, а в Мекке невозможно было найти никаких плодов, я собственными глазами увидела, как он держал в руке гроздь винограда и ел её. Поистине, это был удел, дарованный Хубайбу Аллахом”.

Наконец сыновья Хариса вывели Хубайба за пределы Харама и привели в местность под названием Таним, чтобы казнить его. Тогда Хубайб попросил их: “Освободите меня ненадолго от этих оков, чтобы я совершил молитву в два ракаата”. Сыновья Хариса исполнили его последнюю просьбу и освободили от оков. Совершив молитву в два ракаата, Хубайб сказал многобожникам: “Клянусь Аллахом! Если бы вы не подумали, что я затянул молитву из страха перед смертью, я совершал бы её ещё дольше”.

Затем он поднял руки к небу и воззвал: “О Аллах! Отомсти им за меня, не оставив ни одного. Повергни их одного за другим во прах и не оставь никого из них в живых!” После этого он произнёс следующие стихотворные строки:

“Коль мусульманином умру – мне всё равно, Где ради Аллаха придётся смерть принять. Ведь эти муки – ради Бога одного, И если Он захочет, истерзанную плоть Своей покроет милостью”.

Так Хубайб первым подал попавшим в плен и приговорённым к смерти мусульманам пример совершения молитвы в два ракаата перед казнью. В день, когда отряд постигло это несчастье, Посланник Аллаха ﷺ сообщил находившимся рядом с ним сподвижникам о пленении этих мусульман и гибели их товарищей.

Услышав о гибели Асима ибн Сабита от рук многобожников, некоторые курайшиты отправили к месту его гибели особый отряд, поручив доставить часть его тела, чтобы удостовериться, что он действительно убит. Они поступили так потому, что в битве при Бадре Асим ибн Сабит убил одного из самых видных их предводителей. Когда посланные курайшитами люди достигли места кровопролития, Аллах покрыл тело Асима пчёлами, подобными чёрной туче, и защитил тело шахида, не позволив неверным даже прикоснуться к нему. Так они и не смогли отрезать от тела Асима ни малейшей части» (Аль-Бухари: 3989; Ахмад: 7928).

1511
Риядус-салихин, № 1511Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

عَنِ ابْنِ عُمَرَ، قَالَ: مَا سَمِعْتُ عمر يَقُولُ لِشَيْءٍ قَطُّ: إِنِّى لأَظُنُّهُ كَذَا، إِلَّا كَانَ كَمَا يَظُنُّ

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.): «Әкем Омар (р.а.) бір нәрсеге қатысты «Мен солай деп ойлаймын» деп айтса, сол нәрсе дәл оның ойлағанындай болатын еді», – деген (Бұхари: 3866).

Орысша аудармасы

Ибн Умар (да будет доволен ими обоими Аллах) передал: «Всякий раз, когда мой отец Умар (да будет доволен им Аллах), говоря о чём-либо, произносил: “Я думаю, что это так”, всё происходило именно так, как он и предполагал» (Аль-Бухари: 3866).