Хадис

Жаратушыға дұға жасағанда табандылық таныту керектігі жайында

О необходимости проявлять настойчивость, обращаясь с мольбой к Творцу

Риядус-салихин, 332-тақырып · 2 хадис · № 1745–1746

Хадистер

1745
Риядус-салихин, № 1745Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «لَا يَقُولَنَّ أَحَدُكُمْ: اللَّهُمَّ اغْفِرْ لِى إِنْ شِئْتَ: اللَّهُمَّ ارْحَمْنِى إِنْ شِئْتَ، لِيَعْزِم الْمَسْأَلَةَ، فَإِنَّهُ لَا مُكْرِهَ لَهُ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте: «Алла елшісі ﷺ: «Алладан тілек тілегенде ешбірің: «Уа, Алла! Қаласаң, мені кешір! Уа, Алла! Қаласаң, мені мейіріміңе бөле!» – деп айтпасын, керісінше, тілегін нақты айтып, табандылықпен сұрасын, өйткені (пендесінің дұғасын қабыл алып, алмау мәселесінде) Алланы ешкім мәжбүрлей алмайды», – деп айтты», – делінген (Бұхари: 6339, Муслим: 6812, Ахмад: 9979).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Пусть никто из вас, обращаясь к Аллаху с мольбой, не говорит: “О Аллах! Если пожелаешь, прости меня! О Аллах! Если пожелаешь, одари меня Своей милостью!” Напротив, пусть он ясно выражает свою просьбу и просит настойчиво, ведь никто не может принудить Аллаха (к принятию или отклонению мольбы Его раба)» (Аль-Бухари: 6339; Муслим: 6812; Ахмад: 9979).

1746
Риядус-салихин, № 1746Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَس قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «إِذا دَعَا أَحَدُكُمْ فَلْيَعْزِم الْمَسْأَلَةَ، وَلَا يَقُولَنَّ: اللَّهُمَّ إِنْ شِئْتَ، فَأَعْطِنِى، فَإِنَّهُ لَا مُسْتَكْرِهَ لَهُ»

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.): Алла елшісі ﷺ: «Қайсыбірің болмасын дұға жасағанда сұрайтын нәрсесін нақтылап, жан-тәнімен сұрасын. Селқостық танытып: «Уа, Алла! Қаласаң сұрағанымды бер, (қаласаң берме...)», – деп айтпасын. Өйткені Алланы мәжбүрлеуші ешбір күш жоқ!» деп айтты», – деген (Бұхари: 6338, Муслим: 6811, Ахмад: 11980).

Орысша аудармасы

Анас (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Когда кто-либо из вас обращается с мольбой, пусть ясно называет то, о чём просит, и просит всей душой. Пусть он не проявляет безразличия, говоря: “О Аллах! Если пожелаешь, даруй мне то, о чём я прошу (а если не пожелаешь – не давай…)”. Ведь нет силы, способной принудить Аллаха!» (Аль-Бухари: 6338; Муслим: 6811; Ахмад: 11980).