Хадис

Ақшаны өсімге беріп, өсім жеу харам

О запрете давать деньги в рост и получать ростовщические проценты

Риядус-салихин, 287-тақырып · 1 хадис · № 1617

Хадистер

الَّذِينَ يَأكُلُونَ الرِّبَا لَا يَقُومُونَ إِلَّا كَمَا يَقُومُ الَّذِى يَتَخَبَّطُهُ الشَّيْطَانُ مِنَ الْمَسِّ ذَلِكَ بأَنَّهُمْ قَالُوا إِنَّمَا الْبَيْعُ مِثْلُ الرِّبَا وَأحَلَّ اللَّهُ الْبَيْعَ وَحَرَّمَ الرِّبَا فَمَنْ جَاءهُ مَوْعِظَةٌ مِنْ رَبِّهِ فانْتَهَى فَلَهُ مَا سَلَفَ وَأَمْرُهُ إِلَى اللَّهِ وَمَنْ عَادَ فَأولئِكَ أَصْحَابُ النَّارِ هُمْ فِيهَا خَالِدُونَ يَمْحَقُ اللَّهُ الرِّبَا وَيُرْبِى الصَّدَقَاتِ» إِلَى قَوْله تَعَالَى: «يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا اتَّقُوا اللَّهَ وَذَرُوا مَا بَقِيَ مِنَ الرِّبَا «Өсім жейтіндр бейне бір шайтан ұрып жынданған адамдай түрегеледі. Бұл олардың: «Сауда-саттық тура өсім сияқты», – деп айтқандығынан. Әйтседе Алла сауда-саттықты адал, ал өсімді харам қылды. Кімде-кімге Раббысынан қандай да бір үгіт-насихат келіп, өсімнен деру тыйылса, бұрынырақта өсімнен тапқан табысы өзіне тиесілі болып қалады. Ал ісі Аллаға тапсырылады. Ал кім өсімді адал санап, қайтадан өсімқорлыққа салынса, міне, солар – тозақтықтар, олар сонда мәңгі-бақи қалады. Алла өсімді кемтіп, жоқ қылады. Ал зекет-садақаны керісінше өсіреді. Алла әрбір күнәһар кәпірді жақсы көрмейді. Уа, иман келтіргендер! Аллаға қарсы келуден сақтаныңдар! Егер шын мүмін болсаңдар, өсімнен түсетін алашақтарыңды алмаңдар» («Бақара», 275-278-аяттар).

«Лихоимцы, поедающие рост, восстанут из своих могил подобно тому, кого поверг шайтан в безумство. Сие – за то, что они говорили: “Торговля подобна ростовщичеству”. Ведь Аллах дозволил торговлю и запретил ростовщичество. Тому, к кому придёт увещание от его Господа и кто откажется от ростовщичества, останется во владении то, что он приобрёл. И дела его – у Аллаха. Те же, кто возвратится к этому, – обитатели ада, и пребывать им в нём вечно. Аллах уничтожает лихоимство и увеличивает милостыню. Аллах не любит ни одного неверного грешника. … О вы, кто уверовал! Остерегайтесь противиться и ослушаться Аллаха! Оставьте же то, что поступит из роста, ежели вы и вправду уверовали» (сура «Бакара», 2:275⁠–⁠276, 278).

1617
Риядус-салихин, № 1617Риуаят етуші: Ибн Мәсғуд (р.а.)

عَنِ ابْنِ مَسْعُودٍ قَالَ: لَعَنَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ آكِلَ الرِّبَا وَمُوكِلَهُ. رواهُ مسلم، زاد الترمذي وغيره: وَشَاهِدَيْهِ وَكَاتِبَهُ

Қазақша аудармасы

Ибн Масғуд (р.а.): «Алла елшісі ﷺ өсім алғанға да, бергенге де лағынет айтты», – деген (Муслим: 4092, Ахмад: 3725).

Имам Тирмизи және басқа да хадисшілер: «Өсім алушы мен берушіге куәгер болғанға да, соны құжатқа түсіріп жазғанға да...» деген сөздерді қосқан.

Орысша аудармасы

Ибн Масуд (да будет доволен им Аллах) сказал: «Посланник Аллаха ﷺ проклял и того, кто получает ростовщические проценты, и того, кто их выплачивает» (Муслим: 4092; Ахмад: 3725).

Имам ат-Тирмизи и другие хадисоведы добавили слова: «…а также того, кто свидетельствовал об этом, и того, кто оформил это письменно».