Хадис

Намазда имамнан бұрын рукуғтан немесе сәждеден тұруға болмайтындығы жайында

О том, что во время намаза нельзя подниматься из поясного или земного поклона раньше имама

Риядус-салихин, 337-тақырып · 1 хадис · № 1753

Хадистер

1753
Риядус-салихин, № 1753Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ قَالَ: «أمَا يَخْشَى أَحَدُكُمْ إِذَا رَفَعَ رَأسَهُ قَبْلَ الْإِمَامِ أَنْ يَجْعَلَ اللَّهُ رَأسَهُ رَأسَ حِمَارٍ! أَوْ يَجْعَلَ اللَّهُ صُورَتَهُ صُورَةَ حِمَارٍ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Пайғамбарымыз ﷺ: «Қайсыбірің болмасын рукуғта немесе сәждеде тұрғанда, басын имамнан бұрын көтерсе, Алла оның басын есектің басына немесе кейпін есектің кейпіне айналдырып жібереді деп қорықпай ма?» – деп айтты», – деген (Бұхари: 691, Муслим: 963, Ахмад: 10069).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) сказал: «Пророк ﷺ сказал: “Разве тот из вас, кто во время поясного или земного поклона поднимает голову раньше имама, не боится, что Аллах превратит его голову в голову осла или его облик – в облик осла?”» (Аль-Бухари: 691; Муслим: 963; Ахмад: 10069).