Хадис

Адамдар арасында сөз тасып, өсек айту күнә

О грехе сплетен и передачи слов, сеющих раздор между людьми

Риядус-салихин, 257-тақырып · 3 хадис · № 1537–1539

Хадистер

«هَمَّازٍ مَشَّاءٍ بِنَميمٍ» «Өзгелерді кемсітіп ғайбаттағыш, сөз тасығыш өсекшінің...» («Қалам», 11-аят).

«مَا يَلْفِظُ مِنْ قَوْلٍ إِلَّا لَدَيْهِ رَقِيبٌ عَتِيدٌ» «Адам баласының аузынан қандай сөз шықса да, дәл қасында оның аузын бағып, бірде-бір сөзін қалт жібермей жазып алып тұратын бақылаушы періште бар» («Қаф», 18-аят).

«Хулителю, пятнающему чужую честь, разносчику сплетен…» (сура «Калам», 68:11).

«И какое бы слово ни произнёс он, всё записывает ангел при нём, следящий за всем и не оставляющий без внимания ни единого слова» (сура «Каф», 50:18).

1537
Риядус-салихин, № 1537Риуаят етуші: Хузайфа (р.а.)

عَنْ حُذَيْفَةَ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «لَا يَدْخُلُ الْجَنَّةَ نَمَّامٌ»

Қазақша аудармасы

Хузәйфа (р.а.): «Алла елшісі ﷺ: «Өсекші жаннатқа кірмейді», – деп айтты», – деген (Бұхари: 6056, Муслим: 290, Ахмад: 23325).

Орысша аудармасы

Хузайфа (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Сплетник не войдёт в рай» (Аль-Бухари: 6056; Муслим: 290; Ахмад: 23325).

1538
Риядус-салихин, № 1538Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ مرَّ بِقَبْرَيْنِ فَقَالَ: «إِنَّهُمَا يُعَذَّبَانِ، وَمَا يُعَذَّبَانِ فِى كَبيرٍ! بَلَى إِنَّهُ كَبِيرٌ: أَمَّا أَحَدُهُمَا، فَكَانَ يَمْشِى بِالنَّمِيمَةِ، وأَمَّا الآخَرُ فَكَانَ لَا يَسْتَتِرُ مِنْ بَوْلِهِ»

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.) жеткізген хадисте: Бірде Алла елшісі ﷺ екі қабірдің жанынан өтіп бара жатып былай деді: «Бұл екеуі үлкен күнә деп ойламаған істері үшін азап тартып жатыр! Алайда ол үлкен күнә! Біреуі сөз тасып, өсек айтып жүретін еді, ал екіншісі зәрінен сақтанбайтын (яғни, дәрет сындырған соң истибра жасамайтын) еді», – деген (Бұхари: 1378, Муслим: 677).

Орысша аудармасы

Ибн Аббас (да будет доволен ими обоими Аллах) передал: «Однажды Посланник Аллаха ﷺ, проходя мимо двух могил, сказал: “Эти двое подвергаются мучениям за поступки, которые они не считали тяжкими грехами! Однако это тяжкий грех! Один из них переносил чужие слова и распространял сплетни, а другой не остерегался попадания на себя мочи (то есть после мочеиспускания не совершал истибра)”» (Аль-Бухари: 1378; Муслим: 677).

1539
Риядус-салихин, № 1539Риуаят етуші: Ибн Мәсғуд (р.а.)

عَنِ ابْنِ مَسْعُودٍ أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ قَالَ: «أَلَا أُنَبِّئُكُمْ مَا الْعَضْهُ؟ هي النَّمَيمَةُ؛ الْقَالَةُ بَيْنَ النَّاسِ»

Қазақша аудармасы

Ибн Масғуд (р.а.) жеткізген хадисте: Пайғамбарымыз ﷺ: «Сендерге «әл-адһ» дегеннің не екенін айтайын ба? Ол – өсек, яғни адамдар арасына сызат түсіру үшін сөз тасу», – деген (Муслим: 6637, Ахмад: 4160).

Орысша аудармасы

Ибн Масуд (да будет доволен им Аллах) передал, что Пророк ﷺ сказал: «Не рассказать ли вам, что такое “аль-адх”? Это сплетни, то есть передача чужих слов с целью посеять раздор между людьми» (Муслим: 6637; Ахмад: 4160).