Хадис

Көреалмаушылық пен іштарлық жайлы

О зависти и недоброжелательности

Риядус-салихин, 270-тақырып · 1 хадис · № 1571

Хадистер

«أَمْ يَحْسُدُونَ النَّاسَ عَلَىٰ مَا آتَاهُمُ اللَّهُ مِن فَضْلِهِ» «Әлде олар Алланың шексіз шарапатымен кейбір пенделеріне берген нығметтерін қызғана ма?» («Ниса», 54-аят).

«Или же они завидуют тому, что Аллах даровал от Своей безмерной щедрости Своим рабам?» (сура «Ниса», 4:54).

1571
Риядус-салихин, № 1571Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ قَالَ: «إِيَّاكُمْ وَالْحَسَدَ؛ فَإِنَّ الْحَسَدَ يَأكُلُ الْحَسَنَاتِ كَمَا تَأكُلُ النَّارُ الْحَطَبَ» أَوْ قَالَ: «العُشْبَ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте: «Пайғамбарымыз ﷺ: «Күншілдіктен сақтаныңдар! Өйткені күншілдік жақсылықтарды жалындаған оттың құрғақ отынды (немесе шөпті) жалмағаны секілді түгін қалдырмай жеп қояды», – деп айтты», – делінген (Әбу Дәуіт: 4903).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Пророк ﷺ сказал: «Остерегайтесь зависти! Ведь зависть пожирает добрые дела, не оставляя от них и следа, подобно тому как пылающий огонь пожирает сухие дрова (или траву)» (Абу Дауд: 4903).