Хадис

Мұсылмандар ренжіскен жағдайда үш күннен артық қатынаспай қоюға болмайды, ал бидғатшы немесе күнәні қымсынбай ашық жасайтын күнәһардың жөні басқа

О запрете мусульманам из-за обиды прекращать общение друг с другом более чем на три дня; исключением является ситуация с приверженцем религиозных нововведений или грешником, открыто и без стеснения совершающим грехи

Риядус-салихин, 280-тақырып · 7 хадис · № 1593–1599

Хадистер

«إِنَّمَا الْمُؤْمِنُونَ إِخْوَةٌ فَأَصْلِحُوا بَيْنَ أخَوَيْكُمْ» «Шынында, мүміндер – бір-біріне бауыр! Ендеше, бауырларыңның арасын жарастырыңдар» («Хужурат», 10-аят).

«وَلَا تَعَاوَنُوا عَلَى الْإِثْمِ وَالعُدْوَانِ» «Күнәлі істер мен дұшпандықта бір-біріңе жәрдем беріп, болыспаңдар» («Мәида», 2-аят).

«Воистину, верующие – друг другу братья. Посему примиряйте своих братьев» (сура «Худжурат», 49:10).

«Но не помогайте в греховных делах, в преступлениях и вражде» (сура «Маида», 5:2).

1593
Риядус-салихин, № 1593Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَس قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «لَا تَقَاطَعُوا، وَلَا تَدَابَرُوا، وَلَا تَبَاغَضُوا، وَلَا تَحَاسَدُوا، وَكُونُوا عِبَادَ اللَّهِ إِخْوَانًا، وَلَا يَحِلُّ لِمُسْلِمٍ أَنْ يَهْجُرَ أَخَاهُ فَوْقَ ثَلَاث»

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) жеткізген хадисте Алла елшісі ﷺ: «Қарым-қатынастарыңды үзбеңдер; бір-біріңнен теріс айналмаңдар, бір-біріңмен өштеспеңдер, көре алмаушылық танытып, біріңді-бірің қызғанбаңдар! Уа, Алланың құладары өзара бауырмашыл болыңдар! Мұсылман үшін діндес бауырына ренжіп, үш күннен артық қатынаспай кету адал болмайды», – деп айтқан (Бұхари: 6065, Муслим: 5368, Ахмад; 13180).

Орысша аудармасы

Анас (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Не разрывайте отношений друг с другом, не отворачивайтесь друг от друга, не враждуйте и не испытывайте друг к другу зависти и ревности! О рабы Аллаха, будьте братьями друг другу! Мусульманину не дозволено, обидевшись на своего брата по вере, прекращать общение с ним более чем на три дня» (Аль-Бухари: 6065; Муслим: 5368; Ахмад: 13180).

1594
Риядус-салихин, № 1594Риуаят етуші: Әбу Әйюб (р.а.)

عَنْ أَبِى أيوبَ: أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «لَا يَحِلُّ لِمُسْلِمٍ أَنْ يَهْجُرَ أَخَاهُ فَوْقَ ثَلَاثِ لَيَالٍ: يَلْتَقِيَانِ، فَيُعْرِضُ هَذَا، وَيُعْرِضُ هَذَا، وخَيْرُهُمَا الَّذِى يَبْدَأُ بِالسَّلَامِ»

Қазақша аудармасы

Әбу Әйюб (р.а.): «Алла елшісі ﷺ: «Мұсылманға өзі сияқты мұсылман бауырымен ренжісіп, үш күннен артық қатынаспай қоюына болмайды. Екеуінің жолы түйісіп, жолығыса қалса, бір-бірін көргісі келмей теріс айналады. Ал шынтуайттап келгенде, қайсысы бірінші болып сәлем берсе, сол қайырлы», – деп айтты», – деген (Бұхари: 6237, Муслим: 6532, Ахмад: 23528).

Орысша аудармасы

Абу Айюб (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Мусульманину не дозволено, поссорившись со своим братом-мусульманином, прекращать общение с ним более чем на три дня. Когда их пути пересекаются и они встречаются, оба отворачиваются друг от друга, не желая видеть один другого. Но, поистине, лучший из них – тот, кто первым приветствует другого» (Аль-Бухари: 6237; Муслим: 6532; Ахмад: 23528).

1595
Риядус-салихин, № 1595Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «تُعْرَضُ الْأَعْمَالُ فِى كلِّ اثْنَيْنِ وَخَمْيسٍ، فَيَغْفِرُ اللَّهُ لِكُلِّ امْرِئٍ لَا يُشْرِكُ بِاللَّهِ شَيْئًا، إِلَّا امْرَءًا كَانَتْ بَيْنَهُ وَبَيْنَ أخِيهِ شَحْنَاءُ، فَيقُولُ: اتْرُكُوا هذَيْنِ حَتَّى يَصْطَلِحَا»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте: «Расулалла ﷺ: «Аптаның әр дүйсенбі мен бейсенбі күндері Аллаға (құлдарының жақсы-жаман) істері жеткізіліп отырады. Сонда Алла Тағала Өзіне серік қоспайтын барлық пенделерінің күнәларын жарылқап кешіреді. Тек мұсылман бауырымен араздасып, байланысын үзген пендесі бұл мейірімнен құр қалады, өйткені Алла Тағала періштелеріне: Мына екеуін татуласқанша қоя тұрыңдар», – деп айтады», – деген (Муслим: 7103, Ахмад: 7639).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Каждый понедельник и четверг Аллаху представляются (добрые и дурные) дела Его рабов. Тогда Аллах Всевышний милостиво прощает грехи всех Своих рабов, которые не приобщают к Нему сотоварищей. Лишь тот Его раб, который враждует со своим братом-мусульманином и разорвал с ним отношения, лишается этой милости, ибо Аллах Всевышний говорит ангелам: “Оставьте этих двоих до тех пор, пока они не примирятся”» (Муслим: 7103; Ахмад: 7639).

1596
Риядус-салихин, № 1596Риуаят етуші: Жәбир (р.а.)

عَنْ جَابِر قَالَ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «إِنَّ الشَّيْطَانَ قَدْ يَئِسَ أَنْ يَعْبُدَهُ الْمُصَلُّونَ فِى جَزِيرَةِ الْعَرَبِ، وَلَكِنْ فِى التَّحْرِيشِ بَيْنَهُمْ»

Қазақша аудармасы

Жәбир (р.а.): Алла елшісінің ﷺ: «Шайтан араб түбегіндегі мұсылмандардың өзіне табынуынан үмітін үзді. Бірақ олардың арасына жік салып, бүлдіру үшін азғыруын тоқтатпайды», – деп айтқанын естідім», – деген (Муслим: 7103, Ахмад: 14366).

Орысша аудармасы

Джабир (да будет доволен им Аллах) сказал: «Я слышал, как Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Шайтан потерял надежду на то, что мусульмане Аравийского полуострова станут поклоняться ему. Однако он не прекращает искушать их, стремясь посеять между ними раздор и смуту”» (Муслим: 7103; Ахмад: 14366).

1597
Риядус-салихин, № 1597Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «لَا يَحِلُّ لِمُسْلِمٍ أَنْ يَهْجُرَ أخَاهُ فَوْقَ ثَلَاثٍ، فَمَنْ هَجَرَ فَوْقَ ثَلَاثٍ فَمَاتَ، دَخَلَ النَّارَ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Алла елшісі ﷺ: «Мұсылманның мұсылман бауырына ренжіп, үш күннен артық уақыт қатынаспай қоюына болмайды. Кімде-кім діндес бауырымен араздасып, үш күннен артық уақыт қатынаспай кетсе және сол күйі көз жұмса, тозаққа кіреді», – деп айтты», – деген (Әбу Дәуіт: 4914).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Не дозволено мусульманину из-за обиды прекращать общение со своим братом-мусульманином более чем на три дня. Кто поссорится со своим братом по вере, прекратит общаться с ним более чем на три дня и умрёт в таком состоянии, тот войдёт в ад» (Абу Дауд: 4914).

1598
Риядус-салихин, № 1598

عَنْ أَبِى خِراشٍ حَدْرَدِ بْنِ أَبِى حَدْرَدٍ الْأسلميِّ. ويقالُ: السُّلمِيّ الصحابي: أَنَّهُ سمع النَّبِيَّ ﷺ يَقُولُ: «مَنْ هَجَرَ أخَاهُ سَنَةً فَهُوَ كَسَفْكِ دَمِهِ»

Қазақша аудармасы

Әбу Хираш Хадрад ибн Әбу Хадрад әл-Әслами деген сахаба Пайғамбарымыздың ﷺ былай дегенін естіген екен: «Кімде-кім бауырына ренжіп, жыл бойы қатынаспай кетсе, бауырының қанын төккендей болады» (Әбу Дәуіт: 4915).

Орысша аудармасы

Сподвижник Абу Хираш Хадрад ибн Абу Хадрад аль-Аслами слышал, как Пророк ﷺ сказал: «Кто, поссорившись со своим братом, не общается с ним целый год, подобен тому, кто пролил его кровь» (Абу Дауд: 4915).

1599
Риядус-салихин, № 1599Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة أنًّ رَسُول اللَّهِ ﷺ قَالَ: «لَا يَحِلُّ لِمُؤْمِنٍ أَنْ يَهْجُرَ مُؤْمِنًا فَوقَ ثَلَاثٍ، فإِنْ مَرَّتْ بِهِ ثَلَاثٌ، فَلْيَلْقَهُ فَلْيُسَلِّمْ عَلَيْهِ، فَإِنْ رَدَّ عَلَيْهِ السَّلَامَ فَقَدِ اشْتَرَكَا فِى الْأجْرِ، وَإِنْ لَمْ يَرُدَّ عَلَيْهِ فَقَدْ بَاءَ بِالإِثْمِ، وَخَرَجَ الْمُسَلِّمُ مِنَ الْهِجْرَةِ». رواه أَبُو داود بإِسناد حسن. قَالَ أَبُو داود: «إِذَا كَانَتْ الْهِجْرَةُ لِلَّهِ تَعَالَى فَليسَ مِنْ هَذَا فِى شَيْءٍ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте Алла елшісі ﷺ: «Мүміннің мүмінмен үш күннен артық қатынаспай кетуі адал болмайды. Ары кетсе үш күн өткеннен кейін оған жолығып, сәлем берсін. Егер ол оның сәлеміне жауап қатса, екеуі бірдей сауапқа бөленеді. Ал егер сәлемін алмаса, онда оның өзі күнәға батады. Ал сәлем беруші мүмін бауырынан қол үзу күнәсінен арылады», – деген. Хадисті келтірген Әбу Дәуіт: «Егер қарым-қатынасты үзу Алла Тағала үшін болса, онда оның бұған (яғни хадисте айтылғандарға) еш қатысы жоқ», – деген (Әбу Дәуіт: 4912).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Верующему не дозволено прекращать общение с другим верующим более чем на три дня. Если же прошло три дня, пусть он встретится с ним и поприветствует его. Если тот ответит на его приветствие, оба будут вознаграждены. Если же он не ответит, то сам впадёт в грех, а первым поприветствовавший освободится от греха разрыва отношений со своим братом по вере». Приведший этот хадис Абу Дауд сказал: «Если отношения были разорваны ради Аллаха Всевышнего, то это к данному случаю (то есть к сказанному в хадисе) не относится» (Абу Дауд: 4912).