Хадис

Сауда-саттықта ант ішу жайында

О клятвах при торговле

Риядус-салихин, 318-тақырып · 2 хадис · № 1722–1723

Хадистер

1722
Риядус-салихин, № 1722Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِى هُرَيْرَةَ قَالَ: سَمِعتُ رسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «الحَلِفُ مَنْفَقَةٌ لِلسِّلْعَةِ، مَمْحَقَةٌ لِلْكَسْبِ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Алла елшісінің ﷺ: «Ант ішу саудаға шығарылған затты өтімді қылып, сауданы жүргізгенімен, табыстың берекесін қашырады», – деп айтқанын естідім», – деген (Бұхари: 2087, Муслим: 4125, Ахмад: 7207).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) рассказывал: «Я слышал, как Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Клятва способствует сбыту выставленного на продажу товара и помогает торговле, но лишает полученный доход благодати”» (Аль-Бухари: 2087; Муслим: 4125; Ахмад: 7207).

1723
Риядус-салихин, № 1723Риуаят етуші: Әбу Қатада (р.а.)

عَنْ أَبِى قتادة أَنَّهُ سمعَ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «إِيَّاكُمْ وَكَثْرَةَ الْحَلِفِ فِى الْبَيْعِ، فَإِنَّهُ يُنَفِّقُ ثُمَّ يَمْحَقُ»

Қазақша аудармасы

Әбу Қатада (р.а.): «Алла елшісінің ﷺ: «Сауда-саттықта көп ант іше бермеңдер! Өйткені ант-су ішу әу баста сауданы жақсы жүргізгенімен, кейін бәрібір де түскен табысты берекесіз қылады», – деп айтқанын естідім», – деген (Муслим: 4126, Ахмад: 22544).

Орысша аудармасы

Абу Катада (да будет доволен им Аллах) рассказывал: «Я слышал, как Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Не давайте слишком много клятв при торговле! Ведь поначалу клятвы помогают успешно вести торговлю, но впоследствии всё равно лишают полученную прибыль благодати”» (Муслим: 4126; Ахмад: 22544).