Хадис

Желді сөгуге болмайтындығы жайында

О том, что нельзя ругать ветер

Риядус-салихин, 323-тақырып · 3 хадис · № 1729–1731

Хадистер

1729
Риядус-салихин, № 1729

عَنْ أَبِى الْمنذِرِ أُبي بْنِ كعب قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «لَا تَسُبُّوا الرِّيحَ، فَإِذَا رَأَيْتُمْ مَا تَكْرَهُونَ، فَقُولُوا: اللَّهُمَّ إِنَّا نَسْأَلُكَ مِنْ خَيْرِ هَذِهِ الرِّيحِ وَخَيْرِ مَا فِيهَا وخَيْرِ مَا أُمِرَتْ بِهِ. وَنَعُوذُ بِكَ مِنْ شَرِّ هَذِهِ الرِّيحِ وَشَرِّ مَا فِيهَا وَشَرِّ مَا أُمِرَتْ بِهِ»

Қазақша аудармасы

Убәй ибн Кағб (р.а.): «Алла елшісі ﷺ: «Желге (басымызға бәле әкелді деп) тіл тигізбеңдер. Желдің райы ұнамаған жағдайда оның Иесі болған Аллаға: «Уа, Алла! Бір Өзіңнен мына желдің жақсылығын (яғни, артынан жауын жауып жерге, егістікке пайдасы тисе екен деп) тілейміз әрі оның ішіндегі көптеген ныметтердің және оған не бұйырылған болса, соның да біз үшін қайырлы болуын сұраймыз. Сондай-ақ мына желдің кесірінен әрі ондағы жамандықтардан және оған бұйырылған жамандықтардан бір Өзің сақтай көр деп сиынамыз», – деп жалбарыныңдар», – деген (Тирмизи: 2252, Ахмад: 21138).

Орысша аудармасы

Убай ибн Кааб (да будет доволен им Аллах) сказал: «Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Не ругайте ветер (говоря, что он навлёк на нас беду). Если же ветер вам не понравится, обращайтесь с мольбой к Аллаху, Властелину этого ветра: ‘О Аллах! Мы просим лишь у Тебя блага этого ветра (то есть просим, чтобы вслед за ним пролился дождь, который принёс бы пользу земле и посевам), и просим, чтобы заключённые в нём многочисленные дары и всё, что ему повелено, обернулись для нас благом. И лишь к Твоей защите прибегаем от вреда этого ветра, от заключённого в нём зла и от зла того, что ему повелено’”» (Ат-Тирмизи: 2252; Ахмад: 21138).

1730
Риядус-салихин, № 1730Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

وَعَنْ أَبِى هُرَيْرَة قَالَ: سَمِعْتُ رسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «الرِّيحُ مِنْ رَوحِ اللَّهِ، تَأتِى بِالرَّحْمَةِ، وَتَأتِى بِالعَذَابِ، فَإِذَا رَأَيْتُمُوهَا فَلَا تَسُبُّوهَا، وَسَلُوا اللَّهَ خَيْرَهَا، وَاسْتَعِيذُوا بِاللَّهِ مِنْ شَرِّهَا»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): Алла елшісінің ﷺ: «Жел – Алланың пенделеріне деген рақымы. Ол рақым (жауын) да, азап та әкеледі. Жел соққанда оны сөкпеңдер, керісінше, Алладан оның жақсылығын тілеңдер және жамандығынан сақтауын сұраңдар», – деп айтқанын естідім», – деген (Әбу Дәуіт: 5097, Ахмад: 7631).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) рассказывал: «Я слышал, как Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Ветер – милость Аллаха к Своим рабам. Он приносит и милость (дождь), и наказание. Когда поднимается ветер, не браните его, а просите у Аллаха его блага и молите Его защитить вас от его зла”» (Абу Дауд: 5097; Ахмад: 7631).

1731
Риядус-салихин, № 1731Риуаят етуші: Айша (р.а.)

عَنْ عَائِشَة، قَالَتْ: كان النَّبِيُّ ﷺ إِذا عَصَفَتِ الرِّيحُ قَالَ: «اللَّهُمَّ إِنِّى أسْألُكَ خَيْرَهَا وَخَيْرَ مَا فِيهَا وَخَيْرَ مَا أُرْسِلَتْ بِهِ، وأَعُوذُ بِكَ مِنْ شَرِّهَا وَشَرِّ مَا فِيهَا وَشَرِّ مَا أُرْسِلَتْ بِهِ»

Қазақша аудармасы

Айша анамыз (р.а.): «Пайғамбарымыз ﷺ қатты жел тұрғанда: «Уа, Алла! Бір Өзіңнен мына желдің жақсылығын тілеймін, әрі оның ішіндегі көптеген ныметтердің және қандай мақсатта жіберілген болса, соның да қайырлы болуын сұраймын. Сондай-ақ мына желдің кесірінен әрі ондағы жамандықтардан және не себепті жіберілген болса, соның да жамандығынан бір Өзің сақтай көр деп сиынамын», – деп дұға ететін еді», – деген (Муслим: 2084).

Орысша аудармасы

Мать правоверных Аиша (да будет доволен ею Аллах) рассказывала: «Когда поднимался сильный ветер, Пророк ﷺ обращался к Аллаху с такой мольбой: “О Аллах! У Тебя одного я прошу блага этого ветра, блага заключённых в нём многочисленных милостей и блага того, ради чего он был послан. И к Тебе одному прибегаю за защитой от вреда этого ветра, от заключённого в нём зла и от зла того, ради чего он был послан”» (Муслим: 2084).